САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Л.Қ.Темірхан
Орал қ.
...
Қазақ тіл білімі —
қазақ тілін
зерттейтін ғылым саласы. Қазақ тіл білімінің тарихы шартты
түрде: а) ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең, ә) ұлттық тіл білімі қалыптасқан кезең болып
екіге бөлінеді. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең 19 ғасырдың 2-жартысынан басталады.
Қазақ тілінің грамматикалық құрылысы туралы алғашқы мәліметтер Н.И. Ильминскийдің “Материалы
к изучению киргиз-казахского наречия” деген еңбегінде ұшырасады. Бұл — қазақ тілінің кейбір
ерекшеліктерімен таныстыруға арналған тұңғыш еңбек. 19 ғ-дың 2-жартысында қазақ тілінің
лексикогр. жұмыстары қауырт қолға алынып‚ дами бастады. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі
кезеңде 40-қа жуық сөздік жарық көрді (А.Е. Алекторов, “Краткий казахско-русский словарь”‚ 1891;
“Начальное руководство к изучению арабского‚ персидского и татарского языков с наречиями
бухарцев‚ башкир‚ киргизов и жителей Туркестана”‚ 1869; Т.Бокин “Русско-киргизский словарь”‚
1913; Н.И. Ильминский “Материалы к изучению киргиз-казахского наречия”‚ 1861, т.б.). Орыстардың
Ресей империясына қараған халықпен қарым-қатынас жасауына көмектесу мақсатын көздеген бұл
сөздіктер қазақтың сөздік құрамын хатқа түсіріп‚ жаңа‚ көне сөздердің мағынасын ашып көрсетті.
Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңнің өзі а) қуғын-сүргінге дейінгі кезең (1912 – 29); ә) қуғын-
сүргіннен кейінгі кезең (1930 – 88) болып екіге бөлінеді. Қазақ тіл білімінің ғылым ретінде
қалыптасып, дамуы
Ахмет Байтұрсыновтың
есімімен тығыз байланысты. Оның қазақ тілі оқулығы
ретінде жазған “Тіл – құрал” атты еңбектерінде, мақалалары мен баяндамаларында тіл білімінің өзекті
мәселелері сөз болады
Әліппе мен емле 19 ғ-дың 2-жартысында
Ыбырай Алтынсарин
қазақ жазуын орыс графикасына
негіздеуге талпыныс жасаса, 20 ғ-дың басында
Байтұрсынов
қолданылып келген араб графикасын
жетілдіре отырып, қазақ жазуына икемдеді. Бұл орайда ғалым қазақ тіліндегі дауысты және дауыссыз
дыбыстар санын анықтап, үндестік заңдылығын, тілдің фонол. ерекшеліктерін айқындап шықты.
Байтұрсыновтың Қазақ тіл білімінің фонетика, фонология салалары бойынша жасаған тұжырымдары
Е.Омаров, Қ.
Кемеңгеров
, Т.
Шонанов
, Ж.
Аймауытов
, Қ.
Жұбанов
еңбектерінде жалғасын тапты. Қазақ
тілінің дыбыс жүйесі, дауыстылар мен дауыссыздар санын дәл айқындау, қазақ жазуына негіз болатын
принцип таңдау мәселесі көптеген талас тудырып, “Еңбекші қазақ”, “Жаңа мектеп”, т.б. басылым
беттерінде мақалалар жарық көріп, қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде талқыланды.[1]
Осындай игі істерді жалғастыру, қазақ тіл білімін сапалы оқыту біздің басты мақсатымыз. Қазақ
тілі пәнінің ерекшелігі тілдің қызметінен көрінеді. Тілдің танымдық, білімдік, эстетикалық,
коммуникативтік қызметтері оқушыны жан-жақты дамытады, Тұлға етіп қалыптастырады. Тілдің
қызметін әр сабақта нәтижелі оқыту көн нәрсеге қол жеткізеді.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, ұстаздардың аға буын өкілдеріне етене таныс түсіндірмелі-
иллюстративті, яғни дәстүрлі технология «дайын» білімді алға тартып, оқушының ізденісіне жол
ашпай, оқу үдерісінде білімді меңгерудің деңгейлік мүмкіндіктерін сезіне алмауына әкелгені
баршамызға аян. Сондай-ақ, қазақ тілінің лексикалық, фонетикалық, сөзжасамдық, морфологиялық
нормаларын теориялық-практикалық жақтарынан игертуді мұғалімнің қалыптасқан әдістеме бойынша
жүзеге асыруы әрдайым пәрменді бола алмайтындығын да көрсетіп отыр. Сондықтан қазақ тілін пән
ретінде оқытудың тиімділігі сабақта қолданылатын оқыту формалары мен әдіс-тәсілдеріне және жаңа
технологияларды тиімді қолдануға байланысты болмақ. Технологияларды іріктеу жоспарланған
нәтижелердің сипатына және «Қазақ тілі» оқу пәні мазмұнының ерекшеліктеріне сәйкес болуы тиіс.[3]
Осындай талаптарға қол жеткізу мақсатында өз тәжірибемде орта білім беру жүйесінде әлемдік
жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға
негізделген тәсілді кеңінен қолданып келемін. Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушының
пәнді терең түсіну қабілетін дамытып, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда
тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етеді.
Пәнді сапалы оқыту Шульманның пікірінше, «үш ілімнің» негізінде оқыту ұсынылады:
1.Кәсіби түсінік
Тұғырлы теориялық білімге негізделген және оқыту мен оқушылар туралы терең білім болуын,
сондай-ақ тәжірибені түсіну және дамыту, жетілдіру үшін дәлелдерді, зерттеулер нәтижелерін қалай
қолдану керектігін білуді талап етеді.
2.Сабақ берудің тәжірибелік дағдысы
Бұл ілім техникалық және тәжірибелік дағдылары мен тәсілдерін білуді талап етеді.
3.Кәсіби тұтастық
Мұғалімдерде жағымды қарым-қатынас, оқыту және тәжірибеге негізделген көзқарас
құндылықтары қалыптасқан болуы тиіс.
Сындарлы оқытудың қарастыратын модульдері:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: Диалог негізінде оқыту мен оқу және «Қалай оқу керектігін
үйрену» немесе метасана тәсілі
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.[4]
Бүгінгі таңда негізігі мектептегі «Қазақ тілі» сабақтарында қолданылатын оқыту әдістемесінде
төмендегідей ортақ ұстанымдар басшылыққа алынады:
5-6-сыныптарда қазақ тілін оқытудың мақсаты оқушының теориялық және шығармашылық
ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталады. Сол арқылы оқушының ойлау және сөйлесім әрекетінің
белсенділігін арттыратын проблемалық оқыту әдістеріне сәйкес сын тұрғысынан ойлауын дамытуды
және оқушының болашақтағы даму мүмкіндіктері ескеріледі.[3]
Іс-әрекет барысында шынайы қарым-қатынасқа жақын жағдаяттар туғызуға мүмкіндік беретін
алуан түрлі дидактикалық материалдар (сөзжұмбақтар, ребустар, карталар, кестелер, диаграммалар,
постер) кеңінен қолданылатын ойын түрлері оқушының оқу-танымдық әрекетін басқаруға мүмкіндік
береді. Пәндік, пәнаралық сипаттағы дидактикалық және сюжеттік, рөлдік ойындар оқушыға өзін
танытуға, жолдастарының пікірімен санасуға, қарым-қатынас әдебін үйренуге, өз білімін көрсетуге жол
ашады. Ойындардың көмегімен оқушылардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыратын оқу
міндеттері шешіледі. Ойын арқылы тілдік жағдаяттарда оқушыны қарым-қатынас мәдениетіне
төселдіру көзделеді. Оқушылардың бірлескен оқуын тиімді ұйымдастыру мақсатында топтың
ережелерін құрып, қажет болған жағдайда еске түсіріп отырудың маңызы зор.
7-8-сыныптарда оқушыларға сөз таптарын, олардың түрлену жүйесін, сөздің тіркесу қабілетін,
жай сөйлемнің ойды жеткізудегі ерекшелігін меңгерте отырып, сөйлесім әрекеттерін дамытуға
басымдылық беріледі. Бұл сыныптарда проблемалық оқыту әдісімен қатар ізденістік-зерттеу әдістері
арқылы тілдік жағдаяттарда оқушының таным белсенділігін арттыруға, өз бетімен зерттеу жүргізуге,
шешім шығаруға төселдіріледі.[3] 8-сыныпта сөйлем мүшелерін меңгерту модульді-интерактивтік
жоспарлауды, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған сабақтарды соған лайықтап
құруды талап етеді.[2]
Онда оқушының танымдық белсенділігін арттыру; пәнге қызығушылығын ояту; өзіндік
көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру; зерттеуге икемділігін дамыту; сөйлесім әрекеті белсенділігін
арттыру ұстанымдары басшылыққа алынады.[3] Сондықтан топтық, зерттеушілік, дебат сияқты әңгіме
түрлерін үнемі жүргізіп отырған тиімді. Онда әр баланың қабілетін, дарынын дамытуға, ұжымдағы
әрбір мүшенің өз таланты мен әркімге және бір-біріне көмегіне, ынтымақтастығына, мұғалім мен
оқушы әрекетінің алмасып келіп отыруына басымдылық беріледі. Дарынды оқушылар кеңейтілген
тапсырмаларды орындауда басшылық етеді.
9-10-сыныптарда оқушыларды құрмалас сөйлемнің түрлерін, олардың қолданыс ерекшеліктерін
меңгертуге, стиль түрлері мен пунктуация заңдылықтарын сөйлесім әрекеттерінің мақсаты мен
ерекшеліктеріне қарай тиімді пайдалана білуге төселдіру көзделеді.[3] Оқыту үдерісінде оқушының
өздігінен білім алуына, болжам жасауына, өз бетінше ізденуіне жол ашу мақсатындағы жұмыс түрлері
ұйымдастырылады. Онда оқығандары бойынша ойталқының жүргізілуіне, оқушының өзіндік әрекетіне,
тілдік бірліктерді салыстыру, жинақтау, саралау, топтау және тілдік құбылыстардың заңдылықтарын
тануына мән беріледі.
Негізгі мектептің барлық сыныптардағы қазақ тілін оқыту үдерісінде деңгейлеп оқыту, Блум
таксономиясы басшылыққа алынады. Бұл әр оқушыға өз деңгейін өзі айқындау арқылы өзін-өзі
дамытуына, бағалауына мүмкіндік туғызады. Мұнда оқушының тілдік қабілеттері, тапсырманы
орындау мүмкіндіктері, осыған дейін меңгерген білім деңгейлері ескеріледі. Оқушының жеке бас
қабілеті мен психологиялық ерекшеліктері негізге алынады. Оқушының қалауы бойынша орындауды
талап ететін деңгейлік тапсырмалар оқушының өзін-өзі бағалауына да жол ашады.
Сабақтарда бейнероликтерді, интернет материалдарын, мультимедиалық құралдарды, үн және
бейнетаспалар, ақпараттық технология ресурстары, электронды оқулықтар, компьютерлер,
лингафондық аппараттар кеңінен қолданылады. Компьютерлік оқыту нәтижесінде оқушының қазақ
тілінен тілдік білімдерін орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық, пунктуациялық
ережелер бағдарламаларының көмегімен меңгертуге қол жеткізіледі.
Сондай-ақ, барлық сыныптарда қолданылатын модуль арқылы оқыту түпкі нәтижеге сатылай
отырып жетуді көздейді. Қазақ тілінің ғылыми негізін толық әрі біртұтас аяқталған білім негізінде
игертуді көздейтін негізгі сатыда тіл білімі салалары модульдік негізде тиянақталып беріледі.
Лексикадан басталған бұл жүйе фонетикаға, сөзжасамға, грамматикаға, стилистикаға, пунктуацияға
қарай күрделендіріліп, өзара сабақтастықта жалғасып отырады. Тіл салалары өз ішінде де нақты