4
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар
берілген:
Әдеби үдеріс – белгілі бір дәуірдің әдеби өмірі. Әдебиет аясында көрініс
беретін белгілі бір дәуірдің тұтастай сипаты, жай-күйі, сыр-сипаты; мәдени,
әлеуметтік, тарихи тұрғыдан қарағандағы шынайы бейнесі
Деталь – бүтін дүниеге меңзеп тұрар түймедей бөлшек. Есесіне деталь –
көркемдік кілті, шеберлік шарты. Детальды игерген жазушы шын жазушы,
шебер жазушы. Оның баяндаудың шырайын кіргізуден бастап, характер
жасауға дейін атқармайтын қызметі жоқ.
Деталь – өнердің ең кішкентай, миниатюралық үлгісі. Әлем әдебиетінің
тарихында бұрыннан бар, орныққан тәсіл болғанымен, әрбір жазушыдан
айрықша қабілетті, дарынына байланысты суреткерлік шеберлікті талап етеді.
Деталь, шындығында көркем шығарма кемелдігінің белгісі.
Достарыңызбен бөлісу: