155
көрінеді. «Қош бол» деуге де дәті жетпей шыға жөнелді. Манағы асыққаны
асыққан ба, енді әлденендей бір өктем күш, қасірет тырнағы екі қолтығынан
қатты қысып, демін тарылтып барады. Осы бір сөзден өксіп жылаған балдырған
баланың мұңлы үні естілгендей, осы бір сөзден ыстық та мөлдір тамшылары
тырс-тырс тамғандай кейіпкердің аза бойы қаза болды. Суық сөз бүкіл жан-
дүниесін түршіктіріп, жүрегін аяздай қарып өтті.
- Менің балам жетім емес. Кім жетім! Жетім кім?! – деп [168,75] өзімен-өзі
сөйлескен кейіпкер осы бір сөзден қашып құтылудың ретін таппай, жастықты
умаждап жатып солқылдап жылады, жылап жатып өзінің өксумен өткен
балалық шағын көз алдынан өткізіп, қасіреттің тұңғиық теңізіне сүңгіді де
кетті. Балалар үйінде жүргенде ата-аналары табылып, балаларын алып кетуге
келгендегі әрбір көрініс, әрбір кездесу оның кішкентай жүрегін сілкілеп,
аласұртып жіберетін еді. Табылған балаларын ебіл-дебілі шығып, бауырларына
басқан, бордай үгітіліп, қарлығаштай қанатын жайып, еріп-балқып еміренгенін
көргенде Мәкерімнің де балапан жүрегі сондай бір ыстық сезімді аңсайтын.
Соны есіне алды, Нұрәсілін ойлады. Оның да өзі секілді күй кешіп, әкесі мен
шешесі тірі тұрғанда жетім атанғанына, өз тағдырын қайталағанына күйінді.
Кейін мұны нағашы атасы мен әжесі тауып алып, бауырына басты. Бірақ,
олардың елжіреген, тебіренген, жылы, шуақты лебіздерін жүрегі сезсе де,
денесі сезбеді, бойына шымырлап сіңбеді.
- О, Мәкерім, біз сенің балаңды жетім деп интернат-пансионатқа алдық.
Жетім деп – деген Артықбайдың сөзінен кейін көп ойланған Мәкерім өзінің
шын жетім, тас жетім, сорлы жетім екенін ұғынды. Ата-анасыз өскен жетімдігі
аздай, туған тілінде сөйлей алмағандығынан қатайып кеткенін түсінді: «Өзінің
ана тілін бір ауыз білмеген бала тас жетім емей немене! Халқының бір
ғұрпымен таныс емес азамат бейшара емей кім?! Ата-ананың ыстық құшағын,
ана тілімді білмей өстім. Сөйтіп шын жетім, сорлы жетім болдым! Тағдыр-ай,
менен ала алмай жүрген өшің бар ма еді, тағдыр?!» [168,76] деп еңірегенде
етегі
толды кейіпкердің. Сөйлеу деталінің күші де осында, жанын мұздатып, сай-
сүйегін сырқыратқан бір ауыз сөздің құдіреті оның бар жан-дүниесін төңкеріп
тастады. Өміріне қайта қарауға, әрекетінің барлығына есеп беруі қажеттігін
ұғындырды.
Ө.Күмісбаевтың «Айтылмаған ән» новелласындағы «Жұрттың көзі бізде –
ішіп-жеп барады. Тіпті майда балалар мені қуып жүріп қарайды. Өзім де
қысылып барамын. Үстімдегі шолақ көйлекте бүкіл Африканың орман-тоғайы,
аңдары атой салып тұрған-ды. Балақ сыбызғыдай сидиып балтырға жабысып
қалған» [149,10] деген жолдарындағы кейіпкердің анықтауыштық
деталінде көп
нәрсенің басы ашылады. Қаладан келген студенттің үстіне киген суретке толы
көйлегі мен бұтындағы жабысқан шалбары ауыл адамдары мен балалары үшін
таңсықтығы, өздеріне таңсық нәрсеге ауыздарын ашып, ал кішкене балалар
болса қуып жүріп көзін бақырайтып анықтап қарайтын ауыл адамдарының
құмарлығы мен аңғалдығы сайрап тұр бұл жолдардан. Тіпті кейіпкердің өзі
ішіп-жеп бара жатқан жұрт көзінен қысылып, ұялғандығын, мұндай әлем-