|
|
бет | 35/88 | Дата | 27.11.2023 | өлшемі | 6,53 Mb. | | #128896 | түрі | Сабақ |
| Байланысты: Алгоритм педиатрия казакша жана 2020 — копияЕскерту:
Гигиеналық ваннаны 2 адам өткізген дұрыс.
Бөлме температурасы:
Мерзімі жетіп туылған балалар үшін-22-240С
Шала туылған балалар үшін-23-250С.
Сүлгі мен баланың киімдері алдын-ала жылытып қойылады.
Судың температурасы:
Мерзімі жетіп туылған балалар үшін-37-380С
Шала туылған балалар үшін-38-390С.
Алғашқы гигиеналық ваннаны кіндік жарасы жазылғаннан соң жүргізу керек.
Ваннадағы судың температурасы тек қана су термометрімен анықталады.
Баланы тамақтандырудың алдында шомылдыру керек.
Үй жағдайында резіңке қолғап киюдің және ваннаны дез.ерітіндімен өңдеудің қажеті жоқ.
Нәтижені бағалау: гигиеналық ваннаны жүргізу мерзімдері:
6 айға дейін күнделікті,
6 айдан 1,5 жасқа дейін-күнара,
3 жасқа дейін- аптасына 2 рет,
3 жастан кейін- аптасына 1 рет.
Керек жағдайда қажеттілігіне байланы сты.
Кіндік жарасын өңдеу
Мақсаты: омфалиттің алдын алуы.
Көрсеткіші: «ашық кіндік» жарасы.
Кері көрсеткіші: жоқ.
Керекті құралдар:
Стерильды мақта таяқшалары
Қайнаған су
Стерильді пипетка
Жөргектеуге арналған жинақ
Резеңке қолғап
Қолданылған заттарға арналған лоток
Дез.ерітіндісі бар ыдыс, сүрткіш
Іс-әрекет алгоритмі:
Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.
Керекті құралдарды дайындау.
қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.
Жөргектейтін үстелдің үстін дез.ерітіндімен сүртіп, жөргекті төсеу.
Баланы жөргектейтін үстелге жатқызу.
Сол қолдың бірінші және екінші саусақтарымен кіндік жарасының шеттерін жақсылап керу.
Кіндік жарасына пипеткамен 1-2 тамшы қайнаған су тамызу.
Жібіген қабыршықтарды іштен сыртқа қарай стерильді мақта таяқшаларымен алып тастау.
Баланы жөргектеп төсекке жатқызу.
Жөргектейтін стөлден жөргектерді алып кір жөргектер салатын қапқа салу.
Жұмыс үстелін дез.ерітіндімен сүрту.
Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|