Сатылханова гульмира алихановна


Деталь  –  кейіпкер  мінезін  танытуға  қызмет  етеді  дегенде  қамшы-



Pdf көрінісі
бет36/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17302
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66
Деталь  –  кейіпкер  мінезін  танытуға  қызмет  етеді  дегенде  қамшы-
деталь  арқылы  ананың  қайсар  да  батыл,  «шешінген  судан  тайынбас» 
дейтін  мызғымас  берік  мінезі  айқын  көрінетін  Ғ.Мүсіреповтың  «Ананың 
арашасы»  новелласын  алуға  болады.  «Ана  арқасында  қайыс  қамшы 
жыландай жүйткіп жүр... Арашаға жарай алмаған ауыл ұятына тұншыққандай 
тым-тырыс. Тек отыз өрім қамшы ғана әйел арқасында жыландай ысылдайды. 
Анада  үн  жоқ.  Асыл  жігер  мен  құр  өктем  күш  кездесіп  қалып  біріне  бірі  тізе 
бүгер емес. Қара көк жапырақты ақ көйлек қызылға айналып, арқа жағы тілім-
тілім болып кетті. Қанға боялған қамшы ана денесінің ашылған жерлерін иіскеп 
табатындай,  жанға  батар  жеріне  дәл-дәл  тиеді  [101,173].  Қамшы  сарт  етіп 
қалғанда ана көзінен от ұшқыны да жалт етіп қалады. Сіресіп қалғандай табан 
аудармай,  кек  кернеген  ана  тұр  да,  мың  сұрауына  бір  жауап  ала  алмай  ызаға 
булығып Антонов тұр. Ана тістері тіл қақпасын тас бекітіп тастапты, қарысып 
қалған  жақтары  тісті  тіске  айқастыра  түседі»  [101,173].  Осы  үзіндіде  қамшы 
сөзі төрт рет қайталанған. Мұнан әрине, сөйлемнің қуаты кеміп, эмоционалдық-
экспрессивтік  әсері  солғын  тартып  қалған  жоқ.  Керісінше,  қатігез  қамшы-
детальдың  көмегімен  асыл  жігерін  жанып,  өлімнен  қорықпай,  қасқайып,  ит 
екеш  ит  те  ағаш  арасынан  тұмсығын  көрсетуге  қорқатын  атаман  алдында  міз 
бақпаған  қайсар  ана  образы  жарқырап  көрінеді.  Нағима  ана  асыл  жігер, 
Антонов  құр  өктем  күш  метафорасында  көрініс  табады.  Қамшы-детальдың 
оқырманға  әсерінің  күштілігі  сонша,  бірден  көз  алдыңда  ақ  көйлек  киген 
қауқарсыз ананың арқасын қызыл қанға бояған, отыз өрім, қатігез қайыс қамшы 
елестейді де бірден тіріліп сала береді. Ол жыландай ысылдайды, ана денесінің 
ашылған  жерлерін  иіскеп  табады  да,  сарт  етіп  тиеді.  Автор  осы  бір  ауыр 
психологиялық  жағдайды  оқырман  сезімін  дір  еткізетін  детальды  суреткерлік 


79 
 
шеберлікпен бейнелей алған. Классик жазушының сомдаған ана образдарының 
портреттік  детальдары  бір-біріне  ұқсас  келеді.  Мысалы,  «Ананың  анасы» 
новелласында:  «Бишараның  боз  көйлегі  жырым-жырым.  Қолдары  қарғаның 
тұяғындай  қап-қара!  Ерні  қырық  тілінген,  жарық-жарық.  Бірақ,  түйілген 
қабағынан,  от  жанған  көзінен  жаның  шошырлық.  Жалынған  жоқ,  сасқан  жоқ, 
қырық  жігітті  билеп  әкетті»  деп  берілсе;  «Өлімді  жеңген  анада»:  «Сонымен 
Темірдің алдына жалаң аяқ, үстіндегі барлық лыпасы далба-дұлба әйелді алып 
келді. Қара шаштары тарқатылып, жалаңаш көкірегін жабуға кеудесіне түскен, 
беті шойындай қап-қара. Бірақ жасымаған көзі от шашып, әмір етіп тұрғандай. 
Қап-қара  қолдарын  Темірге  созғанда  бір  қалтырамады»  [101,150]  деп  береді. 
«Портрет  жеке  өзіндік  мақсат  ретінде  алынса,  оның  оқушыға  әсері  шамалы, 
келер-кетері  жоқ  әшекей  секілді  болады  да  қалады.  Ал  көркемдік  шындық 
мұраты белгілі қаһарман пішінін жанды әрекет, қозғалыс кезінде айқындалуын 
талап етеді. Демек, әдебиетте портреттің өзінен кейіпкердің мінезіндегі елеулі 
белгілер  аңғарылып  отыруы  ләзім»  [101,137].  Сонымен  қандай  ұқсастық  бар: 
екеуі  де  арып-ашып,  әбіржіген,  бірақ  қажымаған;  екеуінің  де  лыпасы  далда-
дұлба, жыртылған; екеуі де қап-қара, күнге әбден күйген; екеуінің де от жанған 
көздері – жасымаған, керісінше, адам шошырлық; екеуі де – батырдың немесе 
әміршінің  алдында  тұрмын  ау  деп  қорқып,  шімірікпейді.  Демек,  өлімнен 
қорықпайды.  Сонда  екеуінің  бойына  ерекше  күш-қуат  бітіріп,  өз  өмірінен  де 
артық  көріп,  қанаттандырып  тұрған  қандай  тылсым  күш.  Әрине,  баласына 
деген  –  ана  махаббаты.  Ана  махаббатының  құдіреті  шексіз.  Оның  алдында 
алынбайтын  қамал,  берілмейтін  қорған  болмақ  емес.  Өйткені,  ана  –  адамзат 
өмірін  жалғастырушы,  өмірге  адам  әкелуші.  Ол  өмір  үшін  жауапты 
болғандықтан,  өмірдің  жалғасы  деп  танылған  баланың  болашағы  үшін 
алаңдайды,  сол  үшін  күреседі.  Бұл  –  отбасылық  мәселеден  де  ауқымды, 
жаһандық  мәселе.  Ғ.Мүсірепов  шағын  жанрда  осындай  ауқымды  мәселелерге 
бара білген, өз дәрежесінде оқырманына ой салып, көтере білген жазушы. Екі 
ана да баласынан айырған «батырларды» сөзбен тоқтатып, даналықпен жеңеді. 
Екеуі де жалынбайды, өз шешімін айтады: бірі – «берсеңдер тірі алып қайтам, 
бермесеңдер  өлі  алып  қайтам»  десе,  екіншісі  –  «ұлымды  қайтарып  беруге 
міндеттісің»  кесімді  үкімін  айтады.  «Ғ.Мүсірепов  новеллаларында  аяулы 
Нағима,  Қапия,  Наталья,  Ақлима  сынды  аналар  бейнесі  тарихи  дала  өмірінің 
реалистік  болмысымен  біте  қайнаған  тарихи,  романтикалық  характерді  алып 
келді.  Тақырыбы  мен  идеясы  үндес,  алайда  жазылу  мәнерлері  мен  өрнектері 
өзінше  өрілген  новеллалар  көз  алдымызға  елдің  анасы  Ұлпанға  апарар 
шығармашылық  белестерді  елестетеді.  Бүкіл  қазақ  әйелінің  бітім-болмысы 
дараланған ақиқат та осы еді» [123,167] деген пікірдің ақиқаттығына біздің де 
алып-қосарымыз жоқ.   
Негізінде Ғ.Мүсірепов новеллаларында сомдаған бейнелерінің төлқұжаттық 
немесе толық портретін кеңінен көсіле баяндап, сипаттауға өте сараң. Олардың 
іс-әрекеті,  қимыл-қозғалысы,  бет-әлпетіндегі  өң-шырай  өзгерістері  өздері  тап 
болған  өмірлік  ситуациялар  мен  психологиялық  жағдайларға  байланысты 
өзгеріп отырады. 


80 
 
«Ананың  анасы»  шығармасында  «аппақ,  ақ  қарбас,  соқыр  қарт  етектей 
сақалын  балуан  бармақтарымен  салалай  тарап  отыр  еді.  Күмістен  құйғандай 
тұп-тұтас  ақ  сақалы  кеудесін  жабады»  [101,158]  деген  Әйтілес  қарттың 
портретіндегі кескіндемелік детальдар – көзден айрылған соң барлық жарықты 
көңілі мен құлағына жинаған қарттың ескі күндердің әңгімесін шебер айтатын 
салмақты, байсалды, әр нәрсені орнымен айтатын даналығы жөнінде мағлұмат 
береді.  «Жалпақ,  жауырыны  қақпақтай,  жұдырығы  тоқпақтай,  сыртынан 
қарағанда  құйған  пештей  болып,  оқ  бойы  алдымызда  отырады;  астында 
сарқасқа  аты  бар,  шекіп  тастап,  оқтаудай  ойнап,  киіктей  орғып  келеді.  Бөкен 
жортқан  ат  өмірде  үзеңгілесе  алмайды»  [101,158]  деген  жолдарда  батырдың 
алапат  күш-қайратын  нақтылай  түсетін  күшті  деталь  бар.  Мұнан  да  күшті 
деталь  оның  алдында  өлім  де  бас  иген,  Азияның  айбарлы  арыстаны  Ақсақ 
Темірдің  характерін  беруде  «от  түкіріп,  қан  қақырған»  деген  деталь-штрих 
түрінде  кездеседі.  Артық  сөз  жоқ,  бәрі  өз-өзінен  түсінікті.  Мейірімді,  жалпақ 
әлемге  шуағын  шашып  тұратын  жанның  «от  түкіріп,  қан  қақырмайтыны», 
әңгіме  қандай  адам  жөнінде  екені  белгілі.  Сомдап  құйылғандай,  оңайлықпен 
қол  жеткізбейтін  деталь.  Әрине,  бұл  асқан  шеберліктің,  мықтылықтың,  сөз 
зергерінің ғана табысы болмақ. Суреткердің әр сөзі, сөйлемі ойға бай, мазмұнға 
терең. «Ақсақтың жүзі – қан қатқан, тот басқан жалпақ алмас пышақ секілді. Ол 
мың рет қана қанға батып шықты ғой. Сондықтан қаннан қалған тоттың ізі ап-
айқын. Қысық көздері дүниенің асты-үстін түгел көріп тұрғандай: жалт еткенде, 
бриллиант  жалт  етті  ме  деп  қаласың!  Құлағында  Цейлонның  қып-қызыл 
жақұтынан  жасалған  қос  сырға,  сұлу  қыздың  ерніндей  қызарып,  Темірдің 
қатпар бетін сүйіп тұрғандай» [101,149]. Негізі Ғ.Мүсірепов портретдік деталь 
арқылы  кейіпкер  бейнесін  жете  тануға  жол  ашқан  бірден  бір  қаламгер. 
Жазушының  дүние  болмыс  пен  адамзаттың  тұтас  үндестігін  жасауға 
негізделген  гуманистік  идеясы  кейіпкер  дүниетанымынан  да  көрінеді.  Ақсақ 
Темірдің  қысық  көздерінің  дүниенің  астын-үстін  толық  көріп  тұруы  соның 
дәлелі.  
Б.Бұлқышевтің  «Ұялдым»  новелласында  қарапайым  әрі  қорқақ  қазақ 
баласының  өміріндегі  үлкен  өзгерісті,  А.П.Чеховтың  «Құндақтағы  адам» 
әңгімесін  оқу  арқылы  өзін-өзі  таныған  жаңалығы  жайында  сөз  болады.  Бұл 
новеллада  екі  ғана  кейіпкер  болса,  сол  екі  бала  арқылы  қазақ  ауылында 
кездесетін  қара  сирақ  екі  баланың,  екі  түрлі  мінез  адамының  бейнесі  (типтік 
деуге  де  болады)  портреттік  деталь  арқылы  беріледі.  Бірі  –  досы  Өтеубай: 
«Оның  сирағы  тілім-тілім  болатын,  табанның  дүңкиіп  іспеген  жері,  тікен 
кірмеген жері болмайтын. Өтеубайдың қол-аяғының күсі бір елі болатын да, ал 
мұрнын сіңбірудің орнына, қорқ еткізіп көйлегінің жеңімен бір сипап қалатын, 
сондықтан  да  оның  жеңі  қақ-қақ  боп  қысқы  күнгі  мұз  астаудың  маңындай 
жылтырап  тұратын  еді.  Ол  ит  таластыруды,  түнде  қорадағы  қойды  үркітуді, 
ептеп реті келсе жақсы жеңгейлердің айран, қаймақтарын ұрлауды да онша жек 
көрмейтін» [50,38]. 
Автор: «Мен де ыстық күнде күпі, басыма бөрік киіп, белімді буынып алып 
жүруге  әбден  үйреніп  алдым.  Өй,  өте  ауыр-ақ  болады.  Ыстықта  самайымнан 


81 
 
быршып  тер  сай-сай  болып  ағады  да  тұрады.  Әбден  пысынаймын,  бірақ  күн 
өтпейтін  сияқты.  Расында,  күннің  ыстығынан  күпінің  ыстығы  қиын,  бірақ 
көңілге  медеу.  Сөйтіп  жүріп  сөлекет-ақпын,  еш  нәрсеге  ыңғайым  жоқ.  Және 
қорқақпын.  Бір  баламен  байқаусызда  керісіп  қалсам  да,  бір  балаға 
байқаусыздан  бір  қаттырақ  сөз  айтсам  да,  апыр-ай,  осының  аяғы  неге  соғар 
екен,  не  болып  қалар  екен  деп  өз-өзімнен  сескеніп,  жүрегім  тітірейтін  де 
тұратын»  [50,38].  Міне,  бұл  жалғыз  баласының  ауырып-сырқамағанына 
тілектес,  өзі  ыстықтан  қатты  қорыққандықтан,  баласына  да  шілдеде  аяғына 
шұлғау орап, мәсі, сыртынан байпақ етік, үстіне күпі кигізіп жәрдем қылатын 
шалдың қорқақ баласының сиқы. Сырт қарағанда киген киімі күлкі тудырады. 
Бірақ  автор  кейіпкерінің  киген  киімі  арқылы  олардың  мінез-құлқынан  хабар 
бергендей.  Ішкі  жан-дүниесі  қалтырап-дірілдеп  қорқып  тұрған  жан  өз  мінін 
білдірмес үшін сырттай қабат-қабат киім киетіндей.    
Портреттік  деталь  –  әдеби  бейне  жасаудағы  басты  категория.  «Портрет  әр 
адамның  өзіндік  сыр-сипатын,  өзара  бітімін  танытуға  да  елеулі  қызмет  етеді. 
Сонымен  қатар,  портрет  адам  характерінің  негізгі  өзгешелігін  де  білдіріп 
отыратын шығармадағы көркемдік компонент. Жазушы ойының түпкі қазығы, 
кейіпкерге  деген  оның  негізгі  көзқарасы,  суреткерлік  позициясы  осы  портрет 
арқылы  да  жобаланып  жатады»  [124,259]  деген  ғылыми  пікір  С.Мәуленовтің 
«Жүрек»  новелласындағы  «Домалақ  мұрынды,  ашаң  келген  ақ  құба  келіншек 
сөйлеп отыр. Қара торы әйел оның сөзін ықылас қоя, қалт жібермей тыңдайды. 
Ашық, ақжарқын, қысылып, қымтырылуды білмейтін, жұрттың бәрімен тез тіл 
табыса  кететін,  кісіге  үйірсек  Шәрипа  әңгімеге  еркін  араласып,  ақтарыла 
сөйлеп  отырды»  деген  Шәрипаның  мінездемелік  портретіне  қатысты 
айтылғандай.  Өмірде  болған  шынайы  оқиғаның  негізінде  жазылған 
С.Мәуленовтің  бұл  новелласындағы  басты  кейіпкер  Шәрипаның  кісіні 
жатырқамайтын, ашық-жарқын мінезін келтірген детальдар толық айғақтайды. 
Кейіпкердің  ашықтығының  арқасында  басынан  өткерген  оқиғасын  баяндап 
беруі арқылы осы новелланың сюжетін автор қағаз бетіне түсіріп алған.  
С.Ерубаевтың  «Мәңгілік  өмір»  новелласында  дерексіз-портрет  үлгісін 
кездестіреміз.  Ашыққан  халыққа  арналған  азық-түлікті  қорғап  тұрған 
коммунист Бердәліні басмашылар ауыр жаралап кетеді. Өлер алдында ол: «Мен 
бақыттымын!  Ризамын  өлімге!»  деген  сөздерді  айтып  өмірінде  езу  тартып 
күлуді  білмеген,  жылы  сөз  естімеген  сұсты,  қатыгез  адамның  жүзіне  шаттық 
күлкі ойнап қайтыс болды» [37,] деген дерексіз-портрет арқылы сұсты, қатыгез 
деп  сипатталған  коммунистің  бетіндегі  шаттық  күлкі  оның  өз  өліміне 
өкінбейтінін,  бақытты  екенін  білдіреді.  Әдеби  портрет  адамға  бағыттала 
отырып,  автордың  идеясын,  ұстанымын  ашады.  Портрет  кейіпкер  бейнесін 
жете  тануға  жол  ашса,  портретті  берудегі  көркем  детальдар  кейіпкердің 
әлеуметтік статусын анықтап, жеке психологиясын тануға мүмкіндік береді.  
Мұхтар  Мағауин  –  новелла  жанрында  өзіндік  қайталанбас,  айқын 
суреткерлік  қолтаңбасымен  танылған  жазушы.  «Оның  қаламынан  шыққан  ең 
алғаш  туындысы  автордың  20  жасар  балаң  студент  кезінде  жазған  «Бір  уыс 
бидай»  атты  новелласы-тын.  Алайда  бұл  шығарма  кезінде  советтік  қатал 


82 
 
цензураның  сынынан  өте  алмай,  араға  қырық  жыл  салып  барып  қанабаспасөз 
бетіне  шығады.  М.Мағауин  новеллистикасының  ең  үздік  үлгілеріне  оның 
«Кешқұрым», «Әйел махаббаты», «Қияндағы қыстау», «Шаңқа», «Көк кептер», 
«Шеше», «Иесіз», «Тарпаң», «Менің балаларымның туысқан ағасы», «Күтпеген 
кездесу»,  «Тұлымханның  бақыты»,  «Архив  хикаясы»  сынды  дүниелерін 
жатқызуға болады. Өйткені, бұл әдеби туындыларда шынайы өмірдің шынайы 
картиналары бар»[37,97] деген ғалым С.Асылбекұлының пікірі шынайы. Кеңес 
Одағының  қылышынан  қан  тамып,  билік  тізгіні  қолында  отырғанда  қазақ 
жеріне қастандықпен қолдан жасалған бұл аштық шындығының жария болуына 
жол  бермейтіні  анық  болатын.  Бірақ,  азаматтық  позицияны  жоғары  қоятын 
автор  жас  болса  да  осы  мәселені  көтере  білді.  Бір  отбасының  трагедиясы 
арқылы тұтас қазақ ұлтының басына түскен нәубетті, үлкен қасіретті көрсетуде 
мақсат етеді. 
«Бір  уыс  бидайдағы»  Алмажанның  «бұл  өзі  қаусаған  кемпір  еді.  Еріндері 
қарайып  тобарсыған.  Бүкіл  өмірін  азаппен  өткізгендігінің  куәсіндей  айқын-
ұйқыш әжім басқан беті шаң топырақ пен қауыздың үгінділерінен көрінбейді. 
Бірақ арып еті қашқан шығыңқы бет сүйектері мен шүңірейіп ішіне кіріп кеткен 
жанарсыз  көздері  оның  өмір  бойы  көрген  бейнетінің  бәрін  де  осы  соңғы 
бірнеше  күннің  азабы  басып  кеткенін  аңғартқандай»  [125,6]  деп  берілген 
портреттік детальда оның отыздан енді асқан жан екендігінің жұрнағы да жоқ. 
Бүтін қазақ халқының басына түскен қалың қасіреттің салдарын автор осы бір 
өмірден  рақат  көрмеген  шынашақтай  әйелдің  портретіне  сыйғыза  білген. 
Детальдың  бүтіннің  орнына  бөлшекті  алатын  негізгі  қасиетінің  бірін  осы 
жолдар аша алады.  
«Әйел  махаббаты»  новелласында  портреттік  детальдың  бірқатар  үздік 
үлгілері кездеседі. Жүрек толқытар сырлы әндері ауыздан-ауызға көшіп, жаңа 
тарай бастаған, атағы шықпаса да, көп адам әнін білетін, ал өзін білетін адамдар 
тегіс  оның  болашағынан  үлкен  үміт  күтетін,  жүріс-тұрысымен,  сөйлеген 
сөзімен  адамның  бәрін  баурап  алатын  жас  жігіт  Төлегеннің  бейнесін  автор 
Зияның сипаттауында береді: «Ол ешкімге ұқсамайтын. Толқынды, қалың қара 
шашын шалқасынан қайырып қоятын. Желкесіне дейін жететін, арты көтеріліп, 
күдірейіңкіреп тұратын, онысы өзіне ерекше өң беретін. Ол сұлу емес еді, бірақ 
сымбатты-тын.  Аяғын  салмақпен  басып,  жайымен,  ойланып  жүріп  келе 
жатқанда жұрттың бәрінен еңселі көрінетін. 
Оның  көзі...  Сен  сондай  көзді  көргенің  бар  ма?  Тыныш  жатқан,  терең 
қарасулар болады ғой, соған ұқсас еді, тіпті  теңеу таба алмаймын. Күлмейтін, 
үнемі  бір  қалыпта,  тұңғиық,  селт  етпеген  күйінде  тұратын  да  қоятын.  Мен 
кейде  Короленконың  соқыр  музыкантының  көзіне  ұқсататынмын.  Біздің 
қыздардың  бірі  оның  көзін  өлген  адамның  көзіндей  деп  еді»  [125,35].  Зияның 
сипаттауындағы  Төлегеннің  портреті  барынша  мейірімді,  барынша  сүйкімді, 
ерекше  жылылық  пен  махаббатқа  толы.  Бірақ,  бұл  тым  кеш  келген,  тым  кеш 
мойындалған  махаббат  болатын.  Себебі,  Төлегеннің  өзін  сүйетінін  білген  соң 
қыз шектен шығып, есіріп кетеді. Әдейі жаяу кетсін деп, транспорт тоқтағанша 
жібермей  қояды.  Сондай  бір  күндерде  екі-үш  бұзақы  жабылып,  өзін  соққыға 


83 
 
жығып,  бар  киімін  сыпырып  әкетеді.  Жігіт  тақыр  жетім,  әкесі  де,  шешесі  де, 
туған-туысқандары да жоқ, ешкім оған қаражат жағынан көмектеспейтін. Қызға 
білдірмес үшін ақша тауып киім алғанша, жолдастарының бірінің ескі пальтосы 
мен костюмін киіп жүреді.  Бірақ, жігітке ауыр тигені бұл емес еді, ол қыздың 
дидарын  бір  көргеніне  бақытты  еді.  Жанын  оңалтпай  күйзелткен  нәрсе  – 
Зияның  еш  қымсынбастан  Арыстанның  қолтығында  кете  баруы  еді.  Бұл 
қорлыққа шыдай алмаған Төлеген бәрін: оқуын, карьерасын, өзі шексіз сүйетін 
өнерді,  Алматыны  тастап,  алыстағы  жамағайындарына  кетіп  қалады.  Екеуінің 
сан  жылдардан  кейінгі  кездесуінде  де  автор  Зияның  сөзі  арқылы  тағы 
портреттік  детальды  пайдаланады:  «Кенет  өзіме  бүйірден  біреудің  қадала 
қарағанын  сездім.  Жалт  бұрылып  едім,  үсті-басында  сау  тамтық  жоқ,  шашы 
ұйпа-тұйпа, сабалақ біреу шарбаққа жабысып, қимылсыз сілейіп тұр екен, көзі 
өңменіңнен  өтеді.  Мен  жалт  қарағанда  ол  баж  етіп,  қолымен  бетін  басты  да, 
теріс  айналып  кетті.  Бұл  –  Төлеген  еді»  [125,47].  Төлегенді  осындай  күйге 
түсірген – Зия, оның Зияға деген адал махаббаты болатын. Новосібір жақтағы 
ағайындарының  үйіне  барған  Төлеген  шөп  шауып  жүргенде  далада  ұйықтап 
қалады  да,  содан  ай  туғанда  бір-ақ  оянады.  Алғашқыда  айқайлап,  өлең  айтып 
тыныштық  таппағанымен,  кейінірек  мүлде  тіл  қатпайтын  боп  қалады.  Оны 
психиатриялық  ауруханаға  жамағайындары  әкеп  тапсырады.  Кешегі  талант 
Төлеген  ессіз  деп  танылса  да  сан  жылдардан  кейін  Зияны  кездейсоқ  көріп 
қалғанда,  жаны  қатты  толқынысқа  түсіп,  азаптанып,  жүрегі  шыдамай,  екі 
күннің ішінде о дүниелік болып кетеді. Қанша жылдар бойына аңсап, сүйгенін 
бір көруді армандап, сарыла іздеген Зия адамшылық жасап, Төлегеннің сүйегін 
алып,  қолдан  жерлеуге  батылы  жетеді.  Бұл  әрекеті  үшін  отбасының  ойран 
болып, Арыстан екеуінің арасына сызат түсетінін білсе де, саналы түрде солай 
істеді. Қолмен істегенін, мойнымен көтере білді. Өйткені, ол Төлегенін сүйетін. 
Аз  да  болса,  өз  айыбын  осылайша  жуғысы  келді.  Соңғы  сапарға  арулап 
шығарып  салуды  жөн  санады.«Сүйегіне  барғанда  алдым  суретті.  Төс 
қалтасынан  шығыпты.  Сірә,  кезінде  біздің  қыздардың  бірінен  қалап  әкетсе 
керек.  Өзім  жат  біреудің  құшағында  жатқан  кездерімнің  бәрінде  де  суретім 
Төлегеннің  төсінде  тыныстапты.  Мен  арам  денемді  сатып,  алдамшы  сезімге 
елітіп  жүргенімде  оның  осы  жансыз  суреттен  басқа  сүйеніш  етерлік  ештеңесі 
болмаған.... Ал менде қазір көңіл жұбатуға оның суреті де жоқ. Тек бір жапырақ 
қағазға жазған хаты мен әні» [125,49]. 
Ғалым  Б.Майтановтың  портреттік  деталь  жөнінде  айтқан:  «келбет-мүсін 
табиғаты  өзінің  обьективті  мәнін  жоғалтпастан  қаһарман  болмысының  ішкі 
заңдылықтарына  саналы  түрде  бағындырылады»  [65,7]  деген  пікірі 
М.Мағауиннің «Күтпеген кездесу» новелласындағы Көшім портретіне қатысты 
айтылғандай ойда қалдырады. «Бет сүйегі сорайып, ұрты суала түскендей: екі-
ақ  елі  тыжыр  маңдайы  мүлде  қатпарланып,  көпе-көрнеу  қартайып  кетті.  Тек 
шүңірек  көкшіл  көздері  ғана  бұрынғыша  күлімдеп  тұр,  бет  бейнесімен  мүлде 
қабыспайды»  [125,127]  деген  аулашы  Көшімнің  портретіндегі  деталь  –  жасы 
жетпей  қатпарланған  тыжыр  маңдайы  өміріндегі  орын  алған  ауыр  бір 
бақытсыздықтан  хабар  береді.  Оның  бар  бақытсыздығы  медициналық 


84 
 
институтта  оқитын  Әдия  есімді  қызға  ессіз  ғашық  болуы  еді.  Әдия  да 
алғашында  оның  сезіміне  жауап  қатып,  жақсы  көретін  ыңғай  танытқанымен, 
оның  қарапайым  жұмысшы  екенін  естіген  бойда  тез  суынады.  Оның  терең 
сезімнің  адамы  еместігін  автор  киген  киім,  портреті  арқылы  анық  аңғартқан: 
«Үсті-басы олпы-солпы. Басына жалпайтып не қызғылт екені, не сарғыш екені 
белгісіз,  түсі  оңған  көнетоз  орамал  байлай  сапты.  Күнде  киетін  өңі  түзу, 
қаракөз жағалы көк пальтосы әп-сәтте тозып, солбырайып кеткендей. Өзінің де 
жүзі  сынық.  Жатақхана  маңдайшасындағы  шам  жарығында  маған  оның 
қараторы  өңі  бір  күреңітіп,  бір  қуарған  тәрізді  көрініп  кетті»  [125,141]  деген 
жолдардан  болашақ  дәрігер  болса  да,  олпы-солпы  жүретін,  тазалыққа  көңіл 
бөлмейтін  қыздың  сипатын  аңғарамыз.  Бірақ,  осы  қыздың  тұрақсыз,  тайғанақ 
мінезін басқа жігіт келгендегі сипатынан тез бағамдай аламыз: «Қапелімде тани 
алмай қалғандай екем. Шашын тоқпақтай етіп төбесіне түйіп, басына шақпақты 
көк  орамал  байланыпты.  Жаңа  олпы-солпы  боп  тұрған  пальтосы  да  жаңара 
құлпырып, бойына қона қалған. Аяғына киген биік өкше ботысы сықыр-сықыр 
етеді.  Мұрныма  нәзік  әтір  исі  келді.  Қырынан  қарағанда  қыз  әп-әдемі  боп 
көрінеді екен. Тайқылау біткен тар маңдайы да, артық-ауыс жерлері қырналып, 
қажетті  қалыпқа  түсірілген  қою  қасы  да  ұнасымды.  Екі  танауы  делдиіңкі, 
келіссіз  мұрын  да  қырлана  қалғандай.  Жалпақ,  доғал  иегі  де  қайтадан 
қашалғандай мүсінді. Тал бойына жараспай тұрған мүше – астыңғы ерні ісіңкі, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет