Сатылханова гульмира алихановна



Pdf көрінісі
бет56/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17302
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   66
Байланысты:
Satylkhanova Disser

жаудырай  қалған  аяулы  қара көздің  мөп-мөлдір қарашығының  терең  түбінде 
«енді қайтіп көрісеміз бе» деген сұрақты айта алмай», орамалын желбіретіп, көз 
жасына булығып сүйген сұлуы Зәуресі шығарып салған болатын. Зәуресін осы 
терек  түбінде  соңғы  рет  көріп,  қоштасса,  осы  құба  теректің  бойындағы  құс 
ұясының  ішіндегі  Зәуре  тығып  қалдырған  хат  арқылы  қайта  табысты. 
Табысқанда  –  осы  хат  арқылы  бүкіл  шындықты  біліп,  болған  жайға  қанық 
болды.  Көктем  сайын  ұядағы  құс  төсегін  жаңғыртып  жүретін  әдетін  біліп, 
Сәлім соғыстан аман-есен оралса таныс ұяға тағы қол созатынын біліп, асыл да 
дана жары соңғы қоштасу хатын сырымызды сыртқа шығармаған досымыз деп 
таныған  терек  бойындағы  ұяда  қалдырады.  Енесі  қайтқан  соң  үзілді-кесілді 
талап қойып: «Жаралыға жәрдем беріп, ұрыста жүрген қыз келіннің менен несі 
артық, не үшін дәрігермін» деп белсенген бетінен ешкім қайтара алмай, соғысқа 
аттануының  негізгі  себебін  жазып  қалдырған  еді  бұл  хатта.  Хат  мазмұнында 
елде  жүріп  еңбек  еткеннің  де  дұрыс  екенін,  майдан  үшін  елдегілер  де  ерен 
еңбек етіп жатқанын, жарының майданнан келер сәтін сарғая күтіп, туған үйдің 
босағасынан тас қып ұстап отыруды жөн көрген әйелдің жанын шырқыратып, 
амалсыз  елден  бездірген  шындығы  ашылады:  «Қылтамақ  дертіне  қылар  айла 
таппадық  та,  апам  дүние  салды.  Үйдің  іші  үрейлі  мінез  көрсете  бастады: 
бекіткен  есік  бейуақыт  соғылды,  әлдекімнің  тырнағы  терезенің  әйнегіне  тиді, 
тіпті  сол  әйнектен  біреудің  көзін  де  көргенім  бар.  Осынау  бір  беймезгіл 
сығалаған  жанға  сырт  айналып  үйренсем  де,  өзім  туралы  өсекті  тыңдауға 
үйрене  алмадым.  Оның  үстіне  әлгі  адамның  әйнектен  арғы  көзі  секілді  сұп-
суық сөзіне де құлағым душар болды. Өлтіре өткір айтам деп әбден өшіктірдім 
мен оны. Ия, көзінше езбен жағаласып бет жыртысқанды ар көрдім өзіме. Әйел 


144 
 
де  –  бір  елік,  жолында  тұзақ  көп.  Ерегеспен  құрылған  сол  тұзақтардың біріне 
жазатайым  ілікпей  тұрып,  құтылудың  жолы  осы-ақ  болды»  [163].  Ерін 
майданға  аттандырып  салып,  енесін  қолымен  арулап  жерлеп  қайғы  жамылып 
жүрген жалғыз әйелдің қайғы бұлтын сейілтудің орнына қастық қылып жүрген 
жанның  кім  екенін  жасырып  қалады  арды  ойлаған  қайран  қазақ  әйелі.  Елім 
аман-есен  келсе,  тірлігінде  мен  үшін  сонымен  жауласып,  қастасып  жүрмесін, 
бейбіт  тірлік  кешсін  деп  азаматының  абыройын  ойлайды.  «Кім  еді  деп  ездің 
есімін  сұрама.  Көзсіз  көкірек  сенің  жаныңнан  садаға  кетсін»  деген  тілдік 
детальдар Зәуренің мықтылығын дәлелдейді. Аз уақытта жалғыздықтың азабын 
әбден тарттым, жалғыз қалма деп Сәлімнің шаңырақтың отын өшірмей, некелі 
болуын  қалап  әрі  талап  етеді.  «Соғыс  жылдарындағы  аналар  мен  қыз-
келіншектердің  тылдағы  ерлігін,  адамгершілік  асқақ  сезімін  паш  ететін 
символикалық  пландағы  монумент  тұғыр  орнатылса  да  артық  болмас  еді-ау!» 
[164,182]  деген  сыншы  С.Әшімбаевтың  пікірі  осындайда  айтылса  керек. 
Тылдағы  еңбеккерлер,  майдангерлердің  қанаттары  бола  білген  әйел-аналар 
шындығында халықтың қайыспас  қара нары,  абырой-ары деуге  әбден болады. 
Көрмегенді  көрсеткен  сұм  соғыста  жеңіске  жетуде  олардың  үлес-салмағы 
әлдеқайда артық. 
Осы  үш  новеллада  келтірілген  терек-деталь  арқылы  біз  жарын,  азаматын, 
бауырын қалтқысыз, шынайы сүйе білген арулардың кіршіксіз адал махаббатын 
танумен  қатар,  олардың  алған  бетінен  қайтпайтын,  батыл  да  табанды,  өткір 
мінезді  жандар  екенін  анық  түсінеміз.  Үш  новеллаға  ортақ  дүние  тек  терек-
деталь ғана емес, сол терек айналасында өрбіген сюжеттің соғыс шындығынан 
алынуы.  Соғыс  өрті  қауызы  ашылмаған  жас  қызды,  арды  ойлаған  құрыштай 
қазақ  әйелін  жалмап  үлгеріп,  әкесінен  тірілей  жетім  қалып,  ағасының 
бауырында өскен жас қызды таза жетім қылып, жалғыз қалдырды. 
Жазушы  Т.Ахтановтың  «Күлкі»  новелласының  фабуласында  бір  қарағанда 
күлкі  шақыратындай,  жеңіл  әзілге  құрылған  дүние  жоқ.  Керісінше,  оқып 
шыққан  жанның  жүрегінде  ауыр  мұң,  өтелмеген  парыз  ба  әлде  бір  алданған 
сезім сынды өкініш қалады. Мұнда қажыған композитордың сергіп қайту үшін 
еліне  келген  сапары  жайында  айтылады.  Жылтыр  қара  жігіттің  хат  әкеліп 
беруімен  басталып,  хат  иесі  Гаухардың  кім  екенін  білгісі  келген  оқырманын 
ынтықтырып қойған новелла сюжеті біртіндіп шешіледі. Тақырыптың өзі тұтас 
новелланың  идеялық  жүгін  арқалап  тұрғандай.  Автор  негізгі  кейіпкер 
композитор Серәлінің өміріндегі елеулі өзгерісті бастаған да, оны атақ-абырой, 
дәреженің биік шыңына жеткізіп, жетелеген де дала қызы Гаухардың назы бар 
тартымды, жұмсақ, кәусар күлкісі дегенді айтады. Бір әнінен екінші әні артық 
мақталып, сүрінбей өрлеп, даңқы шарықтап бара жатып, көкірегіндегі күй көзі 
бітеліп  қалғандай  дым  шықпай,  тоқырап  қалу  себебін  автор  даңқтың  буымен 
мастанып  жүріп,  көп  жыл  бойы  ауылға  ат  ізін  салмай,  қашықтап  кетуі 
салдарынан  деп  көрсетеді.  Бұл  тұста  авторлық  позиция  айқын,  ол  күлкі  мен 
табиғатты  салыстыру  арқылы  идеяны  ашық  жеткізеді:  «Сыңғырлап  аққан 
бұлақтай  әсем  күлкі  еркін  төгілді.  Жасынан  құлағына  сіңген,  осы  ерке  үн 
осынау  төскейден,  даланың  тыныс  алғысы  келгенде  бір  толқып  қалған 


145 
 
кеудесінен  шыққандай  көрінді.  Осы  даланың  қойнауы  мен  адырын  талай 
желпіген шырайлы үн ғой бұл» [132]. Оқиға дамыған сайын сергіп қайту үшін, 
тоқырап қалған шабытты қайта шақыру үшін еліне келген Серәлі туған жерінің 
сылдырлап  аққан  өзенін  кешіп,  ертеңгі  самалмен  ырғалған  құрғақ  жусанын 
жалаң аяқ басса да көңілінде күй оянған жоқ. Екі құлағы тарс бітіп қалғандай 
табиғаттың  ешбір  дыбысын естімеді.  Ән  жүректен  туатын болса,  оның  жүрегі 
түтігінен  салқын  қанды  ақырын  өткізіп  қана,  тып-тыныш  тоңазып  жатқан 
сияқты.  Міне,  осы  сеңді  бұзған,  ақын  музасын  өзіне  қайтарған  Гаухар  күлкісі 
екенін автор деталь арқылы әдемі жеткізеді: «Гауһар сыңғырлап күліп жіберді. 
Серәлінің бүкіл тұла бойы дір ете қалды. Ұшқын шашқан ойнақы ерке күлкі – 
сонау  бір  алыстап  қалған  жастық  ыстық  шағын  көз  алдына  қайтып  әкеліп, 
мүлги бастаған көңілін шайдай ашты. Самайына лыпылдап қан жүгіріп, жүрегі 
лүп-лүп соғады. Бір кезде уыз жүрегін оятқан назды ерке үн, мұның иірімдегі 
қара  судай  тұнып  жатқан  көңіліне  тас  тастағандай  толқытып,  тебірентіп 
жіберді» [132]. Міне, ұсақ бөлшек арқылы автор тұтас құбылысты айқын бере 
білді.  Көз  алдымызда  композиторды  тірілтіп,  әсер  еткен  өңіндегі  өзгеріс, 
құбылысты  айнытпай  танимыз.  Күлкі-детальды  естігенде  толқып  кеткен 
көңілін енді үн, әуен дүниесі жайлап бара жатқанын ұғамыз. «Тұтасқан қалың 
бұлттай  ауыр  ырғалып  үнсіз  бір  күй  тербейді  көкірегін.  Оның  әзірге  ырғақ, 
машығы,  нақышты  бейнесі  жоқ;  тек  тебіренген  толқыны  ғана  бар.  Сол  күй 
булығып,  түйіліп  келгенде,  ойда  жоқта  ерке  күлкі  күнге  шағылған  күмістей 
жылтырап,  шыңырап  көтеріледі.  Серәлі  алқынып  дем  алды.  Енді  кеудесін 
селдей  кернеп  кеткен  күй  толқыны  бәсең  тартып,  байсалды  әуенге,  ойлы 
сарынға ауысты. Бірте-бірте төмендеп тереңдей түсті. Осы кезде дүниеде адам 
жанының асыл қазынасы, әсем көрінісі, қуанышы бар екенін паш еткендей тағы 
да ерке күлкі естілді. Бұл әлі бейнеге түскен музыка емес-ті, бірақ осындайдан 
кейін  музыка  туатын»  [132].  Ақын  жүрегін  жарып  шықты  музыка,  кеудесінде 
күмбірлеген күй ойнады. Кімнің арқасында, кім әсер етті? Әрине, кешегі сүйген 
қызы,  бір  көргеннен  ғашық  болған,  соғыста  жүрген  төрт  жылында  үзбей  хат 
жазып,  ажалмен  үзеңгілес  жүрген  асыл  досына  тілектес,  қамқорлығын 
сөздерімен  жеткізіп,  дем  берген;  тіпті  оның  үлкен  композитор  болатынына 
таудай  сенім  артып,  үйленсең  оқуың  қиындап  кетеді  деп,  консерваторияға 
аттандырып  салған  асыл  дос,  шынайы  сезім,  мәңгілік  махаббат  иесі  –  Гауһар 
еді.  Оның  ең  алғашқы  өлеңінің  тууына  да  дала  қызының  саф  алтындай  таза 
күлкісі  әсер  етсе,  бітеліп  қалған  көкірек  күйін  ашқан  да  сол  күлкі  болды. 
Алматыға  барып,  жаңа  әсер,  жаңа  мақсат,  іс  қызығы  билеп  әкетіп,  ойын  атақ, 
даңқ, шығармашылық қуанышы билеген, соның салдарынан қолдағы асылынан 
айрылған, тіпті мән бермеген десе де болғандай Серәлі қыз алдында расында да 
қарыздар  еді.  Бұл  айырылысудың  Гауһарға  да  оңай  тимегенін  автор  мына  бір 
деталь арқылы шебер жеткізеді: «Талай түндер үнсіз жылап, өз қайғысын өзгеге 
білдірмес  үшін  қанша  алысты  екен.  «Серәлі  Мұратовтың  әндерін  береміз» 
дегенде  қолы  дірілдеп  штепсельді  жұлып  тастады  ма  екен?  Жоқ.  Оңаша 
бөлменің  есігін  қымтап,  жастығына  иек  артып,  көз  жасы  моншақтай  домалап 
тыңдады  ғой»  [132].  Жанды  сурет,  жанды  деталь,  оқырманның  жүрегін  дір 


146 
 
еткізер  қуатты  деталь.  Гауһардың  қайғысын  бөлісіп,  ортақтасып  отырып, 
композиторға  деген  өкпе-реніш  ызаға  ұласып,  Гауһар  онымен  кездескенде 
бәрін  бетіне  айтып,  махаббатын  қадірлей  алмағанына  кінә  тағар  деп  күтіп 
отырғанда,  жанрлық  ерекшелігіне  сай  оқиға  түйіні  басқаша  аяқталады.  Бұдан 
он бес жыл бұрын жас жүректің алғашқы лебізі, Гауһарға деген махаббаты ән 
болып шығып, күй аспанына қанат қаққан балғын талант енді адам тағдырына, 
дүние  сырына  тереңірек  бойлайтын  ержеткен,  есейген,  ойлы  шағында  аса 
қадірлі,  қымбатты  қазынасынан  айырылғанын  кеш  сезінген  Серәлі  көңілі 
ойсырап,  жаны  құлазып,  сүйгенінен  кешірім  сұрағанда:  «Мен  сол  кезде-ақ 
кешкенмін,  Серім»  деген  жауап  алып,  арының  алдында  абдырап,  тұтқын 
күйінде  қалады.  Ақылды,  мейірбан,  үлкен  махаббат  иесі  болған,  әлі  күнге 
«серім»  деп  жүрегінің  түкпірінде  меншіктеп,  адал  махаббатын  үнсіз 
тұншықтырған  мұңға  толы  Гауһар  бейнесі  көз  алдымызда  асқақтап,  биіктей 
береді. 
Дала  қызының  асыл  махаббатын  қадірлемеген,  өзінің  мәңгілік  музасы 
екенін  білмеген,  түсінбеген  композитордың  қазіргі  жары  қандай  екен  деген 
сұраққа  мына  бір  тілдік  детальдар  арқылы  толық  жауап  аламыз:  «Есіктен 
Алмагүлдің  ұйқылы-ояу  ашулы  жүзі  көрінді:  -  Қойшы  әрі,  ақыр  заман 
орнатпай. Одан да жат та ұйқта, ау сен жұртқа ұйқы берсейші». Міне, өзін түгін 
қалдырмай  сынаған  жиналыстан  келіп,  аласұрған  сезімін,  мұқалған  көңілін 
жарына  білдіруге  ыңғай  танытқан  Серәлінің  алған  жауабы.  Бұдан  артық 
баяндау  да,  түсіндіру  де  керек  емес  сынды.  Бір  ауыз  сөз-деталь  арқылы  бәрі 
анық, түсінікті. Автор түйінді қысқа қайырады. 
Ж.Әлмашұлының  «Құмай  мен  қасқыр»  шығармасындағы:  «Ит  пен  арлан 
қасқыр  бірін-бірі  жеп  қоярдай  боп  ырылдасып,  төніп-төніп  келіп,  әрлі-берлі 
аударысып  та  үлгерді.  Екеуі  осылайша  едәуір  уақыт  айқасып,  Құмай  ең  бір 
оңтайлы  сәтте  қасқырдың  алқымынан  ала  түсті.  Бір  уақытта  бөрі  ақырын-
ақырын босаңсып барып, сылқ ете түсті. Осы сәт Құмайдың артқы санын жерге 
тырс-тырс  тамған  қызыл  күрең  қанды  көргенде  Қалабайдың  іші  удай  ашып, 
бойы  тітіркеніп  кетті»  [115,183]  –  деген  сюжеттік  детальдан  құмайдың 
қожайыны  үшін  істеген  жан  аямас  шайқасына  куә  боламыз.  Деталь 
шығарманың  авансценасына  шығып,  кульминациясын  көрсетеді.  Өйткені,  аз 
күннен соң құтырған қасқыр тістеген Құмай тазысы көздері қанталап, құтырып, 
қария  он  ойласа  бара  алмас  батылдыққа  барып,  өз  қолымен  тазысын  атып 
өлтіріп,  қара  жерді  терең  қазып,  көміп  тастайды.  Тырс-тырс  тамған  қызыл 
күрең қан – сан жыл адал серігі болған тазысының күні біткенін меңзейтіндей. 
Ө.Күмісбаевтың «Айтылмаған ән» новелласында «Зәуреште үн жоқ. тұнық 
көздерін алысқа ұзатып қадалып қалған. Түк үндемей отырған қалпы қозғалар 
емес.  Жанарында  жатқан  жасырын  мұң  жәудіреп,  қызды  қай-қайда  алып 
кеткенін  кім  білген»  ол  орамалын  бұлғай  береді,  бұлғай  береді  –  ертеңгі  күн 
жас  жігіттің  мұның  бәрін  ұмытып,  қайрылмай  кететінін  сезгендей,  мәңгілікке 
қоштасып тұрғандай. 
«Адам – өнердің обьектісі, зерттейтін заты, мақсаты. Ал шығарманың күші 
адамның  бейнесі,  оның  ішкі-сыртқы  дүниесі  қаншалықты  айқын  да  нанымды 


147 
 
көрсетілгендігімен,  оның  мінезі,  оның  қоғамдағы  орны  мен  рөлі,  басқа 
адамдармен 
қарым-қатынасы 
қаншалықты 
шынайы 
да 
терең 
бейнеленгендігімен  өлшенеді»  [66,37-38]  дейді  М.Қаратаев.  Яғни,  әрбір  автор 
негізгі идеяны кейіпкер, белгілі бір образ арқылы бейнелеп, өрнектеп жеткізсе, 
оның  шынайы  шешілуі  кей  жағдайда  айқынды  характерлі,  жинақты  образдар 
жасай алуында. детальдың күшімен жүзеге асып жатады. 
Кейіпкер  әрекеті,  іс-қимылы  арқылы  жалпы  тұлға  болмысының  табиғаты 
ашылады. Адам болмысының күрделі табиғатын танытуда әр новеллист өзінше 
ізденіс  жасайды.  Кейіпкердің  мінезін,  болмысын,  белгілі  бір  кезеңдегі  сезім 
күйлерін  тапқыр,  ұтымды  беру  арқылы  да  сюжет  құру  шеберлігін  арттырады. 
Қазақ  новеллаларында  сюжетті  дамыту  үшін  пайдаланылатын  детальдар  аз 
еместігін жоғарыда келтірген мысалдар дәлелдейді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет