Сатылханова гульмира алихановна



Pdf көрінісі
бет61/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17302
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
Satylkhanova Disser

Тарихи-мәдени  деталь  –  шығармадағы  сөйлеу  деталі  суреттеліп  отырған 
дәуір  мен  қарым-қатынасқа  түсіп  отырған  мәдени  ортаның  формасы  жөнінде 
мәлімет  береді.  Тілдік  детальдың  бұл  түріне  де  үздік  мысалдарды  Б.Майлин 
новеллаларынан  келтіруге  болады.  «Құла  жорға»  новелласында  Жамантік 
үйінің  жанында  өткен-кеткенді  әңгіме  қылып,  бұрынғы  өткен  тыныштық 
заманын аңсап отырған бірнеше адамның сөзі беріледі:  
-  Алашорда  болса,  көзімізді  ашамыз  ба  деп  едік,  өзі  басқалардан  асырып 
жіберді ғой – деді біреуі. 
-  Қайсысы  оңдырар  дейсің,  бәрінікі  де  алу,  құртпай  қояр  дейсің  бе,  -  сары 
шал алдағыны болжап айтқан болды. 
Кеспелтек қара кісі насыбайын шырт түкіріп: 
- Мұның қызығын әлі «бәлшебек» келгенде көрерміз, - деді. 
-  Ахметтің  учитель  баласын  көріп  едім,  сол  кәзет  алып  тұрады  екен. 
Петрбор,  Мәскеу  жағы  кілең  талау  дейді.  Болшайбек  менікі-сенікі  болмасын 
дейді екен. 
- Тыбая-мая, мая-тыбая дейді екен ғой. 
- Ол келсе қазақты біттіде де қой» [97,217]. Бұл полилог үлгісінен жазушы 
заманындағы  халықтың  жай-күйіне,  тұрмыс-тіршілігіне  әсер  етіп,  ел  өміріне 
күн  санап  емес,  сағат  санап,  сәт  санап  еніп  жатқан  өзгеріс-жаңалықтарды 
қалайша  қабылдап,  қалайша  түсінетінін  байқау  қиын  емес.  Аңғал  да  көнбіс 
қазаққа  бұл  тарихи  оқиғаларды  түсіндіріп  беретін,  жаны  ашитын  үкімет  жоқ. 
Көзі  алайып,  әр  жерден  келген  хабарды  өздерінше  жорамалдап,  өздерінше 
талдап,  бір-біріне  түсіндірген  түрлері.  Жазушының  тарихи  маңызы  бар 
«алашорда»,  «Бәлшебек»,  «учитель»,  Петрбор,  Мәскеу»  сөздерін  халықтың 
ауызекі  тілінде  айтылу  ерекшелігі  бойынша  беруі  оқырманға  сол  полилогтың 
арасында  отырғандай  әсер  етеді.  Автор  диалогынан  аңғарылатыны  –  әрбір 
кейіпкерін өзінің ой-парасаты, әлеуметтік көзқарасына сай сөйлететіні. Бұл бір 
жағынан  шығарма  кейіпкерлері  –  мүдделері  әртүрлі  көзқарас  иелерінің 
әлеуметтік  тұрғыдан  өсіп  келе  жатқанын  білдіреді.  Осы  орайда  зерттеуші 
З.Серікқалиевтің  «кейіпкерлердің  пиғылы,  ниеті,  көзқарасы,  өмірлік  принципі 
көбіне  бетпе-бет  келіп,  пікір  таласының  үстінде  ашылады.  Бұл  өз  мұраты 
жолында  жұлқыласуға  әрқилы,  кереғар  мінездердің  көрінісі.  Жазушының 
мұндағы  жетекші  көркем  құралы  –  диалог»  [167,72]  деген  пікірі  біздің 
ойымызды бекіте түседі. 


153 
 
Қазақ  жерін  жайлаған  аштық  зұлматын  «Күлпаш»,  «Айт  күндері»  атты 
психологиялық мәні терең новеллаларында ел жайын сөз етеді. Бай Жұмағазыға 
тоқал  болуға  үгіттеп  жүрген  сіңлісі  Раушан  мен  Күлпаштың  диалогына  назар 
салсақ: 
-  ...Мына күйіңмен ұзаққа бармай өлесің. Сені өлімнен құтқаратын бізде де 
әл  жоқ.  өзіміз  де  сол  Жұмағазыдан  күн  көріп  отырмыз  ...енді,  сөзді  қойып, 
соған ти!..-деді. Күлпаш күрсінді: 
-  Қалижанды қайтем? – деді. 
-  Ойбай,  апа,  баланың  басы  құрысын,  әуелі  өз  қамыңды  же,  артынан 
алдыра жатарсың, - деді  [97,81]. 
Бұрын-соңды  қазақтың  тарихында  болып  көрмеген  сұмдық  оқиға,  қатал 
шындық.  Қара  шаңырақтың  ортасына  түсіп  ойран  болмауын,  соған  еге  болар 
ұрпақ  –  ұлды  мәпелейтін  қазақ  дәстүріне  сызат  түсті.  Аштықтың  құрбаны 
болған  Күлпаш  қара  басын  сауғалап,  баласын  тастап  байдың  есігіне  кетті. 
Әйел-ананың кеудесіндегі ұрпақ қамы, ер бала деген киелі ұғым бұғып қалды. 
Оны ойлауға аштық мұрша бермей, бүрліктіріп әкетті.  
Б.Майлин  новелласының  заңды  жалғасындай  болған  М.Мағауиннің  «Бір 
уыс  бидай»  шығармасында  Жақанның  екі  баласы  аштан  өлді,  жазықсыз  әйелі 
өзі  секілді  белсенділердің  қолынан  қаза  тапты.  Қарап  отырсаңыз,  бір 
отбасының тағдырын ойрандап, әке-шешесін өлтірген Кепеу нәшәндігі Шупин 
екен. Жападан жалғыз жүрген әйелді ұрып өлтірді. Жалынды ұран артығымен 
жүзеге асты. Көген мен белдеу қоса кетті, аяғы бүтін жұрт жан-жаққа жабыла 
қашты. Көбі жолда қалды. Бұларға бір үзім нан беруші болған жоқ. Босағасына 
қаңғырып келіп, төрінен бір-ақ шыққан келімсектерден қайыр көрудің орнынан 
еститіндері жай уақытта тіс қаратып, жұдырық түйгізер қорлау, боқтық сөздер. 
Бір ауыз тіл білмегендіктен, ондай сөздерді түсінген де жоқ, түсіне қойғанда не 
істемек.  Келімсек  орыс,  казак,  ноғай,  татарлардан  еститіні:  «Түйелерің 
жайылып жүрген далаларыңа кетіңдер!».  
«Дүние-ай!  Кетер  еді-ау,  сол  далаға,  тіпті  бұрын  құбыжықтай  көретін  жат 
халық  жайлаған  қаланың  маңынан  жүрмес  еді  ғой,  кешегі  күн  болса!  Қазан-
қазан асылған семіз бағлан қайда, сапырулы сары қымыз қайда? Дала! Саған ең 
аяғы, үсті-басы  күл  топырақ, арық қарақайыс  түйенің  өзі де  көрік береді  екен 
ғой!  Сол  далада  бүгін  жайылып  жүрген  түйе  түгілі,  ін  аузында  кешкілікте 
шақылдап  отыратын  саршұнақты  да  көрмейсің.  Ініне  су  құйып,  тұзақ  құрып 
ұстап  алып,  оларды  да  жеп  тауысқан.  Кетер  ме  еді  сол  даладан.  Енді  мынау, 
орындарына  тұруға  дәрмен  жоқ,  қарындары  қампиып,  көздері  шүңірейіп 
жатқандары»  [125,10].  Бұл  –  автордың  емес,  кешегі  мұңсыз,  тәуелсіз  күнін 
армандаған,  мыңғырған  малынан  қастандықпен  айрылғаны  аздай,  өз  жеріне 
салынған қаланы мекендеген басқа ұлт өкілдерінен көрген қорлығына налыған 
әрбір шерменде қазақтың монологы. Аштан өлгендерді жерлеуге өкімет астық 
бөліпті  деген  сұмдық  нәрсе  тағы  шықты.  Енді  ел  арасында  өлік  жинаушылар 
пайда  болды.  Олар  не  істеді:  өліктерді  текшелеп,  қатар-қатар  қалап  жинады, 
тіпті  әлі  тірі,  кейбір  шала  жансарларын  да  өліктермен  бірге  қалай  салды. 
Адамнан аяушылық кетті. Күнесте жатып, бес минут кеш  өлгенінен не пайда, 


154 
 
қазір  өлсе  бір  қадақ  бидай  өзімізге  қалады деген  пиғыл  пайда болды.  Ал  енді 
бұл  адамдар  неден  өліп  жатыр  дегендерге  берілетін  жауап:  «Іш  сүзегінен. 
Жабайы, надан халық емес пе» деген жауап берілетін [125,10] еді. 
Қанды  судай  ағызған  екіншідүниежүзілік  соғыс  зұлматын  көптеген 
туындыларына арқау еткен Ғ.Мүсірепов «Ер ана» новелласында көмусіз қалған 
өліктерді таңдап жеп, әбден дәніккен құстардың өзін сөйлету арқылы сюжетті 
қоюландыра,  ширықтыра  түседі.  Мұнда  автор  қазақ  фольклорындағы 
хайуанаттар жайлы ертегілер поэтикасы үлгісін шебер пайдалана отырып, ниеті 
жаман құстарды адами қасиеттерге сәйкес суреттеуде көне анимистік көзқарас 
басым. 
«Әр жерде топтанып отырған тойған құзғындар «қашан ортамызға түсесің, 
жаназаңды қашан оқимыз?» дегендей, Наталья анаға тұнжырай қарасады. 
-  Түседі,  түседі,  түседі?  –  деп,  құйрығымен  ым  қағып  сауысқандар  отыр» 
[101,175].  
Суреткердің  бұл  тәсілін  кейін  жазушы  Қ.Жұмаділов  өзінің  «Құзғынның 
өлімі»  атты  әңгімесінде  пайдаланған.  Осындағы  деталь  –  құстардың  адамның 
«жаназасын  оқуы».  Жанды,  жүректі  шымырлатар,  соғыс  зардабын  бір  ауыз 
сөзге сыйғыза білген құнды деталь.  
Түйіндей  айтқанда, диалог,  монолог  арқылы  көрініс  тапқан  тарихи-мәдени 
детальдар  халық  тарихында  орын  алған  маңызды  оқиғаларды  кейіпкер  сөзі 
арқылы  ерекше  бір  ұмытылмастай  әсерде  жеткізуге  оңтайлы.  Сондықтан  да 
новеллистер  өздері  мұрат  еткен  көркем  шындықты  жеткізуде  диалог-деталь 
қызметін пайдаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет