Сатылханова гульмира алихановна



Pdf көрінісі
бет44/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17302
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66
арудай  сыңсып,  бірде  ішегін  тартып  жылаған  жас  баладай  өксіп,  екі  жұма 
бойы  ұлыған  құлан  жортпас  құла  түздің  ақ  бораны  басылған  соң  түн 
баласында күрс-күрс етіп атылған мылтықтың үнінен, тынымсыз дыбыс берген 
адам  даусынан  сескеніп,  қалың  жылқыға  тие  алмай,  тек  тұс-тұстан  ұлардай 
шулаған  аш  бөріден  сақтанып,  Құтжан  екі  апта  бойы  бір  бел  шешпеді»  [116, 
20]. Ел басына нәубет төніп, жер бетін соғыс жайлаған жылдары қыс мезгілінің 
де  тым  қатты  болып,  мал  шаруашылығымен  айналысатын  жандарға  ауыр 
тимегенін көрсетеді автор. Қыстың беті қатты болғандықтан, қолда бар малдан 
айрылып қалмас үшін дімкәстігіне қарамастан, жылқы бағуға шыққан Құтжан 
ақсақалдың  қиын  тіршілігін,  ауыр  тағдырын  айтпас  бұрын  келтірген  қап-қара 
шаштарын  жайып  жіберіп,  аза  тұтқан  қаралы  арудай  сыңсыған  пейзаждық 
детальдарды  келтіруі  тегін  емес.  Бұл  пейзаждық  детальдар  новелладағы 
оқиғалармен  кіндіктес,  кейіпкер  басына  түскен  трагедиялық  ахуалдың 
символдық  белгісі  іспетті.  Тіпті  оқырманды  алда  болар  сұмдық  оқиғаға 
эмоциялық тұрғыдан әзірлеуде де үлкен рөл атқарады. Олай деуге себеп, талай 
түндер бойы жылы үй бетін көрмей, суық алып қалған Құтжан ақсақал дәл осы 
қыс  мезгілінде  майданға  кеткен  жалғыз  ұлының  мезгілсіз  қазасын  естігенде 
орнынан  оқыс  көтеріліп,  суықтан  қамзау  боларлық  шолақ  тонын  киместен 
сыртта  қаңтарулы  тұрған  атына  мініп,  тартып  отырады.  Міне,  осы  еңсесін 
көтертпеген  қыстың  салқын  ызғарындай  суық  хабар  бар  әрі  желең  шығып 
кеткенде екі өкпесіне суық тиіп, ақсақал жатып қалады. Жоғарыда келтірілген 
детальдар – табиғаттың қатігез мінезі жалғыз баласынан айрылып, көкірегінде 
мұң, өкініш, кек қайнаған әкенің ішкі әлемімен үндес сарын туғызады. 
«Өткінші  жаңбыр»  новелласында  «Тұманды,  жүдеу,  жетімек  күндер  қан-
жыны  араласа  ішек-қарынша  шұбатыла  ақтарылып  жатты»  [111]  деген 
елеусіздеу ғана пейзаж-детальдың аясына автор сұмдық шындықты сыйғызады. 
Жанияның  әңгімесі  арқылы  айтылған  бұл  шындық:  көңілсіз,  кері  кеткен 
күндерде  Бөрібайдың  арақтың  құлына  айналғаны  аздай,  өзге  де  әйелдермен 
көңіл  көтеруді  әдетке  айналдырғаны,  дос  қызы  Әлияны  оқуға  түсіріп  беремін 
деп алдап, қалаға апарып абыройын төккені, қалада екі-үш мәрте машинасымен 
адам басып, оны ақшамен жапқаны, соны жүйкесі көтере алмай Ақнұрдың түсік 


112 
 
тастауы  болатын.  Қан-жыны  араласқан  ішек-қарынша  шұбатылған  осы  бір 
сорақылықтар жасалған күндерді автор жүдеу, жетімек күндер деп нақтылайды. 
Үлкен  өмірдің  есігін  «соқтықпалы-соқпақсыз»  кер  кезеңде  қаймыға  ашқан 
жас  қызға  тағдырдың  салғаны  қатты  батса  да,  арғы-бергісін  таразылап, 
мойныммен көтеруім керек, әліптің артын бағуым керек, шыдауым керек деген 
Ақнұрдың  төзімін  аудан  жақтан  жыланша  сусып  жеткен  жеңіл  машинадан 
түскен  таяқ  ұстаған,  егде  әйелдің  әңгімесі  тауысты.  Бейтаныс  әйелдің  жақсы 
ниет-мақсатпен  келмегенін  «машина  ішінен  қанар  қаптай  қара  әйел  ысылдап-
пысылдап,  аударыла-ақтарылды  (түсті  демейді).  Бүткіл  дене  құрылысынан 
қоңырсық иіс мүңкіп, өлексе еттей ылжыраған, быршып, көлдей көлкіген беті-
басынан тер сүмектеген қара кемпір орындыққа жайыла жайғасты» [111] деген 
портреттік-әсер  деталь  арқылы  бірден  түсінеміз.  Анық  болғандай,  бұл 
кемпірдің екі баласы бар келіні Бөрібаймен төсектес болып, соның салдарынан 
баласы екеуі айрылысудың сәл-ақ алдында жүрген екен. 
Мұны естігенде Бөрібайды сүймесе де, алып қашқасын амал жоқ, «қайтып 
келген  қыз  жаман  болмайын»  деп,  оның  үстіне  бейбақ  енесінің  аяғына 
жабысып,  жалынған  сөздерін  аттап  кете  алмай,  өз  тарапынан  қателікке 
ұрынған,  сенгені  сатқындық,  опасыздық  жасаудан  басқа  рақат  көрсетпейтінін 
түсінген  Ақнұрдың  бойында,  жан  дүниесінде  орын  алған  өзі  де,  ешкім  де 
танып-білместей  төңкеріс-толқынысты  автор:  «қайдан  жеткенін,  ала-қотан 
бұлттар  аймаласа  қалып,  қайнап  тұрған  күн  әп-сәтте  бүлініп  салған.  Ұзамай 
алғашқы ірі-ірі қорғасын тамшылар әрегідік сатырлай себелеп те өткен. Құйын 
үйірді. Артынша, көзді ашып-жұмғанша түнек қауып, аспан жерге түсті. Ақнұр 
шабаданына  сүріне-қабына  үстіне  етпеттей  құлаған.  Сол  күйі сабалана  құйған 
нөпірге  –  ыза  отына  орана  еңіреп  қоя  берген»  [111,54]  деген  пейзаж-деталь 
арқылы  жеткізеді.  Зерттеуші  Л.Мышковская  Л.Толстойдың  қаламгерлік 
шеберлігін  зерттей  отырып,  автор  туындыларындағы  психологиялық 
пейзаждың  қызметін:  «онда  ішкі  үдерістер  –  адамның  күрделі  және  өзгермелі 
жан-дүниесі  айрықша  көрініс  табады»  [147,  254]  деген  пікірі  осы  орайда  ойға 
оралады.   
Новеллада  жазушы  пейзаж-детальды  оқиға  ауанына  орай,  кейіпкердің  сол 
сәттегі  көңіл-күйіне  қарай  таңдап,  талғап  ала  білген  деуге  негіз  жоқ  емес. 
Тордағы торғайша тыпырлаған Ақнұрдың болашаққа деген сенімінің быт-шыт 
болуы,  бүкіл  арман-мақсатының  күл-талқаны  шығып,  өксіп  қалар  кезі 
жақындаған  сәтті  автор:  «Ақиған  күн  сәскеге  жетпей-ақ  шаптығып,  атойлап 
тұр.  «Тал  түсте  тас  төбеңнен  сорғалағанда  қайтер  екен,  ә?!».  Таңғы  лептің 
жұрнағы  да  қалмаған.  Қол  созым  жердегі  таулар  қашқақтап,  мүлдем  алыстап 
кеткендей  –  аспан  мен  жердің  екі  аралығында  буалдырлана  жайылып, 
толқындана жүзеді. Ауыл жансыз, тамырсыз ебелектей. Сүзектенген көшеде ит 
те  жоқ.  Шұрқ-тесік  таспа  жол  шып-шып  тершіп,  бықырып,  жүрегіңді 
лоқсытады.  Сазды  қара  жер  пеште  піскен  кірпіштей!  Басқан  ізің  зыңылдап, 
табаныңнан кері теуіп, денеңді дуылдата аузыңнан жалын құстырады, - айнадай 
шақырайып,  тіке  қарауың  мүмкін  емес  те,  көзіңді  ағызады.  Қара  көзілдірік 
киген Ақнұр қолшатырын паналап, бұқпантайлап, мектепке жақындап қалған» 


113 
 
[111,52]  деген  пейзаж-деталь  арқылы  беруде  деталь  оқшау  нәрсе  емес, 
шығарманың  бүкіл  «қантамырымен  өзектесіп,  бауырластық  тапқандай». 
Ақнұрдың  өзегін  өртейтін  сұмдықты  суреткер  сезімталдықпен  ойлы  өрнектей 
білген.  «Ақиған  күн»,  «қашқақтаған  тау»,  «жансыз  ауыл»,  «лоқсыған  жүрек», 
«аққан  көз»,  «аузынан  жалын  құсу»  деген  тіркестердің  өзі  –  жақсылықтың 
нышаны  емес  екені  түсінікті.  Тағы  бір  «Ымырт  үйіріліп,  жарық  дүние 
қаусырылып,  онсыз  да  көтерем  ауыл  ұйыққа  үйелегендей.  Қара  күздің  жылан 
тіліндей  сумаңдаған  сұрқия  құйын-желкемі  суырып  өтті»  [111,  37]  деген 
деталь-штрих  та  оқырманын  бей-жай  қалдырмайды.  Детальды  дәл  керек 
сәтінде,  орынды  пайдалана  білу,  сол  арқылы  новелладағы  негізгі  ойды 
түсіндіре  білуі  –  жазушы  кемелдігінің  белгісі.  Ол  үшін  ең  алдымен  әрине 
жазушы таланты қажет.  
«Тау  етегіндегі  төбелердің  үсті  алғашында  буалдырлана  күреңітіп,  бірте-
бірте  шығыс  тұс  арайлана  бастаған.  Сәлден  кейін,  қытығыңды  қоздырған 
алтын-сары түске алмасып, ұзамай күмістен шашу шашқан күн-атаның ұшығы 
да  көрінген.  Көбесі  сөгіле  қоймаса  да,  буын-буындарынан  әл  кете  бастаған 
қатпар-қатпар қалың қар «әлі де көрсетер қиқаңым біте қойған жоқ» дегендей 
бырт-бырт  етіп,  аяқтарынан  тартқылағансиды.  Бірақ,  онысы  жандалбасалық, 
ерегіске  түскен  күннің  көзі  әбден  еркінсіп  алған.  Кейбір  жерлерде  көк  бет 
қардың  мыж-мыжы  шығып,  алабажақтана  бастаған.  Енді  қаншама 
қиқаңдағанымен  –  қатігезденіп,  қазымырланып,  ұзағынан  сайран  салған  кәрі 
қыстың  кеуек  сүйектерінің  қиюы  қаша  бастағаны,  жалған  ғұмырының  ұзаққа 
бармасы  анық  боп  қалған-ды.  Соны  бүгінгі  шуақты,  арайланған  әсем  таң 
шүбәсыз  дәлелдеп,  куәландырып  та  тұрған  еді»  [107,  306]  –  деген  жолдардан 
қанша  қарсыласса  да,  қанша  ұзақ  жатса  да,  көктем  келгенін,  көктеммен  бірге 
Бақытгүлдің  көптен  күткен  жары  оралатыны,  бүкіл  қиындығы  артта 
қалатындығын  анық  аңғартып  тұр.  Пейзаж-детальдың  өзі  кейіпкердің  алдағы 
жақсы күндерінен хабар береді.  
Қ.Мүсіреповтің  «Әлдилеп,  аялап»  шығармасында:  «О  да  жаздың 
жаймашуақ  күні  еді...  Оңтүстіктің  самалы  еседі.  Айнала  көк  майсаның  теңізі 
толқиды,  тербеледі.  Аспанға  алтын  зерін  жалатып,  арайлап  таң  көрінеді. 
Алаулы таңның дидары қандай ажарлы еді: бақыт құшағындағы армансыз жар 
келбетіндей-ау!» [109] деген пейзаждық деталь бір-біріне елжірей, ынтызарлана 
қараған  қос  ғашықтың  бірге  соғып,  бірге  дүрсілдеген  жүрегімен,  көңілімен 
сабақтастықта алынған. Т.Бердияровтың «Ән» новелласында автор қыз әнін бар 
табиғат  маужырап  тыңдағандай  пейзаждық  детальдармен  көмкере  береді: 
«Сызылта  салған  қыз  әні  бұрала  аққан  жіңішке  өзендей  жігіттің  кеудесіне 
құйылып  жатты.  Бұлақ  суын  ішкенмен  қайнар  көзін  көруді  арман  еткен 
адамдай,  ол  жолсыз  даламен  ән  шыққан  жаққа  қарай  еріксіз  аяңдап  отырды. 
Көктемнің  сұлу  сәукелесіне  қанаты  ілініп  қалғандай,  көк  аспанда  бозторғай 
шырыл  қағады.  Айдын  көлге  төсін  сүйгізіп,  шықылықтаған  қарлығаштар 
көктем-бикештің  қап-қара  моншағындай,  бағана  сымдарында  қаз-қатар  тізіліп 
тұр.  Зеңгір  көкте  үшкілдене  ұшып  тырулаған  тырналар  көктемнің 
базаршысындай маңып барады. Тұтас гүлдеген алма бақтар жерге қонған ақша 


114 
 
бұлттай  көзге  жырақтан  шалынады.  Айдалған  жердің  ылғал  топырағының  исі 
қандай  сүйкімді!...  Осы  бір  табиғи  көріністер,  осы  бір  өмір  тіршілігі  қыздың 
сызылта салған әнінен тыныс ап тұрғандай. Тіпті шөмеле шөпке басын құныға 
сұғып  алған  ала  сиыр  да  аузынан  сілекейін  шұбыртып,  тырп  етпей  маңқия 
аңырып  қапты»  [130]  деп  төңірек  біткен  қыздың  ләззатты  әніне  құмырсқадай 
шырмалып қалғандай. Табиғат қана емес бұл сұлу қыздың асқақтай көтерілетін 
әсем  әніне  мақта  өңіріндегі  колхозшылар,  түбекте  сиырларын  жусатқан 
малшылар,  тезек  терген  кемпірлер,  өзеннен  су  әкеле  жатқан  қыз-келіншектер 
тамсанып,  жаппай  құлақтарын  тосатын.  «Адам  табиғатпен  тығыз  қарым-
қатынаста  болғанда  ғана  күшейеді.  Табиғат  өз  құдіретімен  адамды  баурап, 
оның  бойындағы  тазалықты,  жанының  ізгі,  мөлдірлігін  ұзақ  уақытқа  дейін 
сақтай  алуын  қамтамасыз  етеді.  Табиғат  аясында  ғана  адам  баласы  еркін 
демалып,  терең  ойлап,  ерекше  сезімге  беріліп,  шынайы  сүйе  алады  [148,82] 
деген пікірдің шынайылығы Дариға сұлудың табиғатымен тамырластықта.  
Ө.Күмісбаевтың  «Айтылмаған  ән»  новелласында:  «Кешкі  самал 
жапырақтармен  ойнай  бастағанда  табан  жолмен  тура  Сырдың  жағасына 
тартамын.  Ымырт  үйіріліп,  толқындар  момақансып,  өзен  жұп-жұмсақ  болып 
бусанып жатады. Түнгі өзеннің көбігінен моншақ тізген ай сәулесі де ақырын 
жылжып  дәл  менің  алдымдағы  аппақ  айдынға  келіп  сұлап  жатып  алады. 
Шөптердің  басы  самалмен  ақырын  ырғалып,  әнімді  алысқа  әкетеді.  Оңашада 
шырқағанды  сондай  ұнатам.  Мұндайда  саған  жәудіреген  көздердің  орнына 
жұлдыздар  қадалады»  [149,10]  деген  пейзаждық  детальдар  кейіпкердің  өнерге 
жақындығын, жанының нәзіктігін ұғындырады. Әнді сүйетін кейіпкердің нәзік 
жан-дүниесіне  табиғат  та  сәйкестік  келеді:  толқындар  момақан,  өзен  жұп-
жұмсақ,  ақырын  жылжып  келген  ай  сәулесі  де  дәл  кейіпкердің  алдындағы 
