Сарсебаева С. А. директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары


Ескерту! №741 бұйрыққа сәйкес дені сау нәрестенің кіндік жарасын өңдеуге тек қайнаған су қолданылады. Нәтижесін бағалау



бет36/88
Дата27.11.2023
өлшемі6,53 Mb.
#128896
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   88
Байланысты:
Алгоритм педиатрия казакша жана 2020 — копия

Ескерту! №741 бұйрыққа сәйкес дені сау нәрестенің кіндік жарасын өңдеуге тек қайнаған су қолданылады.
Нәтижесін бағалау: кіндік жарасы құрғақ, таза.



Омфалиттер кезінде кіндік жарасын өңдеу
Мақсаты: кіндік жарасының гигиенасы.
Көрсеткіші:Кіндік жарасының қабынуы.
Кері көрсеткіші: жоқ.
Керекті құралдар:

  • Стерильды мақта таяқшалары;

  • 3% су асқын тотығы;

  • 70% этил спирті;

  • 5% калий перманганат ерітіндісі;

  • Немесе жасыл бриллианттың спиртті ерітіндісі;

  • Стерильді пипетка

  • Жөргектеуге арналған жинақ

  • Резеңке қолғап

  • Қолданылған заттарға арналған лоток

  • Дез.ерітіндісі бар ыдыс, сүрткіш

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

  4. Жөргектейтін үстелдің үстін дез.ерітіндімен сүртіп, жөргекті төсеу. Баланы үстелге жатқызу.

  5. Сол қолдың бірінші және екінші саусақтарымен кіндік жарасының шеттерін жақсылап керу.

  6. Кіндік жарасына пипеткамен 1-2 тамшы 3% су асқын тотығын тамызу. 30-40 секундтан соң пайда болған «көбікті» іштен сыртқа қарай стерильді мақта таяқшаларымен алып тастау.

  7. Кіндік жарасын керек жағдайда 5% калий перманганат ерітіндісімен немесе жасыл бриллианттың спиртті ерітіндісімен күйдіру (жара маңы терісіне тигізбей).

  8. Баланы төсекке жатқызу.

  9. Жөргектейтін стөлден жөргектерді алып кір жөргектер салатын қапқа салу.

  10. Жұмыс үстелін дез.ерітіндімен сүрту.

  11. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет