Зондқа шприцті жалғап, ауа жіберу арқылы өткізгіштігін тексеру.
Шприцтің поршенін алып тастап сол қолға алып,катетерді жалғап жабық жағын (ұшын) жоғары қаратып 1-2 саусақтардың арасынан өткізіп ұстау. Шприцтің 1/3 бөлігін сүтпен толтыру.
Зондтың жабық жағын (ұшын) оң қолға алып, абайлап төмен түсіріп сүтпен толтыру (сүттің алғашқы тамшысы пайда болғанша).
Катетерді шприц жақтан 5-8 см қашықтықта қысқышпен қысу. Қысқыштың сақинасын сол қолдың үлкен саусағына орналастыру. Жабық жағынан оң қолмен ұстау, сүтке малу.
Астыңғы мұрын жолы арқылы немесе тілдің ортаңғы сызығы арқылы ауызға зондты енгізу. Зондты енгізу кезінде балада ентігу, көгеру пайда болған жоқ па қадағалау керек.
Шприцті көтеріп, катетерден қысқышты шешу, шприцтің биіктігін қадағалай отырып, сүтті абайлап баланың асқазанына жіберу. Сүт шприцтің ауыздығына жеткенде қысқышты қайтадан салу.
Оң қолмен салфетка арқылы зондты тез алып тастау.
Бас жағын жоғары салып баланы төсекке оң жақ қырына салып жатқызу.