Сатылханова гульмира алихановна



Pdf көрінісі
бет43/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17302
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   66
кейіпкер  мінезінің  қалыптасуы  үшін  де  рөлі  ерекше  екенін  айтады.  Тіпті, 
кейіпкердің  табиғатқа  деген  қарым  қатынасының  өзі  оның  мінезі  мен 
дүниетанымынан  хабар  беретінін  жоққа  шығара  алмаймыз.  Пейзаждық 
детальдың  тағы  бір  қызметі  –  психологиялық  мүмкіндігінің  молдығында. 
Табиғат  құбылысының  белгілі  бір  деңгейде  адамның  ішкі  жан  дүниесімен 
сәйкес  келіп  жататындығы  бұрыннан  да  жазылып  жүр:  қар  –  пәктік, 
тазалықтың,  күн  –  қуаныштың,  бұлт  –  үрейдің,  күзгі  жаңбыр  –  мұңның 
белгісімен  байланыстырылады.  Яғни,  пейзаждық  детальдар  әуел  бастан-ақ 
шығармада  арнайы  эмоционалдық  қызмет  атқарады.  Кейде  табиғат  көркем 
шығармадағы  негізгі  әрекет  етуші  тұлға  ретінде  де  суреттеледі.  Мұның  әдемі 
үлгісіне  Ақан  Сері  мен  Ақтоқты  сұлу  екеуінің  арасындағы  баянсыз 
махаббатына арналған С.Жүнісовтің «Қарындас-ай, енді есен бол!» новелласын 
жатқызуға болады. Мұнда да пейзаждық детальдың әдемі үлгілері кейіпкердің 


106 
 
жан  дүниесімен  сабақтастықта  өріледі.  «Жалғыз  аяқ  жолмен  еңкеңдей  басып, 
жан  ұшырған  талдырмаш  бала  жалаңаш  шоқыға  шыға  келгенде  көзі  жайнап 
сала берген. Сырымбет – андағайлап алыстан көз тартар аса биік болмағанмен, 
етегінде  жарқыраған  көл,  бауырында  сылдырап  аққан  кәусар бұлақ,  сыңсыған 
қалың жынысты әсем шоқы. Ең биігінен қарағанда, Көкше даласының көп тұсы 
алақанға  салғандай  анық  көрінеді.  Екі  өкпесін  қысқандай  еңсесін  басқан  қала 
қапырығынан,  аядай  жерде  аят  оқып,  күні-түні  сарнап,  күңіренген  мешіт 
тіршілігінен  Ақжігіт  жалаңаш  төскейге  шыға  келгенде,  тынысы  кеңіп  сала 
берді.  Ентігін  басқан  бала,  айна  көлдерге,  қалың  орманға,  алыстан  мұнартқан 
көгілдір  тауларға  дейін  тойымсыздана  қарап,  арқан  бойы  көтерілген  жазғы 
күндей жүзі жайнап:  
- Аһа-һей, а-һей! – деп қалай айғайлап жібергенін аңғармай қалды. Бар алап 
саңқылдаған бала даусымен жаңғырығып, орман ішінде, көл бетінде сыңсыған 
бүкіл құс атаулы дүрліге ұшқандай болды» [142] әрбір жол, әрбір деталь алып-
ұшқан жастың көңіл-күйінен хабар береді. Жас жігіттің рақатқа бөленген жан 
дүниесі  қандай  болса  табиғат  та  сондай.  Әр  бетеген,  әр  шөбі,  гүлі  жұпар 
тағынған, өзені  мен  көлі  күнмен ойнап  шағылысқан  айнадай,  әр  ағашы  жиған 
жүктей,  әр  тасының  шетін  бассаң  күмбір  етіп  күй  төгілетін  қазақ  даласының 
құшағы кең, асыл, жомарт.  
Автор 
новелласындағы 
пейзаж 
кейіпкердің 
рухани-адамгершілік 
қасиеттерімен,  ішкі  жан  толғанысымен  астарласып  жатады.  Басына 
бақытсыздық орнап,  сүйгені басқа  ауылға  ұзатылып  жатқанда  сонау  жылдары 
сағынып жеткенде арнасына сыймай тасыған әндей бар сұлу келбетімен қарсы 
алып,  жас  ақынды  тебіренткен  «Көкше  жері  қазір  салқын,  сұсты.  Аспанды 
торлаған қара  ала, торы  ала бұлттан басқа биікте  қанат  серіпкен  тірі  құс жоқ. 
Алыстан  мұнартатын  әсем  таулар,  сұлу  шоқылар  да  сұр  далада  еңсесі  түсіп 
бұғып  қалғандай.  Жапырағын  жайған  жасыл  орман  да  қазір  үсті-басын  қырау 
басып,  түнеріп  суық  қарайды.  Күзгі  ымыртта  қалың  қарағай  найзаларын 
шошайтып қабақ түйіп, мұз құрсанған қалың қол сияқты. Сүтемген ауылынан 
белгі  болса-ақ  найзаларын  оқтанып,  атой  салып,  қоршап  алар  иін  тірескен 
қалың  қарулы  ғаскердей»  [142].  Енді  қарасақ,  кешегі  бақытты  жас  жігіт  жоқ. 
Ызыңдаған жел өтінде, Сырымбеттің төбесіндегі жалаңаш таста бойы тоңазып, 
қалтырап Ақан отыр. Ықтасынға да кірмейді, ауық-ауық күрсініп қояды, қоңыр 
бұралған  қос  ішекті  домбырасы  да  ақын  қайғысын  бөліскендей,  мұңды  үнмен 
егіліп, баяу күрсініп, сыңсығандай болады.    
Адам  мен  табиғат  бір-бірімен  тығыз  байланыста  өмір  сүріп,  адамзаттың 
көңіл-күйі  де  сол  табиғат  құбылысымен  бірге  өріліп,  көркемдік  жүйенің 
біртұтас,  ажырамас  бөлігіне  айналатыны,  пейзаждық  деталь  арқылы 
кейіпкердің  рухани  әлеміне  тереңдей  үңіліп,  адам  психологиясын  ашатын 
мүмкіндігін 
зерттеуші 
А.Әшірбекова 
«Фольклор 
туындыларында 
психологиялық  параллелизм  түзудің  негізгі  элементі  санатында  көрінетін 
табиғат  суреттері  кейінгі  әдеби  прозалық  шығармаларда  авторлық  қолтаңба  – 
стиль іздерімен сабақтаса келіп, көркемдік әлемнің тұтастық жүйесін әйгілейді. 
Ондағы  кейіпкердің  ішкі  болмыс-бітімін  зерделеудің  маңызды  құралы 


107 
 
саналады.  Шығарма  поэтикасын  құрайтын  пейзаж  кез  келген  көркем 
шығарманың  көркі  десе  де  болғандай,  адам  мен  табиғат  қандай  тығыз 
байланыста  өмір  сүрсе,  адамзаттың  көңіл-күйі  де  сол  табиғат  құбылысымен 
бірге  өріліп,  көркемдік  жүйенің  біртұтас,  ажырамас  бөлігі  болатыны  белгілі. 
Көркемдік  деталь  тұрмыстық,  заттық,  этнографиялық,  портреттік,  пейзаждық 
деталь  арқылы  кейіпкердің  рухани  әлеміне  тереңдей  үңіліп,  адам 
психологиясын  ашады.  Пейзаждың  идеялық-эстетикалық  ерекшелігі  әрбір 
суреткер  ұстанған  көркемдік  заңдылықтарымен  тығыз  байланысты»  -  деп 
көрсетеді  [143,69].  Мысал  ретінде  К.Сегізбаевтың  «Әке»  новелласының 
сюжетін  алуға  болады.  Мұнда  алдымен  кенже  баласын  сонша  күткен,  тіпті 
өлерін  білсе  де,  алыс  жерден  келемін  деп  жүріп,  суыққа  ұрынып  қалар  деп 
шақыртпай,  тек  суретіне  қарап  мауқын  басып  отырған  әкенің  сағынышы 
суреттеледі. Шығарманың басында санаулы сағаты қалған қария Күнмен іштей 
қимай қоштасады. Табиғат-Ана да оған жауап қатқандай. «Күн Ақшоқының ақ 
сәукелелі  құзар  басына  манаурап  барып  иек  артты.  Көп  жылаған  адамның 
көзіндей  талаурап  кеткен.  Артында  қимасы  қалып  бара  жатқандай,  кірпік 
қақпай үздіге қарайды» [144]. Сәтті пейзаждық деталь дегіміз келеді. Ақшоқы – 
қарияның туған жері, бүкіл саналы ғұмырын өткізген жері. Ол осы Ақшоқымен 
өзінің өмірін тығыз байланыстыратын. Өмірінің өтерін аңғармаған, үйреншікті 
мекенін  мәңгі  өзі  мекендейтіндей  көрген  қария  тірлігінде,  яғни  күш-қайраты 
бойында  тұрғанда  өзі  болса  бұл  аймаққа  ешкім  қол  жая  алматындай,  мал 
қамын,  жер  бабын  ешкім  таба  алмайтындай  көріп,  өзін  осы  төңіректегі 
тіршіліктің  тірегіндей,  алтын  қазығындай  сезінетін.  Оны  «Ол  осынау 
табиғатты,  туған  топырағын,  өз  өлкесінің  тіршілік-тынысын  өзінсіз  елестете 
алмайтын.  Қызылқырқа,  Талдысыз  өз  тіршілігінің  әрсіз  де  нәрсіз  болатыны 
сияқты  өзінсіз  Қызылқырқа,  Талдыны  да  қараң  қалатындай  сезінетін. 
Ғұмырының  көбін  табан  аудармай  тау-тасының  тілін  өзі  тауып,  отарымен  өзі 
жайлап,  өзі  қыстаған  жерінің  тілін  басқа  адам  табады  дегенді  ол  осы  уақытқа 
дейін ойлап көрген емес» [144] деген жолдар растайды. Оның үстіне пейзаждық 
детальдың  адам  санасы  мен  жүрек  бұлқынысына  сәйкес  ыңғайында 
бейнелеудің  мүмкіндігін  көрсетеді.  Осы  орайда  ғалым  Б.Майтановтың  «Сезім 
шындықтың  әр  алуан  бай  палитрасын кестелеуде  қазақ  прозаиктері  ландшафт 
кескіні  мен  адамның  рухани  дүниесінің  үндестігін  мол  пайдалануға  төселген» 
деген пікірі ойға оралады [145, 34]. Ақсақал Ақшоқысын қалай қимаса, Күн де 
Ақшоқының  құзар  басына  барып,  иек  артып  тұрып  алады.  Жылаған  адамның 
көзіндей  талаурап  кеткен,  кірпік  қақпай  үздіге  қарайды  деген  детальдар 
табиғатқа жан бітіріп, тіріліп кеткендей әсер қалдырады. Үнсіз болса да адам-
пендесінің  сырын  қалтқысыз  ұғып,  ол  да  батқысы  келмей,  қимай  тұрғандай 
әсер  қалдырады.  Бірақ  бір  нәрсе  қатты  болса  да  шындық.  Ол  –  адам  өмірінің 
тұрлаусыздығы.  Уақыт  өз  дегенін  алады,  күннің  батуымен  бірге  қарт  өзінің 
өмір ағымы үшін құйтақандай елеусіз нәрсе екенін аңғарады. Ескі кетіп, жаңа 
келеді,  жас  өсіп,  жасамыс  өтеді,  мәңгілікті  жоққа  шығаратын  өмірдің  осы  бір 
бұлжымайтын, бұлжытпайтын қатал заңдылығына мойын ұсынбас тіршілік жоқ 
екенін,  тек  сол  жеке  ғұмырлардың  айналуы,  ауысуы  арқылы  мәңгі  тіршілік 


108 
 
сақталатынын түсіндіріп, түйсіндіреді автор. Жетпіс жыл ғұмыр кешіп, қайтыс 
болған әкесінің қабіріне келіп, енді көз алдында емес, тек көңіл қойнауының ең 
бір  аяулы  түкпірінде  сақтай  алатын  қасиетті  бейнеге  бағышталған  ұлдың  жан 
сезімі  ағыл-тегіл  жасқа  айналып,  жас  қабірге  тамшылайды.  Ғазиз  әке  ғұмыры 
ұрпағы – баласы, немересі арқылы жалғасын табарын тағы да пейзаждық деталь 
арқылы  ұғамыз.  «Жолаушы  ауылға  қарай  бет  алғанда  күннің  алтын  сәулесі 
қарлы  атырапты  нұрға  мала  бастаған  еді.  Тағы  да  күн  шапағы  алдымен  биік 
шоқылар басына қонақтап, тау етегіне қарай баяу сырғи бастады. Кәрім шығып 
келе  жатқан  күнге  қарады.  Оның  мың  миллион  алтын  кірпіктерінен  үлкен 
мейірім  көрді»  [144]  деген  детальда  кешегідей  кірпік  қақпай  үздіге,  қимай 
қараған көз жоқ, мейірім, шуақ шашқан көз бар. Бұл әке қайғысы жаспен бірге 
далаға шығып, денесі жеңілдеген, енді өзінің жаңа дүниеге келген нәрестесінің 
болашағын  ойлаған  кенже  ұл  –  Кәрімнің  жай  күйін  сездіретін  детальдар. 
Сонымен  бірге,  бұл  пейзаждық  детальдар  Кәрімнің  санасындағы  өзгерістерді 
сездірі,  жігерлене  бастауына  себеп  болады.  Күннің  шығуы  –  жақсылықтың 
бастамасы. Автор бұл детальға зор психологиялық міндет жүктеген. 
«Адам – табиғат перзенті. Табиғат – ұлы жаратушының еншісі. Бізге таныс 
Күн жүйесі мәңгілік қозғалыста. Пейзаж – шексіз уақыт пен кеңістіктің көркем 
әдебиет ауқымындағы сана мен табиғат шағын көмкерген шағын моделі» [139, 
103]. Новеллада автор адам – табиғат перзенті екенін жете түсініп, табиғаттың 
мамыражай 
кезеңін 
қаһарманның 
жан-дүниесіндегі 
сезіммен 
терең 
жымдастырып,  экспрессивті-лирикалық  бояуы  қанық  көркем  өрнек  жасай 
білген.  Бұл  өз  кезегінде  табиғат  кескінінің  кейіпкер  жан  дүниесімен  тығыз 
байланыстылығы,  болашақ  оқиғалармен  сабақтастығы,  қаһарман  әрекетіне 
сәйкес  пейзаждардағы  деталь  нақтылығы  жайлы  Е.В.Лизунова  пікірінің 
растығын аңғартады [16,231]. 
М.Әлімбаевтың  «Дауыл  үнді  әнші»  новелласының  оқиға  басталуында 
Ертістің  сол  жақ  жағалауына  орналасқан,  жарлы-жақыбайлар  аулынан  қысы-
жазу  кірешілер  арылмайтын  болғандықтан,  онсыз  да  қолы  қысқа  ауыл 
жүргіншілерден ығыр, ерқашты боп әбден жалыққандықтан түнделетіп жеткен 
шаналы  жолушыларға  ешкім  есік  ашып,  төріне  өткізе  қоймады.  Тіпті,  жасы 
кіші  кірешілердің  бірнешеуі  әрі-бері  жүгіріп,  қамшысымен  терезені  қаттырақ 
ұрса да, ешқандай үй дыбыс беріп, есігін ашпайды. Бұл ауылдан қайыр жоқ деп 
үміт үзілгелі тұрғанда, новелла жанрының табиғатына сәйкес оқиға арнасы кілт 
өзгереді.  «Екілене  соққан  екпінді  боран  ұлиды,  ұйтқиды,  тұншықтыра, 
тегеурінмен  серпеді.  Арқаның  азынаған  боранын  ән  басып  кетті»  [146]  деген 
жолдар  Жарылғапберді  әншінің  даусы  да  туған  жері  –  Арқа  даласының 
табиғатына  сай  екпінді  боран,  тегеурінді,  азынаған  желді  де  елең  қылмайтын 
зор дауысты екенін білдіреді. «Ей, Ардақ, сен ақ қоян шыңнан қашқан» деген 
әнді  шырқай  бастағанда  шімірікпей  шырт  ұйқыда  жатқан  ауыл  қазағы  ән 
әуенінен  кілт  оянғанын  «әр  есікте  –  қылтиған  бір-бір  бас,  аңқия  ашылған 
ауыздар»  [146]  деген  әдемі  детальдар  түсіндіреді.  Осы  тұста  қазақтың  өнерді 
сүйіп,  ерекше  бағалайтын  қасиетіне  тәнті  боласың.  Пішіні  таныған  жатақ 
кедейлері  әр  тұстан  жамырап,  үйлеріне  шақырып,  бәйек  бола  қалады.  Ауыл 


109 
 
қазағының жайын жақсы түсінетін әнші осы сапарында «Жоқшылық ер жігіттің 
қолын байлар» деген әнін шығарған екен. Бұл новеллада автордың пейзаждық 
детальды  пайдалану  себебін  «адам  мен  табиғат  –  егіз»  деген  ұғыммен 
түсіндіруге болатын секілді. Оны шығарманың жай ғана әнші емес, дауыл үнді 
әнші деп аталуы да растайтындай.     
Д.Әбілев  «Көкжота»  новелласында  жан-жануарды  нұр  шуағына  бөлеп 
масайратқан  көктемгі  дала  дидарын  бір  көруге  зар  боп,  төсек  тұтқыны  боп 
жатқан ақын Сұлтанмахмұт  жайында әңгіме өрбиді. Көктем туғалы бірінші рет 
далаға шыққан ақын Көкжотаның сұлулығына тамсанады. Төңірекке томағасы 
жаңа  ғана  сыпырылып  жарық  дүниенің  жарқын  сәулесін  енді  көрген  ашкөз 
қырандай  ашқарақ  қарағанда  көрген  тамаша  табиғат  көрінісі  жанын 
жадыратады: «Көк тастарды жарып шыққан жас қарағайлар хош иіс атады. Тау 
төсінен  қайнарлар  атқылайды.  Әсемдікке  таласып  қаз-қатар  тізіле  сылаңдаған 
ақ  қайың  арулардың  қалың  жынысында  қаншама  сырлар  жатыр?!»  [147].  Зер 
салып  қарасақ,  шағын  тауға  табиғаттың  мұнша  жомарт  берендігі  мен 
даналығына  ақын  сезімі  бас  иіп  тұр.  Сіріңке  қорапшысының  түбінде  қалған 
жалғыз тал шырпысын қараңғы қорада тартып жіберіп, соның сәулесі жарқ етіп 
жанып  сөнгенше  сүйген  жарын  уәделі  жерінен  табуға  табуға  жан  ұшырған 
махаббат құштары тәрізді. Айналадағы барша табиғатқа да, тау тасқа да мөлдір 
құштарлығымен  қомағай  қарайды:  «Ақбет  жотасы  мен  өзі  тұрған  биіктің 
арасында  иегінің  астында,  қолтыққа  қысқан  көк  бұйра  қозыдай  бұйраланып 
Торайғыр  көлі  мөлдірейді.  Оның  жорға  бесіктей  жәйлі  төсінде  ұшып-қонып 
құстар әндетеді. Одан әртін батысқа көз жүгірткенде бір замандарда тілсім боп 
қатып қалған батырлар тәрізді «Батыр тас», «Қыл мойын тас», «Найза тастар» 
тұр. Солардың сыртында Жамбақы шыңының бауырында періштенің көзіндей 
пәк  мөлдір  Жасыбай  көлі  жарқырайды.  Тереңіне  түсіп  кеткен  ине  жасырына 
алмас бұл көлдің мөлдірлігі мен тынық тазалығын шалқасынан жатқан айнаға 
ұқсатты  Сұлтанмахмұт.  Осынау  екі  көлді  табиғат  егіздерінің  ішіндегі  ең  бір 
мөлдір еркетайы көрді. Көз алмай тұрып қалды» [147]. 
Т.Рахымжанов  новелласының  тақырыбы  –  «Тектілік».  Тектілік  –  бұл  адам 
баласына  тән  асыл  қасиет.  Бірақ  автор  «Көкбөріден  садаға!?  Аулақ!!!»  деген 
эпиграфы арқылы адам емес, бөрі бойындағы осы қасиеттің көрінісіне меңзеп, 
оқиғаны  өрбітеді.  Шығармадан  табиғат  пен  адам  дүниесінің  тұтастығына 
меңзейтін  пейзаж-детальдарды  көптеп  кездестіруге  болады:  «Күн  құлдилап, 
екіндіден  ауып  қалған.  Қиястап,  қанша  шақшиғанымен,  ен  терістіктен  оқтын-
оқтын  дүркірей  соққан  мақпал  желкемік  еркінси  бастаған:  құлақ-шекең  қыж-
қыж  қайнағанымен,  арқаңның  от-жалынын  үрлей  сөндіріп,  сабырға  шақырып, 
сылап-сипалайды. 
Екі 
жонның 
аралығындағы, 
сонау 
тылсымдана 
бұлдыраңдаған  өзеннен  оқша  тартылған,  «барсакелмес»  арал  іспетті  найза 
шоқы шаңырақсалдыны айнала қоршалаған қолтық аңғарлар жоғары қия беттен 
шымылдықтана,  көктүтіндене  көлкиді.  Шымылдықтың  астындағы  томара 
қаракүреңденген  қойын-қоныш  теңіздің  тұңғиық  тереңіндей  я  жер  кіндігіндей 
де  ме...  шымылдықтың  үстіндегі  ақша  бұлттармен  астаса  шақырайған  құз-
қияндар  күн  баласындай  я  шдей  де  ме...  екі  жағы  да  алақандай  жұмсақ,  не 


110 
 
жұдырықтай тентек те ме?! Бір анығы: екеуінде де аялылық, аяулылық жатыр; 
сонымен  қатар  асқан  адуындылық,  түпсіз  тәкаппарлық  та  бар!»  [111,  4]. 
Қойшының түсінігінше, бұлар да адам нысапты жоғары. Алланың шеберлігімен 
жасалған дүниелер, перзенттері. 
«Күн  Тайлақтың  жонын  еңсеріп,  тау  іші  алакөлеңкелене  бастаған. 
Тамыздың тамызып тұрған күнінің беті бірдеңнен жайдарыланып сала берген. 
Кешкі саумал жоннан үрлесе – денеңді жыбырлата қытықтап, өзен қуалай соқса 
–  селт  етпе  сергітіп,  жаның  жайланғансығанымен,  құлазыған  шерменде 
көңіліңнің  аптығы  басыла  қоймайды.  Ұзақты  күннің  аптабы  қуыс-қапастарда, 
көлеңкелерде  бастығырылып  жатқан  бас  айналдырар  қою  тәтті  иістер  бұрқ 
көтерілген»  [111,  8]  –  тауға  қарап  тұрып  Дәулет  қойшы  сүйсінеді.  Колхоз-
совхоздың  бар  малы  тәркіленіп,  жемірлер  елдің  малын  жекешелендіріп-
жымқырғалы таудың да әрленіп, әлденіп, жаңарып, жасарғанын байқады. Тіпті, 
былтырдан бері атамзаманғы жоғалып кеткен шөптер де бас көтерген. Сонда ол 
ұрықтардың өшпейтінін түсінген.  
Бұл  –  Дәулет  қойшының  жай-күйі.  Ұжымшардың  жебір  басшыларын  «боқ 
қарынға»  санағанына  риза  болғаны,  үш  күнде  сеткінің  ішінде  тұрса  да,  үш 
қозысын  жоғалтқанын  естіп,  көңілі  жайланып  қалады.  Оның  себебі,    отарын 
көріне  көзге  қосып  жіберіп,  ақыр  соңында  бір  бас  даулаған  әрекеті  үшін 
Масақбай қойшыны «махаббатсыз жаратылған доңыз» деп танитын еді.  Дәулет 
қойшының  есіне  әкесінің  айтқан:  «Көкбөрінің  киелі,  текті  арландары  болады. 
Қасиетті  болады.  Егер  де  күшіктері  балалық  қып,  байқаусызда  жазықсыз 
отардың  қозыларына  тиіп  қойса,  қастасқан  қойшысының  қотанын  түн  қақпай 
аңдып, әйтеуір, ебін-есебін тауып, соншама қозыны қалайда тауық шақырғанша 
орнына  әкеліп  қояды»  деген  әңгімесінің  растығына  көзі  жетеді.  Масақбайдың 
төрт күшігін апанда жатқан жерінен өлтірген қастандығы үшін кектенген арлан 
түнделетіп  оның  қозыларын  Дәулет  қойшының  қорасына  апарып  тастағаны 
анықталады.  Шынында  да  оның  күшіктері  балалық  жасап,  табақ  бұлақтың 
үстіндегі  қалың  ырғайдың  ішінде  Дәулет  қойшының  бір  қозысын  жәукемдеп 
тастаған екен. Мұны арлан қасқыр соның өтеуі ретінде жасағанын ұқты.  
Новелланың  жанрлық  ерекшелігіне  орай  оқиға  күтпеген  жерден  басқа 
арнаға бұрылды: қозылар «мә-мелеп» отарға бас қойғанымен, ешқандай саулық 
оларды бауырына алмайды. Бейшара қозылар тінткілеп, әрлі-берлі жүгіріп, түк 
шықпағасын,  үшеуі  үш  жерге  төрттағандай  тұра  қалып,  жалпақ  жонның 
түктерін  тітіркенте,  ұзағынан  сыздықтата  сырнайлатқанда  –  біруақытта 
Масақбайдың ырқына көнбей жүрген үш аналық бастарын қақшитып, көздерін 
ұясынан  ытқыта  едірең  қағысып,  отарды  бұза-жара  ырғиды.  Еліріп,  естерінен 
айрылған.  «Ыңырана  иіскелеп,  емірене  иіп  барады.  Қара  жерге  тізелерін 
қазықша  қадап,  құйрықтарын  бұлтыңдата  қаққылап,  бастарын  аналарының 
бауырларына сүңгітіп-сүңгітіп жіберген қозылар – бұ жалғанның боқтықтарын 
ұмыттырып, шын дүниенің растығын көз алдыңа көлбеңдеткендей  – «мәңгілік 
бейбітшілік  құшағына»  берілген.  Көз  алдыңда  бір  сәтте  «көл-көсір  кесапат 
дүниенің  де  дөңгеленіп  сала  бергені.  Қойшының  да  қорғасын  жүзі  бал-бұл 
жанып,  тас-беріштенген  жан  дүниесі  майдай  еріп,  бүткіл  дене  құрылысы 


111 
 
мүшел-мүшелдене бусанып тұрды. Аспан шайдай ашық – күн күлімдеп тұрды» 
[111,10]. Күн шықты – жақсылықтың нышаны. Арадағы өкпе-реніш, араздықты 
ұмытып,  енесі  мен  төлін  табыстырған  адам  баласының  кеңдігіне  табиғат-
ананың да риза екендігін автор күлімдеген күн сәулесімен ұқтырады. 
Автор Т.Рахымжанов өз новелласында табиғаттың ару көктем, мамыражай 
жаз  секілді  адамның  жан  дүниесін  жадыратар  жарқын  пейзаждардың  орнына 
күздің  қара  суығы,  қақаған  қыс,  бет  қаратпас  алай-түлей  боран  сынды  ауыр 
астрометеорологиялық жағдайлардың суреттелуі кейіпкердің ауыр тіршілігімен 
тамырластықты  сездіреді.  «Сол  жылғы  қыстың  аш  қасқырдай  ішін  тартып 
ұлыған  боранды  күндері  оның  есінен  мәңгі  кетпес.  Соны  ойлағанда,  жылы 
төсекте жатқан шалдың қақпақтай жауырынының ортасынан сұп-суық тер бұрқ 
ете  түсті.  Бірде  қап-қара  шаштарын  жайып  жіберіп,  аза  тұтқан  қаралы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет