Сатылханова гульмира алихановна



Pdf көрінісі
бет29/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17302
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   66
Байланысты:
Satylkhanova Disser

Бұрын  үйде  тұрғанда  ештеңенің  парқын  білмей,  күнде  бір  ыдыс  сындырып, 
жаны  ашымай  қалай  болса  солай  қарайтын  келіннің  де  өзім  дегенде  өгіздей 
қара  күші  барын,  көппен,  ата-енесімен  бірге  тұрғанша  жарымен  ғана  бірге 
тұруды  қалайтын  өзімшілдігін  тану  қиын  емес.  Яғни,  өзім-өзім  деп  өзеуреп 
тұрған  бала  ғана  емес,  келіннің  де  бұл  қадамды  құптайтындығына  жоғарыда 
келтірілген детальдар дәлел бола алады. Жазушының үлкендерді – «уақытында 
кәдеге  алған  мүлкін  өткізе  алмай  базардан  қайтқан  жандарға;  ал  жастарды  – 
«қалтасындағы өздері тапқан тиын-тебенмен базарға жаңа бет алған» жандарға 
теңеуі де көңілге қонымды. 
Бұл екі новеллада да авторлар заттық деталь арқылы екі түрлі шындықтың 
бетін  ашқан.  Біріншісі,  кеңестік  заманда  қала  мәдениетіне  бейімделген  қазақ 
жастарының ұлттық дәстүрден бойларын аулақ ұстап, өз қалауы, таным-түсінігі 
бойынша  өмір  сүруге  деген  ұмтылысы.  Ал  екіншісі,  оқып-тоқып  болған  соң, 
«болдым-толдым»  деп  әке-шешені  керек  етпеуі.  Екі  автор  да  бұл 
проблемаларды  күн  тәртібіне  шығарып,  дәл  мезетінде  көтеріп  отыр.  Өз 
новеллалары арқылы қоғамға ой тастап отыр. Олардың өзімшіл психологиясы, 
тарылған пиғылы кейде кейіпкер сөзімен, кейде авторлық баяндаумен беріледі. 
Осындай көзқарастың салдары бүгінде қарттар үйін қаптатып жібергені айқын.  
О.Бөкейдің  «Аспирант  қыздың  тракторшы  жігіті»  новелласында  автор 
аспирант  қыздың  ұқыпты,  жинақылығын  оның  бөлмесін  суреттеу  арқылы 
білдіреді: «Тап-тұйнақтай етіп жиналған шағын бөлмеде көлденең жатқан шөп 
жоқ, кішкентай қыздың қуыршақ жасап ойнағаны секілді екен. Иіс майдың ба, 
опаның ба, әлде Қалқаштың өз иісі ме, әйтеуір, өзгеше жағымды жұпар аңқиды. 
Иін тірескен жасауы жоқ жеңіл жиналған әр мүлік жарасымын тапқан. Қымбат 
заттардан  тек  бір  жақ  қабырғада  пианино  ғана  тұр.  Үй  иесінің  көгілдір  түске 
әуес  екенін  сездіретін  терезенің  пердесі,  сонау  жалқы  төсектің  жапқышы  мен 
жастықтың  тысына  дейін  көкпеңбек.  Үлкен  шар  айна,  қыздың  «қару-жарағы» 
бір  бұрышқа  үйірілген  де,  қарсы  қабырғада  кітап  сөресі  орналасқан.  Онда 
жоғарғы  математика,  кибернетика,  техникаға  байланысты  кітаптар  сеңдей 
сіресіп  тұр.  Ал  сөренің  үстінде  уыздай  жас  жігіттің  сәл  күлімсіреп,  бір 
қырындай түскен бейкүнә суреті қойылған. Ол әдеттегідей, қараған адамға қоса 
тесірейіп  қарайтын  қалыпқа  салған  сурет  емес,  ешкімге  ешнәрсеге  назар 
аудармай,  өз  ойымен  оңаша  отыр.  Қызық,  адамдардың  дәл  осылайша  суретке 
түсетінін  тұңғыш  рет  көріп  тұрмын»  [106,294].  Берілген  шағын  үзіндіден 
Қалқаш есімді қыздың кибернетика саласымен айналысатын оқымысты екенін, 


62 
 
өнерге жақындығын, бір бұрышқа үйілген «қару-жарағынан» өзінің бас-аяғына 
жинақылықпен қарайтынын, тіпті қандай түсті ұнататынын да айқын түсінеміз. 
Бір  ғана  бөлмені  сипаттау  арқылы  автор  бұл  адам  жөнінде  бізге  кейіпкеріміз 
жайында көп хабар береді. О.Бөкей қолданысындағы заттық детальдар қыздың 
тек тұрмыстық жайын ғана емес, оның әлеуметтік жағдайын да білдіреді деуге 
болады.  
Белгілі  қаламгер  Ә.Кекілбайұлы  қазақ  қара  сөзіндегі  Қаратау  мектебінің 
жақсы  үлгілерінің  заңды  мұрагері  ретінде  таныған,  новеллаларында  «Саттар 
Ерубайдағы  лапылдаған  арманшылдық,  Тәкен  Әлімқұлдағы  арғы  мен  бергіні 
қатар  өрбітіп  отыратын  тарихилық  пен  табиғилық,  Асқар  Сүлеймендегі 
әлеуметті  ұлпа  жерінен  ұшынта  алатын  қиқарлық,  Қарауылбек  Қазиға  тән 
майда  әуез-лиризм  анық  бой  көрсететін,  оған  қоса  Абайдың  өз  заманы  мен 
наданнан түңілген күңіренісін қосыңыз» [107, 3] деп баға берген астары қалың, 
дүниезаты қатпарлы, тынысты қаламгер Игілік Әйменнің бүгінгі таңдағы қоғам 
мен  заман,  адам  мен  надан,  махаббат пен  ғадауат  хақында  толғанған  бірқатар 
новеллалары бар.  Автор  әлеуметтік  проблемалармен  қатар,  экология  мәселесі, 
«бір  кездегі  бүкіл  «қызыл  советтің»  бетке  тұтар  қалаларының  бірін  жебірлер 
түп-тамырымен  қылғытуға  сәл  қалған,  заводтары  бөлшектеніп,  қолды  болған, 
«имансыз  сиқыр-совет  өз  түбіне  өзі  жетіп,  құлап  тынса  да,  тоңдарын  теріс 
айналдырған жемірлер түп-тұқиянымен аты «тәуелсіздік», заты «имансыздық» 
жайлаған  қоғам  жайында  жазылған  новелларында  детальды  шебер 
пайдаланғанын  байқау  қиын  емес.  «Ұзақ  қыстың  ақырғы таңы»  новелласында 
кездесетін детальдар туынды идеясын да, эпиграф ретінде алынған «Қанатымен 
су  сепкен  қарлығаштай»  деген  халық  сөзінің  мағынасын  да  ашуға  барынша 
қызмет  атқарғаны  байқалады.  Новелланың  фабуласына  қысқаша  тоқталсақ, 
тәуелсіздік  алған  алғашқы  жылдардағы  халық  басына  түскен  зобалаңның 
салдарынан  отбасын  асырап,  ақша  табу  үшін  қиырдағы  Курилл  Сахалин 
аралдарына  жұмыс  істеуге  кеткен  Талғат  есімді  жігіттің  Бақыткүл  атты 
келіншегінің  екі  баласымен  аулында  қалып,  ауыр  күндерді,  жұмыстан 
қысқарып қалып, қайта кіруге қауқары да, пара ретінде беретін «екі көк қағазы» 
да жоқ, аш-жалаңаш, жоқтықты, басынан өткізген қорлығы баяндалатын шағын 
туынды.  Автор  басты  кейіпкерінің  образын  жан-жақты  ашу  үшін  заттық 
детальдарды ұтымды пайдаланған. 
Шағын қалада ғұмыр кешіп жатқан қандас ағайындар бір-біріне жатбауыр, 
қала берді жау. Бірі заманнан қадір кетті деп налыса, екіншісі қаһарына мініп, 
әлсізіне  сес  көрсетеді.  Жүйелі  жаңа  тәртіптің  болмауы,  дәстүрлі  қазақ 
мекеніндегі  тыныс-тіршіліктің  бұзылауы,  ел  ішін  әрі-сәрі еткен.  Бұқара халық 
үшін ең қауіптісі, ең қорқыныштысы – болашақтың бұлыңғыр белгісіздігі еді. 
Қанатымен су сепкен қарлығаштай Бақытгүлдің жанында жары жоқ, жұмыс 
істеп  ақша  табайын  десе,  жұмыс  жоқ,  ұлы  мен  қызын  асырап,  өсіру  жолында 
көрген  қиындығы  ұзақ  тұрып  алған  қыстың  ақырғы  таңын  суреттеумен 
қиюластыра  өрілген.  Бақытгүлдің  бар  қуанышы  –  қанағат,  бойға  қуат  ететіні 
жарының  үш  ай  бұрын  жазған  хаты.  Міне,  дәл  осы  хат  новелладағы  негізгі 
деталь  деуге  болады.  «Бақытгүл  осында  түскен  қара  тас,  қағылған  темір 


63 
 
қазық»  –  міне,  деталь.  Бақытгүл  кім,  ол  қара  тас,  темір  қазық.  Екі  балалы 
болғанымен  отбасылық-некелік  өмірдің  ащы-тұщысын  айыра  қоймаған 
Бақытгүлге  Талғатының  жоқтығы  жанына  қанша  қатты  батса  да,  қатқан  қара 
тастай  мықты,  сыртқа  білдірмейді,  оңашада  отырып,  сағынғанда  шеміршегі 
созылып  жылап  алады,  арасында  үн-түнсіз  егіліп  те  алады.  Бірақ,  түңілмейді, 
шошынбайды,  көмек  сұрап,  жылап-сықтап  ешкімге  қол  жайып  бармайды, 
Атыраудағы  анасы  есіне  түсіп,  ет-жүрегі  езіліп,  өзін  қоярға  жер  таппаса  да 
анасының  бір  ауыз:  «Қызым,  ошағыңды  ойла,  сол  жерге  қағылған  қазықсың, 
жапырақ  жаюың  керек»  деген  бір  ауыз  сөзіне  тоқтап,  ол  жаққа  да  бармайды. 
Өйткені, ол қағылған темір қазық, қандай қиындық, қорлық болса да жылжып, 
орнынан  қозғалмақ  емес.  Отбасының  болашағы  үшін  жұмыс  іздеп  алысқа 
кеткен,  өзі  жетім  өскен  жарының  сағынып,  арып,  ашып  жететін  жері  –  қара 
шаңырағы.  Ол  өзінің  қара  шаңырағының  қазығы  мықты  екеніне  сенімді. 
Шығарма  мазмұнын  ашар  эпиграфтың  «Қанатымен  су  сепкен  қарлығаштай» 
деп  алынуы  бекер  емес.  Шынашақтай  ғана  келіншек  –  қара  тас,  темір  қазық, 
қарлығаш.  Қазақ  үшін  мұның  бәрі  киелі  ұғым.  Қара  қазан,  қара  шаңырақ  – 
қазақтың  қастерлейтін  дүниелері.  Не  себепті  қара  тас  –  барған  жеріне  тастай 
батып судай сіңген, түскен шаңырағын шайқалтпай, екі бөбегін аялап, соларды 
аш  қалдырмау  үшін.  Біресе  өзбек  Тәшмат  аканың,  оның  сиырлары  суалып 
қалса,  әзербайжан  шалдың  қалдық  сүттерін  сатып,  ешкімге  қол  жаймай, 
ауырған  балаларын  ұйқы  көрмей,  шарқ  ұрып,  жылуы  жоқ  үйінде  қалтырап-
дірілдеп,  семіп  тоңған  тұла  бойын  ыстық  су  құйылған  пластмасс 
баклажкаларды табанына байлап жылытып, аман алып қалған, отбасын сақтап 
отырған адалдығына орай айтылған.   
Қ.Мүсіреповтің 
«Әпкем» 
атты 
новелласында 
өзінің 
отбасының 
жауапкершілігі бір өзіне  артылса да  мойымай,  соғысқа  кеткен  жалғыз  інісінің 
отбасына  қарайласып,  болысып,  қанатымен  су  сепкен  қарлығаштай  болып 
жүрген әпке жайында әңгіме болады. Оған салса інісінің үйінен, бауырларының 
қасынан  кеткісі  жоқ.  Бірақ,  қолына  қарап  жаутаңдап  отырған  балалары  бар, 
колхоздың  жұмысынан  қол  үзуге  және  болмайды,  жолдасын  да  еңбек 
армиясына  шығарып  салған  байғұс  әпке  амал  жоқ,  белін  бекем  буып, 
бауырларын бір-бір қысып құшақтап, үйіне кетеді. Бірақ, колхоздың мақтасын 
жинап,  еңбеккүніне  астық  берілсе,  жол  азабына,  күннің  ыстық-суықтығына 
қарамастан  үлкен  ақ  қапшығын  арқалап,  бауырларына  жетіп  келетін  кең 
жүректі  жан  болатын.  «Дала  көзге  түртсе  көргісіз,  тастай  қараңғы.  Құттөбет 
қана  саңқ-саңқ  етіп  үріп,  үй  жанын  айнала  торып  жүрген.  Бір  мезгіл  оның 
даусы шықпай қалды. Түн бойына тыныштық таппайтын Құттөбеттің мұнысын 
әдетте жақсылыққа жоримыз. Үйге ағайын-туысқанымыздың біреуі келе жатыр 
деп  білеміз  мұндайда»  [108]  деген  детальдан  ит  екеш  иттің  өзі  асыл  әпкені 
танып, үрмейтін ерекшелікті, ол кісінің бұл үйдің адамдары үшін де, иті, қала 
берді аты үшін де қымбат екенін аңғарамыз. Сан жылдардан кейін осы оқиғаны 
баяндап отырған бауыры әпкесіне сәлемдесу үшін жолға шыққанда асыл әпкеге 
«астындағы  қызыл  күрең  де  асыққандай,  ауыздығын  алға  қарай  жұлқи  тарта 
береді».  Міне,  барлық  тірі  жан  жан  иесі  үшін  ардақты  жанның  образын  ашу 


64 
 
үшін  автор  осындай  детальдарды  қолданады.  «Біз  әпкемді  алыстан  танимыз. 
Қыс  күндері  қара  масаты  шапанын  киіп,  қоңыр  шәлісін  тартады.  Ал  күн 
жылыда жеңі жоқ көк барқыт күртешесін киіп, ақ жаулығын төгілдіріп жүреді. 
Біздің  үйдің  жанындағы  қайсы  бала  болсын,  әпкемді  көрген  мезетте  алдынан 
жүгіріп шығады» [108] деп қара масаты шапан, ақ жаулық, көк барқыт күртеше 
деген  заттық  детальдар  арқылы  әпкенің  қазақы  үрдіспен  киінетін  ерекшелігін 
де білеміз.  
Новелладағы  заттық  деталь  –  ақ  қапшық.  Ақ  қапшық  –  деталь-характер. 
Әпкенің 
барлық 
болмысынан, 
мінез-құлқынан, 
ықылас-ниетінен, 
бауырмалдығынан хабар беретін деталь. Жылдың қай мезгілі болса да, қолына 
түскенін алып, ақ қапшығын арқалап келіп тұрады. Ораулы зат емес, түйіншек 
емес,  ақ  қапшық.  Қапшыққа  көп  дүниенің  сыйып  кететінін  ескерсек,  әпкенің 
қаншалықты  кең  жүректі  жан  екенін  байқау  қиын  емес.  Автор  әпкенің 
бойындағы  асыл  қасиеттерін  мінездейтін  деталь-характерді  ұтымды  ойлап 
тапқан.  Болмашы  ғана  деталь.  Бірақ,  осы  шынайы  оқиғаны  жанды  суретке 
айналдыра  алған,  көз  алдыңа  ақ  қапшығын  арқалап  алыстағы  аулынан  жаяу 
келіп  тұрған  абзал  жан  елестейді.  Детальдың  негізгі  қызметіне  тоқталғанда, 
нақтылық  дедік.  Ал  нақтылық  –  шындықтан  ауытқымау.  Автордың  сөзбен 
салған  суретіне  көз  алдымызда  жан  бітіп,  ол  дүние  бізді  сендіре,  қызықтыра, 
еліте алса, біз оны терең толғаныс-тебіреніспен қабылдасақ – деталь нақтылығы 
келіп туатыны ақиқат. 
Аталған  автордың  «Әлдилеп,  аялап»  шығармасындағы  заттық  деталь  – 
алтын жүзік. «Әрқашанғы дағдысымен Нұрмолда келіп тұр. Қоңырқай жүзінде 
қан  ойнайды.  Әлде  қысылып,  ұялғандай  ма,  Меруерттің  аппақ  сүйрік 
саусақтарын  тарақтап  ұстады  да,  ортаңғы  саусағына  алтын  жүзік  кигізді. 
«Мына жүзіктен бақытты күндеріміздің сәулесін көріп жүрші, арманымыз осы 
жүзіктей  жарқырап  тұрсыншы.  Екеуміздің  өмірлік  серік  болған  күніміздің 
ескерткіші  етіп  салып  жүрші,  Меруерт»  деді  даусы  дірілдеп  [109].  Осы  жүзік 
дәстүр жалғастығын тауып, көненің көзіндей болып жиырма бес жылдан кейін 
жаңа  иесін  тапты.  Осы  шаңыраққа  ақ  торғынға  оранып,  есіктен  имене  кірген 
келінін  құшағына  қысып,  маңдайынан  сүйген  енесі  Меруерт  апа:  «Жарығым, 
мынау  құттыханаңның,  арманмен  кеткен  атаңның,  арманына  жеткен  енеңнің 
саған  сақтаған  сыйлығы,  -  деп  келінінің  саусағына  алтын  сақинаны  салды. 
Келін  екі  беті  албырап,  перзенттік  ризалықпен  басын  иіп  тәжім  етті»  [109]. 
Заттық  деталь  ретінде  алынған  бұл  жүзік  –  Меруерт  апа  үшін  ең  қасиетті,  ең 
қастерлі бұйым, асыл жарының көзі. Жиырма бес жыл бойы осы жүзіктен өткен 
жақсы  күндерінің,  жарқын  жастық  шағының,  алдағы  арман-үмітінің  сәуле-
шуағын  көргендей  болып,  жиырма  бес  жыл  бойы  жан  серік  жарына,  өзінің 
Нұрмашына  деген  пәк  сезімін  осы  жүзіктей  кіршіксіз  сақтап  келген  болатын. 
Нұрмолдасынан жастай айрылса да, отын сөндірмей, жар деген, әйел деген, ана 
деген ардақты атқа кір келтірмеген, ширек ғасыр бойы аш өзегін удай ашытып, 
оттай күйдірген, көкірегінде шемен боп қатқан қайғысын жасырып келген ана 
бақытқа кенелді. Жалғыз ұлын үйлендірді, бұрын-соңды ешбір қасіретті  естіп, 
білмегендей,  өмірге  жаңа  келгендей  түрге  енді.  Шығарманың  идеясын  ашуда 


65 
 
да,  кеудесі  жақсылық  атты  күмбірлеген  күйге  толы  қазақтың  шүйкедей 
әйелінің,  шүйкедей  болса  да  өз  басына  еншілеп  ештеңе  сұрамайтын,  көппен 
бірге  көгерсем  дейтін,  баршаға,  бүкіл  жаһанға  жақсылық  тілейтін,  қазақтың 
қарапайым да құдіретті аналарының образын жарқыратып ашуда да бұл деталь-
жүзік ерекше рөл атқарып тұр. «Көркемдік дегеніміз – өмір, біз өз ұғымымызда 
өмір  осындай  болуы  керек  дейміз,  егер  бір  нәрседе  біздің  осы  ұғымымыздай 
етіліп өмірдің бейнеленгенін көрсек, міне, сол нәрсе ғана көркем болмақ; бізге 
өмірді нақты  көрсететін немесе  өмірді  еске  түсіріп,  көзге  елестететін  зат  қана 
көркем»  [66,36]  деген  пікірге  сүйенсек,  аяулы  ананың  жастай  айрылған  жары 
Нұрмолдасының  көзіндей  сақтап  келген  асыл  бұйымы  –  жүзікті  асқан 
мейірімділікпен келініне тағу арқылы сан жылдар бойғы үміті ақталып, бақытқа 
жеткенін түсіне аламыз. 
Жалпы  новеллист  Қ.Мүсірепов  өз  туындыларында  бірқатар  түске  қатысты 
детальдарды  да  ана,  әпке  образын  жан-жақты  ашу  үшін  орнымен  қолдана 
білгендігі  аңғарылады.  Мәселен,  «Әпкемде»  ақ  жаулығы  ақша  бұлттай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет