Портреттердәлдік деңгейіне қарай іштей бірнеше түрлерге бөліне береді: төлқұжаттық, ен-таңбалық портретте адамның бет-әлпеті мен дене
бітіміндегі, сондай-ақ, көзге түсетін ерекше белгілерін рет-ретімен, тәптіштеп
сипаттайды. Оның негізінде көркем пластикалық тәсілмен толықтырылған
төлқұжаттық белгілер жатады. Жазушының назары кейіпкердің келбетіндегі
бір-екі ерекше белгілеріне ауады да, ол біртіндеп, сюжет қоюланған сайын
оның мәңгілік белгісіне айналады. Суреттеу портрет – кейіпкердің сыртқы
келбетіндегі барлық портреттік детальдар толық суреттеледі; портрет-теңеу – кейіпкердің келбетін басқа бір нәрсеге ұқсатып, салыстыра, теңестіре отырып
суреттеу; әсер-портрет – бақылаушының назарына іліккен портреттік
белгілері ғана көрініс табады; мұнда деталь мүлде болмайды.
Жалпы портреттік мінездеме беруде автор көп жағдайда баяндау, кейде
теңеулерді пайдаланып отырады.