Сапа менеджмент жүйесі


Сапа менеджмент жүйесінің міндеті



бет2/2
Дата15.10.2023
өлшемі21,21 Kb.
#115234
1   2
Сапа менеджмент жүйесінің міндеті
СМЖ көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге және осы сапаны тұтынушылардың сұранысына икемдеуге арналған жүйе. Сонымен қатар СМЖ-ның басты мақсаты–әрбір қызметті жеке бақылау емес, қызмет сапасының төмендеуіне себеп болатын қателерді болдырмайтын жүйені жасау. 
Қажетті жағдай жасау нәтижесінде СМЖ университет түлектерінің мемлекеттік білім беру стандарты талаптарына, мүдделі тараптардың ұсынымдары мен ұсыныстарына сай келетіндігіне кепілдік беру керек. СМЖ дұрыс қызмет еткен жағдайда мамандарды даярлауға жұмсалған шығын оңтайлы болуға тиісті. 
Барлық мүдделі тараптардың талабын ескеріп, қызметті үнемі жақсарту үшін әзірленген менеджмент жүйесін енгізу және жұмысты жандандыру нәтижесінде табысқа жетуге болады. 
Сапа менеджмент жүйесінің құрылымы
СМЖ келесі элементтерден тұрады: ұйым, процестер, құжаттар, ресурстар. 
ISO анықтамаларына сәйкес ұйым – жауапкершілігі, өкілеттілігі және өзара қарым-қатынас бөліп таратылған қажетті құралдар мен қызметкерлер тобы. 
Процесс – «кірісті» «шығысқа» айналдыратын, қызметтің өзара байланысқан және өзара әрекеттесетін элементтер жиынтығы. Сонымен қатар процестің «кірісі» әдетте басқа процестің «шығысы» болып табылады. 
СМЖ-да процедура ұғымының мағынасы маңызды. Процедура – қызмет немесе процесті іске асырудың белгіленген амалы. Сөйтіп, процедура деп, бір жағынан, процесті (немесе процестердің жиынтығы), ал, екінші жағынан, процесті орындаудың дұрыс амалын қалыптастыруын айтады. 
Құжат – тиісті тасымалдаушыда орналастырылған ақпарат (маңызды деректер). 
СМЖ-ның ресурстары – сапа менеджментін қамтамасыз ететін ресурс (адами,уақытша, материалдық және т.б.). 
Ұйымда СМЖ-ны әзірлеу үшін не қажет? 
- қызметтің негізгі процестерін сәйкестендіру; 
- процестердің өзара әрекеттесуін және ретін белгілеу; 
- жұмыс және процестерді бақылау тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті әдістер мен критерийлерді анықтау; 
- процестерді бақылау және жұмысты жүргізу үшін қажетті ақпаратпен және ресурстармен қамтамасыз ету; 
- процесті бақылау, өлшеу және анализ жасау;
- жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу және процестерді үнемі жақсарту үшін қажетті шараларды қабылдау. 
1.Сапа ұғымының жалпы сипаттамасы және өнім сапасының қажеттілігі.
2.Сапа теориясын тәжірибемен ұштастыру
3. Өнім сапасының бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жолдары.
Біріншіден: Тауарлар «сапасы» деген ұғымға олардың ассортиментінің әртүрлілігі мен толықтығы енеді. Мұның өзі тұтынушылар сұранымын өтеудің бір кепілі болып табылады. Кейде тауардың сапасы дегенде оның нормативті – техникалық құжаттарында көрсетілген талапқа тауардың сәйкес келуін ұғамыз. Яғни ол тек өндірістік сапа болып табылады. Ол «сапа» ұғымын толық қамти алмайды, бұл тек өнімнің дайындалу сапасын ғана анықтайды. Тауардың сапасы оған тән физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттердің кешені бағаланады. Соған қоса ондай тауарлар әлеуметтік, функционалдық, эргономикалық, эстетикалық, экономикалық және басқа талаптарға сай болуы қажет.
Сұраным мен тұтыну тауардың сапасына байланысты болады. Жоғары сападағы тауар халықтың сұранымын толық қанағаттандырады және жоғары сұранысқа ие болады.
Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршеңдігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді. Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты – баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне.
Сапаны жинақтап қорыту көрсеткіштері жалпы салада немесе кәсіпорындарда өнім сапасының деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткішке жататындар:
өнімнің әр түрлілігі;
жарнамалау сауаттылығы;
өнім сапасы;
пайдалылығы;
өнімнің дүниежүзілік стандарттарға сай келуі.
Сонымен, өнімнің сапасы – бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі.
Екіншіден: Өнім сапасының ұғымы және қажеттілігімен таныса отырып, бұдан әрі қарай тауар сапасын зерттеу тәжірибесімен жалғастырамыз. Осы ғылыми жұмыстың тақырыбына байланысты өнім сапасын зерттеуге алынып отырған тауар түрі – тамақ өнімі. Яғни, күнделікті халық тұтынатын тамақ өнімінің түрі – макарон өнімдері.
Өз өнімдерін сыртқы және ішкі нарықта шығарып, қаламыздағы бөлшек және көтерме сауда орындарында сатып, қала тұрғындарының сұранысын қанағаттандыруда.
Үшіншіден:
Жалпы, өнім сапасын жақсарту экономиканы үдемелі дамытуға және қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеруге, жалпы қоғамның және жекелеген тұтынушылардың сұранымын өтеуге мүмкіндік береді. Мұның әлеуметтік зор маңызы бар. Соған қоса сапаны жақсарту арқылы белгілі бір заттың тұрмыста қолданылу мерзімін ұлғайта аламыз. Міне, осы арқылы оларға деген сұраным да сирейді, яғни көп уақытқа қолданылуға жарайтын нәрселерді тұтынушылар еселеп сатып ала бермейді.
Өнім сапасының жақсаруын біз өндіріс тиімділігінің артуы мен халықтың әлеуметтік-тұрмыс жағдайының жақсара түсуі деп білеміз. Еліміздің экономикасындағы басты міндет те осыған, яғни халықтың әл-ауқатын жақсарта түсуге, нарықты сапалы, әрі мол тауарлармен толтыруға бағытталады.
Өнім сапасын жақсарту жолындағы еңбек және технологиялық тәртіптің бұзылуы бойынша, еңбек заңдарына сәйкес, жұмысшылар мен қызметкерлер материалдық және тәртіп жөніндегі жауапкершілікке тартылады.
Тауардың сапасы тауартанудағы көкейкесті мәселелердің бірі болып саналады. Күнделікті өмірде сауда орындарына түрлі бағыттарға жұмсалатын, шикізат құрамы мен сыртқы безендірілуі жағынан бір-біріне ұқсамайтын көптеген тауарлар түседі. Соған қоса халықтың талғам-сұранысы да бір қалыпта тұрып қалмай, үнемі өзгеріс үстінде болады.
Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты (рынокты) табу;
жоғары бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;
өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі проблемаларды шешу.
Сонымен, өнімнің сапасын басқару әрбір кәсіпорындарда жүйелі түрде іске асқан жөн.
Қорытынды:
Сонымен жоғарыда айтылғандарға қорытынды жасайтын болсақ:
Тауарлардың сапасын көтеру халық шаруашылғындағы маңызды
міндеттердің бірі болып саналады. Өнімнің сапасын жақсарту арқылы оның қолданылу мерзімін ұзартуға болады, өнім сапалы болса, олардың өзіндік құны мен пайдалануға жұмсалатын шығыны кемиді.
Сапа елімізде шығарылатын тауарлардың әлемдік нарықтағы алатын
орнын жоғарылатады, тұтынушыларсұранымы барынша толық өтеледі. Сондықтан да тауардың сапасы мемлекеттік көлемде басқару мен жоспарлаудың объектісі болып табылады. Өнімнің сапасын басқару әдісін дамыту арқылы сапаны жоспарлау қоғамдық өндірісті жоспарлаудың негізгі буындарының бірі болып саналады
Біз сияқты болашақ мамандардан, өз бизнесін бастап жүргізетін кәсіпкерлер шығып жатса сапалы өнім шығарып, өндірген өніміміздің сапасына көп көңіл бөліп, отандық тауар өндірісіне өз үлесімізді қосуа шақырамыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Международный стндарт ИСО 9001. Системы менеджмента качества

  2. Фейгенбаум, А. Кантроль качества продукции / Пер. с англ. – М., 1996.

  3. Катькало В. Организационные факторы конкуретных преимуществ фирм, журнал «Персонал - Микс». 2003 г. № 5.

  4. Тургинбаева А.Н. Эффективная инновационная инфраструктура – фактор качества казахстанской НИС, журнал «Менеджмент качества», №1/2007.С.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет