Сатылханова гульмира алихановна



Pdf көрінісі
бет51/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17302
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   66
аздығы), билет алуға да шамалары келмей, өкшелері жерге әрең тиіп (адамның 
шамадан  тыс  көптігі),  тұздау  үшін  күбіге  салынған  балықтай  иін  тіресе, 
жыпырлап  тұрған халықтың»  әлеуметтік  жайын  танытады.  Автор  әлеуметтік 
детальды ойната, теңеуді пайдалана отырып жасаған. 
С.Ерубаевтың  «Мәңгілік  өмір»  новелласында  негізгі  кейіпкер  қарапайым 
еңбек  адамы  Мирон  Андреевичтің  өмірге  деген  құлшынысын,  қоғамдық 
өзгерістерге  деген  ризашылығын  автор  Б.Бұлқышев  әлеуметтік  детальдар 
арқылы  көркем  жеткізген.  Стахановшылар  слетінде  еңбек  адамын  еркелете 
сөйленген жылы сөздердің аспан әлеміне көтеріліп, бүкіл еңбекші қауымға күн 
шұғыласында  бір  сәтте  тарағанын,  оның  Мирон  Андреевичке  деген  әсері 
қандай  болғанын:  «Сол  ұлы  дүбір  біздің  палатамызға  да  жетті.  Мирон 
Андреевич  әуелі  бір  көзін  сығырайта  ашты,  содан  кейін  ұшып  түрегелді, 
кроватына  отырды.  Таң  қалдық,  тіпті,  шошып  кеттік.  Өлім  сияқты  құпия,  о 
дүниелік,  көзге  көрінбейтіндей  бір  керемет  келіп  қалғандай  болды,  бірақ  ол 
керемет  қорқыта,  ызғарлана  келмеді,  қайта  жанға  майда  қоңыр  желдей  жылы 
леппен,  жеңіл  желпінмен  қанатын  қомдай  келді»  [49,19]  деген  жолдардан 
білеміз.  Мұндағы  әлеуметтік  детальдың  қызметі  –  қайратты,  қажырлы, 
қарапайым еңбек адамының ертеңгі күнге, жарқын болашаққа деген қалтқысыз 
сенімін  көрсету.  Тіпті,  өмірінің  соңғы  минуттарында  да  слет  сөздерін  тыңдап 
жатып,  көз  жұмуы  арқылы  автор  еңбек  адамын  тәрбиелегісі,  сенімін 
арттырғысы  келеді.  Шығарманың  өн  бойында  қарт  ажалды  жеңетін  үлкен  бір 
істі,  күн  шыққан  соң  шам  жарығының  мәні  болмай  қалатыны  сияқты  өлім 
дегенді  мән  атаулыдан  жұрдай  қылатын  керемет  бір  нәрсені  күтіп  жатады. 
Араны  тоймаған  ажал  алдында  бас  имей,  адамзат  бақытының  шыңына 
көтеріліп, содан адам баласының кетіп бара жатқан жарқын болашағын, оның 
әсемдігі  мен  ұлылығын  көзімен  көруге  құмартып,  ақтық  сәтінде  жалынды 
сөздерін тыңдап өтеді. 
«Бір  уыс  бидай»  новелласындағы  трагедия  кешегі  қызыл  коммунист 
Жақанның әйелі Алмажанның басынан өтеді. Кешегі жалшы Жақанның қызыл 
большевик болып, заманына сай бейімделіп, тез өзгергендігі соншалықты намаз 
оқып  отырған  молданы  да  маңдайынан  атып,  жайратып  салып,  үстінен  аттап 
кете  берер  қатігездігі  де  жоқ  емес-ті.  Артында  қалған  балаларының  аты  – 
Кеңес,  Сәбет.  Неге  олай  қойғаны  оқырман  үшін  сұрақ  та  тудырмайды.  Сол 
туған аулына қырғидай тиіп, арам өлген Жақанның артында қалған отбасының 
жағдайы  мүлде  мүшкіл.  Ешкімге  керексіз  болып  былтырдан  далада  жатқан 
масақтың  арасынан  күні  бойы  дән  терген  әйелі  өзі  секілді  шаш  ал  десе  бас 
алатын  тоңмойын,  шолақ  белсенділердің  қолынан  қаза  табады.  Оның  өлімін 
автор  әлеуметтік-анықтауыштық деталь арқылы әсерлі жеткізген: «Мылтықты 
солдаттардың  бірі  Алмажанды  жауырын  ортасынан  тепті.  Алмажан  етпетінен 
түсті.  Ыза  болған  Арқатбай  мен  Қағазтай  да  қызып  кетіп,  темір  нәлді  орыс 
етікпен қос қабырғадан жабыла тепкіледі. Бірақ бір уыс бидай жұмылған алақан 
ашылмады. Тарамыс саусақтар тас болып қатып қалыпты. Қалай жұлқыласа да 


133 
 
болмады» [125,10]. Ол ашылмайды да, өйткені авторлық түпкі ой бойынша ана 
алақанындағы  бір  уыс  бидай  –  қазақ  халқы.  Ол  ұлт  болып  жаралып,  халық 
болып  қалыптасқалы  бері  басынан  дүбірлі  дүрбелең  кезеңдерді,  небір 
зұлматтарды  кешірді.  Сонда  да  болса  бүгінгі  дәуірге  дейін  өмір  сүріп  келе 
жатқаны – ешкімге соқтықпай, ешкімді жылатпай, ешкіммен жауласпай, бәрін 
бірдей дос көріп, бауырына басып келе жатқан адал ниеті мен көңілінен деуге 
болады. 
Кенет  Қағазтайдың  көзі  қырманда  астық  бастыратын  ортасынан  бөлініп 
сынған  мала  тасқа  түсті.  Ат  үстіндегі  Шупин  бағанадан  бері  көріп  тұр  екен. 
«Сал анаған!» деді. Екі белсенді сұлық қалған кемпірді тастың қасына сүйретіп 
апарды,  Арқатбай  жұмырығы  түйілген  тарамыс  қолды  бұжыр-бұжыр  мала 
тастың  үстіне  салып  тұрды,  ал  Қағазтай  бесатарының  дүмімен  нықтап  ұрып 
қалды. Жұмырық сықыр ете түсті. Қағазтай бесатарының құндағын қос қолдап 
ұстаған қалпы, бар күшімен екінші, үшінші қайтара ұрды. Қу сүйек саусақтар 
ашылмаған,  бүктелген  қалпында  күлпарша  болып  сынды»  [125,9].  Алақан 
ашылмады,  талай  күннен  бері  нәр  татпаған,  аштықтан  көзі  қарауытып  тұрған 
кемпір  әлдеқашан  темір  етікпен  екі  жақтан  тепкілегенде-ақ  өліп  қалған 
болатын.  Бірақ  жұмған  алақанын  ашпаған  күйінде  өлді.  Символдық  тұрғыда 
автор ана алақанында жауға бермей, сақталып қалған бір уыс бидайды  – қазақ 
халқына теліп отыр. Қаншама қиындық, отарлаудың зардабын көрсе де бүгінге 
дейін аман-есен жеткен қазақ халқын – қанша азап, тепкі көріп, өзі өліп кетсе 
де, беріспей алақанда жұмулы қалдырған бидаймен сабақтастыра береді. 
Келтірілген  анықтауыштық  детальдар  арқылы  автор  шолақ  белсенділер 
Арқатбай мен Қағазтай бейнесін ашып отыр. Олардың ешбір кінәсі жоқ өзі аш, 
өлмелі кемпірді темір нәлді орыс етікпен қос қабырғадан жабыла тепкілеп, одан 
сүйреп  апарып  қолын  тастың  үстіне  қойып,  бесатардың  дүмімен  бірнеше  рет 
ұрған  қатігездігіне  әлеуметтік  ортасының  әсері  болғанын,  соның  ішінде  орыс 
большевиктердің  талабынан,  көңілінен  шығу  үшін  жасағанын  жоққа 
шығармайды.  Оқымаған,  кешегі  жалшы,  бүгінгі  белсенді  қазақтардың  ауыл 
арасында  қоқаңдағанмен,  Шупин  сияқты  қарақшыларға  тәуелді,  солардың 
қалауымен  осындай  болып  отырғанын  оқырманына  анық  түсіндіреді.  Оны 
Шупиннің  аузынан  шыққан  мына  тілдік  детальдар  дәлелдейді:  «Жабайы 
киргиз!  Екеуің  жабылып  бір  қатынның  алақанын  аша  алмадыңдар.  Ол  бағана 
өліп  қалған!  Келесі  кезек  сендердікі  болады.  Менің  тапсырмамды  уақытында 
орындай  алмаған  Жақанды  қалай  атқанымды  ұмытқан  екенсіңдер!  Айда, 
кеттік!» [125,9]. Аузынан түскен түкірігін жерге түсірмей қағып алып, қызмет 
етіп жүрген қазақтарға берген бағасы «жабайы киргиз» болды. 
 Новеллист 
О.Әбділдаевтың 
«Ұлы 
кеуде» 
новелласында 
ауыл 
балалаларының  шашын  ұстарамен  алып  беретін  өзі  кәнігі  аңшы  жайында  сөз 
болады.  «Біздің  көшеде  шаш  алуға  құштар  осы  бір-ақ  шал.  Басқаларының 
балаға үйірсектігі жоқ» деген бір ауыз деталь арқылы қарияның балажан екенін 
білеміз.  Автор  өтпейтін  ұстарамен  шаш  алдыруда  ауыл  балаларының  көрген 
қорлығын  әдемі  психологиялық  тәсілмен  береді.  Ол  үшін  олардың  бойында 
қорқыныш  үйіретін  жанға  батқан  «ұстараны»  пайдаланады.  Екі  тізесінің 


134 
 
арасына отырғызып қойып, шаш алуға кірісетін қарияның әңгімешілдігі де бала 
қорқынышын  қоюлата  түседі.  Аң  туралы  әңгіме  басталғанда  алдындағы 
баланың шашын сулап қойғанына дейін ұмытып кететін қария: «ең қиыны, ол 
кісі  екі  қолын  сермеп  айтпаса,  көңілі  көншімейді.  Қызықты  жерін  тауысып 
болған  соң  ғана  ұстарасын  шашыма  қайта  сүңгітеді.  Әлдеқашан  суы  кеуіп, 
құрғап  қалған  құйқамды  тіліп  жатқандай  басымды  дызылдатып  жібереді. 
Көзімнің  жасы  бұршақтап,  тізем  қалтырайды.  Тістерім  кейде  шиқылдап  та 
кетеді.  Тері  шалбарының  тізесіне  ұстараны  жанап-жанап  алады  да,  тікірейген 
қайратты  шашыма  қайта  салады.  Әсіресе,  қыр  төбеме  ұстараның  жүзі 
батпайтын  сияқты.  Тура  миымның  қабығын  аршып  жатқандай-ақ  ауырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет