Портретструктуралық принциптеріне қарай: детальдандырылған портрет, қорытынды портрет, портрет-штрих деп үшке бөлінеді: Детальдандырылған портрет – кейіпкердің сыртқы келбетін нақты әрі
жан-жақты суреттеу. Детальдандырылған портретте кейіпкердің сыртқы
келбеті толық қамтылады: беті, шашы, бойы, өзіне ғана тән кейбір ерекше
белгілерінің барлығы; оның түрлі қылықтары, дене қимылдары, мимикасынан
бастап, үстіне киген киіміне дейін суреттеледі. Әдетте мұндай портрет
шығармада кейіпкер пайда болған сәттен бастап беріліп, авторлық
комментарийлер арқылы үстемеленіп отырады, ал сюжет дамыған сайын оған
тек қосымша штрихтар жүктеле береді.