Сатылханова гульмира алихановна


Характерологиялық  деталь



Pdf көрінісі
бет59/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17302
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   66
Байланысты:
Satylkhanova Disser

Характерологиялық  деталь  –  сөйлеу  мәнері  кейіпкердің  мінезіне  сәйкес 
келеді.  Қазақ  новеллистикасында  диалогтың  шебер  құрылуы  мен  мағыналық 
тереңдігі бойынша Абай тілімен айтқанда «қара сөзге дес бермейтін» жазушы – 
Бейімбет  Майлин.  Оның  диалог  қолданудағы  шеберлігіне  зерттеуші 
Т.Нұртазин:  «шағын  репликамен,  тапқыр  диалогпен  характерді  танытып 
тастайтын Бейімбет өнерінің күші» [165,212] деп баға берген. Расында да халық 
өмірі  мен  тұрмыс  жағдайын  жетік  білетін  жазушы  диалогтары 
шынайылығымен,  табиғи  сипатымен  кейіпкерлерінің  образын  тереңінен  ашып 
көрсетіп,  авторлық  идеяны  айқын  танытуымен  ерекшеленеді.  Сонымен  бірге 
Бейімбет  Майлин  диалогтары  заман  шындығын  шынайы  бейнелеп,  ел 
санасындағы  өзгерістерді,  әлеуметтік  теңсіздікті,  кедейлердің  теңдікке  жетуі 
мәселелерін  айқын  аңғартады.  Ғалым  Т.Сыдықов:  «Бес-он  бет  қана  кішкене 
шығарма  көлемінде  үлкен  өмірдің  бір  бөлігін  жайып  тастап,  оқырман  алдына 
қилы-қилы  мінездің  адамын  жетелеп  әкеп,  жақсысына  сүйсінтіп,  жаманына 


149 
 
түңілтіп  отыру  –  ірі  шеберлік»  [67,17]  десе,  сол  шеберліктің  шырқау  шыңына 
шыға  білген  де  –  Б.Майлин  деуге  болады.  «Құрымбайдың  жігітшілігі» 
новелласында: 
-  Түндегіге ашуландыңыз білем. 
-  Жоқ, ашуланған жоқпын. 
-  Ашуланбасаңыз айып алуыңыздың жөні қалай? 
-  Қайдағы айып? 
-  Айып емей не, байлардың жүздеген қойын көрмей, біздің үйдің екі қойын 
жазып  кетіп  отырсыңыздар,  төрелігіңді  былай  қоялық,  мұның  тіпті 
жігітшілігіңе лайық емес қой. 
Құрымбай  апалақтап  қалды.  Істеген  істерінің  бұрыстығын  жаңа  сезгендей 
болды.  Ұялып  бетінен  оты  шықты»  [97,213]  деген  диалогтан  Құрымбайдың 
ұялғаны, құлағына дейін қызарып, қайырып жауап бере алмағаны, кейін ауылға 
салық  қағазы  келгенде  байдың  қойына  салық  салып  жібергені  –  оның  ардан 
безген  арамза  емес,  тәрбие  көрген,  өнегелі,  қайырымды,  әділдіксүйгіш  жігіт 
екенін  білдіреді.  Әрі  «қайдағы  айып»  деп  таңқала  сұрауының  өзі  бұл  істен 
хабарсыздығын,  аңқау,  ақкөңілдігін  танытады.  Әрине,  бұл  –  ауылнай 
Нұржанның әрекеті екені қалың оқырманға түсінікті жай.  
Р.Бердібаев  диалогтың  адам  мінезін  жарқыратып  ашып  көрсетудегі  рөлін 
«Диалог  айтпауға  болмайтын,  жасыруға  келмейтін  қажеттілікті  жария  етуге 
тиіс. Сондықтан да нағыз диалог сөздер мінездің кәміл көрсеткіші тәрізді. Егер 
авторлық  баяндауларда  жағдай,  орта,  қаһарман  туралы  қажетті  мәліметтер 
айтудың  кең  мүмкіндігі  болса,  диалог  ондай  жайбарақаттықты  көтермейді» 
[166,92] деп пайымдайды. Диалогтың мінездің кәміл көрсеткіші болар қызметін 
ашуда  қаламгерлер  диалог-детальды  пайдалана  білген.  Мәселен,  М.Мағауин 
«Күтпеген кездесу» новелласында диалогты мақсатты түрде пайдалана отырып, 
жақын арада үйленіп, үй болып, түтін түтетпекші болып жүрген бір-біріне сөзі 
де,  ниеті  де,  іс-әрекеті  де  мүлде  ұқсамайтын  жандардың  мінез  қырларын 
шеберлікпен ашып көрсетеді. Сәлкеннің сүйгені Күлмира сұлу өтірігі шықса да, 
қысылмайды,  керісінше  ашу  шақырып,  «фу»  деп  сөйлейді.  Ал  құрбысын 
өлердей  сүйетін,  өз  махаббатын  дәлелдеу  үшін  трамвайдың  астына  түсіп,  бір 
аяғынан  айрылған  Көшімді  айтқанда  тіпті  мұрнын  тыжырып,  Әдияның  басқа 
жігітін айтады:  
- Фигурасы тамаша, қою қара қасты, сондай симпатичный, сұлу жігіт. Осы 
Әдияда жігіт қарайтын түр бар ма – деді содан соң басын шайқап. – Бұйрықты 
қойсаңшы, бетіне дұрыстап опа да жаға алмайтын салпыаяқ жаман қыз жақсы 
жігітті қармағына іліндірді [125,135].  
Сүйген  Күлмирасының  мына  сөздерін  естігенде  жігіт  болса,  қыз  сөзі  мен 
әрекетін не бұрыс, не дұрыс дей алмай, жайсыз күйге түседі. Тіпті бетіне тура 
қарауға  да  батпайды.  Бақытсыздыққа  ұшыраған  Көшімге  де  жаны  ашымай, 
жайбарақат  баяндап  береді.  Күлмираның  безбүйректігіне  таңырқап,  есін  жия 
алмай келе жатып, мүгедек болып қалған жігіттің жайын сұрайды: 
- Қазір қалай екен? 
- Тірі. Бір аяғын ғана кесіп кетсе керек. Операция сәтті өтіпті [125,136]. 


150 
 
Өзі  болса  болашақ  дәрігер,  адам  жанын  сақтап  қалуға  ант  беріп  жүрген 
маманның  мына  үкім  секілді  айтқан  сөздері  жігіттің  жүрегін  ауыртты.  «Тірі» 
дейді  –  өлмегеніне  кінәлағандай,  «бір  аяғын  ғана»  дейді  –  мүгедек  болып 
қалғаны  аздай.  Ел  денсаулығын  сеніп  тапсырар  дәрігердің  соншалықты 
өркөкіректігі,  гуманизмнен  ада  жан-дүниесі,  қатігездігі,  адамға  деген  жүрек 
жылуының жоқтығы шошындырды сүйген жігітін. «Құлағымның ұшы дыз ете 
түсті.  Ұйқыдан  жаңа  оянғандай,  көзімді  ашып,  жан-жағына  қарады.  Сері 
жігіттер  тоңбайды,  қалтырайды.  Мен  алты  ай  қыс  бойы  жалаңбас  жүрсем  де, 
қалтыраудың өзін нәрендіктік көретін едім. Бірақ дәл осы сәтте жай қалтырап 
қана  қойғам  жоқ,  тісім-тісіме  тимей  қалшылдап  кеттім.  Сән  үшін  ғана  үстіге 
іліп  жүрген  күздік  жеңіл  пальто  мынадай  үскірікте  қайдан  қамсау  болсын, 
қойны-қонышымды  аяз  кеулеп  алған.  Құйқасы  жұқарған  жалаң  басыма  темір 
телпек  қапталғандай,  екі  шекемнен  қысып  тұр.  Бас  сүйегім  шытынап,  сынып 
бара  жатты.  Қолымды  апарып  көріп  ем,  құлақтарым  қаудыр-қаудыр  етті, 
екеуінің  де  ұшы  кетіп  қалған  тәрізді  [125,136].  Автор  диалог-детальды 
пайдалана  отырып,  Күлмираның  сөздері  арқылы  Сәлкеннің  де  ішкі  жан-
дүниесі, ойынан хабар береді. Автор характер иін қандыра түседі. Оның мінез-
құлқын сипаттап жатпай-ақ, оқырманның ешқандай комментарийсыз түсінуіне 
жағдай  жасайды.  Қыз  мұнымен  де  тоқтамайды,  құрбысы,  жанындағы  жалғыз 
досы Адия туралы ойын да жайып салады: 
- Осы жақсы жігіттердің бәрінің де әйелдері жаман болатын себебі не екен? 
–  деді  Күлмира  бір  кезде.  Көрік  десең  көркі,  білім  десең  білімі,  атақ-абырой 
десең  атақ-абыройы  бар  не  түрлі  жайсаң  жігіттердің  қасынан  арғымақ  атқа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет