Сауат ашу технологиясының маңызы, лингвистикалық, психофизиологиялық негізі


Грамматика және сөзжасам жаттығулары, олардың типтері, қолданылуы



бет22/52
Дата23.06.2023
өлшемі151,09 Kb.
#103156
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52
Байланысты:
Екинши кешенди эмтихан copy

Грамматика және сөзжасам жаттығулары, олардың типтері, қолданылуы
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесіндегі белгілі сөзжасамдық тәсілдер, сөзжасам типтері мен үлгілері, жалпы тілде сөздің жасалу механизмін анықтау сөзжасамдық талдаудан басталады. Мысалы: малшы, етікші, өлеңші сияқты түбірлердің туынды екенін дэлелдеу үшін оларды мал, етік, өлец сөздерімен салыстырамыз. Бүлардың алғашқыларының күрамы соңғыларға қарағанда күрделі, әрқайсысының қүрамында екі морфема бар. Соңғы топтағылар бір морфемадан ғана түрады. Сондықтан туынды түбірлерге алғашқы топ жатады, соңғы топтағы сөздер — туынды түбірдің жасалуына негіз болған сөздер.
Грамматика сөздердің өзгеруін, түрленуін, олардың сөйлемде тіркесу формалары мен заңдылықтарын зерттейді. Сөздер бір-бірімен грамматикалық қатынасқа түскенде ғана, олардан сөз тіркестері мен сөйлемдер жасалады. Грамматикалық қатынастар сөздердің аралығында да, сөйлемдердің аралығында да болады. Осыған орай, грамматика сөздердің аралығындағы, сөз тіркестерінің аралығындағы, сөйлемдердің аралығындағы грамматикалық қатынастарды зертейді.


Кестелік көбейту және бөлуді оқыту
Кестелік көбейту мен бөлу 3-4 сыныптарында оқытылады. Бұл математика пәнінің негізгі тақырыптарының бірі болып есептеледі. Көп таңбалы сандар, қарапайым және ондық бөлшектерді көбейту мен бөлу амалдарын қолдана алу үшін кестелік көбейту мен бөлу білімі керек. Тәжірибе көрсеткендей, көмеші мектеп оқытушылары балалардың көбейту мен бөлу кесте бойынша білімдерімен қанағатсыз. Ал 4 сынып соңында, кейбір кемтар оқушылар көбейту мен бөлу кестесін жатқа білмейтінінен гөрі, жалпы көбейту мен бөлу туралы ұғымдары мүлдем болмайды. Жоғарғы сынып оқушыларының арасында есеп шығару барысында дайын көбейту кестесімен пайдаланатындар да жиі кездеседі


Дүниетануды оқыту әдістемесі – педагогикалық ғылым
Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі – педагогика ғылымының негізгі бағыты. Бұл Дүниетану пәнін негіздері циклінен алған білімдеріне сүйене отырып бастауыш сыныпта Дүниетану пәнін оқытуға қажетті теориялық, әдістемелік білім мен білікті, педагогикалық шеберлікті үйрететін курс болып табылады. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесінің объектісі Дүниетану пәнін негіздері туралы теориялық білімді, яғни қоршаған орта, ондағы заттар мен денелер, құбылыстар мен үдерістер, қоғамдық қатынастарынан бастауыш сынып оқушыларына жас ерекшеліктеріне сай білім берудің әдістәсілдерін, формаларын және баланың жалпы құзыреттіліктерін қалыптастырып, жетілдірудің жолдарын меңгертетін курс болып табылады. Кіші жастағы оқушылар дүниені біртұтас күйінде қабылдайды, оның көріністерін биологиялық, физикалық, химиялық құбылыстарға бөлмейді. Дүниетану пәнін білімін интеграциялап оқытудың алғашқы кезеңінде табиғат құбылыстары туралы дұрыс, біртұтас түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді, табиғат туралы ғылымдарды одан әрі саралай оқып үйренуге белгілі бір негіз қалайды. Оны оқып-үйрену барысында дүниенің материалдығы мен танымдылығын, құбылыстардың өзара байланысын, заңдылықтар мен эволюция идеяларын түсінуге қадам жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет