Сауат ашу технологиясының маңызы, лингвистикалық, психофизиологиялық негізі


Сыныптан тыс жұмыстар және олардың дүнеитануды оқытудағы маңызы



бет46/52
Дата23.06.2023
өлшемі151,09 Kb.
#103156
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   52
Байланысты:
Екинши кешенди эмтихан copy

Сыныптан тыс жұмыстар және олардың дүнеитануды оқытудағы маңызы
Дүниетану пәнінен сыныптан тыс жұмыстар жеке-дара, топтық, көпшілік түрде ұйымдастырылады. Бұл ұйымдастырылу түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтыра түседі. Мұның негізі мұғалімнің басшылығымен оқушылардың білім деңгейі, олардың қызығушылықтары мен құмартуынан және таңдауынан туындайды. Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс баланың жан-жақты дамуына, дұрыс тәрбиеленуіне көп әсерін тигізеді, экологиялық тәрбиенің қайнар көзі болып табылады. Жеке-дара жүргізілетін жұмыс. Бұл белгілі бір белсенді оқушының инициативасымен жүзеге асады. Алдымен мұғалімнің арнайы тапсырмасы бойынша жапырақтар, бұтақтар, жемістер, тамырлар коллекциясын даярлау; үйде құстарды бақылау, жыл мезгілдеріне орай жапырақтардың түсінің өзгеруін бақылау; бүршік жару, судың қатуы; осыларға орай қосымша кітаптарды оқу тапсырмалары беріледі. Сыныпы жоғарылаған сайын тапсырма оқушының қызығушылығынан туындайды. Тәжірибе жасау, табиғатқа өз бетінше бақылау жүргізу, бақылау күнделігімен жұмыс жасау, түрлі қосымша кітаптар оқып оқушылар алдында хабарлама жасау тағы сол сияқты болып келеді. Топпен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар түрлі тақырыпта, түрлі бағытта ұйымдастырылған үйірмелер. Мысалы: «жас натуралистер», «жасыл сақшылар», «көгілдір сақшылар», «жас экологтар» тақырыптағы үйірмелер болады. Үйірме өз еркімен жазылған шектеулі санды 12-15 мүшелерден құралады. Үйірме сабақтары аптасына 1 рет немесе айына 2-3 рет өтіледі. Үйірме жұмысы нақты жоспарыланған, әртүрлі эксперименттер, практикалық және теориялық тапсырмалар, ғылыми қателіктеріне түзету жүргізуіне немесе жетістік деңгейіне байланысты өз қабілетін аша білуіне бағытталады. әдебиеттермен жұмыс, тұрған қаласының, ауылының, өңірінің тарихы бойынша өлкетану жұмыстары, сол өңірдің табиғатын, өсімдіктерін, жануарларын зерттеу бағыттары бойынша жүргізілуі мүмкін. Оқушыларда бірте-бірте белгілі бір затқа немесе құбылысты тереңірек білгісі келетін қызығушылық, құмартушылық туындайды. Содан жекелей бағытқа ауыса бастайды. Мысалы; біреуі өсімдіктерді, біреуі жануарларды, енді бірін минералдарды зерттеу қызықтырады, кейбірі табиғи түрлі құбылыстардың сырын білгісі келеді, заттардың қасиеттерін зерттеуге бағытталады, ал баз біреуін бөлме өсімдіктері немесе табиғат бұрышындағы өсімдіктердің тіршіліктері қызық тырады. Осындай бағытта жүргізілген зерттеу, зерделеу, бақылау жұмыстарының қызықты нәтижелері сыныпс алдында немесе үйірме отырыстарында баяндалып отырады. Бұл іс-әрекеттер пәнді терең меңгеруге мүмкіндік береді, баяндама, мәлімдемелері басқа оқушылардың да сөзсіз құштарлығын арттырады.
Сыныптан тыс жұмыс түрлері: жеке, топтық, жаппай
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың негізгі үш түрін бөліп көрсетеді, олардың әрқайсысы сабақ түрінде әр түрлі болуы мүмкін:
 Жаппай: мерекелер, викториналар, ауызша журналдар, дәрістер, серуендер және табиғатқа жорықтар, мұражайларға бару, шығармашылық жұмыстардың көрмелері, тақырыптық кампаниялар;
 Топтық: үйірмелер, қабырға газеттерін шығару, мерекелерді дайындау;
 Жеке: тірі табиғат бұрышында жұмыс істеу, экологиялық соқпақ салу, әдеби шолулар, мектеп жанындағы учаскедегі тәжірибе жұмысы, фенологиялық бұрышты безендіру және т. б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет