80 жылдардағы мектептегі білім беру реформасы. Бастауыш білім берудің әдістемелік жүйесін жетілдіру
80-жылдардың бас кезінде жалпы алғанда халыққа білім берудің кеңестік жүйесінің және оның ішінде жалпы білім беретін мектептің дамуында басты оқиғалармен ерекшеленді.
70-80-жылдары мектептің жағдайы күрт төмендеді, кризис пен тақыраудың белгілері байқала бастады. Ондай жағдай оқушылардың сабаққа деген қызығуы болмады, балалардың тәртібі мен қойылатын талап түсіп кетті, жанұяның тәрбиелік жауапкершілігі әлсіреді, мектеп еңбектен қол үзді, тәрбие жұмысындағы формализм, процент қуушылық, бағдарламалардың ғылыми негізделгендігі, шамадан тыс ауырлығы, ескі әдістер мен тәсілдер кеңінен орын алды.
Елде қалыптасқан крезисалды жағдай қоғамдық өмірдің тереңдей және шиеленісе түскен тоқырау және қолайсыз құбылыстардың негізінде қалыптасқан екі негізгі қайшылықтардың себебіне байланычты болды.
Бірінші қайшылық ерекше өскелең қоғамдық өмірдің жалпы адамға және оның ішінде мектеп оқушыларына қойылған талаптармен мектептегі тәрбие мен оқытудың ескірген мазмұнымен, түрлері мен әдістерінің арасындағы қайшылық.
Екінші қайшылық мектептің барлық өмірін ұйымдастыру сипаты мен балалардың өздерінің арасында пайда болды. Өзгеріске ұшыраған өмір мектеп оқушыларына жаңа талаптар ғана қойған жоқ, оның өзін де өзгертті. Балалардың рухани және материалдық қажеттіліктері, қызғулары артты.
Жоғарыда келтірілген жобалардың қай-қайсы да сол кездегі мектеп өмірінде қалыптасқан жағдайды тоқырауды, реформаны іске асыра алмады, уақыттың талабына жауап бере алмады. Реферона одан әрі туралый берді. Мектептегі кризистің негізгі себебі реформаны психологиялық, ғылыми-педагогикалық және материалдық тұрғыдан даярлықсыз жүргізілгендігінде.
Бұл кезеңде мектептердің оқу жоспарына реформаға байланысты бірнеше жаңа пәндер енгізілді: “Кеңес мемлекеті мен құқының негіздері”, “Жанұя өмірінің этикасы мен психологиясы”, “Информатика және есептеу техникасы”, “Қоршаған ортамен танысу”, “Өндіріс негіздері. Мамандық таңдау” кейінгі жылдары оқу жоспарларынан алынып тасталды.
Реформаның негізінде мектептерде оқу-өндірістік комбинаттары негізінен кеңінен ұйымдаса бастады. Сол кезде мектептерде ұйымдас оқу-өндірістік комбинаттар материалдық игіліктерді өндіруден алшақ болды, оның орнына оқушылардың өндірістік оқуына баса көңіл бөлді. Кейін өмірдіңөзі оның дәрменсіздігін көрсетті.