айдынға  келіп  жатып  алады.  Адамның  ішкі  жан-дүниесінің  тазалығы  мен  түн 
тыныштығын автор шебер қиюластыра білген.  
Б.Майтанов  пейзаждық  детальдың  қызметін:  «Көркем  туындыдағы 
пейзаждың функциясы үш түрлі арнаға саяды. Сюжеттік орайда ол – оқиғалық 
уақыттың өлшемі. Композициялық тұрғыда ол көркемдік жолмен қабылданған 
әлемнің  тұтастығын  білдіреді.  Шығарманың  идеялық-мазмұндық  астарларына 
қатысты  ол  характерологиялық  міндеттер  атқарады.  Әдебиет  образ  не 
жекелеген  құрылымдық  компонент  жасауда  алдын  ала  дайындалған 
рецептілерге жүгінбейтіні аян. Пейзаж да әр қаламгер шығармашылығында әр 
алуан  сипатта  суреттеледі»  [150,  46-47]  деп  атап  көрсеткен.  Ғалым  пікіріне 
сүйенсек,  пейзаждық  деталь  уақыттың  өлшемін,  тұтастықты  білдіріп, 
характерологиялық қызмет атқарады екен. Оған қоса, қазақ новеллаларындағы 
пейзаждық  детальдар  мекендік,  мезгілдік,  фондық  қызметтерге  ие  екенін 
пайымдадық. 
Түйіндей келе, әр жазушының новелласындағы пейзаждың әр алуан сипатта 
келетіні анықталды. Ол заңды да. Мінсіз жаратылған көркем дүниенің әсемдігі 
қарама-қарсылықтардың  бірлігіне  негізделгенін:  бір  жер  тау-қыратты  келсе, 
екінші жер ойпаң-еңісті, бір жер орман-шалғынды болса, екінші жер – қуаң шөл 
дала.  Бір  жер  сырт  сәнімен  жайқалып  тұрса,  екінші  жер  ажарсыз  келбетіне 


115 
 
қарамай,  төменгі  қабаттардағы  қазба  байлығымен  құнды  болып,  адамзат 
баласын алуан түрлілігімен таң қалдырып келе жатқан жаратылыс сырын игеру 
мүмкіндігі шексіз екені әмбеге аян [151]. Сонымен бірге, пейзаждық детальдар 
кейіпкердің  көңіл  күй  ауанына  орай  ішкі  әлемінде  болып  жатқан  алуан  түрлі 
психологиялық  құбылыс,  өзгерістерді  табиғат  көрінісімен  сабақтастыра, 
жымдастыра келе, оған характерологиялық мінез дарытады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


116 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет