Сара саңлақ/ Құраст. Ш. Бейсенова-Әшімбаева



Pdf көрінісі
бет22/23
Дата15.03.2017
өлшемі1,06 Mb.
#9982
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

410

мəселесі күрмеуі оңай шешіле қоймайтын күрделі зерттеу 

жүргізуді  талап  етеді.  Біздің  алдымызға  қойып  отырған 

мақсатымыз  –  Дулат  Бабатайұлының  он  жеті  ақынға 

қатысы болғандықтан енді сол мəселені таратып айтуды 

жөн  көріп  отырмыз.  Жазушы  Қ.Жұмаділов,  шежіре  жи-

наушы Ә.Сəдуақасұлы Дулатты он жеті ақынның тізіміне 

кіргізгенімен,  Қ.Алтынбаевтың  топтауында  атақты 

ақынның  аты  аталмайды.  Аталған  деректердің  ішіндегі 

Ақтайлақ  Байғараұлынан  басқасы  сəл  қисынға  келетіні 

Қ.Алтынбаевтікі десек, Дулат Бабатайұлы аталған он жеті 

ақынның құрамына кірмейді. Бұлай кесіп айтуымыздың 

бірнеше дəлелді себебі бар.

Біріншіден, Дулат Бабатайұлының шығармашылығын 

зерттеген  Қ.Өмірəлиев  ХІХ  ғасырға  тəн  поэзияны  екі 

топқа  бөлді  [15,71].  Оның  біріншісі,  Дулат,  Махамбет

Әбубəкір Кердері сияқты заман күйін толғаған əлеуметтік 

маңызы зор толғаулар тудырған ақындар болса, екіншісі, 

Жанақ, Түбек, Сабырбай, Шөже, Балта, Орынбай, Майкөт 

т.б.  сияқты  суырыпсалма  айтыс  ақындары  болды.  Екі 

жаққа да қатысы бар аралық топта Шортанбай Қанайұлы, 

Мұрат Мөңкеұлы секілді үшінші топты құраған ақындар 

да  болды.  Егер  он  жеті  ақын  Жанақпен  айтысқан 

айтыс  ақындары  десек,  суырыпсалма  айтыс  өнеріне 

қатысқандығы  жөнінде  ешбір  дерегі  жоқ  Дулатты  бұл 

топқа жатқыза алмасымыз анық.

Екіншіден,  он  жеті  ақынның  Сыбан  –  Жанкөбектің 

Байғара атасынан тарайтыны туралы мəліметтерді жоға-

рыда  келтірдік.  Барлық  деректерде  Дулат  Сыбанның 

Жарасқұл  деген  атасынан  тарайды  деп  жазылған.  Ше-



Сара саңлақ

411

жіреге  сүйенер  болсақ,  Жарасқұл  Сыбаннан  тарайтын 

Жан көбекпен қанаттас өзінше бір ата. Ақынның «Бараққа» 

деген  толғауының  кіріспесінде  де  Барақ  төре  Дулатты 

кекетіп «Жарасқұлшам, сөйле» дейтіні бар. Мəселен, ел 

аузынан  жеткен  «Ақтайлақ  пен  Дулаттың  қағысуында» 

«Ақтайлақ шешен: 

Мұзға байлаған тоқтыдай,

Саудырлаған Жарасқұл.

Жапырақ жеген ешкідей,

Жаудырлаған Жарасқұл, –

дегенде, Дулат жұлып алғандай:

Аяққа илеген терідей,

Жылбыраңқы Жанкөбек,

Мосыға артқан бақырдай,

Төңкерілмелі Жанкөбек,

Ұстараның жүзіндей,

Аударылмалы Жанкөбек, –

деп Ақтайлақтың адымын аштырмапты» [16,277], – деген 

əңгіменің  ыңғайынан  жалпы  Сыбаннан  тарағанымен 

Дулат  кіші  ата  жағынан  келгенде  Жанкөбек  руының 

ақындарымен өнерде бақталас болғаны аңғарылады. Бұл 

тұрғыдан келгенде Дулат Бабатайұлын он жеті ақынның 

құрамына кіргізуге ешқандай ғылыми негіз жоқ.

Қорыта айтқанда, біздің топшылауымызша Сыбанның 

он  жеті  ақыны  деген  атау  Түбек  бастатқан  ақындардың 

Жанақ  ақынмен  болған  айтысынан  кейін  пайда  болған. 

Бұл айтыс ХІХ ғасырдың 30-40 жылдар арасында өткен. 



Сара саңлақ

412

Олай болатын болса, жоғарыдағы аталған он жеті ақын-

ның құрамы нақты емес дегіміз келеді.

Жетісудың  жүйрігі,  сөз  саңлағы  Сара  Тастан бек қы-

зының  қарсыласына  айбат  қылып,  мақтан  етіп  айта-

тын  ақындарының  барлығын  Сыбанның  он  жеті  ақы-

нының құрамына кіргізу ғылыми тұрғыда негізсіз болып 

табылады.  Сондықтан  бір  атадан  тараған  ғажайып 

генофонд  он  жеті  ақынның  құрамын  анықтау  талмай 

ізденісті талап етеді.



413

ПАЙДАлАНЫлҒАН ӘДЕБИЕТТЕр:

1.  Жұмаділов  Қ.  Үлкен  олжа.  //Қазақ  əдебиеті,  2001,  15 

маусым.

2. Мұхамедханұлы Қ. Абайдың ақын шəкірттері. – Алматы: 



3-кітап, 1995.

3. Алтынбаев Қ. Дала молшылығы// Үш анық. 1992. №21

4. Айтыс. Екінші том. – Алматы: Жазушы, 1988.

5. Алтынбаев Қ. Жұмахан Е. Ақсуат. – Алматы: Ер-Дəулет, 

1998.

6.  Ысқақов  Б.  Жыраулық  дəстүр  жəне  қазіргі  жыраулар.// 



Қазақтың қазіргі халық поэзиясы. – Алматы: Ғылым, 1973.

7.  Сəдуақасұлы  Ә.  Тарихыңды  танып  біл.  –  Алматы: 

Шартарап, 1996.

8.  Ақтайлақ  би.  Құраст.  Қорабаев  С.–Алматы:Журналист 

фотостудиясы.1991.

9. Алтынбаев Қ. Аңызға айналған он жеті.// Абай. 1998. №4

10. Ердембеков Б. Әріп ақын. – Алматы: Ғылым, 2001.

11.  Қазақ  əдебиеті.  Энциклопедиялық  анықтамалық.  – 

Алматы: Аруна, 2005.

12. Әуезов М. Абай жолы. 1-кітап. – Алматы: Жеті жарғы, 

1997.

13. Мəшһүр-Жүсіп. Шығармалары. 6 том. – Павлодар: 2005



14. Янушкеевич А. Күнделіктер мен хаттар. – Алматы: 1979.

15.Өмірəлиев  Қ.  Қазақ  поэзиясының  жанры  жəне  стилі.  – 

Алматы: Ғылым, 1983

16. Бабатайұлы Д. Шығармалары мен тағылымы. – Алматы: 

Раритет, 2003.


414

СӨз Соңы

Қазақ мəдениетінің тарихынан алар өзіндік орны бар 

Сара  Тастанбекқызы  Жетісудың  бұлбұлы,  өнер  саңлағы 

атанған  еді.  Өнерпаз  арудың  тағдыры  екінің  бірінің 

маңдайына  жазылмаған  азапты  тағдыр  болды.  Жүйрік 

тілі мен өткір сөзінің, өзіне жанашыр өнер адамдарының 

арқасында  басын  Жиенқұлдан  азат  еткенімен,  бақытқа 

қолы  жете  қоймады.  «Бір  кем  дүние»  дегендей,  төрт 

құбыласы  сай  болып  ғұмыр  кешу  оның  пешенесіне 

бұйырмады.  Алайда,  ақын  қыздың  өнердегі  мəртебесі 

биік, жұлдызы жоғары еді. Халқы аяулы ақынының есімін 

ардақтап,  ұрпақтан  ұрпаққа  жеткізді.  Жетісу  бұлбұлы 

атанған ол өрен жүйріктік пен тапқырлықтың символына 

айналды.


Сара  Тастанбекқызының  өмірі  мен  өнері  көптеген 

зерттеу еңбектерге арқау болды. Ақын қыздың Арқаның 

ардагері Біржан салмен айтысы ел ішінде мəшһүр болумен 

бірге сонау ХІХ ғасырдың аяғында-ақ баспа бетін көрді. 

Екі  нұсқада  жарық  көрген  бұл  айтыс  мəтіні  бірнеше 

мəрте қайта жарияланды. 1898 жылы Қазан университеті 

литографиясымен «Қисса, Біржан сал менен Сара қыздың 

айтысқаны»  деген  атпен  Жүсіпбекқожа  Шайхысламұлы 



Сара саңлақ

415

бастырып шығарды. Осы нұсқа 1900,1901 жəне 1907,1912, 

1913  жылдары  қайталанып  басылды.  1900  жылы  жарық 

көрген  нұсқасын  біз  Қазан  қаласындағы  Татарстан 

Республикасының  Ұлттық  мұрағатындағы  Н.Ф.Катанов 

қорынан таптық (№969 қор, №2 тізбе, №42 іс). Ал, Қазан 

Федеральды  университеті  кітапханасынан  жəне  Татар 

ұлттық кітапханасынан айтыстың еш нұсқасы табылмады.

Айтыстың екінші нұсқасы «Қисса, Біржан сал мен ақын 

Сараның  айтысқаны»  деген  атпен  Қазанда  1899  жылы 

басылды. Осы нұсқа 1902 жылы қайта басылды. Негізінен 

алғанда  бұл  екі  нұсқаның  арасында  көп  айырмашылық 

жоқ  екенін  зерттеушілер  атап  айтқан.  Екінші  нұсқаны 

бастырушы ақын Әріп Тəңірбергенов.

Біржан  мен  Сара  айтысы  əдебиет  зерттеушілерінің 

назарына  да  ерте  ілікті.  М.Әуезов,  С.Мұқанов,  Қ.Жұ-

малиев,  М.Ғабдуллин,  т.б.  əдебиет  білгірлері  айтыстың 

көркемдігі туралы құнды пікірлер айтты. Бұл екі ақынның 

айтысы  жайлы  қайшылықты  пікірлер  орын  алғаны  да 

шындық.  Тіпті  кейбір  əдебиетшілер  тарапынан  айтыс 

мүлде болмаған деп те айтылды. Алайда, айтыс мəтінінің 

екі нұсқада жарық көруінің өзі ел аузында көп таралып, 

көп айтылып, сосын қағаз бетіне түскенін айғақтаса керек. 

Даулы пікірлерге нүкте қойған сөз зергері Ғ.Мүсіреповтің 

«Ақын  Сараға  соқтықпасақ  қайтер»  деген  мақаласы 

болды (Қазақ əдебиеті. – 1978. 12 желтоқсан). Кейіннен 

Ө.Ақыпбекұлының  «Ақын  Сараға  соқтыға  береміз  бе?» 

деген  мақаласы  да  ақын  қыздың  Біржанмен  айтысы 

айналасындағы кейбір пікірлерге салмақты жауап болды 

(Жас Алаш. – 1996. 8, 10, 12 қазан).



Сара саңлақ

416

Күштінің  əлсізге  тізесі  батып,  қысым  көрсетуі  Сара 

қыздың  басына  бұғалықтың  түсуіне  себеп  болды.  Тал 

бойына  сұлулық  пен  өнер  қатар  дарыған  арудың  басын 

азат  ету  жолындағы  талпынысы  Біржан  сал  сияқты 

өрен  жүйрік  өнерпаздың  тап  келуімен  оңға  басты.  Сан 

ғасыр  бойы  қалыптасқан  салт-сана  Сараның  басындағы 

бұғалығын  толығымен  сыпыра  алған  жоқ.  Өнерін 

жұбаныш етіп, мұңлы ғұмыр кешкен сөз саңлағы небары 

38  жасында  өмірден  озды.  «Дүниеге  келіп  кетер  əркім 

қонақ.  Солардың  біреуі  мен  –  өмірі  шолақ»  деп  ақын 

апамыздың басындағы көктасқа өз сөзі қашалып жазылған 

екен.  Өмірі  қысқа  болғанмен,  өнері  ғұмырлы  болды. 

Қанша  буын  ұрпақ  Сара  сөзін  жаттап,  өнеріне  тəнті 

болды.  Ұлттық  өнеріміз  –  айтыс  жанрының  дамуында 

Сараның  алдаспандай  жыры  үлгі  болды.  Халқы  есімін 

ардақтап,  пір  тұтып  келеді.  «Сомдаған  жүрегінде  жыр 

мүсінін, Әйгілі Сара апамның сіңлісімін» деп, бір кездері 

айтыскер  Жұмаш  Оспанбекова  толғанса,  қазіргі  айтыс 

арулары сөз сайысында Сара атын айтпай кеткен емес.

Айтыстың  классикалық  үлгісіне  айналған  «Біржан-

Сара  айтысы»  ХХ  ғасыр  басында  қазақ  жастарының 

ойын-сауығында  сахналық  көрсетілімге  шықты.  1914 

жылы  Семей  қаласында  қазақтың  ұлы  ақыны  Абай-

дың  дүниеден  өткеніне  он  жыл  толуына  орай  əдеби 

кеш  ұйымдастырылады.  Осы  кешті  ұйым дас ты руда 

Нұрғали,  Нəзипа  Құлжановтар,  М.Әуезов,  Қ.Сəтпаев, 

Ж.Аймауытовтар  белсенділік  танытады.  Ұйым дасты ру-

шы лар Біржан-Сара айтысының инсценировкасын жасап, 


Сара саңлақ

417

сахнаға  шығарады.  Осы  қойылым  туралы  Томск  қа-

ласында орыс тілінде шығатын «Сибирская жизнь» газеті 

(1915, № 52), Орынборда шығатын «Қазақ» газетінде де 

(1915,  9-май)  хабарлама  берілген.  Сондай-ақ  «Айқап» 

журналының  1915  жылғы  5  санында  жарияланған 

«Қазақша  оқу  жайынан»  деген  мақалада  да  Семей 

қаласында  Нəзипа  Құлжанова  ұйымдастырған  əдебиет 

кешінде  «Біржан-Сара»  айтысының  сахнаға  шыққаны 

айтылады. 

Белгілі  композитор  М.Төлебаевтың  «Біржан-Сара» 

атты  көп  актілі  лирика-драмалық  операсы  дүниеге 

келді.  Либереттосын  жазған  –  Қ.Жұмалиев.  Бұл  опера 

алғаш  рет  1947  жылы  7-қазанда  Алматы  қаласындағы 

Қазақ  опера  жəне  балет  театрында  қойылды.  Алғашқы 

қойылымда  Біржан  ролін  Ә.Үмбетбаев,  Сара  ролін 

К.Байсейітова  орындады.  Қойылымның  режиссері 

Қ.Жандарбеков  болды.  Опера  1949  жылы  өңделіп,  1957 

жылы қайта қойылды. 1958 жылы Мəскеуде өткен Қазақ 

өнері мен əдебиетінің онкүндігінде көрсетілген. Музыка 

зерттеушілері тарапынан жоғары бағаланып, 1949 жылы 

операға  КСРО  Мемлекеттік  сыйлығы  берілді.  Ұлттық 

бояуы  қанық  романтикалық  шығарма  ұлттық  опера 

өнерінің классикалық туындысына айналды.

Қазақтың  үлкен  ақыны,  поэзия  патшайымы  атанған 

Фариза Оңғарсынова өзінің Сараға деген шексіз құрметін 

былайша жеткізеді:

Ақын Сара, саңлағы жыр-жарыстың,

шашылғандай бейуақта шыңнан ұшқын,


Сара саңлақ

418

арманшылдау жанымды алау шарпып,

қанатымды жырыңа шыңдап ұштым.

Арман – жолда

шың-құздар өріндегі

адастырмай албырттау көңіл мені –

жалқы Темірқазығым – Махамбет те,

жыр-Шолпаным – өзіңсің көгімдегі!

Жыр-əлемде жолдар аз таң нұрындай,

зулап өтер дауылға, шаңға ұрынбай,

бұралаң жол, бұрқасын өткелімен

сендік тағдыр менің де тағдырымдай...

Қазақтың  тағы  бір  талантты  ақыны  Ақұштап  Бақты-

гереева ақын апасы туралы:

Атағың ерте тарап ел ішіне,

Айтыста қол соқтырдың жеңісіңе.

Алдында өнеріңнің бас игіздің

Арқаның Біржан салдай серісіне.

Құрбыдан ойың озық дара туған,

Мөп-мөлдір пəк сезімнен жаратылған.

Билеген төре-заман, баста қайғың

Ертерек айырды ма қанатыңнан.

Біржандай сүрінбеген жарыста мың,

Жігітпен қатар самғап қалыспадың, –

деп толғайды.


Сара саңлақ

419

Ақын  қыздың  тағдыры  жазушы  Ш.Күмісбаевтың 

«Арман» атты əңгімесіне арқау болған. 

Сара  Тастанбекқызының  шығармашылық  ғұмырын 

зерттеуде көп еңбек еткен Тəңірберген Қалилаханов еді. 

Ол  кісі  Сараның  «Тордағы  тоты»  кітабының  шығуына 

мұрындық  болып,  алғысөзін  жазды.  Сол  кітапқа  енген 

өлеңдерді  Сараның  көзін  көрген  замандастарынан 

жазып алған да Т.Қалилаханов. Ақын қыздың тағдырын, 

шығармашылығын  халыққа  танытуда  қажырлылықпен 

еңбек  еткен  ақсақал  «Ақын  Сара»  (Алматы:  Жазушы, 

1993),  «Ақын  Сара  Тастанбекқызы»  (Астана:  Күлтегін, 

2006)  кітаптарын  жарыққа  шығарды.  Сара  өмірінің 

қыр-сырына,  мұң-шеріне  үңілді.  Сол  қажырлы  еңбе-

гінің  арқасында  өнерпаз  тағдырын  бүгінгі  ұрпаққа 

танытып, жеткізді. С.Қайнарбаев та ақын қыздың өмірі, 

шығармашылығы жайлы мақалалар жариялады.

Сара  есімі  өзі  туып-өскен  жері  мен  елінде,  қазақ 

даласында барынша ардақталуда. 1972 жылы сол кездегі 

Қапал,  қазіргі  Ақсу  ауданындағы  Абай  ауылында 

петербургтік  мүсінші  М.Ващенко  жасаған  ескерткіш 

орнатылған.  1993  жылы  саңлақ  арудың  115  жылдық 

мерейтойына  орай  туған  жері  Ақсу  ауылдық  округіне 

қарасты  Ақын  Сара  ауылындағы  мектептің  ауласына 

Т.Досмағамбетовтің  жобасы  негізінде  қола  ескерткіші 

қойылды.


Талдықорған қаласындағы ақын Сара мен Біржан сал 

көшелерінің бойында ақын апамыздың Т.Досмағамбетов 

авторлығындағы қола ескерткіші тұр. 1993 жылы Қапал 

ауданының  Қапал  ауылында  ақын  Сара  мұражайы 



Сара саңлақ

420

ашылды. Сарқан ауданына қарасты Сарқан ауылындағы 

мектепке  1999  жылы  ақын  Сара  есімі  берілді.Бұл 

мектептің негізі 1939 жылы қаланған.

Астана қаласында ақын Сара атындағы көше бар. 

Алматы қаласында Сара ақын көшесі бар. 

«Біржанның  інілері,  Сараның  сіңлілері»  деген  айдар-

мен  қазіргі  айтыс  саңлақтарының  сөз  сайысын  өткізу 

дəстүрге айналған.

Белгілі  суретші  Муллашев  Камиль  Ақын  Сараның 

тамаша портретін кескіндеген.

Міне,  ақын  қызының  есімін  халқы  осылай  ардақтап, 

ұрпақ осылай құрмет тұтып келеді.

Өнердің  ұлттық  құндылыққа  айналып,  өнерпаздың 

халық ықыласына мəңгі бөленуінің айғағы бұл.

1993 жылы Қапал ауылына қарасты Қарашоқы қоры-

мындағы  ақын  бейітінің  басына  биіктігі  он  метр  кесене 

орнатылды. Бұл кесене республикалық дəрежедегі ескерт-

кіштер қатарында. ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілген.

Ақын Сара туралы бұл кітапта өнерпаз арудың ақындық 

болмысы мен тағдырын танытуды мақсат еткен едік. 


421

ТҮСініКТер

«Менің  Шолпан  жұлдызым»  –  қазақтың  көрнекті 

ақыны,  Мемлекеттік  сыйлықтың  иегері,  Қазақстанның 

халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың бұл мақаласы 

осы кітап үшін арнайы жазылды.



«Ақын Сара арманы (немесе, ақын Сараның кі та­

бын шығару туралы ой қалай туды...)» – мақала авторы 

Шəрбану  Бейсенова,  жазушы-журналист.  Халық аралық 

«Алаш» əдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек 

сіңірген  қайраткері.  Мақала  осы  жинақ  үшін  арнайы 

əзірленді.

Бірінші бөлім

ӨлЕңДЕр. ДАСТАНДАр

«қарлығаш» – Сараның бұл өлеңі Қаптағай елі Көлдей 

руының қарты Қайырбеков Әділбек ақсақалдың аузынан 

жазып алынған. Жазып алушы Тəңірберген Қалилаханов. 

Бұл  жинаққа  Сараның  1980  жылы  шыққан  «Тордағы 

тоты» кітабы жəне «Жеті ғасыр жырлайды» («Жазушы», 

2004) жинақтары бойынша берілді.



«Шымылдық» – Сара бұл өлеңді Қора жайлауының 

табанындағы  Шымылдық  қарағай  деген  жердің  сұлу-

лығына  арнап  шығарған.  Өлеңді  айтып  беруші  Қа йыр-


Сара саңлақ

422

беков  Әділбек  ақсақал.  Жазып  алушы  Т.Қали ла ханов. 

Бұл  жинаққа  «Тордағы  тоты»,  «Жеті  ғасыр  жыр лайды» 

жинақтары бойынша берілді.



«Торығам»  –  бұл  өлеңді  Сара  Тастанбекқызының 

өмірі  мен  шығармашылығын  зерттеуші  Тəңірберген 

Қалилаханов 1956 жылы Қапал ауданындағы Баянжүрек 

тауының  оңтүстік-батыс  тұмсығын  қыстап  отырған 

Есімбеков Айт деген адамнан жазып алған. Айт – Біржан-

Сара  айтысындағы  есімі  Тұрысбек  қажымен  қатар 

аталатын  Есімбектің  белбаласы.  Айт  ақсақал  жасында 

сауықшыл жігіт болған екен. Өзі де домбыра шертіп, əн 

салатын,  қисса-дастандарды  жатқа  білетін  адам.  Әйгілі 

Әсет ақынның Бақтыбай ақынмен айтысын көзімен көрген 

жан  екен.  Жазып  алушы  Т.Қалилаханов.  Бұл  жинаққа 

«Тордағы  тоты»,  «Жеті  ғасыр  жырлайды»  жинақтары 

бойынша берілді.

«Арсалаң  алдында»  –  өлең  1955  жылы  Қапал 

ауданының  тұрғыны  Бейсебаев  Бейсенбектің  аузынан 

жазылып  алынған.  Бейсенбек  жасында  домбыра  ұстап, 

өлең  айтып,  жыр-дастандарды  көп  жаттаған  адам.  Ол 

Толғанбайдың  Түбекпен  айтысын,  Тəйкөт  ақынның 

Бексұлтан төреге айтқан өлеңдерін жазып алып, Қазақстан 

Республикасының  Ұлттық  Ғылым  академиясының 

қолжазбалар  қорына  тапсырған.  Арсалаң  Біржан-Сара 

айтысында аты аталатын ақын. Ақын Сараның «Арсалаң 

алдында»  дейтін  бұл  өлеңі  басы  байланып,  Жиенқұлға 

атастырылғаннан кейін, соған наразы болып жүрген жыл-

дарында  айтылса  керек.  Жазып  алушы  Т.Қалилаханов. 

Бұл  жинаққа  «Тордағы  тоты»,  «Жеті  ғасыр  жырлайды» 

жинақтары бойынша берілді.



Сара саңлақ

423

«Ортақ мұң» – ақын Сараның Жиенқұлға баруға разы 

болмай айтқан өлеңдерінің бірі.

Бұл  өлең  Сараның  жақын  бауыры  Мейрамбай  мен 

Түйтебаев  Тұрлыбек  деген  кісіден  жазылып  алынған. 

Тұр лыбек,  сондай-ақ  Ағанасұлы  Тəйкөт,  Азнақұлұлы 

Ахмет,  атақты  Толғанбай  ақындар  мен  Молықбай  қо-

бызшы  туралы  көптеген  деректерді  де  біледі.  Сараның 

əкесінің ертерек қайтыс болғаны, оның шешесінің есімі 

Жаншөке,  Жайсаңбек,  Сахари  деген  ағаларының  бол-

ғаны,  олардың  кедейліктен  Абдыра  бекетіне  келіп  тұр-

ғаны  туралы  бірсыпыра  деректер  осы  кісінің  айтуынан 

алынған.  Жазып  алушы  Т.Қалилаханов.  Бұл  жинаққа 

«Тордағы  тоты»,  «Жеті  ғасыр  жырлайды»  жинақтары 

бойынша берілді.



«Аққу»  –  бұл  өлең  де  Түйтебаев  Тұрлыбек  қария-

ның  айтуынан  жазылып  алынған.  Жазып  алушы 

Т.Қалилаханов. Бұл жинаққа «Тордағы тоты», «Жеті ға-

сыр жырлайды» жинақтары бойынша берілді.



«Ашындым» – бұл өлеңді де Тұрлыбек қария айтып 

берген.  Жазып  алушы  Т.Қалилаханов.  «Тордағы  тоты» 

кітабында жарияланған.

«Жүрек»  –  Есімбек  Айт  ақсақалдан  жазып  алынған. 

Жазып  алушы  Т.Қалилаханов.  «Тордағы  тоты»,  «Жеті 

ғасыр жырлайды» жинақтары бойынша берілді.

«Көп  сəлем  Ыбекеме,  дұғай­дұғай»  –  бұл  өлеңді 

айтып беруші – Мəкей Еркінбеков. Мəкей ақсақал ақын 

Сараны  көрген  адам.  Өлеңнің  тарихы  былай  көрінеді: 

Абайдың үлкен баласы Әбіш Верный қаласында қайтыс 

болып,  кейін  соның  мəйітін  алып  қайтқан  сүйекшілер 

ақын  Сараның  үйін  əдейілеп  іздеп  келіп,  бір  қонып 

шыққан.  Сол  сүйекшілер  тобын  бастап  келген  Шəкəрім 


Сара саңлақ

424

деген кісінің əңгімесін естіп, өлген баласы Әбішке қатты 

қайғырған Абайға арнап, Сара осы өлеңді айтыпты. Өлеңді 

Мəкей Еркінбековтің айтуынан жазып алған Шығанбаев 

Жұмабай  –  азамат  соғысы  жылдарында  Жетісудағы 

Черкасск  қорғанысшыларына  ылаушы  болған  ақсулық 

жігіт. Ақсу аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі болған. 

Жазып  алушы  Т.Қалилаханов.  «Тордағы  тоты»,  «Жеті 

ғасыр жырлайды» жинақтарында жарияланған.

«Тағдыр  тəлкегі»  –  «Жоқшылықта»,  «Зорлық», 

«Қорлық»,  «Бекіндім»  деген  бір-бірімен  тікелей  байла-

нысты  өлеңдерден  топталған.  Бұл  дастанды  1938  жылы 

тапсырған Қалел Сейсенбеков деген кісі екен. Құдайберген 

деген кісінің дəптерінен жазып алыпты. «Тордағы тоты», 

«Жеті ғасыр жырлайды» жинақтарында жарияланған.



«қош  бол,  елім»  –  бұл  ақын  Сараның  елімен  арыз-

дасуы.  Өлеңді  ел  аузынан  1959  жылы  хатқа  түсірген 

Толғанбай  ақынның  ұрпағы  Тостағанбетов  Жəрдембек. 

Күй тартып, əн салатын, өлең шығаратын Жəрдембектің 

біраз  өлеңдері  «Жазушы»  баспасынан  шыққан  халық 

ақындары жинағына енген.



Сара саңлақ

425

Екінші бөлім

АЙТЫСТАр

«Біржан  мен  Сараның  айтысы»  –  Айтыс  «Қисса 

Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны» деген атпен 

1898  жылы  Қазан  университетінің  баспаханасында 

басылған  алғашқы  нұсқасы.  Айтыстың  мəтінін  түп 

нұсқасымен  салыстыра  қарап,  кейбір  өзгерістерді  ретке 

келтірген  –  ҚР  Ұлттық  Ғылым  академиясы  Орталық 

ғылыми  кітапханасының  қызметкері  Рысбек  Сарғожин. 

Бұл кітапқа «Тордағы тоты» жинағынан алынып берілді.



«Сара  мен  Тəсібек»  –  мұғалім  Мəкей  Еркінбековтің 

жазып  тапсырған  естеліктерінен  алынған.  Бұл  кітапқа 

«Тордағы тоты» жинағынан алынып берілді.

«Сара  мен  Ермек»  –  Сараның  көп  өлеңдерін  жатқа 

білетін атақты халық ақыны Қуат Терлікбаевтің айтуынан 

есінде сақтап, 1957 жылы хатқа түсірген Қапал селосының 

тұрғыны Арын Мұхаметжанов. Кітапқа «Тордағы тоты» 

жинағынан алынып берілді.

«Сара  мен  құдайберген»  –  ақын  Сараның  қайын 

сіңлісі Биғайша Кəукембай қызының айтуынан жазылып 

алынған.  Кітапқа  «Тордағы  тоты»  жинағынан  алынып 

берілді.


«Төребай мен Сара» – бұл айтысты ел аузынан жазып 

алған Е.Ақжолтаев. Айтыс Е.Ақжолтаевтың Талдықорған 

облыстық  «Октябрь  туы»  газетінде  1976  жылғы  14 

октябрьде жарияланған «Төребай Есқожаұлының мұрасы» 

атты  мақаласынан  алынып,  «Тордағы  тоты»жинағына 

кіргізілген.



Сара саңлақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет