Іс-әрекет алгоритмі: Баланы стерильді жылы жөргекке қабылдап алу.
Стерильді жылы жөргекпен құрғатып сүрту(ішін, басын,арқасын).
Баланы анасының кеудесіне салу: тері-теріге қатынасы.
Стерильді жылы жөргекпен қайталап құрғатып сүрту.
Балаға бас киім, шұлық кигізу, үстіне жөргек және көрпеше жабу.
Баланы анасынан ажыратып алу (кіндігін кесу):
Кіндік сақинасынан 10 см қашықтықта бірінші анатомиялық қысқышты салу;
Кіндік сақинасынан 8 см қашықтықта екінші анатомиялық қысқышты салу, стерильді қайшымен кесу;
30 минут өткеннен кейін баланың дене температурасын өлшеу (36,5-37,50С).
Гонобленореяның алдын-алу шарасын өткізу (алғашқы 1 сағатында): баланың көздерін 1% көз тетрациклин майымен өңдеу, әр көзге жеке мақта шаригі қолданылады.
Баланы анасының төсіне кеміне 2 сағатқа қалдыру.
2 сағаттан соң баланы жылытқышы және қосымша жылу көзі бар жөргектейтін үстөлдің үстіне алу.
Кіндікті екіншілік өңдеу:
Кіндік сақинасынан 0,3см қашықтықта кіндік қысқышын салу;
Кіндік қысқышынан 0,3-0,5см қашықтықта кіндік қалдығын стерильді қайшымен кесу.
Баланы дәрігердің тексеруі және антропометрия өткізу.
3 бирканы тлтыру: босану тарихының№, анасының тегі, баланың туылған күні, мезгілі, жынысы, дене салмағы, бой өлшемі (2-қолдарына, 1-төсегіне).
Баланы киіндіріп анасымен бірге босанудан кейінгі бөлмеге жеткізу.
Ескерту! 1. Босану бөлмесінің температурасы 250С-тан кем болмауы керек.
2. барлық шараларды «Жылу тізбегінің» бөлімдерін сақтаумен өткізу.
3. мед.қызметкерлерінің қолдары хирургиялық әдіспен өңделуі қажет.
Нәтижені бағалау:Бала белсенді, дауысы қатты, жақсы емеді, кіндігі құрғақ (қанамайды).