Ауыз арқылы регидратация жүргізу
бет 58/88 Дата 27.11.2023 өлшемі 6,53 Mb. #128896 түрі Сабақ
Байланысты:
Алгоритм педиатрия казакша жана 2020 — копия Ауыз арқылы регидратация жүргізу
Мақсаты: Сусыздануды жою және оның қайталануының алдын алу.
Көрсеткіші: Сусызднудың 1-2-ші дәрежелері.
Керекті құралдар:
Глюкоза-тұз ұнтағы (регидрон, глюкосалан).
1 литр бөлме температурасындағы қайнатылған су.
Өлшегіш стакан.
Кесе және шай қасық.
Іс-әрекет алгоритмі:
Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.
Керекті құралдарды дайындау.
Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу , құрғату.
Біріншілік регидротацияны жүргізуге арналған ерітіндінің көлемін анықтау.
Құрғақ препаратты 1 литр бөлме температурасындағы қайнатылған суға еріту.
Өлшегіш стаканмен ерітіндінің керекті мөлшерін кесеге құйып анасына беру.
Ерітіндіні сусызданудың дәрежесіне байланысты шай қасықпен балаға беру.
Сұйықтықты жоғалтудың көлемін өлшеуді жалғастыру.
4-6 сағат өткен соң баланың жағдайын бағалаймыз және емдеу жоспарын анықтаймыз.Егер баланың жағдайы жақсарса жоспар А ал нашарласа жоспар В.
Қолдау сатысын құсу және нәжістің сұйылуы тоқтағанға дейін өткізу.
Ескерту:
2 сатыда өткізу қажет: а/ біріншілік регидротация-нақты жоғалтқан сұйықтықтың көлемін 4-6 сағатта толтыру.
б/ қолдау-эксикоздың қайталануының алдын алу.
Глюкоза-тұзды ерітіндісін 1 тәуліктен артық сақтауға , қайнатуға болмайды.
Анафилактикалык шокта көрсетілетін жедел жәрдем
Науқастың аяғынтөмен,басын жанына бұрып жоғары салып түзу жерге жатқызыңыз.
Егу жасалған жерден жоғары жгут салыңыз , егу орнына мұздық басыңыз , егер препарат пероральды берілген болса асқазанын жуыңыз.
Кеудесін қысатын киімдерден босатыңыз.
Таза ауамен қамтамасыз етіңіз.
Көк тамырға,болмаған жағдайда бұлшық етке енгізіңіз:
преднизолон 3-5 мг/кг салмағына (1мл-30мг)
адреналин 0,1мл/жасына
димедрол 0,1 мл/жасына
эуфиллин 1,0 мл/жасына
кальций глюконаты 1,0мл/жасына
Ылғалды оттегі беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: