Сауат ашу технологиясының маңызы, лингвистикалық, психофизиологиялық негізі


Жүз көлеміндегі сандарды қосу мен азайтуға үйретудің кестелік жүйесі



бет10/36
Дата15.06.2023
өлшемі114,61 Kb.
#101593
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36
Байланысты:
Жауаптар 2-23

Жүз көлеміндегі сандарды қосу мен азайтуға үйретудің кестелік жүйесі

Математиканы бастауыш буында оқытудың белгілі бір кезеңінде арифметикалық амалдарды орындаудың тәсілдері үйретіледі. 100 көлеміндегі сандарды жазбаша қосу мен азайту 2- сыныпта енгізіледі, Жазбаша есептеу тәсілдері амал алгоритмдерінің мән-мазмұны болып табылады. Амал алгоритмі- қандай да бір амалды орындау процесіндегі саналы іс-әрекеттің әр қадамын бағыттап отыратын орныққан тәртіп-ережелердің жүйесі. Қосу мен азайту амалдары алгоритмдерінің мән-мазмұны мынадай мәселелерді қамтиды: сандарды разряд бірліктерін бірінің астына бірін дәл келтіріп ретті жазу, амалды кіші разрядтан бастап біртіндеп орындау кезінде разряд бірліктерін «ірілеу» немесе «ұсақтау», нәтиженің дұрыс табылғанына тексеру арқылы көз жеткізу. Оқушылар күнделікті тәжірибеде мысалдарды қарастыру барысында сандарды разрядтар бойынша қосу мен азайту дағдысын игереді. Есептеулерді ауызша немесе жазбаша жүргізуге жаттыға келе оқушының екі таңбалы санды қосу мен азайтуға қатысты дағдылары олардың шұғыл түрде орындайтын іс-әрекеті деңгейіне жеткізіледі. Балалар мысалды оқылғанда (есту) және жазылғанда (көру) бірден ондықтар, бірліктер разрядындағы цифрларға назар аударып, іштен есептей отырып нәтижені бірден айтады немесе жазады. Сонымен «Жүздік» тақырыбын оқып-үйренудің соңын ала оқушылар қосу мен азайту алгоритмдерінің мән-мазмұнын игеріп шығады деуге толық негіз бар.
Жазбаша қосу мынадай ретпен қарастырылады:
1) бірліктерінің қосындысы мен ондықтарының қосындысы 10-нан кіші (кем)болатын жағдайлар;
2) бірліктерінің қосындысы, ондықтарының қосындысы 10-ға тең болатын жағдайлар;
3) бірліктерінің қосындысы, ондықтарының қосындысы 10-нан үлкен болатын жағдайлар;
Оқушылар жазбаша есептеулермен қатар ауызша есептеулерге төселуі үшін мынадай тапсырмалар берген орынды: х – 290 =610, х+294 = 638
Азайтудың жазба әдістерімен орындалатын жұмыс осыған ұқсас жүргізіледі. Қосу амалындағыдай, мысалды баған түрінде жазса, нәтижені табу оңай және жылдам болатынын балалар байқайды. Бұдан кейін ортасында немесе соңында нөлдері бар сандарды азайту жағдайлары қарастырылады : 547-304 = , 547-340 = Оларды енгізуден бұрын 0- мен байланысты амалдарды қайталап алған дұрыс 5+0 , 5-0, 0-7
Есептеу дағдыларын қалыптастыру үшін әр түрлі жаттығулар енгізіп отыру қажет.
540 603 875 900 - 126 - 281 - 528 - 547 ------- --------- -------- ---------
Жаттығуларды орындау процесінде оқушылардың пайымдаулары неғұрлым қысқа болып, ал есептеу тезірек орындалуы тиіс.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет