Сатылханова гульмира алихановна


  Сюжет  құру  және  кейіпкердің  болмысын  берудегі  детальдың



Pdf көрінісі
бет54/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17302
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66
3.2  Сюжет  құру  және  кейіпкердің  болмысын  берудегі  детальдың 
маңызы 
Қазақ  әдебиетінде  сюжетке  арқау  болған  детальдар  аз  емес.  Сондай 
детальдың  бірі  –  хат.  Новелла  жанрында  Ғ.Мүсіреповтен  басталған  хат  жазу 
дәстүрі,  баласының  анасына  жазған  сағыныш  хаты,  адамның  өлер  шағындағы 
қоштасу хаты, сүйген жарының жазған хаты бірқатар туындыларда детальдың 
қызметін атқаратыны байқалды. Тіпті, хат – шығарманың өн бойына қазық боп 
қағылатын туындылар да жоқ емес. Соның бірнешеуіне тоқталсақ. 
И.Әйменнің «Ұзақ қыстың ақырғы таңы» новелласындағы ерекше деталь – 
Талғаттың  жазған  хаты.  Бүкіл  шығарманың  өн  бойында  осы  хат  сымша 
тартылып,  оқиғаны  шебер  байланыстырып  тұр  деуге  болады:  «Бақытгүл 
пальтосының  сыртынан  сол  жақ  кеудесін  сипалап  қойды.  Ішкі  қалтасында, 
құдай  қосқан  қосағы  –  серігі  –  тірегі  –  Талғатының  хаты!  Оның  талдырмаш 
денесі ісініп, қат-қабат кергілеп, ысып сала берді» [107, 295]. Түсте жапалақтап 
жауған  қардың  соңы  ақ  түтекке  айналып,  ал  түнде  көк  бет  боранға  ұласқан 
сұрықсыз,  шексіз-шиырсыз  ұзақ  қыс  көп  қиындық  көрген  жас  келіншектің 
сағын сындыруға аз-ақ қалған сәттердегі қорғанышы да  – осы хат. Шешесінің 
жылуы  жоқ  көне  пальтосын,  аяғына  жүн  шұлығының  сыртынан  қос  қабат 
шұлғау орап Талғатының керзібай етігін киіп, аула-ауланы аралап қарлы боран, 


139 
 
аязда  сүт  сатып,  аяқ-қолы  икемге  келмей,  тоңған  сәттерінде  де  кеудесіне 
сақтаған  хатын  сыртынан  бір  сипағанда  денесі  қызынып  шыға  келеді.  Тіпті 
ысып-жанған талша бойы қызуын жаяр кеңістік іздейтіндей.  
Түс  көрсе  де  Талғаттың  хатында  жазылғандай  таудай-таудай  тулаған 
толқындармен  арпалысып  жүреді.  Шығарманың  кульминациясында  пособие 
үшін  таңғы  сағат  төрттен  келіп  кезекке  тұрса  да,  ала  алмай,  алмағанымен 
қоймай, сасық күзен секілді шақылдаған шақар пәленің өзін кеудесінен итеріп 
жіберіп, шалқасынан құлатқан қорлығы өтіп кетіп, өксіп-өксіп жылаған сәтінде 
де  пальтосының  ішкі  қалтасынан  Талғатының  хатын  алып,  әрі-бері  мәпелей 
сипалап,  алдымен  өбіп-өбіп  алып,  сосын  барып  оқып,  бар  өкпе-ренішін 
ұмытып,  жаны  жай  табады.  Оған  жаны  ашыған  татар  әйел  Фаяның  да,  орыс 
кемпірлердің  жұбату  сөзі  де  еш  әсер  етпейді.  Оның  титімдей  жүрегін 
дүрсілдетіп  соқтырып,  буыршына  бұлқынтатын,  тұла  бойына  қан  жүгіртіп, 
кеудесін  кере  кең  тыныстататын,  үміт  дариясының  ақ  шулан  толқындарында 
еркін, қалқи жүздіретін үкілі үміті – деталь – осы хат. Автор алдымен детальды 
ойлап  тауып,  содан  кейін  шығарма  композициясын  құруға  отырғандай  әсер 
қалдырады.  Шығарманың  басы  хатпен  басталып,  байланысы,  шарықтау  шегі, 
шешімінде де осы хат жүреді.  
Б.Бұлқышевтің  «Жауыздық  пен  махаббат»  новелласында  мамыр  айында 
жайқалған  жас  гүлдей  жас  өмірдің  қыршынынан  үзілуіне  себеп  болған  қыз 
әкесінің неміс үшін қызмет етіп, солардың құлына айналып, жазықсыз селоның 
жауы  немістен  бұрын  сол  болғаны,  елін  сатқаны  болатын.  Отанына  адал  жас 
жүрек  әке  сатқындығын  кешіре  алмады.  Сүйгенінің  бетіне  тура  қарау  үшін, 
махаббаты  үшін,  арына  түскен  дақты  мәңгілікке  өшіруі  үшін  саналы  түрде 
күресшілер  қатарына  көтерілген  қыз  туған  әкесін  өлтірді.  Өзінің  осы  әрекетін 
баяндаған  қыздың  өлер  алдында  жазған  хатының  «...Жазықсыз  жастық,  таза 
махаббат  үшін  кек  ал  фашистен,  өлтір  нем....»  [49,36]  деп  детальдың  көп 
нүктемен берілуі оқырманның көз алдына өлім арқалаған әзірейілдей, дүсірлеп 
келіп,  суық  шошаланың  есігін  ашқан,  мұздай  қаруланған  фашистер  мен 
өлерінің алдында сүйгенімен тілдескісі келген жас сұлуды елестетеді. 
Мықты  новеллист  О.Бөкейдің  «Аспирант  қыздың  тракторшы  жігіті» 
новелласының сюжетіне арқау болып тартылған дүние де – тракторшы жігіттің 
аспирант қызға жазған хаты. Бұл жай хат емес, жоғары білімді қыздың өмірге 
деген  көзқарасын  қалыптастырып,  көзін  ашқан  хаттар.  Жігіттің  сағынышқа, 
адал  махаббатқа  толы  аңғалдықпен  жазған  үш  хаты  бүтін  новелланың  бая-
аяғын  жинақтап,  композициясын  шебер  қиыстырып  тұр.  Хат-деталь  арқылы 
жігіттің  келте  қайрылған  баянсыз  өмірімен  қатар,  ғалым  қыздың  да  тұрақсыз 
махаббатын,  бақытсыздығын  біліп,  қабырғамыз  қайысады.  Адамның  көп 
жағдайда  қолда  бардың  қадірін  білмей,  жалған  өмірде  алдамшы  нәрселердің 
жетегінде жүріп, қолын мезгілінен кеш сермейтін өкінішіне куә боламыз. Үлкен 
қызметке  ие  әкенің  қамқорлығында  өсіп,  тәрбиеленіп,  аспирантураға  түсіп, 
ғылымға,  үлкен  өмірге  қанат  қаққан  қыздың  түптің  түбінде  өзі  өмірінде 
көрмеген,  өзіне  сырттай  ғашық  болған  жігіттің  жазған  хатын  ғана  ардақтап, 
соның  аруағын  қастерлеп,  санасында  аялап,  рухын  риза  етіп  өтуді  өмірлік 


140 
 
мақсат  етеді  деп  әрине  новелла  басында  мүлде  ойламайды.  Бірақ,  автордың 
жазушылық  ерекшелігі  де  сол,  ол  оқырманын  алдамайды,  финалды  бақытпен 
аяқтау,  оның  авторлық  ұстанымына  қайшы.  Ол  өмір  қандай,  дәл  сондай  етіп 
суреттеу  арқылы  оқырманын  ойлануға,  барлық  нәрсені  ақылмен,  сабырмен 
шешуге  шақырады.  Және  автордың  кейіпкерлері  негізінен  өмірде  алдына 
мақсат  қойғыш,  талапшыл,  қиындықтан  қорықпайтын,  қолымен  істегенді 
мойнымен көтеруге дайын мықты жандар болып келеді. Қалқаш та сондай жан. 
Ол алғашында өзін әкесінің қызметі үшін сүйіп, соның арқасында диссертация 
қорғап,  Алматының  төрінен  үш  бөлмелі  пәтер  алуды  ғана  көздеп,  өзін 
айналдырып  жүрген  Қанмен  қосылып,  ауыл  жігітінің  хатын  мазақ  қып,  күлкі 
үшін  оқып,  қызық  үшін  жауап  бергенімен,  уақыт  өте  келе  өз  әрекетінің 
орынсыздығын, өз табиғатына жат нәрсе жасап жүргенін пайымдайды. Қыздың 
өмірлік  серігім,  жүрегімнің  жартысы  деп  таныған  адамының  қандай  екенін 
автор  мына  детальдар  арқылы  ұғындырады:  «Әкем  жұмыстан  босағасын, 
етегіңді  сүйіп,  есегің  болайын  деп  жүрген  Қанмен  бірте-бірте  ауыл  алыстап, 
түбегейлі  ат  құйрығын  кесісіп  тындық.  Ол  бір  доктордың  өзінен  екі-үш  жас 
үлкен  қызына  үйленді.  Кешікпей,  өзің  білесің,  соның  арқасында  кандидаттық 
диссертация қорғап алды. Ал мен болсам, қалықтап ұшып бара жатқан құсқа оқ 
тиіп,  құлап  түскендей,  дел-сал,  қансыраған  халді  басымнан  жалғыз  кештім. 
Ақылдасар,  сырласар  ешбір  ет  бауыр  жақын  досым  жоқ  екенін  сонда  ғана 
білген едім» [140,299].  
Новеллада төрт қана кейіпкер бар. Бірі – Қалқаш, екіншісі – Қан, үшіншісі – 
банкетке кездескен, Қалқаштың сырласы – журналист жігіт, төртіншісі – әрине 
ақ  көңілдің  адал  махаббатымен  сағынышқа  толы  хат  жазып  жүрген  Есен.  Үш 
жігіттің  де  адамдық  келбетін  автор  хат  арқылы,  онда  жазылған  сөздермен 
байланыстыра  отырып,  танытады.    Қанның  болмысын,  екіжүзді,  аярлығын, 
қызғаншақтығын  автор  диссертация  қорғап,  банкет  жасаған  сәтінде 
характерологиялық детальдармен шебер бере білген: «Ғылыми атағы өскен жас 
жігітке  бағышталған  небір  сүбе  майы  кере  қарыс  сөздер  әркімнің  аузынан 
кертіліп-кертіліп шығып, жас ғалымның санасын кептеп-ақ жатыр. Келбетті де, 
кербез  жігіт  осыншалық  зор  мадақтауларға  малтығып  қалса  да,  жұлығынан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет