Санжар Керімбай. Уақытты жеңген Бейсен бейсен



бет8/14
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#118928
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
Уақытты жеңген адам

ҚАЗАҚТЫҢ ДОСЫ ҚАЗАҚ
Бейсен «қазақтың жауы қазақ» деген сыңарезу топас мәтелді иттің етінен бетер жек көретін. Ол осыны керісінше жүзеге асырды. Елдің бағына туған адам көрсе болды, ұлтына, жынысына, таныстығына қарамастан соның керегіне жарағысы кеп тұрды. Қайбір жылы ақылды бір азаматты кей оңбағандар жала жауып, орға жықты. Саяси астары болғандықтан ол іс елге білінген жоқ. Жазықсыз жан бес жылға сотталып кетті. Бірақ Бейсен оны танымайды. Өмірінде көрмеген. Істің мән-жайымен танысқан соң нақты қадамға барды. Бір күні мені қалаға шақырды. Кешке бір үйге кіріп шығамыз деді. Мен ілестім.
- Қайда бара жатырмыз? Не істейміз?
- Пәлен деген кісінің үйіне барамыз. Оны бір оңбағандар жазықсыз отырғызып жіберіпті. Соның бала-шағасына соғым сойып әкеле жатырмын. Сен маған жылқының етін тасуға жәрдем бересің. Бірақ елге жария қылмайсың. Мақұл ма? – деп менен сөз алды. Әлгі үйге жеттік. Машинасын ауласына кіргізді де вагондай қара джиптің багажын ашып «ал, Сәке, тасиық!» деді. Құдай-ау, не деген мол ет еді анау! Екеуміз мықшыңдап жарты сағатта әрең тасып біттік. Жылқы емес, піл сойып әкелген сияқты. Шошаласына сыймай кетті. Әйел, бала-шағасы таң тамаша болып екеумізге қарап қапты. Соңынан бір-екі кесе шәй іштік. Отбасы Бейсенге дән риза. Ең қызығы - Бейсен осы салтын 4 жыл үзген жоқ. Жыл сайын қара күзде тауда жүрген бір жылқыны жалп еткізіп сояды да әлгі азаматтың үйіне апарып тастайды. Сотталған отағасы 4 жылдан соң босанып отбасына оралды. Бейсеннің ерлігіне тәнті болды. Екеуі ағайынды бауырлардай дос-жаран болып кетті.
ҒИБРАТТЫ ІЗ
Бейсен маған бір күні бүй деді:
- Неге мына қиссалар мен миғражнаманы аудио кітапқа айналдырмаймыз?
- Өй оның бас ауруы көп. Бір кітапты ең кемі екі апта оқисың. Супер студия болу керек. Мына жүрісте оған шама жоқ,-дедім.
- Мен бәрін табам. Сен тек келіс.
- Әй оған арнайы әртіс жалдау керек.
- Жоқ, Сәке, ондай сылтау жарамайды. Өзің оқисың. Қазір елдің көбі ақпаратты оқып емес, құлақпен тыңдап алады. Сондықтан мына шаруаны тез тындыру керек. Созып жүргенде не сен, не мен өліп қалуым мүмкін. Өлім айтып келмейді. Ажалға үнемі дайын жүру керек. Бір істеп тастасақ мәңгіге қалады. Рақатын ұрпақ көреді. Сондықтан дені-басымыз сау кезде мына шаруаны шұғыл бітірейік, - деп мені көндірді. Арада апта өтер-өтпес үйге келді.
- Ал, дайынсың ба? Студия әзір. Сені күтіп тұр. Шарты мынау: екі апта сол жақта дыбыс режиссерінің үйінде жатасың. Отбасыңның бүкіл ішіп -жемі мен шығынын өз мойныма алам. Қиссаларды түгел оқып шықсаң болды,-деді де мені алып кетті. Екі сағаттан соң Тұздыбастаудағы үлкен үйдің ауласынан бір-ақ шықтық.
- Дяд Аман! Міне қиссашыны алып келдім,-деп мені қақпаны ашқан Амангелді ағамен таныстырып жатыр. Сосын үйді аралап көрсетті. Екінші қабаттың бір бөлмесі студия екен. Дыбыс жазатын су жаңа аппараттың жеті атасы сыңғырлап тұр. – Ал, мынау жататын бөлмең. Қарның ашса төменге түсіп ас-суыңды дайындап өзің іше бересің. Шаруа толық бітпей үйіңе қайту жоқ. Ұқтыңыз ба, Сәке!
- Иә, ұқтым,-дедім де сол жерде қалдым. Бейсен ішім-жемнің жеті атасын ас үйге үйіп төкті де кетіп қалды. Осылайша мен екі қабатта үлкен үйде екі апта «қамауда» жаттым. Аман аға кешке жұмыстан келеді де маған кітапты оқытады. (ол кезде бойдақ еді. Қазір әйелі, екі ұлы бар) Даусымның тембірі кетіп, шиқылдай бастаса дереу тоқтата қояды. Осылайша 15 күн дегенде «Қисса сүл-әнбия» мен «Миғражнаманы» оқып бітірдім. Біттік деп Бейсенге хабар бердік. Ертесіне ол көңілді оралды:
- Бұл тарихи сәт! Мұны ресторанда атап өту керек. Большевиктер жойған рухани мұрамызды мәңгіліктің сандығына аман-есен салдық. Енді оларды интернет заманында сайтан да жоя алмайды. Кеттік кафеге,-деді қуанып. Осылайша «САНЖАК» деген түріктің ресторанына алып барды. Үшеуміз отырып тойладық. Арада екі ай өтті.
- Алло! Сәке үйдесің бе?
- Иә!
- Онда тысқа шық. Келіп қалдым. Қиссанның көкесін енді мен тыңдатайын саған,-деді Бейсен. Тысқа шықтым. Машина пыс етіп тоқтады. Шаттанып отыр екен. Амандастық. Тойотасының есігін ашып, кел қасыма отыр. Тыңда мына кәрәматты,- деп дискіні алды да мафонның астына сүңгітіп жіберді. Адамның бүкіл ой-санасын ғайыпқа жұлып әкететін құдіретті бір әуен ойнай жөнелді. О тоба! О, Құданың құдіреті! Лә иләһа илла Алла! Өз даусымды өзім танымай қалдым. Аман аға спец эффектінің жеті атасын өте шебер қолданыпты. Сапасын кинодан бетер қылған. Тұп-тұнық дыбыс. Темаға қарай құбылып тұрған неше түрлі маңызды әуен. Арқа басың жыбырлап кетеді.
- Ал, не дейсің енді, батыр?! Ризасың ба?
- Дән ризамын, Бейсеке!
- Одан бөлек 200 дискіге көбейтіп, қаржысын төлеп, бір дорбасын ала келдім. Мә, мынау сенікі,-деп бір пакет дискіні ұстатты. - Сыйға таратсың ба, әлде сатып пұл қыласың ба өзің білесің. Ең бастысы мен миссиямды аяғына дейін атқарып шықтым. Енді мұны тарату сенің міндетің,-деді жүзі бал-бұл жайнап. Сол күні ет асып, үйде өзіміз аудиокітапты жудық. Қазір бұл өнімдер ТЕЛЕГРАМ каналында тұнып тұр. Кез келген адам тегін тыңдап, қаласа тегін көшіріп ала алады. Тыңдаған жанның жан-жүрегі құндылыққа толып, көкірегі хикметпен байып шыға келеді. Каналға тіркелген мың-мыңдаған кісілер осы үшін бізге сансыз алғыс жолдап жатыр. Бірақ олар осы рақат пен нығметке Бейсеннің жанкешті еңбегінің арқысында қол жеткізгендерін қайдан білсін?!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет