Сауат ашу технологиясының маңызы, лингвистикалық, психофизиологиялық негізі



бет14/52
Дата23.06.2023
өлшемі151,09 Kb.
#103156
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52
Әліппе кезеңі
“Әліппе” кезеңі. Сауат ашудың әліппе кезеңі аса күрделі де, жауапты процесс. Бұл кезеңде сауат ашудың басты мақсаты – оқу мен жазуды үйрету жүзеге асырылады. Сөздерді оқу мен жазу үшін тіліміздегі барлық әріптер мен дыбыстар оқытылады.

Сауат ашу ең оңай дыбыс, буын, сөздерден басталуға тиіс. Оңайдан қиынға қарай принципін жүзеге асырамыз.


Сауат ашудың негізгі мақсаты – оқу дағдысының негізін қалау, тыңдауға, айтуға, оқуға, жазуға үйрету, балаларға сөздің дыбыстық құрылысы туралы түсінік қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, содан сөзді тұтас, сөйлемді мағынасын түсініп оқуға үйрету, сауатты жазудың негізін қалыптастыру, өз бетінше оқуға, ауызша диалогтық және монологтық сөйлеуін дамыту, сөзді ауада жазып үйретіп, дыбыстық талдау жасайды. Буындап оқытып буындап жаздырамыз. Сауат ашудың негізгі белгісі – сөз. Сөзбен жүргізілетін жұмыс түрлері сөзді ауызша айту, оқу және жазу. Сабақта сөзге дыбыстық талдау жасалады. Бұл – дыбыстық талдау, жинақтау әдісі арқылы іске асады.
Талдау әдісі: сөйлеуден сөйлетуді, сөйлеммен сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп аламыз.
Жинақтау әдісі: дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем, сөйлемнен сөйлеу арқылы тұтас әнгіме шығарамыз.
Оқушы сөйлем құрастырады, мәтінді оқиды, көшіріп жазады, сөйлеуге дағдыланады. Талдаудың басты тәсілі – дыбыстық талдау. Мұндау талдауда сөзден буын, буыннан дыбысты табады, орын ретін анықтайды.
Сауат ашудың талдау, жинақтау әдісі бойынша сөз жеке дыбыстарды бөлек-бөлек айту арқылы оқытылмайды, буынға бөліп оқытамыз.
Сауат ашу кезеңінің міндеттері және оған қойылатын негізгі талаптар:
1. Сөзге, буынға дыбыстық талдау жасау. Дыбыстар мен әріптерді таныту мақсатында сөз бен жеке дыбысты бөліп алу үйретіледі. Бөліп алынған дыбыстың орын ретін анықтайды (басында, ортасында, аяғында). Жеке дыбысты анық естіп, дұрыс дыбыстауды меңгерту. Оның дауысты не дауыссыз екенін айқындау.
2. Таныстырылатын дыбысымызды сөзге жинақтау, буынның құрамын ажырату, берілген заттардың суреттері бойынша сөз құрастыру.
3. Таныстырып отырған әрпіміз бойынша жеке сөйлемдер мен қысқа мәтіндерді дұрыс оқуын қалыптастыру, ондағы мазмұнды суреттер бойынша сөйлем, әңгіме құрастыру.
4. Жеке әріптерді жазуға үйрету, жазу үлгісі бойынша жазу. Сауат ашу кезеңінде оқушылар ана тіліміздегі барлық дыбыстармен, олардың әріптерімен танысып, оқуға, жазуға үйренеді. Сондықтан әліппе мына тізбе арқылы өтіледі. Әр тізбеден кейін қайталау жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет