Сатмаганбетова Ж. З галиханов С. Г python-да бағдарламалау



бет4/20
Дата19.09.2023
өлшемі188,19 Kb.
#108688
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Алгоритм тџсінігі-emirsaba.org (1)

Python
1
print("Hello, World!")
С++
1
2
3
4
5
#include
void main()
{
cout << "Hello, World!" << endl;
}
13





1.3 Негізгі операторлар мен амалдар
Тағайындау операторы
Тағайындау операторы = таңбасы болып табылады. Оператор стандартты
түрде орындалады: алдымен теңдік белгісінің оң жағындағы өрнектер
есептеледі, содан кейін алынған мән теңдік белгісінің сол жағында көрсетілген
айнымалыға жазылады.
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1
A = 3.14
print(type(A)) # float
A = 'Hello'
print(type(A)) # str 
a = b = c = 0
a += 1 # a = a + 1 
с = 5//2 # int 
d = 5/2 # float
b = c**2 # b = c^2 (дәрежесі) 
a, b = b, a # мәндер алмасу a=b, b=a
Python-дағы түсініктемелер
# Бір жолдық түсініктеме # -дан басталады
'''
Сіз осындай блоктық түсініктеме пайдалана аласыз
(жалпы, Python-да блоктық түсініктеме жоқ
'''
Python тілінің синтаксисі. Негізгі ережелері[2]:

Жолдың соңы интрукцияның соңы болып табылады (нүктелі үір
қажет емес);

Ендірілген инструкциялар шегіністер өлшемі (көлемі) бойынша
блоктарға біріктіріледі. Шегініс кезкелген болуы мүмкін, бастысы бір
ендірілген блокқа бірдей шегініс өлшемі қолданылса болғаны. Кодтың
оқылымы туралы да ұмытпау керек. 1 бос орын шегініс - ол ешқандай шешім
болып табылмайды. Тым болмағанда 4 бос орын шегініс немесе табуляция
белгісін қолданған дұрыс болады.

Python тілінде әр инструкциялар бір шаблонға сәйкес жазылады,
негізгі инструкция қос нүктемен аяқталған соң, оның соңынан инструкцияның
ендірілген блогы шегініс арқылы орналасады. Келесі суретте жазылуы
бейнеленген:
Бірнеше арнайы жағдайлар бар. Олар:
1.
Кейбір жағдайда бірнеше инструкцияны бір жолға нүктелі үтір
арқылы жазуға болады:
a = 1; b = 2; print(a, b)
14



Бұндайды көп қолдануға болмайды, әрқашан да оқылым туралы есте


сақтау керек.
2.
Бір инструкцияны бірнеше жолға да бөліп жазуға болады. Ол үшін
бірнеше доғал, квардатты немесе жүйелі жақшаны қолдану керек.
if (a == 1 and b == 2 and
c == 3 and d == 4):
print('spam' * 3)
3.
Құрамдас интсрукцияның денесі сол негізгі дененің жазылған
жолына орналасуы мүмкін, егер негізгі инструкцияның денесі құрамдас денені
қамтымаса. Мысалы:
if x > y: print(x)
Бағдарламалау тілінің толық синтаксисін түсіну үшін көптеген
мысалдарды қарастыру керек.
Деректерді енгізу және шығару
Деректерді шығару print
операторының көмегімен жүзеге асырылады:
1
2
3
4
5
a = 1
b = 2
print(a)
print(a + b)
print('сумма = ', a + b)
Нұсқауларды бір жолға жазу мүмкіндігі бар. Ол үшін оларды ; арқылы бөлу керек. Алайда,
мұндай әдісті жиі қолдануға болмайды, бұл оқу барысында ыңғайсыздықтар тударады:
1
2
3
a = 1; b = 2; print(a)
print(a + b)
print('сумма = ', a + b)
Рrint функциясы үшін шығару элементтері арасында сепаратор – айырғыш
берілуі мүмкін:
1
2
3
x=2
y=5
print ( x, "+", y, "=", x+y, sep = " " )
Нәтижесі элементтер арасында бос орын қалдырылып көрсетіледі: 2 + 5 = 7
Өзгертіліп шығару үшін format қолданылады:
1
2
x = 11
print ( "{:4d}".format(x) )
Нәтижесінде 11 саны шығарылады, ал оның алдында екі бос орын
болады, себебі шығару үшін төрт белгі орнын қолдану керектігі көрсетілген.
Немесе бірнеше аргументтермен:
1
2
x = 2
print ( "{:4d}{:4d}{:4d}".format (x, x+x, x*x) )
15



Нәтижесінде әр мән белгісі 4 белгі орны есебінен шығарылады.


Деректерді енгізу input операторының көмегімен жүзеге асырылады:
1
2
a = input()
print(a)
Функцияның жақшасында енгізілген деректерге пікір-хабарлама көрсетуге
болады:
a = input ("Введите количество: ")
Input функциясы енгізу деректерін таңбалар ретінде қабылдайды. Сондықтан,
бүтін мәнді қабылдау үшін int() функциясын пайдалану керек:
a = int (input())
Арифметикалық амалдар
x + y Қосу
x - y Азайту
x * y Көбейту
x / y Бөлу
x // y Бүтін бөлу
x % y Бүтін бөлуден қалған қалдық
x**y Дәрежеге шығару
-x Сан белгісін ауыстыру
Python-да әртүрлі математикалық операциялар бар. Бұл сабақта біз ең
негізгі амалдарды қарастырамыз (қосу, азайту, көбейту және бөлу).
Ең алдымен, қосу мен азайту амалдарын қарастырайық. Қосу мен азайту
амалдарын орындау үшін, біз тиісінше + пен - амалдарын қолданамыз.
Мысалы,
print(2 + 2)
print(10 - 6)
Көріп тұрғаныңыздай, бұл операторлар орындалуда қарапайым болып
табылады. Енді, көбейту мен бөлу амалдарын қарастырайық. Python-да көбейту
* символы арқылы белгіленеді, ал бөлу / символы арқылы белгіленеді.
Мысалы,
print(15 * 2),
print(6 / 3).
Python-да осы негізгі амалдардан басқа, тағы бірнеше амалдар бар.
Python-дағы барлық математикалық амалдар математикалық заңдарға толық
бағынады. Мысалы, жақшалар амалдың қай бөлігін бірінші кезекте орындау
керектігін көрсету үшін қолданылады. Python әрқашан ең алдымен жақшаның
ішіндегі амалдарды орындайды, тек одан соң келесі амалдарға көшеді.
Мысалы,
print((5 + 5) * 2)
print(3 + (4 * 5))
print(10 / (6 - 1)).
16



Осыған қоса, біз сандық мән берілген айнымалылармен математикалық


операцияларды орындай аламыз. Бірақ, мәтінді айнымалыларды біз бір-біріне
тек қоса аламыз. Бұл түсінік – конкатенация деп аталады.
Биттік операциялар. Бүтін сандармен де биттік операцияларды орындауға
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет