|
|
бет | 74/88 | Дата | 27.11.2023 | өлшемі | 6,53 Mb. | | #128896 | түрі | Сабақ |
| Байланысты: Алгоритм педиатрия казакша жана 2020 — копияКеректі құралдар:
Экспресс-диагностикаға арналған таблеткалар.
Сүзгіш қағаз.
Горшок.
Резеңке қолғап.
Іс-әрекет алгоритмі:
Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.
Керекті құралдарды дайындау.
Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию.
Экспресс-диагностикаға арналған таблеткаларды (құрамында: нитропруссид, күкірт қышқыл алюминий бар) алып, сүзгіш қағаздың үстіне қою.
Таблетканың үстіне таза горшокқа жиналған зәрдің 2-3 тамшысы қосылады.
1-2 минуттан кейін таблетканың түсі өзгереді.
Нәтижесін бағалау: Таблетканың түсін шкаламен салыстыру:
Ақшыл сары-«әлсіз оң» (+);
Қызыл-қоңыр-«оң» (++);
Шие түстес-«күрт оң»(+++);
Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.
Ескерту:
Материалды алу және зерттеу тез арада қабылдау бөлімінде өткізіледі.
Таблетка болмаған жағдайда: 10 гр.натрий нитропруссид, 20 гр.аммоний сульфат, 20 гр. сусыз натрий карбонатты алып мұқият араластырып ұнтақталады.
Зәрді бактериологиялық зерттеуге жинау
Мақсаты: балалардың зәріндегі қоздырғыштарды анықтау.
Көрсеткіші: балада бүйрек ауруларының анықталуы.
Кері көрсеткіші: жоқ
Керекті құралдар:
Зәр стерильды ыдыста жиналады.
Іс-әрекет алгоритмі:
Стерильды ыдысты дайындаңыз.
Зертханаға жолдаманы толтырыңыз (У-1030).
Науқасты сабынды сумен, содан соң антисептикалық ерітіндімен, сумен дәрет алдырыңыз.
Зәрдің алғашқы порциясын унитазға жіберіп, ортңғы порциясын абайлап, стерильділігін бұзбай стерильды ыдысқа жинаңыз, келесі стерильді пробиркаға 3-5 мл құйыңыз.
Зәрдің соңғы порциясын унитазға жібертіңіз.
Пробирканы стерильды тығынмен жауып 1 сағат ішінде зертханаға жіберіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|