|
«Сауат ашу» пәнінде оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілеріБайланысты: Сауат ашу әдістемесінің ғылыми негіздері-engime.org«Сауат ашу» пәнінде оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
Графикалық сызба арқылы «оқу»;
Кеспе әріптерден буын, сөз құрап оқу;
Мәтіннен қажетті сөйлемді немесе сөзді тауып оқу;
«Көзбен оқы» ойыны арқылы оқу;
Мәтіннен көркем, бейнелі сөздерді тауып оқу.
«Сауат ашу» пәнінде жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
Ақпаратты сурет және белгілер/пиктограммалар арқылы беру;
Сөздердің дұрыс жазылуын (орфографиялық нормаларды) меңгертуге арналған тапсырмалар орындау;
Мәтіннен сөздерді, сөйлемдерді, қысқа үзінділерді көшіріп жаздыру;
Мәтіндегі жазылуы қиын сөздерден сөздік құрастыру;
Сөзден сөйлемдер, сөйлемдерден мәтін құрастырып жазу;
Есте сақтау арқылы жазу;
Байқағаны, сүйікті істері, ойындары туралы тірек суреттермен сөйлемдер, шағын мәтін құрастырып жазу;
Өзі құрастырған мәтінін мұғалімнің көмегімен тексеру.
Үй тапсырмасы: 1) Сауат ашу әдістемесінің мәселелері , ғылыми негіздері. 2) "Сауат ашу" пәнінің бағдарламасын талдау . 3) Сауат ашу пәнінде қолданылатын оқыту стратегиялары ,әдістері. 4) "САУАТ АШУ" ПӘНІ ОҚУЛЫҒЫМЕН ТАНЫСУ.1-сынып.1,2 бөлім
http://engime.org
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|