Сауат ашу технологиясының маңызы, лингвистикалық, психофизиологиялық негізі


Қазақ тілін оқытудағы пәнішілік және пәнаралық байланыстар



бет31/52
Дата23.06.2023
өлшемі151,09 Kb.
#103156
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   52
Байланысты:
Екинши кешенди эмтихан copy

Қазақ тілін оқытудағы пәнішілік және пәнаралық байланыстар
Қазақ тілі мен басқа пәндер арасында, әсіресе, әдебиет, орыс және шетел тілі пәндерінің арасында, сондай-ақ тарих, география т.б. пәндері арасында тығыз байланыс болады. Бұл байланыс көбінесе тіл ұстарту мақсатында жұмсалады. Өйткені бағдарламада тіл ұстарту жұмысы тіл мен әдебиет пәндеріне ортақ. Бұл ортақтық мектепте бүкіл оқу мерзімі уақытында тіл ұстарту жұмысының жүйесін жасауға, оқушылардың сөздік қорын байытуға, олардың сөйлеуіндегі қателерді түзетуге мүмкіндік береді. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мәнерлеп оқу кезінде оқушылар жіберген қателерді үнемі түзетіп отыруға (дауыс ырғағын дұрыс қоя білу т. б.) жол ашылады.
Орыс және шетел тілімен байланыстылығы, алдымен, грамматиканы оқытудан байқалады: ана тілі мен орыс және шетел тілдерінде кездесетін ортақ грамматикалық ерекшеліктерді, ережелерді байқауға мүмкіндік туады. Ана тілі грамматикасы орыс және шет ел тілдерінің сәйкес, ұқсас грамматикалық заңдарын игеруге септігін тигізеді. Екі тілдің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты салыстырып ұғуға мүмкіндік береді. Орыс және шетел тілдерін оқу тіліміздегі басқа тілден енген сөздердің түп-төркінін білуге жәрдемдеседі.
Тұтас алғанда, барлық пән, жекелей алғанда әрбір пән оқушылардың сөйлеуін, тілін байытуға бағытталады, емлелік дағдылардың бірыңғай сөйлеу режимін нығайтуға жағдай жасайды, жаңа терминдерді, сөздерді дұрыс жазуға дағдыландырады. Ауызша жауап, әңгіме, айтыс - осының бәрі ауызша және жазбаша тілді дамытуға толық әрі нақты жауап беруге, оқушылардың жинақтау дағдыларын, әдеби тілмен дұрыс сөйлеу, ақыл-ойын дамытуға негіз болады. Бұл іс тек ана тілі сабақтарында ғана емес, әдебиет, тарих, география, математика, физика, жаратылыстану т.б. пәндердің сабақтарында да жүзеге асырылып отырады.
Уақыт және оның өлшем бірліктері туралы түсінік қалыптастыру
Бастауыш мектепте қарастырылатын шмалардың бірі – уақыт аралығы . Уақыт туралы алғашқы түсінікті балалар мектепке дейінгі кезеңде алады.Күн мен түннің ауысуы , жыл мезгілдерінің ауысуы , сағат , минут , апта күндері , жыл , ай , баланың өміріндегі режимдік мезеттердің ауысуы –уақыт жөніндегі түсінікті қалыптастырады.
Уақыт туралы түсінік қалыптастыру ұзындық , масса туралы түсініктергі қарағанда оқып-үйренуі әлдеқайда күрделірек. Уақыт үздіксіз өтіп жатады . Сондықтан да уақыт туралы түсінік ұзақ бақылаулар , өмір тәжірибесінің жинақтауы барысында баяу қалыптасады. Бірлік ретінде алынған уақыт аралықтарын тек бір рет қана пайдаланады. Сондықтан уақыт бірқалыпты пайдаланылатын оқйғамен байланысты болуға тиіс . Сондай бірліктер ( тәулік , жыл , ай , ғасыр ) табиғаттан алынады , ал сағат , минут , секунд сияқты уақыт өлшем бірліктерін адамдар ойлап шығарған .
Күн тәртібін және табиғат күнтізбесін жасау , ертегі , әңгіме , кинофильм көргендегі оқиғаларды ретімен қабылдау уақыттың өзгерісін көруге , уақыттың өтуін сезінуге көмектеседі. Көрнекі құрал есебінде жылжымалы күнтізбе , сағат үлгісі болғаны дұрыс . Уақытты бағдарлай білу арқылы қабылдау сезімін дамытуға болады.Адамдардың жас шамасын салыстыру арқылы жас адам , кәрі , орта жастағы , бала , үлкенірек , жасырақ , жас шамасы бірдей-құрдас , т.б. маңызды ұғымдарды да меңгереді. Уақыт бірлігін саналы қабылдауға дайындау үшін күнтізбемен жұмысты жүргізу керек. Мысалы , бүгін 1 қазан , алдыңғы ай қалай аталады, келесі ай қалай аталады ? Күнтізбе арқылы айды ретімен атауды , әр айда қанша күн болатынын , ұзақтығы жөнінен бірдей айларды көрсетіп , жылдың ең қысқа айын ( ақпан) атап (28,29 күн ) көрсетеді. Күнтізбе бойынша айдың рет нөмірлері айтылады. Мысалы : жылдың 10-шы айы қалай аталады ? Санағанда қыркүйек нешінші ай ? Туған күндерің аптаның қай күніне және айдың нешесіне сәйкес келеді ? Тәулік туралы ұғым беру үшін балаларға кеше таңертеңнен бүгінгі таңертенге дейін не істейтіндерін жазып әкелу тапсырылады да , уақыт : таңертең , күндіз, кеш , түн пысықталынады . Осындай уақыт аралықтары тәулік делінетіні айтылады . Күн мен түн түн ауысты , тәулікті тауысты ,, деген мақалдың мағынасы түсіндіріледі.
Сағат пен минут туралы түсінік балалардың математикалық практикалық іс-әрекеті арқылы , бақылаулар арқылы қалыптасады . Бір сағат бір сабақ пен үзілістің ұзақтығы . Бір минуттың ұзақтығын білу үшін : 1 минут ішінде нешеге дейін санай аласың ? Қанша мысал шығарысың ? Неше сөз айта аласың? –сияқты сұрақтарға жауап берген жөн . Ал уақытты үнемді жұмсай білуге үйрету үшін Минут сағатты сақтайды деген мақалдың мағынасын түсіндіру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет