Ауырсыну кезінде новокаин немесе анестезин ерітіндісі;
Қолданылған заттарды, қолғапты шешіп арнайы қорапқа салу ;
қолды жуу және құрғату.
Ескерту: 1. Герпесті стоматитте вирусқа қарсы препараттар қолданылады 0,25% оксалин майы, 5% интерферон майы).
2.Стоматиттер кезінде диета жылы, жұмсақ болуы керек;
3.Ауыз қуысын өңдеу кезінде абай болу қажет, өйткені ол жарақаттанғыш болады.
4.Өңдеуді тәулігіне 5-6 рет қайталаған жөн.
5.Қолданылатын ерітінділердің концентрациясы аурудың жедел кезінде сауығу кезіне қарағанда төменірек болуы керек.
6.Қолданылған ерітінділердің температурасы 37-380болуы керек.
Тері асты май қабатының қалындығын анықтау
Мақсаты: баланың тері асты май қабатының қалындығын анықтау .
Көрсеткіші: баланың дене салмағының өзгерістері.
Кері көрсеткіші: жоқ.
Керекті құралдар:
сантиметр жолағы.
Іс-әрекет алгоритмі: Іштің кіндік аймағының жанындағы тері және тері асты май қабатын саусақпен қыртысқа алыңыз.