Сатылханова гульмира алихановна



Pdf көрінісі
бет53/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17302
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   66
3.1.5  Бағалауыштық  деталь  –  бұл  арқылы  кейіпкердің  сұхбаттасушыға 
деген бағасын, тіпті автордың кейіпкерге берген бағасын білуге болады [94].  


136 
 
Ағартушы  жазушы  Ы.Алтынсариннің  туындысынан  оңай  жолмен  олжа 
табамын  деп  опық  жеп  қаза  тапқан  Қыпшақ  Сейітқұлдың  ағасына  арналған 
«Сейітқұлдың  бір  ағасы  бар  еді,  жол  жүріп,  ұрлық,  барымтаны  әдет  еткен, 
інісінің қанша айтқан ақылына болмай, үш-төрт үймен жалғыз-ақ сол көшпей, 
ескі  орны  Түркістан  жағында  қалды»  [41]  деген  бағалауыштық  жолдарды 
кездестіреміз.  Автор  бағалауыштық  деталь  арқылы  кейіпкер  ағасының  сөз 
түсінбейтін,  тура  жолға  түсуді,  еңбекпен  нан  тапқанды  қаламайтын  бірбеткей 
жан екенін және оның әрекетін жақтамайтынын білдіреді. 
Б.Майлиннің  «Айт  күндері»  новелласында:  «Мойнындағы  дорбаны  алып 
жерге тастай берді, ішінде бірдеме бар секілді. 
      - Бірдеме таптың ба әлде? 
      - Мардымды ештеңе жоқ. 
Тырдай  жалаңаш  алты-жеті  жасар  бір  ұл,  бір  қыз  бала  тысқа  шыға  келді. 
Қапшықтан алып жатқан домалақ малдың терісін көріп екеуі бірдей тарпа бас 
салды. Таласты. 
     - Қойыңдар, құрғырлар. Мә, біреуіңе жүректің құлағы бар. 
     - Күнімен жүргендегі әкелгенің осы ма, - деді қатыны. 
    -  Е,  қайтейін,  бермеген  соң...  мынау  текенің  ені.  Мынау  жүректің 
құлағы... мұны да итке лақтырған жерінен алдым... Жұрттан қайыр кеткен ғой, 
құрбандарының қанын бер деп едім, Ұлбала бәйбіше айқай салды: «былтырдан 
бері асырағаным жетер» деп... не бергенін қайдан білейін... 
-  Ай,  сорлысың-ау,  мана  өзім  барғанда  шек-қарнын  аршып  бірталай  нәрсе 
әкелетін едім, аурудан шыға алмадым ғой» [97,88].  
Аш отырған кедейдің аянышты күйі. «Жұрттан қайыр кеткен ғой» деталі 
арқылы  жалшының  қалың  көпшілікке  берген  бағасы  белгілі  болса,  әйелінің 
күйеуіне «Ай, сорлысың-ау» деп ренішті баға беруі – заманның азғанын, «әйел 
еріне қараса, ері жерге қараған» ақырзаманның келгенін білдіретін деталь. 
- Есіл ер-ай, қор болған екен. 
- Қатыны мен Бәкен қайтыпты. 
- Қашан? 
- Бүгін. 
- Алда, бишара-ай! 
- Қайтқандары да дұрыс болған екен, тірідей қор болып еді. 
- Айт күні қайтқаны тілеулері дұрыс болған екен бишаралардың. 
- Дүние деген осы, жігіттер. 
-  Едәуір  жыл  болды-ау.  Өгіз  өлгеннің  басында  «айт»  болып  ат 
шаптырғанымызда  жиылған  адам  қанша  болса  да,  бөгелмей-ақ  қымызға 
қандырып  шығарып  еді.  Ақырында  бүгін  сол  Бәкең  қатынымен  аштан  өліп 
отыр...  тұз-дәмін  татқан  жігіттер,  ескеріңдер,  еттеріңді  жеген  соң,  жаназасын 
жерге тигізіңдер, сауап қой» [97,89]. Болды, айтылған әңгіме осы жерде қалды. 
Ақсақал сөзін тыңдаған жан болған жоқ. Талай жыл байдың есігінде жылқысын 
бағып, қымызын сапырған жалшы Бәкенге «есіл ер», «бишара», «тілеуі дұрыс 
екен»  деген  сипаттағы  ауызша  бағалар  берілді  де,  қайыр  кеткен  жұрт 


137 
 
жаназасын шығаруға жарамай, ет жеген соң, белеске шығып ойын қуып, бәйге 
тігуге кірісті.   
Б.Майлиннің  «Әже»  новелласында  отбасын  тастап,  елеске  еріп,  ақымақ 
болған,  соның  зардабын  тартып,  өлер  алдында  жатқан  Злиха  мен  шешесінің 
диалогынан: 
- Әже-ай! – деді Злиха ауыр күрсініп, ыңыранды. Ажары сұрғылттанып, жақ 
сүйегі  сорайып  шығып,  көзі  аларып  кеткен.  Екі  иінінен  демін  алып  оыра 
алмайды, - Әже-ай, келер ме екен? – дейді. 
- Қайдан білейін, шырағым, пәті жуас адам еді, сенің бір қатеңді кешем десе 
келер, келсін деп қайта-қайта айтып тапсырдық қой – деп кәрі кемпір Злиханың 
көрпесін  қымтап  жапты  [97,197].  Осы  үзіндідегі  кемпірдің  күйеу  баласына 
«пәті жуас адам еді» деп берген бағасынан Сарымсақтың момын жан болғаны 
аңғарылады. Расында Сарымсақ елде момын екі адам болса, соның бірі. Злиха 
не айтса да Сарымсақ соған құл еді.  
О.Бөкейдің «Жасын» новелласында кездесетін «Жеңгей болса жеті баланың 
киімдерін ертеден қара кешке дейін жуып су басынан шықпайды. Қазір де елең-
алаңнан  тұрып  алып,  тасқа  салып  мыжғылап  отыр.  Қиялханды  көріп  алқам-
салқам омырауын далдалаған болды. Қиялхан көшірмедей дода-дода болып кір 
жуып,  бұлақ  басында  отырған  жеңгесін  аяғандай  ту  сыртынан  ұзақ  қарап 
тұрды»  [106,264]  деп  берілетін  бағалауыштық  детальдар  Қиялханның  күйбең 
тірліктен  әбден  қажыған  жеңгесінің  бір  кездері  сылдырлай  аққан  су 
сыңғырындай күлкісі бар, қаз мойын, қолаң шашты қыз болғанына сенбейтінін 
білдіреді.  Ш.Құмарованың  «Досымның  орны»  новелласында  кішкентайынан 
бірге  өсіп,  бірге  қуыршақ  ойнаған,  әліппені  құшақтап  алғаш  мектепке  бірге 
барған,  басы  қосылған  түнде  терезеден  сығалаған  жұлдыздарды  санап  мәре-
сәре  болатын  құрбы  қыздардың  арасындағы  пәк,  мөлдір  достық  баяндалады. 
Егіз қозыдай болып кеткен қос құрбы Сәулені жатқа, нақтырақ айтқанда сүйген 
жігітіне қимаған Жанаттың алабұртқан көңілі біразға дейін басылмай қиналған, 
бірақ  амалсыз  келіскен  сыңайы  «Мен  Сәулені  емес  тау  жақтан  маңқия  тойып 
маң-маң  басып  келе  жатқан  кер  бұзауды  айдап  үйге  қайттым»  [159]  деген 
детальдан  байқалады.  Әрине,  Жанаттың  бойындағы  қызғаныш  емес  еді,  ол 
өзінің  жүрегінде  досының  орны  қаншалықты  ойсырап  қалатынын  жақсы 
түсінген  болатын.  «Бұлақ  бойлап  екі  адам  кетіп  барады.  Ақ  көйлекті,  қара 
кеудешелі Сәуле екенін бірден таныдым. Аяғын лып-лып жеңіл басып, қолына 
ұстаған  орамалымен  ойнап  барады»  [159]  деген  бағалауыштық  детальдар 
сымбатты, ақжарқын Сәуленің алғашқы махаббаттың әсерімен бақытты екенін, 
орамалымен ойнап бара жатқаны – әлі де балалығының, еркелігінің қалмағанын 
айғақтайды. 
Е.Жетпісбаев  «Туған  жер  топырағы»  новелласын  жазудағы  автордың 
мақсаты – өз кейіпкерінің туған жеріне деген құштарлығы мен сүйіспеншілігін 
ерекше бағалау. Қаламгер өз кейіпкеріне іш тартады.  «Шалдың жүрегі қатты-
қатты  соға  бастады.  Дабыр  үйге  таяна  түсті.  Шал  екі  рет  ұмтылып,  үшінші 
ретте  ғана  аяғынан  әрең  тұрды,  ентелей  кірген  кемпірі  қолтығынан 
сүйемегенде,  қайта  құлап  қалатын  еді.  Есік  алдына  шыққан  соң  да,  буыны 


138 
 
бекімей босағаға отыра кетті. Көзі таянып келе жатқан қонақта. Енді екі құлағы 
бітіп  қалған  сияқты.  Ешнәрсені  есітер  емес.  Кенет  қасиетті  қонағы  бұлдырап, 
көрінбей  бара  жатты.  Ең  қорқыныштысы  осы  еді.  Жанталаса  кірпігін  қағып-
қағып  жібергенде,  жасаураған  жанарынан  екі  тамшы  домалап  түсті»  деген 
детальдар  кейіпкер  бойындағы  трагедиялық  халді  аша  түседі.  Еліне  кеткен 
ауылдасына  бір  уыс  топырақ  әкелуді  өтініп  сұрап,  соны  ұйқы  көрмей  күтіп 
жүрген  қария  әрекетіне  оң  бағасын  беретіндігі  –  оның  әрекетіне  көптің  де 
қосылып,  ортақтасатындығымен  аңғарылады.  Туған  жерінен  еріксіз  кеткен 
пенденің  жан  күйзелісін  беруде  автор  бағалауыштық  детальды  пайдалана 
отырып,  оның  психологиялық  сезімін  көрсете  білген:  «Алты  қанат  үй  адамға 
лық  толып,  сыймағаны  ентелеп  есік  алдында  тұр.  Шал  өзіне  енді  келіп, 
салмақты әңгімеге көшті. 
- Қалай, барып қайттың ба, қарағым. Қашан келдің? 
- Бардым, ақсақал. Кеше ғана келдім. 
- Ия... Қуанышың бар ма бізге деген? 
- Бар, ақсақал, міне, Көктөбеңіздің топырағы, - деп қонақ қойнына түйіншек 
алып ұсына берді.  
Шал  жүгіне  отырып,  қос  алақанын  созды.  Көк  тамырлары  адырайған 
тарамыс  қолдар алақанға  түскен  түйіншекті көтере алмағандай,  қалт-қалт  етіп 
асылып  тұр.  Тым-тырыс  тыныштық  орнады.  Енді  бір  сәтте  шалдың  шеңгелі 
жұмылып,  топырақ  түйілген  түйіншекті  бетіне,  көзіне  басып,  маңдайына 
жастана  жүресінен  жығыла  кетті.  Отырғандардың  бәрі  де  баяғы  бір  жылдары 
сол  Көктөбеден  ауып  келгендер  еді.  Көбінің-ақ  көңілі  босап,  көздеріне  жас 
тұрды. Ауыр-ауыр күрсіну, қыстығырланған өксік те білінеді» [160]. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет