Сатылханова гульмира алихановна



Pdf көрінісі
бет52/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17302
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   66
Ұстара  жақындаған  сайын  жанарымнан  от  жарқылдайды»  [129,245].  Мұны 
тарихи-мәдени  деталь  түріне  жатқызуға  болады.  Әңгімесін  сапырып  отырып, 
алдындағы баланың көз жасын бұршақтатқанына қарамай, жанын шиқылдатып 
отырып, шаш алып беру дәстүрі қазақ ауылдарында кешегі кеңес дәуірінде 80-
жылдарға  дейін  өз  жалғасын  тапқан.  Баласының  басының  ауырғанына  көңіл 
бөлуге уақыты жоқ, азаннан кешке дейін еңбек даласында жүретін, баласының 
шаш  алдырудан  зәрезап  болып,  аяғы  кері  тартып  баратындығымен  тіпті  де 
жұмысы  жоқ  ата-ананың  жайы  шал  ауырып  қалғандағы:  «әкең  болса  қойда, 
қиян қыстауда. Енді шашыңды кімге алғызар екенсің, балам, ә?» деген сөздер 
айқындайды.  Бұл  үзіндідегі  тарихи-мәдени  деталь  өз  дәуірінен,  қарапайым 
ауыл  адамының  күнделікті  тыныс-тіршілігінен,  тұтас  психологиясынан,  не 
нәрсеге  де  көнбіс  келетін  ауыл  баласының  момақан  психологиясынан  хабар 
береді. 
Жазушы  Ж.Әлмашұлының  «Жүрекпен  ойнауға  болмайды»  новелласы 
қайсыбір  қызық  хикаяны  бастар  алдында  әжімді  маңдайын  күректей 
алақанымен ақырын сипалап қойып, кеңкілдеп күліп алатын, сөз бастаса бітті, 
ерекше әсерленіп, бойын сергек ұстап, ұшар құстай қомданып алатын Қалабай 
ата атынан – бірінші жақтан баяндалады. Туындыда болған оқиғаның негізінде 
аңқау,  аңғал  қазақтың  болмысы  танылады.  Автордың  негізгі  мақсаты  –  оқиға 
желісін  дамытушы  бас  кейіпкер  Қалабай  ата  арқылы  ұлттық  мінез  жасау, 
ұлттық  мінез  психологиясын  әртүрлі  қырынан  ашып  көрсету.  Автор  осы 
мақсатта шығарманың тақырыбының өзіне «Жүрекпен ойнауға болмайды» деп 
юморлық  сипат  дарытқан.  Тақырыбына  қарап,  ешқандай  оқырман  аталмыш 
туынды иттің жүрегі жарылып өлгені жайлы дүние деп ойламайды. Шымшық 
мінез  Шитұмсық»  атанған  аймаққа  аты  шыққан  белгілі  аңшы  Таңатардың 
дәстүрге  сай  жүйрік  жорға  аты,  бабы  келіскен  бүркіті,  сонсоң  үлкендігі 
кішігірім баспақтай қасқыр алатын иті болған. Сол Таңатар қайда жүрсе де итін 
мақтап, «асыл тұқымды, анау-мынау тамақты ішпейді, әттең қасқырға салудың 
реті  келмей  жүр,  әйтпесе  кез  келген  көкжалыңды  бір-ақ  тістеп,  жұмарлап-
жәукемдеп,  астына  басып  алар  еді.  Бұл  аймақта  менің  итіме  тең  келер  асыл 
тұқым  бар  ма  өзі?!  Мұны  күшік  кезінде  күлге  аунап  жатқан  жерінен  тауып 
алдым,  текті иттер кейде осылай өз  иесін іздеп,  көшеде  аунап  жата  береді,  ал 
оны дөп басып танып алу үшін көңіл көзі керек» [115,108] деп итін мақтап, итін 
мақтау арқылы соны тапқан өзін мақтап қоймаған соң, достары сынап көрмекші 


135 
 
болып,  қаннен-қаперсіз  ұйқтап  жатқан  «тұқымы  текті  иттің»  тұмсығының 
тұсына  апарып  көкжалдың  терісін  апарып  қояды.  Сол-ақ  екен  ұйқтап  жатқан 
төбет  басын  көтеріп  алып,  арлан  қасқырдың  терісін  көрген  бойда,  орнынан 
ұшып  түрегеліп,  зыта  жөнеледі.Тіпті  алдындағы  биік  қорадан  қалай  ырғып 
кеткенін де басқалар  түсінбей қалады. Соңынан барса, ит өліп  жатады,  түртіп 
көрсе  қозғалмайды.  Түсінбей  әрі  ыңғайсызданып  қалған  достары 
ыңғайсызданып  ауылдан  мал  дәрігерін  шақыртады.  Итті  әбден  тексерген 
дәрігер  «инфаркт»  деген  диагноз  қояды.  Сөйтсе  иесі  қасқыр  алады  деп  күтіп 
жүрген  Бөрібасары  көкжал  қасқырдың  исінен  зәресі  ұшқаны  соншалық  қатты 
тіксініп,  жүрегі  жарылып  өліпті.  Достарының  әзілін  түсінбеген  дәрігер: 
«Жүрекпен ойнауға болмайды, ол өте нәзік келеді» деп ақыл айтып кетіпті.   
Қалабайдың мінезіне тоқталғанда «Мінез – адамның ішкі болмысы, белгілі 
қоғамдық  жағдай  қалыптастырған  қоғамдық  құлқы,  барлық  психологиялық 
ерекшеліктерінің жиынтығы» [11,103] деп академик З.Қабдолов айтқандай, бір 
жағынан Қалабай әрекетіне күлсек, екінші жағынан оны ақтап аламыз. 
Қашан көрсең де қай істің басы-қасында жүретін Абдулла ағайдың әрекетін 
көрсетуде  автор  «класта  көрсең  қолында  бор,  колба  ыдысы,  химиялық 
заттардың  молекуласын  қайта-қайта  қара  тақтаға  жазып  жатқаны.  Ары 
түсіндіріп, бері түсіндіріп тұрып байқаусызда бет-аузына аппақ борды жағып 
алады»  [129,206]  деген  анықтауыштық  детальдар  арқылы  сабағына  беріле 
түсіндіретін, оқушысының миына құюдан басқа ештеңе ойламайтын мұғалімнің 
образын жасауда оның әрекетін шынайы суреттейді. Көз алдыңа бейне бір беті 
аузы бор-бор сөйлеп тұрған мұғалім елестейді.  
Ал Ө.Күмісбаевтың  «Үлкен жүректі адам» шығармасының негізгі кейіпкері 
студенттер  жатақханасының  вахтері  –  Надя  апай.  Байтақ  елдің  сан  түкпірінен 
арман қуып, оқу іздеп келген өрімдей ұл мен қыздың екінші анасындай болған, 
өзінің  де  жаны  жаралы,  сұм  соғыстың  қанды  тырнағына  ілініп,  сүйген  жары 
соғыстан  оралмай  қалған,  бір  сөзбен  айтқанда  жалғыздықтың  зардабын  әбден 
тартқан  кең  жүректі  жан  Надя  апайдың  балаларға  деген  мейірім,  шапағаты 
новелла  барысында  анық  көрінеді.  Бұл  төрт  қабатты  жатақхана  –  ауылдан 
келген жас білімгерлер  үшін  ғана  емес,  жиырма  жыл  бойы  күйеуінің  суретіне 
қарап, келеді-ау деген деген үмітін үзбей, ешкіммен шешіліп, сыр шертіспейтін 
Надя апай үшін де алтын ұя. Ел көзінше көз жасын көрсетпеген, тек оңашада 
өксігін басуға әбден үйренген жан үйдегі құлазыған көңілін көтеру үшін өзі де 
жатаққа  жеткенше  асық  болатын  кездері  аз  емес.  «Біреуі  құшақтап,  біреуі 
қолын  қысып,  біреуі  еркелегенде  үйдегі  құлазыған  көңілінің  қайда 
қалғандығын  білмейді.  Маңдайының  әжімдері  де  жазылып  гүл-жазираға 
айналады» [149] деген детальдан қиядағыны көздің қырымен бағып отыратын 
Надя  апай  кімнің  бетінде  қандай  құбылыс  барын  сезе  қоятын,  күніне  мың 
жасарып,  мың  қартаятын,  есік  жаққа  қарап  елеңдеп  отыратын  үлкен  жүректі 
адамды қапысыз танимыз.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет