Нәтижесін бағалау: Тері асты май қабатының қалыңдығы қалыпты жағдайда1.0-1,5см
Гипотрофияның 1-ші дәрежесінде қарнында аздап кеміген
Гипотрофияның 2-ші дәрежесінде қарнында, аяқ-қолдарында аздап кеміген
Гипотрофияның 3-ші дәрежесінде қарнында, аяқ-қолдарында өте төмен
Тері тургорын анықтау
Мақсаты: баланың тері тургорын анықтау .
Көрсеткіші: балада эксикоз белгілерінің болуы.
Кері көрсеткіші: жоқ.
Іс-әрекет алгоритмі: санның ішкі бетінің тері және тері асты қабатын басыңыз
басқан кездегі серпімділікке байланысты тургорын анықтаңыз
Нәтижесін бағалау: қалыпты жағдайда тері жазылып,тез қалпына келеді.
Эксикоздың, гипотрофияның 1-ші дәрежесінде баяу қалпына келеді
Эксикоздың , гипотрофияның 2-ші дәрежесінде кенет баяу қалпына келеді
Эксикоздың, гипотрофияның 3-ші дәрежесінде қалпына келмейді
Терінің созылғыштығын анықтау
Мақсаты: баланың тері созылғыштығын анықтау .
Көрсеткіші: балада эксикоз белгілерінің болуы.
Кері көрсеткіші: жоқ.
Іс-әрекет алгоритмі: Іштің терісін екі саусақ арасына қысыңыз
Саусақтарды жіберіңіз.
Нәтижесін бағалау: қалыпты жағдайда тері жазылып,тез қалпына келеді.
Эксикоздың , гипотрофияның 1-ші дәрежесінде баяу қалпына келеді
Эксикоздың , гипотрофияның 2-ші дәрежесінде кенет баяу қалпына келеді
Эксикоздың , гипотрофияның 3-ші дәрежесінде қалпына келмейді
Апгар шкаласымен жаңа туған баланың жағдайын бағалау
Мақсаты: жаңа туған баланың жағдайын бағалау.
Көрсеткіші: баланың дүниеге келуі.
Кері көрсеткіші: жоқ.