Сатылханова гульмира алихановна


 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕТАЛЬ ТҮРЛЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ



Pdf көрінісі
бет45/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17302
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   66
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕТАЛЬ ТҮРЛЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТІ  
 
3.1  Қазақ  новелласында  кездесетін  іс-қимыл  (әрекет)  деталінің 
көркемдік қызметі 
Деталь  –  бүтін  дүниеге  меңзеп  тұрар  түймедей  бөлшек.  Есесіне  деталь  – 
көркемдік  кілті,  шеберлік  шарты.  Детальды  игерген  жазушы  шын  жазушы, 
шебер  жазушы.  Баяндаудың  шырайын  кіргізуден  бастап,  характер  жасауға 
дейін  атқармайтын  қызметі  жоқ  оның.  Шығарманың  бар  болмысы,  тұтас 
табиғатына  әсер  етіп,  шешуші  роль  атқаратын  кішкене  ғана  деталь  жазушы 
үшін  қолға  оңайлықпен  түсе  бермейтін  шеберлік  кілті»  [152,239]  дейді 
Қ.Ергөбек. Міне, сол инемен құдық қазғандай зор еңбекпен, ұзақ толғаныспен, 
терең  оймен  келетін  көркемдіктің,  шеберліктің  кілті  «детальдың»  іс-қимыл 
деталі  деген  тағы  бір  түрі  бар.  Әдебиеттанушы  ғалымдардың  еңбектерінде  іс-
қимыл деталінің негізгі екі типін бөліп көрсетеді: 
1) табиғи, кейіпкер реакциясының аяқ астынан, ойламаған жерден көрінуі; 
2)  шартты  немесе  этикеттік,  қоғамның  өзі  дағдыға  айналдырған  әрі 
бекітіп, рұқсат берген «өзіндік «жүріс-тұрыс тілі». 
Деталь  табиғатын,  көркемдік  қызметін  жан-жақты  қарастырып,  зерттеген 
ғалымдар еңбектерінде іс-қимыл деталінің төмендегідей түрлері мен атқаратын 
қызметі ғылыми айналымға еніп, дәлелденген: 
Психологиялық  деталь  қызметі  –  кейіпкердің  ішкі  жан-дүниесін,  оның 
уайым-қайғысын білдіреді. 
Характерологиялық  деталь  қызметі  –  кейіпкердің  іс-әрекеті,  мінез-құлқы 
оның  жеке  тұлғасымен  байланысты.  Зерттеуші  А.Ф.Лосев:  «Дене  –  адам 
жанының  тірі  сұлбасы.  Мен  бір  қарағанда-ақ,  алдымда  тұрған  адамның  іс-
әрекеттерін  айтпағанда,  сөйлеу  мәнері,  көзінің  қиығы,  маңдайындағы 
сызықтары,  қолы  мен  аяғын  қалай  қойғаны,  денесінің  түсі,  даусына  қарап-ақ 
қандай адам екенін танып, жаңылмай айта аламын» деген екен.  
Тарихи-мәдени  деталь  қызметі  –  жүріс-тұрыс  тілі  елдің,  дәуірдің  мәдени 
фонымен  қалыптасады,  сол  арқылы  оның  нормалары  мен  дәстүрі  көрініс 
табады.  Жазушының  шығармасы  жүріс-тұрыс  нормасының  өзгеруі  мен  жаңа 
форманың сақтап қалады. 
Әлеуметтік-анықтауыштықдеталь  қызметі  –  персонаждың  жүріс-тұрыс, 
мінез-құлқына  өзі  өмір  сүріп  отырған  әлеуметтік  ортаның  әсері  болады,  бұл 
кейіпкердің әлеуметтік статусы жөнінде хабар береді. 
Сюжеттік  деталь  –  шығарманың  авансценасына  шығып,  сюжетті 
байланыстыру  қызметін  атқарады  және  тартысты  ситуацияларды  тудырушы 
қызметін атқарады. 
Бағалауыштық  деталь  –  бұл  арқылы  кейіпкердің  сұхбаттасушыға  деген 
бағасын, тіпті автордың кейіпкерге берген бағасын білуге болады [94]. 
Біз де өз зерттеуімізде қазақ новеллаларында кездесетін іс-қимыл деталінің 
түрлеріне мысалдар келтіріп, атқаратын қызметін жасауға талпыныс жасадық.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет