Көрсеткіші: балада ас қорытудың бұзылыстарының анықталуы.
Кері көрсеткіш: жоқ.
Керекті құралдар:
Таза құрғақ шыны ыдыс.
Таза ағаш шпатель.
Резеңке қолғап, дез.ерітінді.
Горшок.
Іс-әрекет алгоритмі: Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.
Керекті құралдарды дайындау.
Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию.
Нәжісті таза шайылған горшокқа тек зерттеудің алдында ғана жинап алу.
нәжісті таза құрғақ шыны ыдысқа таза ағаш шпательмен салу. Зерттеу үшін нәжісті әр жерден алады. 1 жасқа дейінгі баладан-15-20 гр. Үлкен баладан-100-200 гр.
Шпательді дез.ерітіндіге салу.
Жолдама толтыру.
Материалды 1 сағат аралығында зертханаға жеткізу.
Горшокты материал алынғаннан соң дез.ерітіндіге салу, одан кейін ағынды сумен шаю.
Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.
Нәтижені бағалау:ас қорытылуының бұзылыстарында нәжісте қорытылмаған ет талшықтары анықталады.
Ескерту: Нәжіс жаңа бөлінген, жылы күйінде зертханаға жеткізілу керек.
Нәжісті құрт жұмыртқаларына жинау Мақсаты: гельминтоздың қоздырғышын анықтау және одан ары емдеу.
Көрсеткіші: ауруханаға түскен баланы тексеру, алдын алу тексерісін жүргізу.
Кері көрсеткіші: жоқ.