9.Қан топтарының тұқым қуалауы
Медицинада қанның төрт түрлі тобын бір-бірінен ажырата білудің ерекше маңызы бар. Қан топтары бір ғана генге байланысты болатын тұқым куалайтын белгі (4-кесте).
4-кесте. Қан топтарының тұқым қуалауы
Белгі
|
Ген
|
Генотиптері
|
I топ
|
I0
|
I0 I0
|
II топ
|
IA
|
IA IA, IA IO
|
III топ
|
IВ
|
IВ IВ, IВ IО
|
IV топ
|
IA IВ
|
IA IВ
|
Резус антигеннің болуы (+)
|
D
|
DD,Dd
|
Резус антигеннің болмауы (-)
|
d
|
dd
|
Қан топтары генінің екі емес, үш аллелі бар, олар А, В және О символдарымен белгілейді. Генотиптері ОО болып келетін адамның қаны бірінші топқа, генотиптері АА және АО екінші топқа, ВВ және ВО үшінші топқа, ал АВ төртінші топқа жаткызады. А мен В аллелдері О аллеліне карағанда доминаитты, бірақ бір-біріне басымдылық керсете алмайды. Егер шешесінің қаны екінші топқа, ал әкесінің қаны бірінші топқа жатса, олардың баласының қаны қай топқа жатуы мүмкін?
Шешесінің қаны бірінші топ, ал әкесінің каны төртінші топ болған жағдайда бала ата-анасының біреуінің қанының тобын тұқым қуалауы мүмкін бе?
Ата-анасының қаны екінші және үшінші топқа жатады. Баласының кан тобы қандай болуы мүмкін?
Перзентханада екі баланы ауыстырып алған. Олардың біреуінің ата- аналарының қаны бірінші және екінші топ, ал екіншісінікі екінші және төртінші топ екені анықталған. Балалардың қанын алып тексергенде, олар бірінші және екінші топ болып шыққан. Қайсысы кімнің баласы екенін анықтау керек. Мұны қан топтарының баска да комбинациялары жағдайында табуға бола ма (мысал келтір)? Қандай жағдайда әкелерінің қанын тексермей-ақ табуға болады?
Ерлі-зайыптылардың біреуінің қаны бірінші топқа, ал екіншісінікі гомозиготалы үшінші топқа жатады. Олардың бір баласы бар. Сол баланың қан тобын және генотипін анықтау керек.
Шешесінің қаны екінші топқа, ал баласының қаны бірінші топқа жатады. Әкесінің қаны қай топқа жатуы мүмкін екенін анықтау керек.
Әкесінің қаны гетерозиготалы үшінші топқа, ал шешсінің қаны бірінші топқа жатады. Баласына шешесінің қаньның тобы берілуі мүмкін бе?
Баланың каны бірінші топ, ал оның қарындасыныкі төртінші топ. Олардың ата-аналарының қанының топтары туралы не айтуға болады?
Бірінші топқа жататын адамдарға барлық қанды құюға болады, қанның екінші тобы - тек екінші және төртінші топқа, үшінші топка жататын қанды тек үшінші және төртінші топқа, ал төртінші топқа жататын қанды тек қаны төртінші топтағы адамдарға құюға болады. Шешесінің қанын кез келген жағдайда балаларына құя беруге бола ма? Ал қарындасынікін туған ағасына құюға болама?
Көздері қара ерлі-зайыптылардың отбасында 4 бала бар. Олардың екеуінің көздері көк те қан топтары I және IV, ал екеуінің көздері қара да қан топтары II және III. Қара көзді аутосомалық доминантты белгі деп алсақ, осы отбасында қара көзді, I топты каны бар баланың тууы мүмкін бе?
Шешесінің қаны I, ал окесініц қаны IV топқа жататын дальтоник бала дүниеге келгеп. Әке-шешесінің екеуі де түрлі түсті дұрыс ажырата алады. Дальтонизм Х-хромосомамен тіркесе тұқым қуалайтын рецессивті белгі. Осы отбасында дальтонизм белгісі жоқ баланың тууы мүмкін бе және оның қанының тобы қандай болуы ықтимал?
Қаны II топқа жататын, дені сау ерлі-зайыптылардың отбасында қаны I топқа жататын гемофилик бала дүниеге келген. Гемофилия X-
хромосомамен тіркесе тұқым қуалайтын рецессивті белгі. Келесі
туатын балада бұл аурудың болу-болмауын және оның ықтимал қан
топтарын анықтау керек.
10.Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы
Дрозофилада аналық жыныс гомогаметалы, ал аталық гетерогаметалы болып келеді. У-хромосома әрекетсіз болады. Оның көзінің қызыл түсін анықтайтын доминантты гені мен ақ түсін анықтайтын рецессивті гені Х-хромосомада орналасқан. Мынадай шыбындардан: а) гетерозиготалы қызыл көзді аналық, ә) қызыл көзді аталык, 5) ақ көзді аталық, в) гомозиготалы кызыл көзді аналық шыбындардан түзілетін гаметалардың типтерін анықтаңдар. Аталықтар козінің түсі бойынша гомо- немесе гетерозиготалы бола ма?
Гетерозиготалы кызыл көзді аналық ақ көзді аталықпен будандастырылған. Бірішлі жзне екінші үрпақтағы аталық пен аналық көздерінің түстері қандай болады?
Гомозиготалы қызыл көзді аналық, ак, көзді аталықпен будандастырылған. Бірінші және екінші ұрпақтағы аталық пен аналық көздерінің түстері қандай болады?
Ақ көзді аналық, қызыл көзді аталықпен будандастырылған. Бірінші және екінші ұрпақтағы аталық пен аналық көздернің түстері қандай болады?
Гипертрихоз - У хромосомамен тіркес тұқым қуалайтын белгі. Әкесінде гипертрихоздың белгісі бар отбасында мұндай ауруы жоқ балалардың дүниеге келуі мүмкін бе?
Полидактия аутосомалық - доминантты белгі, ал пшертрихоз У- хромосомамен тіркесе тұқым қуалайды. Әкесі бес саусақты және гипертрихозды, ал шешесі полидактилиямен ауыратын отбасында осы аталған екі аурудың да белгісі жоқ қыз дүниеге келген, келесі туылатын балалардың фенотиптері женінде не айтуға болады.
Бүкіл ата-тегімен түстерді дұрыс ажырата алатын әйел дальтоник ер адамға тұрмысқа шыққан. Осы некеден дені сау қыз дүниеге келген. Егер бұл қыз дені сау жігітпен отбасын құрса олардың болашақ ұлдары мен қыздары және немерелері туралы не айтуға болады (ұлдары мен қыздары дальтонизмнің, генін алып жүрушілермен некелеспеген жағдайда)?
Адамда тері бездерінің болмауы Х-хромосомамен тіркесе тұқым қуалайтын рецессивті белгі. Әкесінің тер бездері жоқ, ал шешесінің және оның бүкіл ата-тегінің дендері сау отбасында туылған қыз мұндай кемістігі жоқ жігітке тұрмысқа шыққан. Бұл некеден дүниеге келетін ұлдар жөнінде не айтуға болады?
Дрозофиланың денесінің сары түсін аныктайтын рецессивті ген Х хромосомада орналасқан. Лабораторияда гомозиготалы сұр аналық пен сары аталық будандастырылып ұрпақтар алынған. Сол алынған ұрпақтардың ішіндегі сұр аналық сұр аталықпен будандастырылған. Осы будандастырудан және бұл ұрпақты одан әрі қарай гомозиготалы сұр дрозофиламен будандастырғанда алынағын ұрпақ қандай болады?
Тіс кіреукесінің гипоплазиясы Х-хромосомамен тіркесе тұқым қуалайтын доминантты белгі. Ата-аналарының біреуі осы аномалия бойынша ауру, екіншісі сау отбасында тістері сау бала дүниеге келген. Келесі туылатын баланың тістерінің сау болу-болмауын анықтау керек.
11.Кроссинговер
Жүгері дәніне боялған эндосперм мен тегіс алейронды доминантты гендер С және S бақылайды, ал боялмаған эндосперм мен қатпарлы алейронды рецессивті аллелдер с және s бақылайды. Бұл гендер бір жұп гомологты хромосомаларда орналасқан, яғни олар бір-бірімен тіркескен. Сондықтан көрсетілген гендердің сәйкестенуінің нәтижесінде гаметалардың саны бірдей болып түзілмейді кроссоверсіз гаметалар кроссоверлілерге карағанда едәуір көп болады. С және S гендерінің ара қашықтығы 3,6 кроссинговер бірлігіне (морганида) тең екені анықталған. Мұндай генотиптері бар өсімдіктерде түзілетін гаметалардың типтері және олардың проценттік қатынасы қандай болады: CS Cs
;
cs Cs
Бір жұп гомологты хромосомалардың бір сыңарында А және в, ал екінші сыңарында а жане В гендері бар өсімдік хроссоверлі және кроссоверсіз гаметалардың қандай типтерін түзе алады?
Генотипінің құрылымы мына төмендегідей болып келетін екі түрлі организмде түзілетін гаметалардың сан жағынан қандай айырмашылықтары
A B AB
болады: ; ; ;
a b ab
Бір тіркестік топта орналасқан А және В гендерінің ара қашықтығы
AB
4,6 кроссинговер бірлігне тең генотипінің кандай типті гаметалар
ab
түзетіндігін және олардың қандай проценттік қатынаста болатынын анықтаңыздар.
А және В гендері бойынша дигетерозиготалы дарабасты рецессивті гомозиготамен будандастырғанда алынатын рекомбинанттардың мөлшері 6,4%. Осы гендердің ара қашықтығы қандай болады?
М және N гендері бойынша дигетерозиготалы аналық дрозофила рецессивті аталықпен будандастырылған. Алынған ұрпақтағы ажыраудың ара қатынасы: 25% МmNn, 25% Мтпп, 25% ттNп, 25%, ттпп. Осы көрсетілген гендер еркін комбинациялана ма, немесе тіркесе тұқым қуалай ма?
А және В гендері бойынша дигетерозиготалы аналық дрозофиланы рецессивті аталықпен будандастырғанда 8,2% рекомбинанттар, ал М және N гендері бойынша гетерозиготалы аналықты рецессивті аталықпен будандастырғанда 10,4% рекомбинанттар алынған. М және N гендерінің ара қашықтығы А мен В гендерінің ара қашықтығына қарағанда неше кроссинговер бірлігіне көп екенін анықтаңыздар.
С және D гендері бойынша дигетерозиготалы аналық дрозофила рецессивті аталықпен будандастырылған. Ұрпағында мына ара қатынастағы ажырау болған: 43,5% СсDd, 6,5% Ссdd, 6,5% ссDd, 43,5% ссdd. Аналықтың гомологты хромосомаларындағы гендер сәйкестігінің қандай екенін және С гені мен D гені ара қашықтығының нешеге тең екенін айқасу бірлігімен көрсетіңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:
1. Бакай А. В., Кочиш И. И. и др. Генетика. М.,С.48-52, 2007.
2. Бегімкұл Б.К. Генетика. Алматы, РБК, 2000.
3. Бегімкұл Б.К. Генетика. Астана, Фолиант, 2011.
4. Ларцева С. X., Муксинов М. К. Практикум по генетике. М., 1984.
5. Н. Chial et al. Esentials of Genetics. NPG Education, 2009.
Қосымша әдебиеттер
Бегімқүлов Б.К. Молекулалық генетика және биотехнология негіздері. -А. Білім, 1996.
Меркурьева Е.К., Абрамова З.Б., Бакай А.В., Кочий И.И., Генетика. - М., Агропромиздат, 1991.
Тулегенов С. Т., Калиев Ә.Қ. Генетика және биометрия негіздері.-Алматы, 1992.
Мухамеджанов Қ.Н., Биғалиев А.Б. Молекулалық биология мен генетикалық инженерия. -Қарағанды, ҚарМУ, 1991.
ОМАР М.О.
6В08210 -«Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы студенттеріне арналған
«Ауыл шаруашылығы жануарлар генетикасы» пәні
бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Басылымға қол қойылған күн.ай.жыл.
Қағаз форматы 60x90 1/16
Типографиялық қағаз. Офсеттік басылым. Көлемі 4,125 б.т.
Тиражы 5 дана. Тапсырыс № …*
© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің баспасы
М.Әуезов атындағы ОҚУ баспа орталығы, Шымкент қ., Тауке-хан даңғ., 5
*Мәліметтер баспа орталығымен толтырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |