Сара Тастанбекқызы



Дата24.11.2023
өлшемі10,17 Mb.
#125292
Байланысты:
Қазтай Ақерке


Сара Тастанбекқызы
САРА ТАСТАНБЕКҚЫЗЫ 1853 ЖЫЛЫ ҚАЗІРГІ ТАЛДЫҚОРҒАН ОБЛЫСЫ, АҚСУ АУДАНЫ, МАТАЙ-ҚАТАҒАЙ ЕЛІНДЕ ТУЫП ӨСКЕН. ӘКЕСІ ТАСТАНБЕК ЕРТЕ ӨЛІП, ОНЫҢ ІНІСІ ЖАЙСАҢБЕКТІҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНДА ҚАЛАДЫ. САРА ЖЕТІМДІК ЗАРДАБЫН ШЕГІП, ЖОҚ-ЖІТІК КӨРІП, ТҰРМЫС ТАУҚЫМЕТІН ТАРТЫП ӨСКЕН. ШЕШЕСІ УӘЗИПА, ІНІСІ САХАРИ СОЛ АУЫРТПАЛЫҚТЫҢ САЛМАҒЫНА ШЫДАМАЙ ЕРТЕ ТІЗЕ БҮГІП, ҚАЗА ТАПҚАН. АЛ, ЖАЙСАҢБЕК БОЛСА, БОЙЫНА БІТКЕН ҚАЙРАТЫН ЖҰМСАП, ӨНІМДІ ЕҢБЕК ЕТЕ АЛМАЙ, БҰЗЫҚТАР ҚҰРҒАН ТҰЗАҚҚА ӨЗІН ДЕ, ЖАСӨСПІРІМ САРАНЫ ДА ІЛІНДІРІП АЛЫП АЗАП ШЕККЕН.
Таяуда жарияланған Өтепберген Ақылбекұлының мәліметі Қалихановты толыстырып, нақтылай түскен. Сараның өмірін, айтысын бұрмалаудан арашалап, ғылымға керек деректер берген. Біз осы соңғы табысқа жүгінеміз. Ол Сараның 1853 жылы туып, 1907 жылы өлгенін, 1871 жылы Біржанмен айтысқанын, Қарашоқыдағы зиратқа жерленгенін (Қапал ауданы), Біржанның көмегімен азат болып, Бекболға қосылып, бес бала сүйіп өмір кешкенін, әкесі Тастанбек пен шешесі Уәзипаның шағын шаруасының болғанын анықтады.
Жетімдік, жоқтық азабын тарта жүріп, 15 жаста-ақ ол ел аузына ілініп, ақын Сара атанады. Еліне танымал Ниязбек, Мәулімбай, Қыдырәлі, Арслан, т.б. ақындармен кездесіп, айтыс өнеріне де жаттығады. Тасыбек, Ермек, Құдайбергендермен айтысады. Түбек, Бақтыбай сияқты аға ақындардан да хабарлы болады. Ақылы мен өнеріне көркі де сай , сындарлы сұлу Сара болып бой жетеді.
АҚЫН ӨЗІНІҢ АЛТЫН ОЙЛАРЫН ЖАН ТЕБІРЕНТЕР МОНОЛОГТАР МЕН ДИАЛОГТАРҒА ҚҰРЫЛАДЫ. “ТОРДАҒЫ ТОТЫ” ЖИНАҒЫ АҚЫННЫҢ “ТАҒДЫР ТӘЛКЕГІ” АТТЫ КӨЛЕМДІ ТУЫНДЫСЫМЕН АШЫЛАДЫ. БҰЛ — ӨЗІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН МАЗМҰН ЖЕЛІСІНЕ ҚАРАҒАНДА ДАСТАН ТӘРІЗДЕС ОҚИҒАЛЫ ШЫҒАРМА. ӘКЕСІ ӨЛІП, ЖЕТІМ ҚАЛҒАННАН КЕЙІНГІ ӨМІР ЖОЛЫНАН БАСТАП-АҚ ӨЛЕҢМЕН ШОЛЫП СУРЕТТЕЙДІ.
Сараның келесі маңызды шығармасы – “Жүрек” деп аталады. Дастанның мазмұны қызық. Жергілікті халық аңыздарының негізінде жазылған көркем туынды. Лирикалық герой жалғыз өзі түн жамылып, Қапал тауының “Баянжүрек”, “Сайын бөлек”, “Қоңтәжішоқы” аталатын бөлек шоқылары мен жоталарына қаратып сыр шертеді.
“Жүрек” – қазақ әдебиеті тарихынан елеулі орын аларлық ерекше шығарма. Ол – романтикаға толы лирикалық дастан.
Ақындық шабыт пен терең толғамын танытар шығармаларға оның “Ашындым”, “Арсалаң алдында”, “Ортақ мұң”, “Аққу”, “Қарлығаш”, “Торығам”, “Шымылдық”, “Қош бол, елім”, “Көп сәлем Ыбакеме, дұғай-дұғай” атты арнау, толғауларын да жатқызу орынды. Бұлардың әрқайсысы – көлемі шағын, мазмұны терең, көркемдік құны жоғары шығармалар
Сараның ақындық өнерінің шыңы – Біржанмен айтысы. Бұл – ақындар айтысы өнерінің үздік үлгісі дерлік тұтас туындысы. Өзінің әлеуметтік мәнімен де, көркемдік суреттілігімен де, поэтикалық тапқыр тілімен де құнды, шынайы шығарма.
Сара Тастанбекқызы – XIX ғасыр қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан көркем сөздің белгілі шешені. Халық поэзиясы үлгісінде өмір бойы жыр төккен ақпа ақын. Халық поэзиясының суреттілік сапасын көтеріп, көркемдігін зорайтқан, өзіндік өнерпаз. Еш шалдырмас топтан озған жүйрік. Асыл сөздің сарқылмас кені. Поэзиямыздың қыздан шыққан кемеңгері.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет