Күрделі етістіктің жасалу жолы
Күрделі етістіктің жасалу жолдарының бір түрі есімше,
көсемшенің көмекшілердің біріне тіркесуі арқылы жасалады:
а)Негізгі етістігі көсемше формада келеді: қуып иберді, алып келді,
таба алмады.
Көсемшенің -қалы, -ғалы жұрнақты түрі кездескенімен, ол қазіргі
тіліміздегідей күрделі түрде қолданылмаған.
Көсемше формалары, әсіресе оның -ып, -п жұрнақты түрі арқылы
жасалатын күрделі етістік құрамы жағынан әр түрлі.
ә) Негізгі етістігі есімше формада келеді: айтар
еділәр, бермес еді, берген еді, туғанлар тұрұр, иғар
туған ерді.
Көсемшедегі сияқты, бiрнеше есімшенің
қабаттасып келуi арқылы жасалатын күрделі
етістіктер бұл жазбада кездеспейді. Сондай-ақ
қазіргі әдеби тілімізде қолданылатын -тын
формалы есімше де, ол арқылы жасалатын күрделі
етiстiк те дәл қазіргідей формада бұл нұсқада
қолданылмаған. Есімше арқылы жасалатын
күрделі етістіктің қазіргі әдеби тілімізден
өзгешелiктерi сол: мұнда казіргі сөйлеу
нормамыздан шығып қалған, не қалып бара
жатқан есімшенiң бол, тұр көмекшісіне тіркесетін
түрі жиі кездеседі: йатар болғай, турур болғай,
туған турур.
Шежіреде өте жиi колданылатыны -ұп, -үп, -ып, -іп, -п
жұрнакты көсемше. Бұл көсемше, негiзiнде, казiргi әдеби
тiлiмiзде кандай орында кандай функцияда қолданылса,
талданып отырған жазбада да солай деуге болады. Мысалы:
Чынгыс хан бұ сөздін хабар табып, Жалайыр Сарытак ноян
ұғлы Сабаны Оң ханға иберді.
Көсемше
Көсемшенің екінші түрі -а, -ә (-е), -й жұрнақты көсемше. Бұл да
дара түрде де, күрделі етістік құрамында да қолданылған.
Мысалы: Тоқұзұншы ұғлын таба алмады. Ол замандын бу заман
Чыңғыс ханға дигәч құл бола келдiләр. Судан ләшкәр хытай
кеше бiлмедi.
Қазiргi әдеби тілімізде көсемшенің бұл түрiнiң де жіктiк
жалғаулы формасы өте жиi қолданылатыны белгілі. Бiрақ сөз
болып отырған шежіреде мұның жіктік жалғаулы түрі бiрді-
екілі болымсыз етістікте (не учун алмайсын)ғана кездеседi.
Көсемше
Шежіреде онша жиі болмағанымен -қалы, -ғалы жұрнақты
көсемше де ұшырады. Мұның бiзге кездескендерi екi түрлі
мағынада, сөйлемдегi негiзгi әрекеттiң мақсатын және мезгiлiн
бiлдiру мағынасында қолданылған: Анлар бiлән урушкалы
атланды.
Шежіреде кездескен көсемшенің тертiншi түрi -ғач, -гәч, -қач,
-кәч жұрнақты түрі. Кейбір ғалымдар мұны өткен шақтық есімше
жасайтын жұрнақ десе, бірсыпыра ғалымдар бұл форма арқылы
көсемше жасалады дегендi айтады. Түркi тiлдерiнiң бiразында
бүгiнде жиi қолданылатын бұл формалы етiстiк қазақ
жазбаларында XIX ғасырдың сонына дейiн ғана қолданылады.
Шежіреде кездесетiн -ғач формалы етістіктің мағынасы мен
функциясы бiрде қазiргi әдеби тiлiмiздегi -ысымен, -ісiмен
аффиксті етістікке сай келсе, бірде -ған соң тiркесті есімшенін
мағынасы мен функциясына үйлеседі. Мысалы: Чынгыс хан
ешiткач фиалхал атланды. Офат болгач аны өзі тутты. Карахан бу
сөзні ешiткач ага ларын, агасынын уғландарын уа һәм улугларын
йырды. Taмaмысы бу сөзні ешіткач Огуздын агридылар.
Есімше
Талданып отырған шежіреде есімше де өте
жиi және әр түрлі мағынада, әр түрлі
функцияда қолданылған. Есімшелер iшiнде
өте жиi кездесетіні -ар, -әр, -ер, -ур, -р, -с
формалы түрі. Тюркологиялыя әдебиеттерде
бұл косымшаны көне -ғұр-гүр, -ғыр-Fiр,
-қыр-кір, -құр-күр, -ғар -гер, -қар-кер
жұрнақтарымен төркіндес, осы
жұрнақтардың фонетикалық кұбылыстарға
ұшыраған түрі дегенді айтады және
есімшенің бұл түрін келер шақтық есімше
деп атайды. Кiм коп бiлiкні біліп көңлiде
тұтса, дәулеті артар. Сагадат ана йар болса,
механатны кім тартар.
Есімше
Шежіреде жиi колданылған есімшенiн екiншi түрi -ған (-ген)
формалы есімше. Бұл - ертедегі жазбалардың қай қайсысында
болса да қолданылған есімшенiң ең бiр көне түрі. Тюркологиялық
әдебиеттерде ол өткен шақтық есімше деп аталады. Өткен шақтық
есімше шежіреде әр түрлі функцияда әр түрлi тұлғада қолданылған.
Мысалы: Торт бекләр бар ерді арасыдан туран. Бу екiсi Чынгыс хан
нын ата-атасыдан кала келган хас пәндесi ерді. Мысалдан да
көрініп тұрғанындай, өткен шақтық есiмше қазiргi әдеби
тiлiмiздегi сияқты есім сөздерге тiркесiп анықтауыш та, сойлемнiң
тиянақты баяндауышы да болып қолданылған.
Шежіреде қолданылған есімшенiң үшiншi түрі -мыш, -мiш
формалы есімше. Түркi тiлдерiнiң грамматикасын зерттеуге
арналған енбектердiң көпшілігінде бұл форма перфектiлiк мәнi
бар, айғақсыз іс-әрекеттердi бiлдiретiн есімше делiнедi.
Мысалы: Үйiнiң түңлігі ашылмыш андын нұры пайда болды. Сон
йана йағы болмыш.
Н. А. Баскаков еңбегiнде -мыш фор малы есімшені өткен шақтық
есімшенің қалдығы, ол қазiр де модальдық мағынаны бiлдiретiн
-мыс, -мiс формасы на айналған дегенді айтады . Қазіргі қазақ
тiлiнде модальдық мағынаны білдіретін -мыс, -міс формасы да,
сирек те болса, -мыш, -міш формасы да қолданылады.
-а, -е тұлғалары, әдетте айтылып жүргендей,
оңтүстiк тiлдерiнiң үлесiне тиедi де, -ға, -ге
тұлғалары солтүстік-батыс түркi тiлдерiнiң
ерекшелiгi болып калады. Алайда, осы жерде
қазақ тiлiндегi -ған жалғауының пайда
болуын қалай түсіндіру мүмкiн дейтiн заңды
сұрақ туады. Өйткені туркі тілдерінің бірде-
бiрiнде, ежелгi түркi жазбаларында барыс
септіктің мұндай қосымшасы кездеспейдi.
Э.В. Севортян -ған тұлғасын екi түрлi
элементтен пайда болған деп қарайды: -ға-н.
Соңғы -н. Севортянның ойынша, айрықша
қолданылған ескі көлемдiк септiктiң
калдығы болса керек және ол мен, сен
есiмдiктерiнiң кұрамындағы осындай
элементпен бiрдей.
Жалпытүркілік аяда қолданылатын қимыл
есiмдерiнiң негiзгi түрлерi мынадай: -ғы, -ынч
(-ынш), -мақ, -ма, -ыш (-ыс), -ық (-ығ), -ы (-у),
-а,-ыт, -ын, -мыш (-мыс), -ғын, -ған, -дық, -ыр,
-ар, -ғыр. Бұлардың Қазiргi тiлдерде таралу
дәрежесі бірдей емес. Қазақ тiлiнде -мыс,
-ынш, -ғын, -дық тұлғалары актив
қолданылмайды, сондықтан олардың шақ
тұлғаларын жасауы да кездесе қоймайтын
құбылыс. Оның үстiне, бұл тұлғалардың
шақтық парадигма жасау дәрежесі де бiрдей
емес: -ған, -ар, -а тұлғалары бұл қызметте
актив болса, -ыр, -ғы, -ы, -мақ тұлғалары
пассив, кейбір етістіктер кұрамында ғана
қолданылады.
Әдебиеттер тізімі:
Түймебаев Ж., Сағидолда Г.,
Ескеева М. Түркі тілдерінің
салыстырмалы-тарихи
грамматикасы
Қордабаев Т., Томанов М.
Тарихи грамматика мәселелері
Томанов М.
Қазақ тілінің тарихи
грамматикасы
СОҢЫ
Достарыңызбен бөлісу: |