Айтылым, тыңдалым, оқылым және жазылым дағдыларын қалыптастыруға;
Жұппен,топпен, ұжыммен жұмыс жасауға дағдылануынажәне түрлі рөлді (көшбасшы, орындаушы) орындауға үйренуіне;
Өз ұлтының, Қазақстанда тұрып жатқан құрмет сезімінің басқада халықтардың мәдениетіне ізгілік және құрмет сезімініңқалыптасуына негіз қалаушы пән болып табылады.
Алға қойылған осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер шешілуі көзделеді:
Оқу дағдысы (дұрыс және түсініп оқу) мен жазу дағдысын (қатесіз, сауатты, таза, каллиграфия ережелерін сақтай отырып жазу) қалыптастырып, жетілдіру;
Тілдік бірліктер (дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін) және орфография, пунктуация туралы қарапайым түсініктерді меңгерту; кітап оқуға қызығушылығын тәрбиелеу;
Қатысымдық дағдыларын (диалог барысында басқа адамның сөзін ести және тыңдай білуін, диалогке/сұхбатқа қатысуға дайын болуын, әркімнің өз көзқарасы мен пікірі болатынын түсінуін; өз пікірін айқын да дұрыс және толық жеткізе білуін) қалыптастыру;
Алған тілдік білімі мен дағдыларын жеке қарым-қатынас тәжірибесінде, күнделікті өмірлік жағдаяттарда қолдануға үйрету.