7 Трилон Б ерітіндісін даярлау
Трилон Б (этилендиаминтетрасірке қышқылының динатрилік тұзы,комплексон ІІІ,триплекс ІІІ,иргалона,верина,ЭДТА)
Формуласы: C10H14O8N2Na2+2H2O. Молекулярлық салмағы: 372,242. Э =186,125
ЭДТА ерітіндісін этилендиаминтетрасірке қышқылының динатрилік тұзын суда ерітіп алады. Құрғақ қосылыс алу үшін оны 800 С-да 4 күн бойы кептіру керек (ол кезде 0,3-0,5 % бастапқы салмағы жоғалады). Жоғары температурада қыздырып, дегидратацияланған тұз алады. Бірақ ол гигроскопиялығына байланысты дәл сол ерітінді алуға жарамсыз.Оны міндетті түрде фосфор ангидриді астындағы эксикаторда сақтау керек.
Трилон Б ерітіндісінің концентрациясы молярлік бірлік (нормальді бірлікте емес) көрсетіледі. Трилон Б-ның 1 л ерітіндідегі өлшемі 5-ші кестеде көрсетілген.
Кесте 5 – Трилон Б-ның 1 литр ерітіндідегі мөлшері
Ерітіндінің молярлығы
|
0,10
|
0,05
|
0,025
|
0,010
|
0,005
|
Ерітіндінің қанағаттарлығы
|
0,20
|
0,10
|
0,05
|
0,02
|
0,01
|
Өлшемі,г
|
37,2
|
18,6
|
9,3
|
3,27
|
1,86
|
Трилон Б өлшендісін суда ерітіп, көлемін 1 л-ға дейін жеткізеді. ЭДТА ерітінділерінің титрі оны полиэтилендік ыдыста немесе иендік шыны құтысында сақтаса ғана жарамды. Трилон Б ерітіндісін дайындауда таза суды қолдану үлкен рөл атқарады. Таза дистильденген суды тексеру үшін 100 мл суға 5 мл аммиакті-буферлік ерітінді (рH 10) және 0,2-0,32 қара-көк хромды қышқыл (1% NaCl қоспасы) қосады. Пайда болған көгілдір немесе қара көгілдірлеу түсі бар көгілдір бояу оның жарамдылығын көрсетеді. Қара көгілдір түс 1-2, 01 н ЭДТА ерітіндісінен көгілдір түске ауысады.
Достарыңызбен бөлісу: |