Сара саңлақ/ Құраст. Ш. Бейсенова-Әшімбаева



Pdf көрінісі
бет21/23
Дата15.03.2017
өлшемі1,06 Mb.
#9982
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

395

келеміз.  Ондай  белгілі  адамдар  тіпті  көп  те  емес  қой. 

Сондықтан  да  ауылдан  аттанып  жатқанымызда  Абай 

ақсақал:  «Шырақтарым,  найман  қаптағай  еліндегі  ақын 

Сара ұзын жолда жақын тұрады деп естігемін, сол баланың 

жүзін  көріп,  Әбішімді  сонда  бір  қондырыңыздар,  мына 

сəлемдемемді  тапсырыңдар,  менің  қолымды  қайтара 

қоймас  деп  ойлаймын»,  деген  еді.  Сол  бойынша,  міне, 

ауылдарыңызды  əдейілеп  іздеп  келіп  қонып  отырмыз. 

Абай  ағамыз  дұрыс  болжаған  екен,  тіріміз  де,  өліміз  де 

риза болыстық. Бірақ, байлық көрсетті демеңіздер, мына 

о  дүниеге  кеткен  Әбіш  халқына  істейтін  қызметін  өтей 

алмай  арманда  кеткен  азамат  еді.  Түрін  көрмесеңдер 

де  ізін  көрдіңдер  ғой,  аруақты  ұялтпаңыздар.  Мына 

сыйлығымызды қабыл алуларыңызды өтінеміз.

Осы кезде түрегеп тұрған Сара «апа, тұра тұрыңызшы» 

деді  де  қауырсынның  қаламындай  əдемі  ақ  саусағын 

аузына апарады. Оның оймақтай аузы ашылғанда əппақ 

тістері  маржандай  тізіліп  тұрды.  Оның  көзіне,  қимас 

баласынан шарасыз айырылған, күндіз-түні кірпік қақпай, 

баласының өлі денесі болса да қашан көрер екем деп зар 

күйін  тартып  отырған  қажыған  шал,  қартайған  Абай 

елестей  берді.  Әңгіме  арасында  Шəкəрім  айтып  берген 

Абайдың зар-тілегі тағы да ойға орала кетті.

Я Құдай, бере көр,

Тілеген тілекті.

Қорқытпай орнықтыр,

Шошыған жүректі.

Шын жүрек елжіреп,


Сара саңлақ

396

Алладан тілеймін.

Шын қалқам осы күн,

Болып тұр керекті.

Жүрегім суылдап,

Сүйегім шымырлап.

Алладан тілеймін,

Құпия сыбырлап.

Зар етсе пендесі,

Бермей ме Алласы.

Тəн саулық қалқама,

Қабыл боп көз жасы.

Не жазам, япырмау,

Қол шорқақ, тіл мақау.

Сəлəмат өзіңді

Кешікпей көрсем-ау.

Сарғайды жүзіміз,

Сарылды көзіміз,

Қатайып сауықсаң

Сағынған өзіңіз.

Туа өскен жеріңіз

Туысқан еліңіз,

Зар болып тұр көруге

Ұнатса көңіліңіз.

Уайым жеуліміз,

«А, Құдай» деуліміз.

Жазылып келсеңіз

Гүлденер өміріміз».



Сара саңлақ

397

Осындай  зармен  баласының  өмірін  адамның,  енді 

оның  өлігін  тосып  отырғанына  ой  жіберген  адам  қалай 

қа йыспасын.

– Апа, – деді Сара селк етіп ұйқыдан оянған адамдай, – 

бізге  бəрі  де  сауап,  Абай  ағамыздың  сəлемдемесін 

қайтарып  бере  алмаймыз,  асса  тіпті  Әбіштің  «қайыр 

садағасы»  шығар,  «Өзекті  жанған  өлім  бар»  деген,  оны 

да құрметтеп алуымыз керек. Әбішпен бірге келе жатқан 

мына аға, інілерінің аттарын күтіп, қызмет істеген мына 

ауыл  адамдарына  Абай  ағамыздың  сəлемдемесін  бөліп 

беремін…


Сара  дастарқандағы  ақшадан  бір-бір  уыс  алып  есік 

жақта  отырғандарға  үлестірді.  Одан  менің  ағам  Құ дай-

берген де алды. Сол жылдың жазында бір жақсы ат сатып 

алып Құдайберген Сараның алып бергені деп, көп жылға 

дейін оны мініп жүрді. 

Ертеңіне қонақтар жайырақ аттанды.

Пар-парлап  жеккен  жеңіл  кашевкалар  жолға  қарай 

тізіле бастады. Енді солардың алдына, түнде төбе басына 

бөлек  түнеген  үлкен  ирбит  шанасын  əкеліп  қойды. 

Шананың  іші  толы  көрінеді,  əбден  жұмсақталған  болу 

керек. Сара Қамқа енесімен бірге келіп шананың сыртқы 

жабысын  аштырды.  Ақ  қозының  жүнінен  əдемілеп 

бастырған ақ киіз екен, сымбалдап тігіп тастағандай боп 

көрінеді.

– Әбіш аға, аруағың риза болсын, мынау менің бетіңе 

жапқан  орамалым,  –  деп,  Сара  ақ  киіздің  үстіне  алтын 

зермен əшекейленген жайнамаз тəріздес бір судырлаған 

жұқа кілем əкеліп жапты.



Сара саңлақ

398

– Қарақтарым, Әбіштің сарқыты болсын, еліне жеткен– 

де  қонақасына  сойыңдар,  –  деп  Қамқа  бəйбіше  Әбіш 

жатқан  шананың  артынан  тусырап  кеткен  бір  боз  биені 

байлады да, оның үстіне қара бұлдан кежім жапты.

Разы  болған  «қош-қош»  айтысып,  бекет  жолына 

қарай  кетіп  бара  жатты.  Біз  Сараның  қасында,  түнде 

Әбіштің сүйегі түнеген төбешіктің басында ұзақ қалдық. 

Шаналар  көз  ұшынан  əбден  үзілген  кезде  Сараның  үй-

ішімен  ұйықтамай  əлгі  төбеде  Әбіштің  қасына  келіп 

шырақ  жағып  күзеткенін  есіттім.  Солардың  айтуларына 

қарағанда,  Әбіш  Алматыда  бұрынырақ  өліп,  уақытша 

аманат  қойылғанға  ұқсайды.  Осы  жолы  оның  сүйегін 

былғарыға тігіп əкеледі екен дегенді есіттім.

Ұмытпасам,  осы  оқиға  ХІХ  ғасырдың  соңғы  жыл-

дарының бірінде болды. (Осы əңгімені айтушы, Әбіштің 

сүйегі  Сараның  үйінде  болғанда  басы-қасында  болған 

манағы  12-13  жасар  Құдайбергенге  мінгесіп  келген 

Мəкей Еркінбеков дейтін адам. Ол матай елінің ішіндегі 

төрелерге жатады. Жас кезінде Сарамен ауылдас болған. 

Бұл секілді көрген-білгендерін жұрттың бəріне айтқан. Ол 

өзі Жетісудағы бұрынғы сауатты адамдардың бірі болған. 

Көп жыл бойына Талдықорған облысы, Ақсу ауданының 

Қарасу  балалар  үйінің  директоры  болып  тұрып,  1952 

жылы қайтыс болған).


Сара саңлақ

399

СЕрікзаТ  дүйСЕНҒазиН

«Біржан Мен Сара аЙТыСында»

аТалаТын ақындар ТУралы

Қажының əлгі сөзі болды себеп,

Қолтықтан көтере көр бəрің демеп.

Дулат, Сабыр, Кеншімбай, Сұртай, Жылтыр,

Жанұзақ, қолда! – дедім, – бəрің жебеп!

«Біржан – Сара айтысында» Жетісудың бұлбұлы атан-

ған  ақын  Сара  Тастанбекқызының  аузымен  айтылатын 

осы  ақындардың  біразы  көпшілікке  белгісіз  екені  анық. 

Аталған ақындардың бір атадан тараған феномен аталып 

жүрген Сыбанның он жеті ақынына қатысы бар ма, жоқ 

па, біз соған жауап іздеп көрмекпіз.

Алдымен ХІХ ғасырдың басындағы қазақ поэзиясының 

тұлғасы болып танылған Дулат Бабатайұлына тоқталайық. 

Дулаттың  өскен  ортасы  Аягөз  өңіріндегі  тамырынан 

ақындық  қасиет  үзілмеген,  Найман  елінің  ішіндегі 

Қаракерей руының Сыбан деген атадан тараған ақындар 

мен  билер  əулеті.  Көрнекті  қаламгер  Қ.Жұмаділов: 

«Аягөзде бір тамырдан тараған екі үлкен мектеп бар. Билер 

мектебі жəне ақындар мектебі. Жеті атаға созылған билер 

мектебі: Нар дауысты Нарынбай – Қу дауысты Құттыбай – 

Байғара – Ақтайлақ – Кеңесбай – Жарқынбай – Жұмахан 


Сара саңлақ

400

болып жалғасса, ақындар мектебі: Ақтамберді, Ақтайлақ, 

Сабырбай,  Кеншімбай,  Әріп  болып  кете  береді»,  –  дей 

келіп: «Жеті атаға созылған жаңағы билер мен Ақтамберді, 

Ақтайлақ,  Дулат  бастаған  Сыбанның  он  жеті  ақыны  – 

Жанкөбек, Бикөбек, Бөрікбек деген ағайынды кісілерден 

тараған немере-шөберелері»[1], – деп жазады. Бұл пікірде 

де біраз қайшылықтар кездеседі. Оны нақты мəліметтерге 

сүйене  отырып,  зерттеу  барысында  он  жеті  ақынның 

тарихын екшеп таразылау үстінде таратып айтамыз. Осы 

ретте,  «Сыбанның  он  жеті  ақындары  кімдер,  оған  «Зар 

заман»  əдебиетінің  өкілі  Дулат  Бабатайұлы  кіре  ме?», – 

деген  сұрақ  туындауы  заңды.  Атақты  «Біржан  –  Сара 

айтысында»  Найман  елінің  намысын  қорғаған  Сараның 

аузымен  Ақтамберді,  Ақтайлақ,  Кеншімбай,  Дулат, 

Сабырбай, Сұртай, Жылтыр, Жанұзақ, Түбек ақындардың 

аты  аталады  дедік.  Бұл  ақындарды  əдебиет  зерттеушісі 

Қ.Мұхамедханұлы  Қаракерей  руының  атақты  ақындары 

дегенмен  [2,55],  халық  ақыны  Қ.Алтынбаев:  «Олардың 

ішіндегі Кеншімбай, Сұртай, Жылтыр, Жанұзақ дегендер 

Байғараны  былай  қойғанда,  тіпті  Сыбанға  үш  қайнаса 

сорпасы  қосылмайтындар»[3],  –  деген  ойын  ақтарады. 

«Бі діхан,  Айсары,  Көкенбала  айтысында»  Айсары, 

Көкенбаланың:

Еліңде жүйрік те бар, жел тоқым бар,

Тобыңда сонау тұрған кім мақұлдар.

Көсілген көмекейің ақын болсаң,

Еліңде Байғарадай неше ақын бар, –

деген сауалына Бідіхан:


Сара саңлақ

401

Құдай-ау, айналайын құдіретіңнен,

Берейін барын тауып өз шетімнен.

Елімде Ақтайлақ пен он жеті ақын,

Көтерген көңілдерін құрметпен ел, –

дей отырып, қыздардың: «Түгендеп он жетінің атын ата», – 

деген сауалына уəж ретінде Түбек, Сабырбай, Көшкінбай 

(Кеншімбай  болуы  керек.  –  С.Д.),  Сұртай,  Жылтыр, 

Жанұзақ, Өзбек, Өмірбек, Шəріп, Жандос, Кəдір, Тұғыл, 

Әжібек,  Дəрібек,  Бідіхан,  Шəке,  Сəми  жəне  оның  төрт 

баласы  бəрі  де  ақын  деп  жауап  береді[4,61].  Бұл  жерде 

Ақтайлақ  он  жетіден  жеке  айтылып  тұр.  Осы  тақырып 

төңірегінде  біраз  ізденістер  жасаған  Қ.Алтынбаев 

Семейден  шығатын  «Үш  анық»  газетінің  1992  жылғы 

№6  санында  жарияланған  «Қара  ормандай  Қаракерей» 

мақаласында  жəне  «Абай»  журналының  1998  жылы 

шыққан №4 санында жарияланған «Аңызға айналған он 

жеті»  мақаласында  да  толымды  мағлұматтар  береді.  Ал 

«Біржан  –  Сара  айтысында»  Сара  тарапынан  аталған 

барлық ақындар туралы кеңірек мəліметті Қ.Алтынбаев, 

Е.Жұмахан  деген  қосалқы  автормен  бірлесіп  жазған 

«Ақсуат»  атты  тарихи-деректі  туындысында  жазады. 

Мəселен, Кеншімбай ақын туралы: «Кеншімбай Күшікұлы 

1846  жылы  Тана  мырзаға  үзеңгілес  серік  ретінде 

қосылып, Жетісуға дейін бірге барған. «Шұбар ағаш ой 

жайлау» деген жерде (қазіргі Лепсі стансасы) Арғынның 

атақты  ақыны  Орынбай  Кертағыұлымен  айтысып, 

бүкіл Найманның аруағын үстем еткен. Он тоғыз жасар 

Кеншімбай  сол  сапардан  көз  тиіп,  ауырып  қайтады  да, 


Сара саңлақ

402

ауылына  келген  соң  жанарынан  айырылады.  Содан  үш 

жылдан  соң  дүние  салған.  Оның  туған,  өлген  уақытын 

1827–1849  жылдар  деп  есептейміз.  Кеншімбай  мен 

Орынбай айтысының кей үзінділерін қарттардың аузынан 

сирек  те  болса  естіп  қаламыз.  Айтыс  тексі  фольклор 

жинаушы  Асфандияров  арқылы  Ғылым  Академиясына 

тапсырылыпты.  Кеншімбайдың  сүйегі  Матай,  оның 

ішінде Елқонды тармағынан. Жарма ауданының Расцвет 

ұжымшарының  жеріндегі  Аюлы  тауының  етегіне 

жерленген»[5,255], – дейді. Ендеше жазушы Қ.Жұмаділов 

айтқандай,  Кеншімбай  Сыбан  руының  ақындар  мек-

тебіне  кірмейді  екен.  Айтыста  Кеншімбайдан  кейін 

аталатын  Сұртай  ақынды:  «Ақсуат  ауданы  көлемінде 

айтыс  өнерінің  ең  бірінші  ту  ұстаушысы,  таланттар 

шеруінің  бас  сардары  деп  Нұраш  баласы  Сұртайға  ден 

қоямыз», – дей келіп: «Сұртай Нұраш баласының сүйегі 

Қыржы,  одан  бергісі  Қожамқұл,  одан  бергісі  Жолшора, 

оның  ішінде  Бықы-Қанай  аталығынан.  Зираты  Сұлутал 

кеңшарының  Ақши  деген  жерінде»,  –  деп,  ары  қарай 

Сұртай ақынның Мұрын елінің билеушісі Тана мырзамен 

тұстас болғаны жөніндегі мəліметтерге тоқталады [5,254-

256].  Ал  Жылтыр  ақын  жайында:  «Жылтыр  Бақайұлы – 

Найманның  Бура  тармағынан,  оның  ішінде  Қаратаз 

аталығынан.  Ескі  тас  зираты  Шар  қала сының  күнбатыс 

желкесіндегі  «Бас  қарауыл»  деген  төбеде  тұр.  Жылтыр 

тірлігінде  Көкпекті  округінің  аға  сұлтаны  Әлімхан 

Тілеубердиннің сарай ақыны болған. Тобықтының Боран-

бай ақынымен айтысқан. Ол айтысты қарт тарлан Шəкір 

Әбенов жатқа айтатын» [5,255], – деген дерек келтіреді. 



Сара саңлақ

403

Осылардың  арасындағы  өмірбаяны  жазылмаған  ақын – 

Жанұзақ  Шынанұлы.  Аталмыш  кітапта  бұл  ақын 

туралы да: «Жанұзақ Шынан баласы – Байжігіт руының 

Жұмық  тармағынан  шыққан.  Бүгінгі  Шығыс  Қазақстан 

облысының Тарбағатай ауданында туып-өскен. Жасынан 

сөзге  үйір  Жанұзақ  ауылындағы  бір  үйге  қонақ  келіп 

қонса, ескі сөз естімек үшін сол қонақтың қасынан түні 

бойы  кетпейді  екен.  Сол  себепті  «Қонақ  біреу  болса, 

Жанұзақпен  екеу»  деген  мəтел  тарапты.  Ақынның 

өмірбаяны,  шығармашылығы  жайында  дерегіміз  жоқ» 

[5,256],  –  деп  түйіндейді.  Сонымен  Сараның  аузымен 

ай тылған  жеті  ақынның  жəне  Бідіхан  ақын  айтатын  он 

жеті  ақынның  төртеуі  Сыбан  еліне  қатысы  жоқ  екені 

айғақталды.  Бідіхан  ақын  айтатын  ақындардың  жо ға-

рыда аталған төртеуін алып тастағанмен, аттары атал май-

тын  Сəмидің  (Сəметтің  болуы  керек.  –  С.Д.)  төрт  ақын 

баласын  қосқанда  он  жеті  саны  шығады.  Бұл  сəл  қи-

сынға келіңкірейді. Дегенмен он жеті ақын туралы айту-

шылардың көбі осы айтысқа сілтеме жасайды. Бірақ ай-

тыста аталатын Сыбан елінің ақындарынан кімдердің он 

жеті ақынның қатарына кіретіні туралы дəйектер өте аз.

Көптеген  зерттеу  еңбектері  мен  танымдық  əңгіме-

лер ден,  айтыстардан  біз  білетін  нақты  Сыбан  елінің 

ақындары – Ақтайлақ, Дулат, Түбек, Сабырбай ақындар. 

«Біржан – Сараны» абайтанушы Қ.Мұхамедханұлы Сыбан 

руынан шыққан белгілі ақын Әріп Тəңірбергенов жазды 

деген бірнеше дəлелдерін ұсынады [2,24]. Айтыста Сыбан 

елінің ақындарының аты көбірек аталуы сондықтан деген 

пікірлер  туралы  бірнеше  ғылыми  зерттеу  жұмыстары 



Сара саңлақ

404

жүргізілді.  Алайда,  Қ.Мұхамедханұлының  бұл  пікірі 

айтыс  туралы  бірден-бір  ақиқат  пікір  дей  алмаймыз. 

Жалпы Сыбанның он жеті ақынын анықтау төңірегіндегі 

пікірлердің  дені  де  ала-құла.  Осы  мəселенің  анық-

қанығына жетуге талпыныс жасаған Б.Ысқақов: «Қалихан 

Алтынбаев  ақынның  мəліметіне  қарағанда  Аягөзде 

тұратын  Шөкімұлы  Ғаббастың  айтуынша  «Біржан  – 

Сара  айтысында»  мақтанышпен  аталатын  он  жеті  ақын 

түгелімен  Найманның  Жанкөбек  руындағы  Байғара, 

Ақтайлақ  əулетінен  тараған.  Бəрі  де  шетінен  шешен, 

ақпа-төкпе  ақындар  болған.  Олар  мыналар:  Байғараұлы 

Ақтайлақ,  Ақтайлақұлы  Алшынбай,  Өзбек,  Сабырбай, 

Өмірбек,  Түбек  (Ақтайлақтың  бауырына  салған  баласы 

екен),  Сəметұлы  Нұрлыбай,  Орынбай,  Уəйіс,  Бытыхан, 

Артықұлы Кəдірбек, Байсаұлы Көкен, Өтепұлы Дəрібек, 

Түсіпұлы Әйтімбет, Тілеуімбет, Әлсейітұлы Шəке, Райұлы 

Байтұяқ» [6,143], – дейді. Ғ.Шөкімұлының таратуындағы 

тізімде  Дулат  Бабатайұлының  аты  аталмайды.  Семей 

өңірінен  шыққан  елге  белгілі  азаматтардың  тарихын 

таразылаған Ә.Сəдуақасұлының «Тарихыңды танып біл» 

еңбегінде  Дулаттың  аты  он  жеті  ақынның  қатарында 

аталады.  Оның  таратуындағы  :  «Әріп,  Дулат,  Ақтайлақ, 

Сабырбай,  Қуандық,  Түбек,  Омар,  Сəдір,  Байбала, 

Толымхан, Ақылтай, Шалбай, Рухия, Нұрлыбай, Ғаббас, 

Бəдіхан жəне бəрінің атасы Ақтамберді жырау» [7,133], – 

деген тізім жоғарыдағы пікірге қайшылығын көрсетеді. Екі 

шежірешінің  айтуында  тек  Ақтайлақ,  Сабырбай,  Түбек, 

Нұрлыбай,  Бытыхан  (Бəдіхан)  ақындар  ғана  сəйкеседі. 

Ал қалған ақындардың барлығы Сыбанға жатқанымен, он 



Сара саңлақ

405

жеті ақынның қатарына жатқызу үшін сол кезден жеткен 

деректерге  сүйенуге  тура  келеді.  Сыбанның  оқыған 

азаматтарының  бірі,  ақын  Әріп  Тəңірбергенов  атақты 

Әсет Найманбайұлымен айтысында Әсеттің:

Байғара он жеті ақын сенен шықты,

Тау мен тасты мақтауға Әріп мықты [2,126], –

деген  жолдардан  он  жеті  ақынның  Байғарадан  бері  қа-

рай  басталғанын  аңғарамыз.  Жоғарыдағы  тізімде  Әріп 

ақынның  аты  кездеспейді.  Ол  жайында  Әсет  те  қар-

сыласына ештеңе айтпаған. Айтыстың негізіне сүйенсек, 

он  жеті  ақын  Байғараның  ұлы  Ақтайлақтан  басталып 

Әріпке  дейін  өмір  сүрген  ақындар  болып  шығады. 

Сөзімізге тағы бір дəлелді дауға түскен Ақтайлақ бидің 

өз сөзінен де көреміз:

Ел ағадан азады, тон жағадан,

Аңғал бөрі жортады тау сағадан.

Ақтайлақ би бастатқан он жеті ақын

Не деп үміт қыласың, мұндар-ау, Байғарадан [8,133], –

деген уəжі он жеті ақынның Ақтайлақтан басталатынынан 

хабар  береді.  Дəл  осыған  ұқсас  шумақты  «Жанақ  пен 

Сабырбайдың  айтысында»  Сабырбайдың  аузымен  сəл 

өзгертіліп айтылады:

Ел ағадан болғанда, тон жағадан,

Тойған бөрі жортады тау сағадан.


Сара саңлақ

406

Ақсақалы Ақтайлақ он жеті ақын:

Қалайша үміт қыласың Байғарадан? [4,29]

Деректердің  барлығы  ауызша  жеткендіктен  бұл 

шумақты  нақты  қайсысы  айтқандығын  дəл  айту  қиын. 

Айтыс  үстінде  Сабырбай  Ақтайлақұлы  əкесінің  айтқан 

бұрыннан белгілі сөзін жаңғыртып, өз атынан пайдалануы 

мүмкін.  Семей  өңірінде  жастайынан  сөз  сайыстарына 

түсіп,  ХХ  ғасырдың  алғашқы  жартысында  кəрі  құлақ 

ақындардың  біразымен  дəмдес  болған  ақын  Қалихан 

Алтынбаев  он  жеті  ақынды:  «Ақтайлақ  Байғараұлы, 

Сабырбай Ақтайлақұлы, Түбек Байқошқарұлы, Нұрлыбай 

Сəметұлы, Орынбай Сəметұлы, Ташқан Сəметұлы, Уəйіс 

Сəметұлы,  Әділбай  Сəметұлы,  Тілеуімбет  Түсіпұлы, 

Әйтімбет  Түсіпұлы,  Шəке  Әлсейітұлы,  Рай  Байсалұлы, 

Кəдірбек  Артықұлы,  Өмірбек  Өтепұлы,  Дайырбек  Бай-

салұлы, Байтұяқ Өтепұлы, Көкен Байсалұлы», – деп, Түбек 

ақын мен Әлсейітұлы Шəкенің Байғараға жатпайтынын, 

оның арғы атасы нар дауысты Нарынбайдан тарайтынын, 

ел  аузында  он  жеті  ақынның  құрамында  аталатынын 

ескертіп  өтеді  [9].  Түбектің  Ақтайлақтың  өкіл  баласы 

екені туралы мəліметті жоғарыда келтірген болатынбыз. 

Бұлардың ішіндегі мұрасы бізге етене танысы Ақтайлақ, 

Сабырбай,  Түбек  ақындар  ғана.  Бұл  тізімде  Байғарадан 

тарайтын  біз  білетін  Сабырбайдың  қызы  Қуандық  пен 

Әріп  ақындар  жоқ.  Әріп  Тəңірбергеновтің  мұрасын 

зерттеуші  ғалым  Б.Ердембеков  он  жеті  ақынның  дұрыс 

топтамасы осы Қ.Алтынбаевтың түзген тізімі екенін атап 

көрсетеді [10,53].


Сара саңлақ

407

Қ.Мұхамедханұлы Әріптің «Тəуке мен Ұрқия айтысы» 

шығармасындағы Ұрқия ақын айтатын:

Мінеки, батыр Тəуке келдім жақын,

Ешкімге кеткен емес сөзден ақым.

Сабырбай, Түбек пенен Әріп, Саржан,

Шығыпты Жанкөбектен он жеті ақын, –

деген жолдарына түсінік беру кезінде: «Байғарадан (Жан-

көбек) шыққан он жеті ақынның ішінен: Сабырбай, Түбек, 

Әріп, Саржанды атайды. Сабырбай ақын – Ақтайлақтың 

кенже баласы. Түбек Байғарадан шыққан атақты ақынның 

бірі.  Байғараның  бір  баласы  Байсал.  Байсалдан  –  Әлі – 

Тəңірберген  –  Әріп»[2,161],  –  деп  Әріпті  жəне  бізге 

белгісіз Саржан деген ақынды он жеті ақынның тізіміне 

кіргізіп қояды.

«Қазақ  əдебиеті»  энциклопедиясында:  «Өзі  шыққан 

Найман ішіндегі Сыбан руының Түбек бастаған 16 ақыны 

атақты Жанақ ақынмен айтысып, жеңілгенде он жетінші 

бала ақын Сабырбай ғана белгілі жыр дүлдүлін ұрымтал 

жерден  тапқырлық  танытып  жеңеді.  Бұл  айтыс  белгілі 

шығыс  зерттеушісі,  түркітанушы  В.В.Радлов  жинап 

құрастырған  «Образцы  народной  литературы  тюркских 

племен» атты кітаптың (1870) қазақ əдебиетіне арналған 

3 томына енгізілді, одан Ы.Алтынсариннің «Қырғыз хрес-

томатиясында»  (1906)  жəне  С.Сейфуллин  дайындаған 

«Қазақтың  ескі  əдебиет  нұсқалары»  жинағында  (1931) 

жарияланды»[11,447],  –  деген  дерек  бар.  Бұл  дерекке 

сүйенетін  болсақ,  Сыбанның  он  жеті  ақыны  деген  атау 



Сара саңлақ

408

осы  Жанақпен  айтысқаннан  кейін  пайда  болуы  мүмкін 

деген ой ұшқыны қылаң береді. Тұқымына ақындық пен 

шешендік  дарыған  Сыбан  елінің  он  жеті  ақынын  бөліп 

алып атауының ұстанымы да осы айтыстан кейін шығуы 

əбден  мүмкін.  Олай  болса  би  ретінде  дау-шарларға 

түскен  Ақтайлақ  шешен  де  он  жеті  ақынның  тізімінен 

шығып  қалады.  Себебі  тарихта  Түбекпен  болмаса, 

Ақтайлақ  пен  Жанақ  айтысты  деген  дерек  жоқ.  Оның 

үстіне Жанақпен айтысқан он жеті ақын туралы деректің 

барлығы  Түбек  бастатқан  ақындар  деп  беріледі.  Егер 

айтысқа  Ақтайлақтың  қатысы  болса  Түбектің  əкесінің 

орнында  болған,  күллі  Алашқа  атағы  белгілі  беделді 

адамның  есімі  бірінші  аталмас  па  еді  деген  күмəнді 

сұрақ туады. Академик-жазушы М.Әуезов «Абай жолы» 

роман-эпопеясында Сабырбайдың прототипін Қадырбай, 

Жанақтың прототипін Садақ, Түбектің прототипін Шүмек 

ақындар  деп  алып,  Абай  үлгі  алған  ақындар  ретінде 

суреттейді. Романда «Садақ пен баланың айтысы» деген 

Арқаға белгілі айтыс жөнінде сұраған Абайға Қадырбай 

ақын:  «Біздің  Садекеңмен  айтысар  шамамыз  кəне? 

Ән шейін  бір  жалғыз  ауыз  сөздің  тұсында  болымсыз 

тосқауыл  айтқаным  ғой.  «Айтысты,  жеңді»  дейтін  сөз 

емес.  Тек  қана  Сыбанның  Шүмек  бастатқан  он  алты 

ақынын  жеңіп  отырған  соң,  мұндағы  елдің  намыс  етіп, 

көтеріп əпкеткені...» [12,265], – деп жауап береді. Көркем 

шығарма  дегенмен  М.Әуезов  өзі  жазғандай,  оқиғасы 

тарихи  шындыққа  негізделіп  жазылған  роман-эпопеяда 

да  Сыбанның  Түбек  бастатқан  он  алты  ақыны  екені 

жазылады.  Он  жетіншісі  –  Сабырбай.  Тағы  бір  мысал, 



Сара саңлақ

409

М.Көпеевтің  жазбасындағы  «Түбек  пен  Жамшыбайдың 

айтысында» Түбек ақын:

Өлеңнің текшелеулі қаласымын,

Ақынның өзім теңді данасымын.

Байғарадан он алты ақын шыққан,

Ақтайлақ: Қарабайдың баласымын [13,282], –

дейді. Бұл жерде Түбек Байғарадан менен басқа он алты 

ақын шыққан дегенді мегзеп тұр. Бұл жерде де Ақтайлақ он 

алтыдан оқшау тұрғаны байқалады. Ақынның тұспалына 

қарағанда,  Ақтайлақ  он  алты  ақынның  əкесі  немесе  сол 

əулеттің бас ақсақалы сияқты. Егер солай болған жағдайда 

Ақтайлақ биді он жетінің құрамына кіргізіп қойғанымыз 

шындыққа  жанаса  ма?  Бұл  сұрақтың  жауабын  іздеуде 

шежіре  жинаушылардың  айтқанымен  емес,  тарихи 

мəліметтердегі нақты деректерге сүйенгеніміз абзал. Енді 

осы деректерді негізге алатын болсақ Абайдай ғұламаның 

сүйікті  шəкірті  болған  атақты  Әріп  Тəңірбергенов  те 

он  жеті  ақынның  тізіміне  ілікпейді.  Өйткені,  поляк 

саяхатшысы А.Янушкеевичтің 1846 жылы қазақ даласына 

жасаған сапары жайлы күнделігінде: «Жол бойы тілмаш 

маған  жақын  арада  қайтыс  болған,  бұл  өлкедегі  атақты 

жыршы  əрі  ақын  Жанақ  туралы  айтты»  [14,198],  –  деп 

жазады. Ал нақты деректерде 1856 жылы туды делінген 

Әріп ақын Жанақ қайтыс болғанда əлі дүниеге келмеген 

болып  шығады.  1843  жылы  дүниеге  келді  делінетін 

Сабырбайдың  атақты  ақын  қызы  Қуандық  та  бұл  топқа 

кірмейді.  Ендеше  қайшылыққа  толы  он  жеті  ақын 



Сара саңлақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет