Оқушыларда грамматикалық және сөзжасам ұғымдарын қалыптастырудың әдістемелік негіздері Сөзжасам процестерінің бұзылысы – сөйлеу тілінің жалпы дамымауы сияқты күрделі ақаулықтың құрылымындағы тұрақты белгісі болып табылады. Соның салдарынан сөзжасам операциялары сөйлеу тілі арқылы ойын айтуды туындатуда және біреудің сөйлеуін қабылдаудын әртүрлі кезеңдерінде сөйлеу тілі жалпы дамымаған мектеп жасына дейінгі және мектеп оқушыларында да байқалады. Сөзжасам, сөз өзгерту процестерінің дамымауы ауызша және жазбаша сөйлеу тіліндегі тұрақты, спецификалық қателерге әкеп соғады. Балалардың ана тілінің сөзжасамын уақытылы меңгеруін маңызды деп есептеуге болады, себебі: - онын барысында тілдің лексикалық құрамы сандық және сапалық жағынан молайып, топтастыру, детализациялау, белсендіруі дамиды; - сөзжасам процестері тілдің грамматикалық жағының және байланыстырып сөйлеуінің дамуына үлкен әсер етеді; - сөзжасам келесі функцияларды атқарады: номинативті, құрылымдық, компрессивті, экспрессивті, стилистикалық; - баланың когнитивті дамуымен тығыз байланыста бола тұра, сөзжасам қоршаған ортаны сөздер әлемі арқылы тану үрдісін қамтамасыз етіп, балының барлық психикалық функцияларын ынталандырады; - сөзжасам үрдістерінің уақытылы қалыптасуы, сөйлеу тілінің қалыпты дамуының көрсеткіші болып табылады; - сөзжасам, баланың сөйлеу қабілетінің және сөздік коммуникациясының қалыптасуының маңызды кезеңі болып табылады; - сөзжасау қабілетінің қалыптасқандығы ауызша сөйлеу тілінің дамуында маңызды. Әрбір грамматикалық форманың қалыптасуы белгілі бір кезектілікпен жүргізіледі: - сөздердің көптеген формалары арқылы әдістемелерді қолданып, грамматикалық форма туралы түсінігін анықтау керек; - қатардағы сөз формаларын салыстыра отырып, морфеманың дыбыстық белгісін бөліп көрсету керек; - бөліп көрсетілген морфеманың әріптік белгісін көрсету; - сөз морфемаларын өз бетінше құрастыру (суреттерді қолдану, сөз формаларын қолдану арқылы). Мысалы: Тапсырма . Мақсаты: зат есімдердің сөзжасаушы жұрнақтарын бөлу дағдысын анықтау. Осы сөздерден мамандық атауын білдіретін сөздерді құрастыр. Мысалы: -шы,-ші жұрнақтарын қосып (қойшы, оқушы, сынақшы, етікші т.б.) Тапсырма 2. Мақсаты: Затты белгілеу үшін, заттарға кішірейткіш мән білдіретін жұрнақтарды бөлу (зат есімнен зат есім тудыратын -ша, -ше , -шік) дағдысын анықтау. Нұсқау: Заттарды атаймын, көрсетемін, сен бастапқы қысқа сөзді ата. (Үйшік – үй, жастықша-жастық, кілемше-кілем). Тапсырма 3. Мақсаты: -ғыш жұрнағы арқылы заттарды сидыратын заттарды атауын дағдысын анықтау. Нұсқау: Мен қойған сұраққа жауап бер. Нан салатын ыдысты қалай атаймыз? (нансалғыш, қант салғыш).