6 Жоғарғы селективтілікті анықтау
Көбінесе әр түрлі металдардан тұратын ерітінділерді сынақтан өткізу қажет және олардың саны анықталған болуы тиіс.
Комплексонометриялық титрлеудің катиондар қоспасын талдауға мүмкіндігі жоқ. Осындай есептерді шығару үшін 2 тәсіл қолданылады: алдын-ала бөлу немесе селектиливтіліктің анықтауышы жоғарылайтындай ететін титрлеу әдісін қолдану.
Титрлеу селективтілігін қажет мөлшерде рH-ты титрлеп және үстіне жасыратын қосылыстарды қосумен көтеруге болады.
Жасырушы реагенттер деп бір кез-келген катионмен немесе катион тобымен өте берік химиялық қосылыстар түзетін заттар аталады. Оларды қосқан жағдайда катиондар аналитикалық реагенттер арасында болмайды. Жеке катиондарды жасыру мақсатында қосымша комплекстүзуші заттарды қосады. Мысалы тартраттар немесе Mg2+,Pb2+,Zn3+ үшін цитраттар, тайрон (динатрилік тұз-1,2, диоксибензол-3,5 ,дисульфақышқылдар) немесе Be2+, Al3+, Ti4+ үшін натрий фториді,Zn2+, Cu2+, Cd2+, Ni2+, Co2+ т.б.және калий циониді.
Достарыңызбен бөлісу: |