Сауат ашу технологиясының маңызы, лингвистикалық, психофизиологиялық негізі


Пәннің тәрбиелік мүмкіндіктері: дүниетанымдық, эстетикалық, экологиялық, санитарлы-гигиеналық, еңбекке тәрбиелеу



бет21/52
Дата23.06.2023
өлшемі151,09 Kb.
#103156
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52
Байланысты:
Екинши кешенди эмтихан copy

Пәннің тәрбиелік мүмкіндіктері: дүниетанымдық, эстетикалық, экологиялық, санитарлы-гигиеналық, еңбекке тәрбиелеу

Дүниетану пәнінің мұғалімі оқыту барысында өзінің әр сабағында мынадай тәрбие түрлерін оқушыларға беріп отыруы тиіс: дүниетанымдық, эстетикалық, экологиялық, санитарлы-гигиеналық, адамгершілік, еңбек тәрбиесін, т.б.


Жас ұрпақтың бойына еңбек ету дағдысын, өмірге дұрыс көзқарасын қалыптастырып, дамытуда еңбек тәрбиесі шешуші фактордың бірі болып саналады. Еңбек тәрбиесі баланың қоршаған дүние мен нақты заттарды танып білуінің бірден-бір сенімді құралы. Бүкіл қоғамдағы адамның жеке өміріндегі барлық материалдық игіліктер мен рухани құндылықтар еңбек арқылы ғана меңгерілетіні белгілі. Демек, еңбек тәрбиесі балалар өмірінің алғашқы жылдарынан-ақ, ойын әрекеті үстінде басталып, кейін еңбек әрекетінде жалғасын табады.Дүниетану сабақтарында әр бір тақырыпты өткенде еңбек тәрбиесі беріліп отырады. Табиғаттағы еңбек баланың тек еңбек дағдыларын қалыптастырып қана қоймай, адамгершілік сезімдерінің дамуына, экологиялық білім негізінің қалануына көмектеседі. Жануарларға күтім жасау, өсімдіктерді өсіру баланы тірі объектімен қатынас жасай отырып, байқағыштыққа, жауапкершілікке үйретеді. Аталған қасиеттер мен талаптар сақталмаса, онда тірі ағзалардың өлуіне әкеп соқтыратынын балалар түсінеді.
Дүниетану сабақтарында санитарлы-гигиеналық тәрбие түрі де беріліп отырады.Оқушыларды жеке бас гигиенасының элементарлы ережелерімен (денені, шашты, тісті, киімді, аяқ кмімін таза ұстай білу), күн режимімен ( таңертеңгілік жуынудың, жаттығудың және астың маңызын ескерту, оқу және демалудың мөлшері мен уақытын үйрету), тамақтану режимімен (орындыққа дұрыс жайғасу, ыдыс-аяқтарды дұрыс пайдалануға икемділік, азық-түлік тағамдарын мөлшерімен және үнемді пайдалану) таныстыру, сонымен қатар оқулықтарға, кітапқа, ойыншықтарға ұқыпты болуға, өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін естерінде сақтап жүруге, бөлме өсімдіктерін күтіп-өсіру, үй жануарларының мінез-құлықтар ерекшеліктерін және оларды күту мен шаруашылықта пайдалану мүмкіндіктерін айту мұғалімнің басты міндеті.
Адамның рухани қалыптасуындағы, оның ерте балалық шақтан табиғатты бақылап, табиғатпен етене араласып оны аялап, оған жәрдемдесіп, қамқорлық көрсетудің маңыз
Табиғатқа ізгілік сезім адамның барлық кейінгі өмірінне де игі әсерін тигізеді, табиғаттың жеке бас қасиетін дамытудағы рөлі мейірбандыққа тәрбиелеуде көрініс табады, оны табиғатқа қатыгездік әрекеттерден сақтандырады, бастауыш мектеп жасындағы балаларға экологиялық тәрбиені меңгертудің маңызы орасан зор. Дүниетану сабақтарында экологиялық тәрбие берудің мақсаты – “адам-қоғам-табиғат” жүйесінде үйлесімділік орнату, табиғи байлықтарды сақтау, молайту және тиімді пайдалануда жауапкершілік сезімін тұғызу. Оқушылардың экологиялық санасы, ойлауы, сауаттылығы, этикасы және мәдениеттілігі экологиялық білім беру мен тәрбиенің нәтижесінде қалыптасады.

Эстетикалық білімнің негізі –оқу пәндері. Бастауыш сынып оқушылары әртүрлі пәндерді оқудың нәтижесінде табиғаттың еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді. Олар әдемі жазуға ,мәнерлеп оқуға, және айтуға үйренеді. Ал бұл мәдениетті сөйлеуге ,көркемдік танымын қалыптастыруға ,қиялын дамытуға әсер етеді.


Эканомикалық тәрбие-мектепте берілетін адамгершілік тәрбиесінің құрамдас бөлігі. Эканомикалық тәрбие-қоғам мүшелерінің білімін, қабілетін және дағдысын, қажеттілігі мен мүддесін, ойлау стилін қалыптастыру мақсатында жүйелі, мақсатты бағытта ықпал ету, деп түсінілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет