Сауат ашу технологиясының маңызы, лингвистикалық, психофизиологиялық негізі


Әдебиеттік оқудың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық маңызы, мақсаты мен міндеті



бет44/52
Дата23.06.2023
өлшемі151,09 Kb.
#103156
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   52
Байланысты:
Екинши кешенди эмтихан copy

Әдебиеттік оқудың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық маңызы, мақсаты мен міндеті

Әдебиеттік оқу пәні бастауыш білім берудің маңызды компоненті ретінде «Тіл мен әдебиет» білім беру саласына енгізілген.
Әдебиеттік оқу пәні – бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық және қатысымдық, яғни тілдік дағдыларын қалыптастыруға, олардың адамгершілік және әдеби-эстетикалық құндылықтар жөнінде түсініктерін кеңейтуге, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, сөз өнерін сезінуге, көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін негізгі пәндердің бірі. Оқырмандық білік негізінде сөйлеу білігі (сөйлеуде жазушы тілін қолдануға әрекеттену, шығармадан алған әсерін ауызша, жазбаша жеткізе алу, мәтіндегі оқиғаға өз көзқарасын білдіру, халық ауыз әдебиеті үлгілерін шығармашылықпен пайдалана отырып, өзіндік әрекеттерін дәлелдей білуге баулу т.б.) қалыптасады.
Әдебиеттік оқу пәнінің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушылардың әдеби сауатын ашу негізінде рухани байыту, оқу дағдыларын және оқырмандық біліктілігін қалыптастыру, әдеби-эстетикалық талғамын жетілдіре отырып, ізгілікті-елжанды дара тұлға тәрбиелеу.
Әдебиеттік оқу пәнінің міндеттері:
1) әдеби көркем шығармаларды оқыту арқылы қазақтың рухани қазынасын меңгерту;
2) коммуникативтік (айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым) дағдыларын қалыптастыру;
3) ауыз әдебиетінің, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру арқылы оқушыларға адамдардың өзара түсінісуі, сыйластық, құрмет сезімдері, адамгершілік қасиеттері, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарай білуі сияқты ізгілікті қасиеттерді қалыптастыру;
4) оқу сапасын (дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқу) жетілдіру;
5) оқушылардың оқырмандық мәдениетін қалыптастыра отырып, сөз әдебі нормаларын орынды қолдану дағдыларын меңгерту;
6) сыни ойлауын жетілдіру;
7) көркемдік-танымдық сипаттағы мәтіндерді өз мақсатына сай іріктеп, саралап, талдап, ой қорытындысын жасауға үйрету;
8) алған білімін өмір жағдаяттарына байланысты қолданып, дұрыс шешім жасай білуге үйрету;
9) оқылған шығарма сюжетінің ізімен немесе еркін тақырыпта ауызша, жазбаша шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең,әңгіме құрастыру, мәтінді сахналау, мәтін бойынша сурет салу,мақала жазу, шағын үзіндіге киносценарий жазу, өзіндік ой қорытындысын жазу, т.б.)орындауға дағдыландыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет