Сапасын дамыту жолдары



Pdf көрінісі
бет32/33
Дата29.12.2016
өлшемі9,25 Mb.
#697
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

4.Домашнее задание. 
Из газетных статей найти тексты, где встречаются числительные. 
(Самооценивание) В ларчике заслуг находятся оценки «2», «3», «4», «5» учащиеся выбирают честно себе 
оценки и  объясняют, комментируя свой выбор. 
          
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                             Галешова  Нәсіп  Ержанқызы 
                            Атырау  облысы  Индер  ауданы 
                           Мұқанғазы  Сиранов  орта  мектебінің 
                          Өзін-өзі тану пәнінің  мұғалімі 
 
Тақырыбы:       Отбасы жарастығы. 
 
Мақсаты:  Отбасындағы  сыйластыққа,  адамгершілікке,  инабаттылыққа  тәрбиелеу.  Үлкендігі  үлгі,  кішіні 
мақтан  етуге,  отбасының  бірлігін  сақтап,  ата-ана  алдындағы  парызын  өтеуге,  еліміздің  жақсы  азаматы 
болып өсуге, отбасының мақтаны болуға тәрбиелеу. 
Көрнекілігі:  Нақыл  сөздер:  «Бүгінгінің  баласы-ертеңгінің  атасы»,  «Үлкен  алдында  жас  қарызы,  ата 
алдында қарызы - әдеп пен сый» тақырыптарында плакаттар ілінеді, отбасы жайлы  кітаптар көрмесі, ата-
ана мен бала жайында жазылған заңдар жинағынан үзінді. 
Ата-аналар мен оқушылар үш топқа бөлініп отырады. 
Барысы: 
Мұғалім:  Сәлеметсіздер  ме,  құрметті:  ата-аналар  мен  оқушылар!  Біз  бүгін  керемет  бір  ғажайып  әлемге 
саяхатқа  барамыз.  Қалай  ойлайсыңдар,  ол  қандай  әлем  болуы  мүмкін?  Қане,  ойланып  көріңдерші.  Ол  бір 
өзі  кішкентай  шағын  мемлекет.Ал  олай  болса,  ол  мемлекеттің  аты  «Менің  отбасым»  деп  аталады.  Ол 
мемлекет қандай болуы мүмкін? 
М. Сиранов атындағы орта мектеп

315 
 
Жауаптары: Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі. 
Кіріспе сөз. 
Мұғалім:  Бүгін  біз  бала  тәрбиесі,  оның  дамуы  бағытында  өз  білімімізді  толықтырамыз.  Баланың  отбасы 
адамдарымен қарым-қатынастарын құруға, дұрыс сөйлеуге үйрету үшін оның ойындағы құрылымын дұрыс 
жолға қоя  білу керек. Ол үшін алдымен ата-ана, мұғалім  болып баламен сөйлескеннің өзінде қарапайым 
ережелерді ұсынуымыз қажет. Ол қандай? 
 Мұғалім: Баланы тыңдағанда ынтамен тыңдау 
әңгімелесушіге көңіл бөліп тыңдау, көзбен байланыс жасау; 
баланы жауаптың астына алмай, тыңдауға тырысу; 
сұрақтар мен жауаптар сенімді түрде естіліп тұру керек; 
баланың дауыс ырғағы мен екпініне бейімделу, қатты әрі тура сөзден аулақ болу; 
баланы мазаландырған мәселелерді досыңдай отырып тыңдау,  әңгімелесу; 
балаға осы жағдайға байланысты, сіз  өзіңіздің ойыңызды айту; 
            жол сілтеу; 
балаға, егер ол қажет деп тапса, сіздің көмек бере алатыныңызды  
       (1 рет) ескертіп қойыңыз: 
бала  өзі  дұрыс  шешім  қабылдай  алатынына  сенімін  тудырғыз.  Еркіндік  сезінілетін    қажеттілік.  Сенің 
қолыңнан келеді! 
үнемі баланың көңіл-күйін сұрап отыру (сенің бір жерің ауырып қалған жоқ па, қиын болды ма?) 
Қиындықтардың пайда болу себептері 
Көбіне  баланы  кішкентай  деп  көңіл  бөлмей,  бозбала  шағында  өзімізді  тыңдамайтындай  жағдаяттар 
туындайды. Біз неден қателестік? Мүмкін кезінде баланы дұрыс тыңдамай, оған жеткіліксіз көңіл бөлінген 
шығар. Бізге баланы тыңдауға не кедергі болды екен? Ойланайықшы. 
Бұйрық,  әмір,  ескерту,  ақыл  айту,  көп  сөйлеу,  сынау,  айыптау, 
балағаттау,  жауап  алу,  сөзбен  көңіл  білдіру,  қалжыңдау, 
әңгімеден  қашқақтау,  салыстыру,  дұрыс  тыңдамау,  еркіндік 
бермеу. 
Ата-аналар өз ойларын білдіреді. 
Мұғалім: Мен «Үй» деп айтқанда сіздерге қандай ой келді? 
Соны қағазға түсіріңіздерші. 
Сурет салу немесе жазу арқылы түсіреді.  
Ал, енді сіз өзіңізді бала ретінде ұстаңыз. Енді қандай сурет салар 
едіңіз? 
Енді  екеуін  салыстырайық.  Бәрімізден  бір  шешім  шығады.  Ол 
бәрімізге  ең жақыны, ең бақытты орта ол-үйіңіз, яғни отбасыңыз! 
Ата-аналар мен оқушыларды қатыстыра отырып, сайыс өткіземіз. 
Топпен жұмыс: «Біз қабылдаған шешім...» деп аталады. Әрбір топқа жағдаяттар беріледі.  
I топ: Көктем мезгілі. Бала сабақ оқуын азайтып, ойынға көп көңіл бөлгендіктен сабақ үлгерімі төмендеді. 
II  топ: Күннің суықтығына байланысты балаңыз ауырып көп сабақ жіберіп алды. Осының салдарынан ол 
сыныптас достарын көп уақыт көрмеді. 
III топ: Бала үйге сырттан қатты ашуланып келіп бөлмесіне кіріп шықпай қойса сізге не істейсіз? 
   Мұғалім:  Әрбір  топқа  тақырыптар  беріледі.  Осы  тақырып  бойнша  ата-аналар  өз  ойларыңызды  айтып 
беріңіздер. 
 I топ: «Бақытты отбасы. Ол қандай?»  
 II топ: «Отбасындағы жанжал. Оны шешу жолдары» 
 III топ: «Отбасы мейрамдары. Оларды өткізу жолдары» 
Мұғалім:  Ал,  балалар,  ата-аналар  үшін  бақытты  сәт  қандай  сәт?  (Өз  ойларын  ортаға  салып,  ұлылардң 
сөздерінен үзінділер оқиды). 
Бекарыс:  Әл-Фараби:  «Бақыттың  мәні-парасаттылықта,  әркімнің  өз  алдында  игілікті  мақсат  қоя  білуінде 
....адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында». 
Ақсүйрік:  Әл-Фараби:  «Бақытты  -  өз  басың  үшін  көксейтін  игілік  ...Бақытқа  жеткізетін  еркін  әрекет  – 
атамаша әрекет». 
Нұрбол: В.П.Катаев: «Бақыт дегеніміз-еңбек. Бақыт - өз еңбегінің жемісін өз көзіңмен көру». 
Диана: Л.Н.Толстой: «Адам бақытты болуға тиісті, ал бағы жанбаса, оған сол адамның өзі ғана кінәлі». 
Есбол:  В.П.Катаев.  «  ....бақыт  -  өзінің  Отан  кәдесіне  жарағаныңды  сезіну,  басқалармен  білек  қосып, 
Отанның болашағын жасап жатқаныңды сезіну». 
 Кім шапшаң? 

316 
 
Жұмбақтардың шешуін табу.  
Мерует: Әкеңнің туған күні? 
Әлпештеп өзіңдей өсірген, 
Нағашы әжеңнің баласы. 
Төрінде жалпиып көсілген, 
     Бұл күнде жиеннің анасы. Ол (Анаң) кім? 
    Нұрбол: Айтар мол ғұлама, 
Көп жасаған бұл адам. 
Әкесі ол әкеңнің, 
Білер оны сұраған.Ол кім? 
 Ақбөбек: 
Ы.Алтынсарин: 
Бала, бала, бала деп, 
Түнде шошып оянған. 
Түн ұйқысын төрт бөліп,  
Түнде бесік таянған. 
Аялы қолда талпынтқан, 
Айналасына ас қойып, 
Өзенді көлдей шалқытқан.  
Қолын қатты тигізбей, 
Кірлі көйлек кигізбей, 
Иісін жұпар аңқытқан, 
Қайиақты сүттей қалқытқан, 
Суық болса жөргегін, 
Қорғасындай балқытқан. 
Бұл кім?  (Ана) 
Қаһарман:  Ол  өте  мейірімді,  ақ  шашты,  дәмдә  тағамдар, 
тәттә  бауырсақ  пісіреді,  бізге  жылы  қолғап,  шұлық  тоқиды, 
ұйықтар  алдында  ән  немесе  ертегі  айтып  береді.  Бұл  кім? 
(Әже) 
Ару:Аймалайды күнім деп, 
Мейірімді жүзі күлімдеп. 
Тәтті-ақ дейді немере, 
Бал шырындай үнің деп. 
Ол кім? (Әжең) 
Мұғалім: Адамдар - әрқашанда өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды. Ата-
а  ақылы  –  салулы  қара  жолмен  тең.  Ата-ана  қадірін  білмеген  –  халық  қадірін  біле  алмас.  Халық  қадірін 
білмеген – ата-ана қадірін біле алмас. 
Мұғалім: Ата-аналарға сұрақтар: 
Балаңыздың туған күні. 
Балаңыздың ең жақын досы. 
Балаңыздың оқитын кітап-журналдарын атап беріңіз. 
Бос уақытын қалай өткізеді? 
Сізден айырмашылығын атаңыз. 
Үйдегі сүйікті ісі. 
Қай пәнді жақсы көреді? 
Балаңыздың арманы. 
Үй ішіндегі татулық кімге байланысты? 
Балаға үлгі болатын адам кім? 
Үйде бала тәрбиесіне кім көп көңіл бөледі? 
 (Бейнекөріністен оқушы жауаптарының сәйкестігін тыңдау). 
Мұғалім: Ойынымыздың жалғасын «Мақалдың жалғасын тап» сайысымен жалғастырамыз. 
Ата-аналарға: 
Атаға қарап-.... 
Анаға қарап-.... 
Ананың көңілі балада,... 
Ата-ананың қадірін,... 

317 
 
Атаның баласы болма,.. 
Жақсы сөз,... 
Баланың жақсысы 
Ұяда не көрсе, ... 
Мұғалім: Балалар іс-қимылын жасырады, ал ата-аналары табуы керек. 
Маған ілгегімді тіігіп берші. (Бекарыс) 
Мен көйлегімді кірлетіп тастадым, жуып берші. (Есбол) 
Мен ыдыстарды жуамын, сен маған балмұздаққа ақша берші. (Данагүл) 
Мен  сабақ оқуым керек, сондықтан үй жинамаймын. (Мерует) 
Менің көйлегім үтіктелмеген, соны үтіктеп берші. (Ақбөбек) 
Мұғалім: Ал енді, ата-аналар, біз осындай балларымыздың бойларынан қандай қасиеттер көргіміз келеді? 
Соны жазайық. (Тақтаға ілінген схема толтырылады). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ал, балалар, осындай қасиеттерді бойымыздан таба білу үшін не істеуіміз керек? 
 
Балалар:  Сабақты  жақсы  оқып,  үлкендерді  тыңдауымыз  керек.  Ата-аналарымызды  әрдайым 
сабақ үлгерімімен, жақсы тәртібімізбен қуантамыз.  
Мұғалім:  Олай  болса,  әрбір  отбасына  тек  қана  қуаныш  тілеймін.  Балаларыңыз  күн  нұрының  шуағындай 
болып , жайнап тек қуанышқа бөлей берсін! 
 Мадақтау қағаздары тапсырылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы  қаласы   
Алатау ауданы 
 №152 мектеп- гимназиясының 
 қазақ  тілі  мен  әдебиеті пәні  мұғалімі:  
Рашева Маржан Кенжетқызы 
 
 
Тақырыбы: Мәтіннің  тақырыбы мен мазмұнның байланысы 
 
Сабақтың мақсаты: а) білімділік Мәтін  арқылы тақырып пен мазмұнның байланысын ашу  тіл  білімінің  
әр   салалары  бойынша  алған  білімдерін қорытындылап, теориялық  білімін практика жүзінде  пысықтап, 
біліктілігін  арттыру. 
Тәрбиелік  мәні: Оқушыларды  шапшаңдыққа, іскерлікке, көпшілікпен жұмыс  жасай  білуге тәрбиелеу. 
Дамытушылық: өз  ойын анық та дәл   жеткізе  білу,   білімді  қажеттілікке  жарата  білу   машығы  мен 
шеберлігін  дамыту. 
Сабақтың  түрі: Сайыс  сабақ 
Бала бойындағы 
қасиеттер 
Адамгершілік 
Ақылдылық 
Қарапайымдылық 
Шыншылдық 
Сыпайылық 
Ізеттілік 

318 
 
Әдісі: Сатылай  кешенді  талдау, топтық  жұмыс, Фонетикалық, лексикалық  талдаулар жүргізу. 
Көрнекілігі: сызба  кестелер, интерактивті  тақта. 
Пәнаралық  байланыс:  Әдебиет, тарих  математика. 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру:     сыныпта бар, 
                                жоқты белгілеу 
                                Сынып  тазалығы 
ІІ қызығушылығын ояту.   «Поэзия  минуты» Үй  тапсырмасын  тексеру 
Әр топ өздеріне  жүктелген екі  түрлі  тақырыпта өлеңдерін  оқиды 
І топтың өлеңі:    «Қазақ  тілі- ұлттың  ұлы  қазынасы» 
                                Бар  менің бір  жүрегім,бір-ақ тілім, 
                               Тілімді кімнен алам сұрап бүгін? 
                               Үйренгем оны анамның құрсағында, 
                               Сол үшін өзгермеймін,тұрақтымын. 
             
                              Бәрінің  өз  тілі бар  кімді  көрем, 
                              Домбыра-көкірегім, күмбір  өлең. 
                              Судағы  желбезекті балықтың  да, 
                               Гүлдің де өз  тілі  бар үлбіреген. 
                                
                                   
                                 Тізілген таулары  бар Жетісудың, 
ІІ топ                        Ішінде  орман – тоғай біткен нудың. 
                                  Дариядай сол  таулардың тулап-тасып, 
                                   Көресің  тамашасын  аққан  судың. 
                                
                                  Есепсіз тау  суреті  көз  жетпейтін, 
                                 Жырлауға қазынасы көп  тіл  жетпейтін. 
                                Өрік, алма, алмұрт, жиде  жемістер  көп, 
                                 Бір  татсаң аузыңнан дәм  кетпейтін. 
ІІ. Үй  жұмысын пысықтау:   «Полиглот»  Әр  топ  мүшелері  өздеріне  тиесілі өлең  жолдарынан бір-бір 
сөзден алып, орыс  тіліне және  ағылшын  тіліне аударып тез-тез айтып  шығу жүктеледі. 
ІІІ.  Жаңа  сабақты оқып  білу. 
Интерактивті  тақтада  берілген    мәтінді    негізге    ала    отырып,    екі    топтың  тақырып    таңдаудағы  өз  
пікірлерін  тыңдау және  талдау  жасау.  
1.Даланың    келбеті.  ол  әр    жыл    мезгіліне    байланысты  қалай  өзгереді?  Төмендегі  суреттелген      үзіндінің 
күзгі  көрінісін сипаттап  беріңдер. 
    Шілденің  бас  кезі еді...  Көк  шалғынның арасындағы  бармақтай-бармақтай боп  өскен бүлдірген  мен 
жидектен көз  тұнады. Аласа  бұталарға сыңси  біткен қарақаттың да піскен  кезі... Көл  үстінде күндіз - түні  
тынбаған  құс    қиқуы...  ортасындағы  ақ    айдында    қанаттана    бастаған    көгілдірлерін    ертіп  бір  топ    аққу 
сыбызғы  үніндей қоңырқай  дауыстарымен сыңсып  ән  салады. 
 Әр топ өзбетінше күз,қыс  айларына айналдыра білу шығармашылығы айқындалады. 
2.    Үлестірме  қағаздармен    жұмыс.    Қазақтың    байырғы  өлшем    бірліктеріне  сөйлем    құрап,  тұрақты  
тіркес  жасау және  мағынасын ашу. 
Адым,  қадам.    Бір  танап    жер.  Қадақ.  Дауыс    жетер    жер.  Ат  шаптырым    жер.  Бір   жұтым  су.  Бір    танап 
жер.Бір саба қымыз. Бір  торсық айран. т.б (Қазіргі мазмұны, қолдану аясы) 
Келесі:  І  топтың    жұмысы    тұрақты    тіркестерге    бір-бір  сөйлем   құрау  және    синонимдес    сөздерді 
ойлап табу. 
Азар да безер  болды-?   Көз ілмеді-?  Көз  тастау-? 
ІІ топтың  жұмысы тұрақты  тіркестерге антонимдес  сөйлем  құрау 
 Ат  ізін  салмады-?  Көзге  ілмеу-?   Бетінен  қақпау--?   Жаны  қас-? Жүрегі зу ету-? 
 
V. Сабақты  талдау кезеңі  І топқа дыбыстық талдау 
 
  Дауысты дыбыстар 
 
          
        Әсемдік 
 
     Адамгершілік 
             Жуан 
                 
              а,а 

319 
 
           Жіңішке 
             ә,е,і 
              е,і,і 
           Ашық 
              ә,е 
            а,а,е 
           Қысаң 
               і 
               і,і 
          Еріндік 
               - 
              -  
          Езулік 
            ә,і,е 
           а,а,е,і,і 
 
ІІ топқа  Буын  түрлеріне талдау 
 
Буын  түрлері 
     
      Әсемдік 
       
   Адамгершілік 
     Ашық 
          
          а,ші 
     Тұйық 
          әсем 
            - 
     Бітеу 
          дік 
    -дам,-гер,-лік 
І-ІІ топқа да  Дыбыс  үндестігіне талдау 
   Жазылуы 
   Оқылуы 
             Әсер    еткен                       
дыбыстар 
Ықпал  түрі 
     Сөзсіз 
   Сөззсіз 
   З-с-сс 
  Кейінді 
     Қазанқап 
  қазаңғап 
   н-қ-ңғ 
 Тоғыспалы 
     Ала  кел 
  Ала гел 
   а-к-аг 
  Ілгерінді 
     Жексенбі 
 Жексембі 
  н-б-мб 
  Кейінді 
     Ашсын 
 Ашшын 
 ш-с-шш 
  Ілгерінді 
 
І топ,  ІІ топ Әдептілік, Адамгершілік  сөздеріне тақтада сатылай  кешенді  талдау жүргзу 
  
Сөз
Сөздің құрамы
Тұлғасына  қарай:
а) негізгі түбір
ә) туынды түбір  
Құрылысына қарай
а) дара
ә) күрделі
Сұрағы
Мағыналық түрі
 
VІІ.    Сабақты  бекіту   Тест тапсырмасы  І-ІІ топқада  бірдей беріледі     
 15. Сөз мағынасын не зерттейді? 
 
А) фонетика 
В) лексика 
С) синтаксис 
Д) грамматика 
Е) морфология 
17.Архаизм сөзінің мағынасы не? 
А) жаңа сөз 
В) ежелгі 
С) көнерген сөз 
Д) аймақтық сөз 
Е) тарихи сөз 
18.Термин сөзді белгілеңіз. 
А) тасымал 
В) сым 
С) әнші 
Д) қала 
 10. « Мағына» сөзі қай тілден енген? 

320 
 
А) араб 
В) парсы 
С)латын 
Д) грек 
Е) ағылшын 
 
VІІІ.Сабақ қорытындысы. Жалпы бүгінгі сабағымызда не үйрендік?   
Қандай  тәрбиелік мағына алдыңдар? Сабағымыз қандай  пәндермен  байланысты? деген  сұрақтарды  қоя  
отырып, сабағымыздың  нәтижесін бақылай  аламын. 
ІХ.  Үйге    тапсырма:Кез    келген  тақырыпты    алып,  дара,  күрделігін  анықтап      жазып  келу,  мағынасын 
анықтау. 
Рефлексия: оқушылардың жалпы сабаққа  қатынасы, психологиясы т.б. 
Бағалау: оқушылардың сабақ үстіндегі белсенділігін бағалау 
 
 
 
 
                     
 
 
 
 
ОҚО, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы,  
№92 «Ақсу» жалпы орта мектебінің  
биология пәні мұғалімі  
Абдикаюмова Гулназа Абдираззаковна 
   
 
 
 
 
 
Күні  :    16.02.15. 
Пәні :      биология 
Сыныбы : 7-сыныптар 
Мұғалім :  Абдикаюмова  Г.А. 
 
                                               Қысқа  мерзімдік жоспар 
 
Сабақтың   тақырыбы 
Қосмекенділердің әр-түрлілігі. 
Сілтеме 
7-сынып оқулықтары ,Шың  кітап ,биология анықтамалығы 
Жалпы  мақсаттар 
Оқушыларға амфибиялар үш түрі тұралы толық түсінік беру. 
Оқу  нәтижелері 
-Оқушылар амфибиялар 3 түрін  біледі. 
-Олар жылдың таралуын ,пайдасын біледі. 
-Өз пікірін дәлелдей алады. 
Негізгі  идеялар 
Тақырып  аясында сын  тұрғысынан ойлап, пікірін  еркін  айтуға, пікірталасқа  
түсуне жағдай жасай  отырып   
оқыту ,СТО стратегиялары. 
Тапсырмалар 
Өздері  оқу  ,бірін-бірі  оқыту ,негізгі  мазмұнды  
 ашу ,ыстық орындық ,фишбон,сөздік ,есте сақтау ; 
Жүргізілетін  жұмысым 
Уақыты  Мұғалімнің  іс-әрекеті 
Оқұшының        іс- әрекеті                    
1-мин 
Сыныппен  сәлемдесу . 
Оқушылардың 
 
сабаққа 
 
деген  
қызығушылығын  ояту . 
 
Оқушылардың    барлығы    сабақ    ұранын 
дауыстап    айтып  ,  сабаққа  деген    белсенділігін  
білдіреді  . 

321 
 
1- мин 
Сабақ  басталмас  бұрын  топтарға  бағалау 
парағын  тарату . 
Сынып  3 топқа бөлініп  , топ  басшылары  
топ  мушелерін  бағалап барады . 
Оқушылар  берілген    дискрипторлар    бойынша  
үйге    тапсырманы    қаншалықты    орындағанын 
түсініп  алады  . 
5-мин 
 
 
 
5-мин 
 
 
 
5-мин 
 
 
5-мин 
I.БІЛУ 
Ой қозғау(топтық  жұмыс) 
Окушыларға кітаптағы мәтін бөліп беріледі 
 
Қос  мекенділер    бейнеленген  слайд 
топтарға көрсетіледі . 
 
 
 
Ыстық  орындық  ортаға  шығып  тақырып 
бойынша түсінгендерін айтып беруі керек. 
 
 
Олар мәтінді оқып қызықты-да керекті жерлерін 
жазып алады . 
 
 
Сүреттегі  қосмекнділерді    атап  қандай  қызмет 
атқаруын айтып береді. 
  
 
Оқушылар  мәтінді  оқып  ,өз  пікірін  дәлелдеп 
береді.  
 
8-мин 
II. Түсіну 
«Түсіндір»Топтық 
 
жұмыс 

шығармашылық тапсырма ) 
1 топ-Құйрықтылар 
2 топ- Құйрықсыздар  
3 топ – Аяқсыздар  
 
 
Сүреттерін салып айырмашылығы түсіндіріледі 
8-мин 
 
III.Қолдану . 
«Мағынаны  таны » Ұжымдық  жұмыс 
1  .Дискуссиялық  өрнек  (топтық    жұмыс 
)Оқушылар анық сұрақтар құрастырады 

Балық  қаңқасына  сұрақтарды  жабыстырып 
топтар  бір  бірімен  ауысадыда  жауаптарын 
жазады. 
 
2-мин 
IV. Талдау 
Есте сақта  
Топтар  сабақтағы  кездесетін  сөздерді  екі 
минутта жаттауы керек 
 
Тақтаға шығып сөздерді өз ретімен жазуы керек. 
 
 
3-мин 
V. Жинақтау . 
Тұжырымда (топтық) 
Топ  мүшелерінің  бірі  шығып  қосмекенділер 
маңызын айтады. 
 
1-мин 
VI .Бағалау . 
Топ басшылары  мүшелерін бағалайды. 
 
 1-мин 
VII.Қорытынды . 
Кері байланыс  жасау . 
Оқушылар  сабақты  бағалайды 
«екі жұлдызды тілек » әдісі 
 
 
 
 

322 
 
 
 Жүсіпбекова Алтынгул Абдибековна 
Математика пәні мұғалімі 
Қызылорда қаласы 
 №138 Абай орта мектебі 
 
 
 
Тақырыбы: ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙІН 
АНЫҚТАУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІ (PISA,TIMSS) 
Жоспары 
1.
 
Кіріспе 
2.
 
Негізгі бөлім 
А)  PISA    15  жастағы  білім  алушылардың  білім  жетістіктерін  бағалаудың  халықаралық 
бағдарламасы 
Ә) PISA 2012 халықаралық зерттеуінің бағыттары 
        Б) PISA зерттеуінің біртұтас көрсеткіштеріне сәйкес тапсырмалар блогын құрастыру жолдары 
          В) TIMSS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ 
     3. Қорытынды 
Білім беру «Казақстан-2030» Стратегиясының басыңқы бағыттарының бірі ретінде танылған. Елдің  тиімді 
мемлекеттік  білім  беру  саясаты  тұрғындардың  өмір  сүру  деңгейін  арттырудағы    анықтаушы  фактор  және 
елдің  бәсекеге  қабілеттілігі  шарттарының  бірі  болып  табылады.  Бүгінгі  таңда  ғаламдық  экономикада 
көптеген  білім  беру  жүйелері  тек  академиялық  ықпалдастықты  ғана  емес,  сонымен  қатар  адам 
ресурстарының  еңбек  жинақылығын  да  мақсат  етеді.  Білім  беру  сапасын  халықаралық  салыстырмалы 
тұрғыдан  зерттеуге  қатысу,  елдерге  көптеген  мәнмәтіндік  әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени 
факторлардың тигізетін ықпалы тұрғысынан оқу үдерісі нәтижелілігінің тәуелсіз бағасын алуға мүмкіндік 
береді.  
  Зерттеуге  әлемнің  ең  дамыған  елдері,  соның  ішінде  ЭЫДҰ                           елдері  де  қатысады.    Осы  елдердің 
үлесіне әлемдік экономиканың 80% келеді. Осы зерттеуге Қазақстан екі рет қатысты. Осы жобаға бірінші 
рет  қатысу  тәжірибесі,  елдің  білім  беру  жүйесінің,  мектептегі  білім  беру  сапасының  көрсеткіштерін 
жақсарту стратегияларын жасау үшін нақты ұсыныстар алуына септігін тигізді.   
    Зерттеудің  әрбір  кезеңінде  үш  зерттеу  бағыттарының  біріне  ерекше  көңіл  (тесттің  үштен  екі  бөлігі) 
бөлінеді.  2000  жылы  зерттеудің  негізгі  бағыты  «оқу  сауаттылығы»,  2003  жылы  –  «математикалық 
сауаттылығы», 2006-жылы –«жаратылыстану сауаттылығы», ал 2009 жылы білім жетістіктерін бағалаудың 
негізгі аймағы «оқу сауаттылығы» болды. 2012 жылы басыңқы бағыт «Математикалық сауаттылық» болды. 
PISA-2012 екінші кезеңінің қорытындысы «Математикалық сауаттылық» бағытындағы Қазақстандық білім 
алушылар    нәтижесінің  27  ұпайға  жағымды  өзгерісін  көрсетті.  ЭЫДҰ  сарапшылары  біздің  еліміздің 
табысын              «PISA 2012 нәтижелері» Халықаралық есебінде атап өткен.   
ҚР БҒМ Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы              «PISA-2012 негізгі нәтижелері» 
Ұлттық есебін дайындады, мұнда алынған мәліметтерді түсіндіру арқылы білім беру үдерісін жетілдіруге 
негіз болатын статистикалық мәліметтер мен қосымша ақпараттың үлкен көлемі қамтылған.  
PISA  (Programme  for  International  Student  Assessment)  15-жастағы  білімгерлердің    функционалдық 
сауаттылығын бағалаудың халықаралық бағдарламасын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы 
(ЭЫДҰ)  үйлестіреді.  PISA  жобасы  зерттеудің  үш  бағытының  біріне  көзделіп,    үш  жылдық  кезеңдермен 
жүргізіледі. 2012 жылы басыңқы бағыт «Математикалық сауаттылық» болды.  
PISA зерттеуі 15-жастағы білімгерлердің мектепте алған академиялық білімі мен дағдыларын түрлі өмірлік 
жағдайлар мен тиімді әлеуметтенуде  қолдану қабілетін анықтауға бағытталған.   
Зерттеудегі    білімгерлердің  тап  осы  контингентінң  іріктелуі,    көптеген  әлем  елдерінде  білім  беру 
бағдарламасының негізгі сатысын меңгеруді              15-жасқа толғанда аяқтауымен түсіндіріледі.   
PISA  жобасының  білімгерлердің  функционалдық  сауаттылығын  бағалау    басыңқылығы    үш  бағыт  болып 
табылады - оқу біліктілігі, математикалық және жаратылыстану ғылымдарының біліктілігі. 
1. Математикалық сауаттылық деген ұғымға оқушылардың  келесі қабiлеттiлiктері жатады: 

 
қоршаған ақиқат ортада пайда болатын және математика арқылы шешiле алатын мәселелерді тани 
білу; 

 
бұл мәселелерді математика тiлiнде құрастыру; 

 
бұл мәселелердi математикалық айғақтар мен әдiстерді қолдана отырып шешу; 

 
шешiмдерде қолданылған әдiстерді талдау; 

323 
 

 
қойылған мәселелерді есепке ала отырып нәтижелерді түсiндiру; 

 
шешiмдердің нәтижелерiн құрастырып жазу. 
PISA  зерттеулерiнде  оқушыларға  қазақстандық  мониторинг  зерттеулерiне  тән  типтік  математикалық 
есептер  ұсынылмайды.  Бұл  зерттеудегі  математикалық  тапсырмалар  нақты  өмірлік  мәселелерге  жақын, 
қоршаған  өмірдің  түрлі  аспектілерімен  байланысты  және  өз  шешiмдерi  үшiн  математикалық  талдауды 
талап  ететiн,  мектептiң  өмiрi,  қоғам,  оқушының  жеке  өмірі,  кәсiби  қызметi,  спорт   және  т.б.  туралы 
мәлiметтер ұсынылады. 
Зерттеу  тұжырымдамасына  сәйкес,  әрбір  тапсырма  математиканың  мазмұнды  бөліктерінің  біріне  сәйкес 
келеді: 
сандар; 
- кеңiстiк және форма; 
- өзгерiстер мен қатынастар; 
- белгісіздік. 
Оқушылардың  математикалық  сауаттылығының  деңгейі,  осы  аталған  мазмұнды  бөліктерімен  қатар 
«математикалық  құзыреттiлiктiң»  даму  деңгейімен  сипатталады.  Оқушылардың  математикалық 
құзыреттiлiгi  зерттеуде  «тұлғаның  математикалық  бiлiмдерінің,  біліктілігінің,  тәжірибесінің  және 
қабілеттерінің  үндесуімен»  анықталады.  Зерттеуде  үш  математикалық  құзыреттiлiктiң  деңгейлерi 
қарастырылады: елестету деңгейi, байланыс орнату деңгейі, ойлау деңгейi. 
2. Ғылыми жаратылыстану сауаттылығын төрт аймаққа бөлуге болады: 

 
ғылым мен технологияға сүйенетін өмірлік жағдайларды танып білуі (контекст); 

 
қоршаған  орта  мен  ғылым  туралы  білімдерден  тұратын  ғылыми  білімдердің   негізінде  техниканы 
қоса қоршаған әлемді түсінуі (білім); 

 
ғылыми  сұрақтарды  ажырата  білуі,  ғылыми  жаратылыстану  құбылыстарын  түсіндіруі,  айқын 
нақтылықтар  мен  дәлелдемелердің  негізінде  қорытындылар  жасауы  үшін  ғылыми  білімдерді 
қолданудан тұратын құзыреттіліктерді көрсетуі (құзіреттіліктер); 

 
ғылыми жаратылыстану біліміне деген қызығушылығы. 
PISA  зерттеуінде  бағаланатын  ғылым  жаратылыстану  білімдері,  машықтары  мен  дағдылары  ғылыми 
жаратылыстану  циклі  пәндері  –  физиканы  (астрономия  элементтерімен),  биологияны,  химияны, 
географияны оқуда қалыптасады.  
Ғылыми  жаратылыстану  сауаттылығы  келесі  компоненттерден  тұрады:  ғылыми  жаратылыстану  пәндері 
аясында  қалыптасатын  «жалпы  пәндік»  машықтары,  ғылыми  жаратылыстану  білімдері  қолданылатын 
жаратылыстану  ұғымдары  мен  жағдайлар.  Зерттеу  мақсатына  –  белгіленген  машықтар  мен  ұғымдарды 
кешенді  тексеру  жатады.  Ұсынылған  сұрақтардан  жаратылыстану  ғылымдары  жауап  беретін  сұрақтарды 
белгілей  білу,  берілген  ақпараттың  негізінде  ғылыми  негізделген  қорытындылар  жасай  білу  машықтарын 
тексеруге ерекше көңіл бөлінеді. 
3. Оқу сауаттылығы. PISA зерттеуiнде оқу сауаттылығы ұғымын оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына 
оқу  қабілеттілігі  және  оларға  рефлексия,олардың  мазмұнын  өз  мақсаттарына  қол  жеткізу  үшін  қолдануы, 
бiлiмдері  мен  дағдыларын  қоғамның  белсендi  өмiріне  араласуы  үшiн  дамытуы  деп  түсінуге  болады. 
Оқушылардың  оқу  сауаттылықтарын  тексеру  оқу  техникасы  немесе  мәтiннің  мазмұнын  нақты  түсiнуін 
бағалауға  емес,  оқу  барысында  меңгерген  білімдері  мен  дағдыларын  өмірлік  жағдайларда  қолдана  білу 
ептіліктерін бағалауға бағытталған. Оқу сауаттылығын бағалау барысында үш аспекті есепке алынады: оқу 
материалдарының форматы, тапсырманың түрi, мәтiннiң қолдану жағдайы немесе мақсаттары. 
Зерттеу  барысында  мәтiнді  толық  түсiнгенін  дәлелдейтін  машықтары  мен  меңгере  білу  деңгейлері 
бағаланады:  мәлiметтi  табу,  мәтiнді  түсіндіріп  беру,  мәтiннiң  мазмұнына  немесе  оның  формасына 
рефлексия және олардың бағасы. 
Мәтіннен мәлімет таба білуді бағалау үшін, мәтінді қарап шығып, оның негізгі элементтерін анықтау және 
сұрақтан  гөрі  қажетті  (синонимдiк)  форманы  бейнелеген  мәліметті  іздестіру  үшін  тапсырмалар 
қолданылады. 
Оқушылардың мәтінді түсіндіріп беру қабілетін бағалау барысында мәтінде берілген әр түрлі мәліметтерді 
салыстыру, автордың сипаттаған ойларынан қорытынды жасау немесе мәтiннiң мәнiн түсіну ұсынылады. 
Рефлексияны бағалау үшін мәтіннің мазмұны немесе формасына, оқушы тапсырманы орындау барысында 
мәтіндегі  мәліметті  басқа  жерден  алған  білімдерімен  байланыстыра  білуіне,  мәтінде  берілген  бекітулерді 
өмір туралы өз көзқарастарымен байланыстырып, дәлелдеулеріне көңіл бөлінеді. 
        PISA  зерттеуінде ойлау, дәйектеу, мәселені қою және шешу, модельдеу, нәтижелерді ұсынудың түрлі 
әдістерін  пайдалану  секілді  қабілеттер  бағаланады.    Зерттеудің  үш  бағыты  бойынша  білімгерлердің  
сауаттылығын  бағалау  технологиясы  PISA  жобасы  қатысушылардың  алған  білімін  қаншалықты 
экстраполяция  (құбылыстың  бір  бөлігін  байқаудан  алынған  қорытындыларды  оның  екінші  бөлігіне 

324 
 
қолдануға  саятын  ғылыми  зерттеулер  әдісі)  жасап,  оларды  мектептен  тыс  қолдана  алатынын    анықтауға 
мүмкіндік  туғызады.    Осы  тұрғы  заманауи  экономиканың  академиялық  білімді    жоғары  кәсіби  деңгейде 
қолданатын қоғамды қолдайтыны туралы айғақты көрсетеді.   
Осыған байланысты функционалдық сауаттылықты зерттеуді бағалау технологиясы  әлемдегі 60-тан астам 
елдің  15-жастағы  білімгерлерінің  білім  жетістіктерінің  алты  деңгейін  қамтиды.  Ең  жоғары  көрсеткіш  5 
және 6 деңгей - өз бетінше ойлау, талдау және өз  болжамын ұсыну қабілеті, 4-3 - жаңа ақпарат алу үшін 
бар  білімі  мен  қабілетін  қолдану  мүмкіндігі,  2  -  қарапайым  оқудан  тыс    жағдайда  бар  білімі  мен 
дағдыларын  қолдану  мүмкіндігі,  1  деңгей  -  таяз  білімнің  төменгі  деңгейі  мен  тапсырмаларды  табысты 
орындаудың аздаған ықтималы.   
Оқу-танымдық түрлері бойынша анықталды - жаңғырту, қолдану және пайымдау.   
PISA  2009  зерттеу  құралдары  (материалдары)  Консорциумның  жетекшілігімен  жетекші  халықаралық 
ұйымдардың және қатысушы елдер өкілдерінің сарапшыларының қатысуымен дайындалады. 
Зерттеу құралдарына мыналар кіреді: 

 
Тест тапсырмалары бар буклеттер; 

 
Білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған сауалнамалар; 

 
Білім беру ұйымдарының басшылығына арналған сауалнамалар; 

 
Тест және сауалнаманы жүргізушіге арналған нұсқаулық; 

 
Білім беру ұйымының үйлестірушісіне арналған нұсқаулық; 

 
Тест тапсырмаларын бағалау, мәліметтерді енгізу және өңдеу бойынша нұсқаулықтар. 
Әрбір  тапсырма  бір  мәселені  суреттеген  мәтінді  қамтиды  және  мәтінмен  қатар  төрт  немесе  бес 
нұсқада   жауабы  бар  сұрақтар,  немесе  таңдау  бойынша  қатар  екi  жауабы  болуы  мүмкін  жорамалдар  мен 
нақты  бекiтулер   қалыптарында  көрсетiлген  қиындық  дәрежесі  әртүрлі  бірден  алтыға  дейін  сұрақтарды 
қамтиды.  Сұрақтардың  қалған  бөлімдеріне  оқушылар  өз  жауаптарын  құрастырулары  керек,  олардың 
кейбiрi  қысқа  жауапты,  қалғаны  толық  жауаптарды  талап  етедi.  Соңғысы  тест  тапсырушылардан  жеке 
өзіндік  пiкiрді  талап  етедi  және  өз  көзқарасын  айқындауға  мүмкiндiк  бередi.  Өзге  кейбір  сұрақтар 
оқушылардан шеңберде шектелген жауаптар нұсқаларын таңдауын талап етеді, дұрыс немесе бұрыс болып 
бағаланады (жабық құрастырылған жауаптар). 
Тест  жұмыстары  аяқталғаннан  соң,  әрбір  оқушы  жарты  сағаттың  ішінде  білім  алатын  мекемесi,  отбасы, 
араласатын  ортасы,  өз  мүдделері  туралы  сұрақтарға  жауап  беріп,  сауалнама  толтырады.  Қосымша  бiлiм 
ұйымдары  әкiмшiлiгiнен  де  сауалнамалар  жүргiзiледi.  Жауаптардың  бағалануы  халықаралық  жауаптарды 
кодтау  нұсқауының  қатал  орындалуы  бойынша  жүргiзiледi,  әрбiр  жауап  өз  кодына  сәйкестелініп,  бiлiктi 
мамандармен iске асырылады. Кейбір тапсырмалардың жауаптары дұрыс немесе бұрыс деп бағаланады, ал 
жартылай дұрыс немесе оңай жауаптар жартылай дұрыс деп бағаланады. 
Зерттеу  нәтижелерін  статистикалық  өңдеу  барысында  әрбiр  оқушыға  әрбір  топтағы  тапсырманы 
орындауына  қарай  (оқу,  математика  және  жаратылыстану  бойынша)  халықаралық  1000-балдық  шкала 
бойынша  балл  қосылады.  Сонымен  қатар,  тапсырма  барлық  тестіленушілермен  қаншалықты 
орындалғанына байланысты әрбiр тапсырмаға аталған шкалаға сәйкес нақты балл қосылады (тапсырманың 
қиындығы үшін). 
Әрбір елдің нәтижелерін талдауда және халықаралық шкаланы құрастыруда жеке елдердің тапсырмаларды 
орындау  ерекшелiктерi  есепке  алынады.  Ал  қатесі  бар  тапсырмалар,  мысалы,  полиграфиялық  немесе 
аудармасында қателескен тапсырмалар талдаудан шығарылып тасталады. 
6  деңгей  669  ұпайдан  жоғары  тест  сұрақтарын  табысты  орындаудың  көрсеткіштеріне  сәйкес  келеді. 
Халықаралық  емтиханның  осы  деңгейдегі  қатысушылары  PISA  тестінің  математикалық  сауаттылығының 
ең  күрделі  элементтерін  табысты  орындауы  тиіс.  Осы  жоғары  көрсеткіш  білімгерлерден  математикалық 
тұжырымдар жасау, өз зерттеуінің негізінде ақпаратты қорытындылап, қолдану, біршама стандартты емес 
мәселе тудыратын мәнмәтіндегі жағдайларды модельдеу дағдыларын талап етеді.  
Білімгерлер  осы  деңгейде  математикалық  ойлау  және  түрлі  ақпарат  көздерін  пайымдау  қабілетіне  ие. 
Зерттеудің  15-жастағы  қатысушылары  ситуацияны  шешу  үшін  математикалық  операцияларды  қолданып, 
жаңа  тәсілдер  мен  стратегиялар  құрастыра  алады.  Сонымен  қатар,  білімгерлер  өз  алдына  ойлай  алады, 
сондай  ақ  өз  қорытындысына,  түсіндіруіне  және  дәйектеріне  қатысты  нақты  түсініктеме  тұжырымдап, 
дұрыс жауап таңдау себебін түсіндіріп бере алады.  
5 деңгей 607 ұпайдан 669 ұпайға дейінгі тест сұрақтарын табысты орындау көрсеткіштеріне сәйкес келеді. 
Осы  деңгейде  білімгерлер  күрделі  ситуациялар  үшін  модельдер  құрып,  онымен  жұмыс  жасай  алады, 
шешудің  тиісті  стратегияларын  таңдап,  салыстырып  және  бағалай  алады,  жақсы  дамыған  ойлауды 
қолданып, өз ойын дәйектей алады.  
Математикалық  тапсырмалардың  күрделілігінің  төртінші  деңгейіндегі  білімгерлер  545  ұпайдан  кем 
жинамауы  тиіс.  Осы  деңгейдің  тапсырмалары  тестке  қатысушылардың  берілген  математикалық 

325 
 
ситуациялардағы түсіндіру мен пайымдауға негізделген түсініктеме мен дәйектерді қорытындылауын талап 
етеді.  
3  деңгей 482 ұпайдан  545  ұпайға  дейінгі  тест  сұрақтарын  табысты  орындау көрсеткіштеріне сәйкес 
келеді.  
3 деңгейде білімгерлер сипатталған рәсімдерді нақты орындай алады, соның ішінде бірізді шешімді қажет 
ететіндері де бар. Осы деңгейдің математикалық тапсырмалары есептерді шешудің қарапайым модельдері 
мен стратегияларын қамтиды. Олар пайызбен, бөлшекпен, ондық сандармен және үйлесімді қатынастармен 
жұмыс жасай алады. Олардың шешімдері негізінен олардың түсіндіруі мен пайымдауында көрінеді.  
Базалық  математикалық  білімнің  2  деңгейі  -  420-482  ұпай.  Осы  деңгейдегі  тапсырмалар  бір  дереккөзден 
қажетті  ақпарат  алу  арқылы  ситуацияны  түсіндіру  мен  тануды  талап  етеді.  Осы  деңгейдегі  білімгерлер 
мәселені  шешуді  толық  сандармен  байланыстыру  үшін  негізгі  алгоритмдерді,  формулаларды,  рәсімдерді 
қолдана алады. Олар нәтиженің дәлме-дәл ұғымын жасай алады.  
1  деңгейде  -  358  -  420  ұпай  білімгерлер  белгілі  деректерді  қолданып,  сұрақтарға  жауап  бере  алады.  Олар 
ақпаратты анықтап, тапсырмадағы тікелей нұсқауларға сәйкес бірізді рәсімдерді орындай алады.  
TIMSS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУІ 
математикалық  және  жаратылыстану-ғылыми  білім  беру  сапасы  бойынша  халықаралық  зерттеу.  Осы 
зерттеу  шеңберінде  4  және  8  сынып  оқушыларының  математикалық  және  жаратылыстану-ғылыми 
дайындығының сапасы бағаланады. 
TIMSS ҮШ ДЕҢГЕЙЛІК ТҰРҒЫДАН ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ 
1
 
- жоспарланған (мемлекет тарапынан әлеуметтік тапсырыс ретінде анықталады); 
2
 
- жүзеге асырылған (мектептердегі нақты оқу процестерімен анықталады); 
3
 
- қол жеткізілген (мектептердегі оқытудың нәтижелерімен анықталады). 
TIMSS ЗЕРТТЕУІНІҢ НЕГІЗГІ КОМПОНЕНТІ РЕТІНДЕ 

 
4 және 8 сыныптар оқушыларының оқу жетістіктері қаралады.  

 
4-ші сынып оқушыларының тестік тапсырмаларының әр варианты 44-50 тапсырмадан тұрады,  

 
8 сынып оқушылары үшін – 55-60 тапсырма қарастырылған.  

 
Онда  жауаптар  әртүрлі  болуы  мүмкін.  Тапсырманы  орындау  үшін  4-ші  сынып  оқушыларына  72 
минут, 

 
 8 сынып оқушыларына 90 минут уақыт бөлінеді. 
Бағалау: 

 
Бағалау  диапазоны  0-ден  1000  балл  аралығында  болады,  орташа  статистикалық  балл  500  баллды 
құрайды. 

 
Тестілеу тапсырмаларын бағалау төрт деңгейде жүзеге асырылады: 

 
- ілгері (625 – 1000 балл); 

 
- жоғары (550 – 624 балл); 

 
- орта (475 – 549 балл); 

 
- төмен (400 – 474 балл). 
ТАПСЫРМАЛАР 
1.
 
Дамир,  Рустам  және  Ләззат  мектептен  үйге  бірге  қайтады.  Оларға  Ләзаттың  үйіне  жету  үшін  25 
минут    керек.  Содан  кейін  Рустамның  үйіне  жету  үшін  Дамир  мен  Рустамға  10  минут  қажет.  Ал 
Дамирдің  өз  үйіне  жету  үшін  5  минут  керек.  Дамир  үйіне  15  сағат  50  минутта  келуі  үшін,  олар 
мектептен қай уақытта шығуы керек? 
          Жауабы:              сағ                мин 
2.
 
Болаттың 10 зеды бар. Таңертеңгі асқа ол 2,50 зедқа бір шөлмек шырын және 3,85 зедқа бутерброд 
сатып алды. Болаттың таңертеңгі асқа төлегеннен кейін қанша ақшасы қалды?  
   
A 3,65 зед  
   
B 4,75 зед  
   
C 6,35 зед  
   
D 16,35 зед  
 
 
3.
 
 

326 
 
 
 4.
 
5.  4-сынып    оқушылары  мектепке  балабақшадан  кітаптар  алып  келді.    Диаграммада  олардың 
әкелген кітаптарының  саны көрсетілген.  
 
Қайсы сынып 45 кітап әкелді? 
А)   4 “А”                       С)   4 “В” 
В)   4 “Б”                       Д)   4 “Д”  
6.  ЕСТЕ САҚТАУ КАРТАСЫ 
Өткен апталарда Болат кейбір фотолар мен музыканы өшірген, бірақ жаңа фотолар мен музыка файлдарын 
қосқан. Төмендегі кестеде дискінің жаңа жағдайы көрсетілген: 
Музыка 
550 МВ 
 
Суреттер 
338 МВ 
Бос орыи 
112 МВ 
Оның ағасы оған толығымен бос 20В (2000 МВ) келемдегі жаңа есте сақтау картасын берді. Болат ескі есте 
сақтау картасының ішіндегісін жаңасына көшірді. 
Келесілердің қайсысы жаңа есте сақтау картасы дискінің жағдайын керсетеді? А, В, С немесе Д қоршаңыз. 
0
20
40
60
80
100
4 "А"
4 "Б"
4 "В"
4 "Г"
4 "Д"
Кітап  саны

327 
 
 
Оқушылардың функционалдық сауаттылығының түрлері анықталып,  
оларға талдау жасалуда, оларды дамытудың негізгі бағыттары 
 (жобалау, зерттеу іс-әрекеттері) қарастырылуда.Білім алушылардың зерттеу мәдениетін қалыптастырудағы 
оқу  бағдарламаларының  мазмұнын  тиімді  анықтаудың,  оның  ішінде  интернет-технологиялардың  маңызы 
көрсетілді. 
Оқушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалаудың  халықаралық  (PISA,  TIMSS  және  т.б.)  және  отандық 
тәжірибелеріне  талдау  жасалып,  оқушыларды  оқытуда  функционалдық  графикалық  сауаттылығын 
қалыптастыру,  өмірмен  байланыстыра  отырып  оқыту  және  ситуациядан  шыға  білуге  тәрбилеу 
маңыздылығы айқындалды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
                                                                                                
 
 
Ақтөбе қаласы 
№ 26 орта мектебінің  
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
Кожабергенова Гульмира Абдигалиевна 
 
Сабақтың тақырыбы: Л.т: Жануарлар әлеміне саяхат 
Г.т: Септік жалғау 
 
Сабақтың мақсаты: 1. «Жануарлар әлемі» модулі бойынша өткен сабақтарды қайталау. Тақырып бойынша 
түсініктерін, оларды осы тақырыпқа қатысты сөздік қорларын молайту. Сөздерді дұрыс септей білу.  
2.  Оқушылардың  ауызекі  сөйлеу  дағдысы  мен  қисынды  ойлау,  ойға  сақтау,  сауатты  сөйлеу,  жазу 
қабілеттерін дамыту, білімге құштарлығын арттыру.  
3. Оқушыларға аңдарды қорғау, табиғатты аялауға тәрбиелеу. 
Сабақтың типі: интерактивті тақтаны пайдалана отырып өткізілетін саяхат сабағы 
Сабақтың түрі: аралас сабақ 
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, ойын, көрнекілікпен деңгейлік тапсырмалармен жұмыс. 
Көрнекілігі: суреттер, қоржын 
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі 
-
 
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу 
-
 
Кезекшімен сұхбаттасу. 
-
 
Сыныпта кім кезекші? 
-
 
Сабақта кім жоқ? 
-
 
Қазір қай жыл мезгілі? 
-
 
Қыстың нешінші айы? 
-
 
Ақпанның нешесі? 
-
 
Аптаның қай күні? 

328 
 
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 
Сурет бойынша жануарлар туралы әңгімелеу. 
ІІІ.  Балалар,  бүгінгі  сабағымызда  жануарлар  әлеміне  саяхатқа  шығамыз.  Жануарлармен  достасу  үшін 
олардың  тапсырмаларын  орындауымыз  керек.  Сабақтың  мақсаты  -  .  Тақырып  бойынша  түсініктерін, 
оларды осы тақырыпқа қатысты сөздік қорларын молайту. Сөздерді дұрыс септей білу. 
Аңдарды қорғау, табиғатты аялауымыз керек.  
Дәптерлерін ашып, бүгінгі күнді жазып, сөздік жұмысты жазады. 
ІҮ. Сөздік жұмысын орындау 

 
Түйе –                      
         
             
 

 
Піл -  

 
Түлкі – 

 
Аю –  

 
Керік –  

 
Маймыл  – 

 
Қоян – 

 
Жолбарыс –  

 
Арыстан -  
Сөздердің қастарына оқушылар аңдарын суреттерін тауып іледі.  
Сөздікті пайдаланып қандай? деген сұрақтарға жауап беру арқылы сөз тіркестерін құрастырып айтады.  
Мысалы: қорқақ қоян, күшті арыстан, айлакер түлкі. 
Ү. Сөздерді сәйкестердір. 

 
Мейірімді –    
 
 
крупный 

 
Қорқақ –  
 
 
 
хитрый 

 
Күшті -  
 
 
 
жираф 

 
Жақсы –  
 
 
 
добрый 

 
Әлем –  
 
 
            трусливый 

 
Айлакер –  
 
 
 
мир 

 
Ірі –    
 
 
 
сильный 

 
Керік -  
 
 
 
хороший 
 
ҮІ. Оқулықпен жұмыс. 

 
221 бет 2-тапсырма. Сөйлемдерді аударып, септік жалғауларын анықта. 
 

 
Вчера видел. В прошлом году закончил. Летом видел. Зимой играл. Вчера читал. Весной написал. 
 
ҮІІ. Жоба құрастырып, қорғайды. 

 
Суреттер бойынша әңгіме құрастырып жазады. 
Керік                       піл                  түйе 
 
ҮІІІ. «Адасқан төлдер» ойыны 
Қоян                        бота 
Түйе                        көжек 
Аю                          күшік 
Ит                        қонжық 
 
 Сергіту сәті 

 
Қояным, қояным, 

 
Орныңнан тұршы. 

 
Бетіңді жушы, 

 
Айнаға қарашы,  

329 
 

 
Шашыңды тарашы, 

 
Ойнашы, ойнашы. 
 
ІХ. Жануар, піл, аю сөздерін септеу 

 
Атау септік не? жануар 

 
Ілік септік ненің? жануардың 

 
Барыс септік неге? жануарға 

 
Табыс септік нені? жануарды 

 
Жатыс септік неде? жануарда 

 
Шығыс септік неден? жануардан 

 
Көмектес септік немен? жануармен 
 
Х. «Сандарды сөйлет» ойыны 
       

 
150 тонна                     9-10 метр 

 
                    1,5 тонна 

 
9 тонна 

 
                   200 литр 

 
1 тонна                           25 жыл 
 
ХІ. Венн” диаграммасы арқылы салыстыру 
 
Үй жануарлары                 Ұқсастығы                          Жабайы жануарлар 
 
   ХІІ. “Менің сүйікті жануарым” тақырыбына әңгіме құрастыру.                             
           Суретін салу 
          Бағалау 
 
 
 
 
 
 
 
 
Г.Кызылорда сш№171 им.Г.Муратбаева, 
учительница русского языка и литературы  
Досанова Алма Бахытовна 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет