Сарыбайқызы Іңкәр
СӨЖ 11 Бұқаралық ақпаратпен бұқаралық коммуникация
Қоғам өмірінің айнасы болып
табылатын БАҚ ондағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени,
спорт, өнер, кино, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы
барлық қордаланған
мәселелерді жұртшылық назарына ұсынатын да, қандай да бір ғылыми жаңалықтар мен
жетістіктерді көпшілікке таныстырып жеткізетін де әмбебап құрал.Жалпы,
масс-медианың
қоғамдағы тілдік жағдайды аңғару, тілдік таңдауды байқау, тілді дамытудағы рөлі өте жоғары. Ол
тек
біздің елімізде ғана емес, барлық елдерде тілдер дамыту барысында бұқаралық ақпарат
құралдарының алар орны ерекше. БАҚ-тың қоғамда атқаратын қызметін шартты түрде:
ақпараттық, әлеуметтік, бақылауыштық, реттеуіштік,
ағартушылық, саяси, делдалдық,
бейтараптылық, орталықтандырғыштық т.б. қасиетін айтуға болады. Қазіргі кезде жаңа
ақпараттанған
қоғам қалыптаса бастады, бүгінгі күнде қоғамдағы ең басты құндылық ақпарат
пен білім. Саяси-әлеуметтік қатынастарды реттеу жолындағы қоғам үшін ақпараттық процестер
маңызды болып табылады. Ақпараттық технологиялардың
дамуы және кең қолданылуы
экономика, саясат, мәдениет пен ғылым сияқты барлық қоғамға қажетті салаларға ықпал етеді.
Жалпы ақпарат адам үшін қоршаған ортадағы бағыт-бағдарларды түсінуге, келесі болатын
қимылдарға шешім қабылдау үшін қажет. Негізінен ақпарат, үгіт-насихат
алып ағаш ретінде
ортақ тамыр арқылы тарайды және дами түседі. Оның негізгі бастауы – бұқаралық коммуникация
мен телекоммуникация. Коммуникация (лат. communicatio "жалпы жасаймын,
байланысытырамын") - кең мағынада әртүрлі ақпаратты қабылдау және тарату мүмкіндігі бар
қарым-қатынас тәсілдері. Коммуникация теқ көптеген гуманитарлы
пәндердің объектісі ғана
емес, сондай-ақ нақты ғылымдардың объектісі.