Сарсебаева С. А. директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары



бет45/88
Дата27.11.2023
өлшемі6,53 Mb.
#128896
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   88

Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Қыша ерітіндісін дайындаңыз 10л суға 100гр қыша(алғашында 1л суға дайындайды).

  2. Суды сүзіңіз.

  3. Баланы орындыққа отырғызып,аяғын қыша ерітіндісі бар суға салып көрпемен жауып отырғызыңыз.

  4. Су суыған кезде ыстық су құйып тұрыңыз.

  5. 15-20 мин соң баланың аяғын шайып,құрғатып,шулық кигізіңіз.

  6. Баланы төсекке жылылап жауып жатқызыңыз,суйықтық ішкізіңіз.



Ерте жастағы балаларға қыша қағазын қою
Мақсаты: балаға рефлекторлы терапия жүргізу.
Көрсеткіші: балада тыныс жолы ауруларының болуы.
Кері көрсеткіші: дене қызуының көтерілуі, баланың қышаға сезімталдығының жоғары болуы, баланың терісінде бөртпелердің болуы.


Керекті құралдар:

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

  4. Қыша қағазының жарамдылығын тексеру.

  5. Баланы беліне дейін шешіндіріп тері қабатын тексеру.

  6. Жұқа жөргекті жылы өсімдік майына салу.

  7. Сығып алып тегіс жерге жайып салу..

  8. Қыша қағаздарын қышасын жоғары қаратып суға 5-10 секундқа салу.

  9. Қыша қағаздарын қышасын төмен қаратып жөргектің үстіне салу: оң жағына 2-4, сол жағына 1-2, ортасында омыртқа үшін бос орын қалдыру.

  10. Жөргектің жоғарға және төменгі жақтарын үстіне қарай бүктеу.

  11. Жөргектің астыңғы жағын жоғары аудару.

  12. Баланы жөргекке омыртқа тұсы бос жерге орналасатындай етіп жөргектің үстіне жатқызу.

  13. Жөргекті балаға орау, жүрек тұсы қыша қағазынан бос болу керек.

  14. Баланы жылы жөргекпен және көрпемен жабу.

  15. Қыша қағазын баланың терісі қызарғанша ұстау.

  16. Қыша қағазын шешу, қолданылған заттарға арналған лотокқа салу.

  17. Баланы жылылап орап 1 сағатқа төсекке жатқызу.

  18. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет